1. XVII ғасырдың аяғы, XVIII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы:
A) «Қасым ханның қасқа жолы»
B) «Жеті жарғы»
C) «Жасақ»
D) «Шежірелер жинағы»
E) «Есім ханның ескі жолы»
|
2. Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл:
A) 1916 ж. 23 тамыз
B) 1917 ж. 26 шілде
C) 1917 ж. 20 наурыз
D) 1916 ж. 20 шілде
E) 1916 ж. 25 маусым
|
3. 1929 жылдан бастап Қазақстанның астанасы болған қала:
A) Қызылорда
B) Астана
C) Алматы
D) Омбы
E) Орынбор
|
4. Ұлы Отан соғысы болған жылдар:
A) 1941-1945 жж.
B) 1940-1944 жж.
C) 1943-1947 жж.
D) 1942-1946 жж.
E) 1939-1943 жж.
|
5. ХХ ғ. 40-50 жылдарының басында биология, медицина, геология ғылымдары саласының біраз ғалымдарына тағылған айып:
A) ұлтшыл
B) плагиат
C) космополит
D) шовинист
E) бүлікші
|
6. 1960-1970 жылдары Маңғыстау өңірінде қарқынды дамыды:
A) Түсті металлургия
B) Қара металлургия
C) Машина жасау
D) Мұнай өндіру
E) Химия өнеркәсібі
|
7. VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныстанған ел:
A) ұйғырлар
B) қырғыздар
C) салжұқтар
D) соғдылар
E) қидандар
|
8. «Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде, жиырмада (еді)» - деген жолдар кездеседі:
A) «Күлтегін» жазуында
B) «Тоныкөк» жазуында
C) Таңбалы Нұрада
D) «Талас» жазуында
E) Тамғалыда
|
9. 1207-1209 жылдары Шыңғыс хан бағындырған ел:
A) Сібір халқы
B) Керейлер
C) Наймандар
D) Енисей қырғыздары
E) Таңғұттар
|
10. Моғолстан ханы Есен-бұғаның Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдау себебі:
A) Қытай шабуылынан қорғану
B) Әбілқайыр, Темір ұрпақтарына қарсы одақтас табу
C) Сібір хандығына қарсы одақтас табу
D) Бірігіп біртұтас мемлекет құру
E) Қазақтарды қол астына қарату
|
11. XV-XVI ғғ. тайпалар одағы негізінде қалыптасқан басқару құрылымы:
A) Ұлыс
B) Қазақ жүздері
C) Ру
D) Ата-аймақ
E) Арыс
|
12. 1716-1720 жылдары Ертістің бойына салынған бекіністер:
A) Жәміш, Өскемен
B) Атбасар, Обск
C) Орек, Қызылжар
D) Қапал, Верный
E) Омбы, Райым
|
13. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігі:
A) Көтеріліске орыстар ғана қатысты
B) Башқұрт, татар, қазақтардың қатысуы
C) Қоқан хандығына қарсы бағытталды
D) Бүкіл Қазақ жерін қамтыды
E) Он төрт жылға соғылды
|
14. 1844 жылы Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан отрядты басқарған сұлтан:
A) Шерғазы Айшуақұлы
B) Ахмет Жантөреұлы
C) Жәңгір Бөкейұлы
D) Қаратай сұлтан
E) Досалы сұлтан
|
15. «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:
A) 15-25 ауыл
B) 12-15 ауыл
C) 10-12 ауыл
D) 12-20 ауыл
E) 15-20 ауыл
|
16. 1860 жылы 5 күндік қоршаудан кейін құлаған Қоқан хандығының Жетісудағы бекінісі:
A) Тоқмақ
B) Ұзынағаш
C) Пішпек
D) Верный
E) Кәстек
|
17. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер сотының мәліметтерін жинап құнды зерттеу жүргізген поляк азаттық қозғалысның өкілі:
A) Г.Михаэлис
B) Г.Зеленский
C) С.Гросс
D) Я.Домашевич
E) А.Бяловский
|
18. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді:
A) Мемлекеттік банктерді жекешелендіруге
B) Жерді сатуға
C) Ірі кәсіпорындарды жалға алуға
D) Ірі кәсіпорындарды сатуға
E) Жерді жалға беру мен жалға алуға
|
19. Қазақстан Республикасы сайлау туралы кодексі қабылданды:
A) 1991 ж.16 желтоқсанда
B) 1993 ж. 9 желтоқсанда
C) 1993 ж. 28 қаңтарда
D) 1995 ж. 30 тамызда
E) 1992 ж. 2 наурызда
|
20. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасқан дәуір:
A) Палеолит
B) Мезолит
C) Неолит
D) Энеолит
E) Қола
|
21. Ғұн билеушісі Еділ жауынгерлерінің Рим империясына қауіп төндірген мерзімі:
A) 5 ғасырдың 80-шы жылдары
B) 5 ғасырдың 50-шы жылдары
C) 5 ғасырдың 60-шы жылдары
D) 5 ғасырдың 70-шы жылдары
E) 5 ғасырдың 30-шы жылдары
|
22. Жібек жолының солтүстік бағыты екі тармаққа бөлінген жер:
A) Тараз қаласы
B) Испиджаб қаласы
C) Баласағұн қаласы
D) Талғар қаласы
E) Құлан қаласы
|
23. Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев винтпен жүретін өзен кемесін алдыртты:
A) Қытайдан
B) Англиядан
C) Италиядан
D) АҚШ-тан
E) Франциядан
|
24. ХХ ғасырдың басында патша өкіметіне қарсы күресте қазақтардың саяси белсенділігінің күшеюіне әсер еткен оқиға:
A) Самодержавиенің құлатылуы
B) Автономиялық мемлекеттің құрылуы
C) Қазақ зиялыларының Мемлекеттік думаға сайлануы
D) Саяси реформалардың жүргізілуі
E) 1905-1907 ж. революция кезіндегі қозғалыстар
|
25. 1999 жылы ақпан, наурыз айларында өткізілді:
A) Халық санағы
B) Президент сайлауы
C) Сенат депутаттарын сайлау
D) Маслихат депутаттарын сайлау
E) Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
|