4. Мыс-Тас дәуірі (Энеолит)



бет1/7
Дата27.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#164568
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ауғаныстан

4.Мыс-Тас дәуірі (Энеолит) (Б.з.б. 3000-1800 мың жыл
Қоғамдық еңбек бөлінісі.
Металдың ішінде адам баласының ең бірінші пайдаланылғаны мыс болды.Б.з.б. 3мыңжылдықта металды игеру басталды.Адамдар бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді игерді.Қазақстанда ең алғаш мыс игеру Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірлерінде қалыптасты. Орталық Қазақстан,Жезқазған өңірі мыс кен орындарының орталығы болды.Жезқазған жерінде балқытылған мыстың көлемі 100 мың тоннадан асқан.Қоғамдық еңбек бөлінісі: Мыс-тас дәуірінде еңбек бөлінісі қалыптастасып,аталық ру орнай бастады.Егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінді. Металл өндірісі мен мал шаруашылығы маңызының арта түсуі ер адамдардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты.Бірте-бірте еркектер әйелдерді ығыстырып,олардың еңбегі тек үй шаруашылығымен шектелді. Өндірісте әйел рөлінінің төмендеуі ендігі жерде отбасында еркектердің билік жүргізуіне алып келді. Патриархалдық («pater» -әке,« arche» -билік)билік орнады.Энеолит дәуірінің тұрақтары: Энеолит дәуірінің ерекше ескерткіші Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстандағы (Жайық-Ертіс аралығы) далалық мыс-тас кезеңін сипаттайды және б.з.б 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді.Тұрақтың аумағы 15 гектар жерді алып жатыр.Ботай тұрағы шамамен 200 жылды-б.з.б. XXIV-XXII ғасырларды қамтиды, 158 тұрғын үйден тұрады. Ботайлықтар Еуразия даласында ең алғаш жылқы өсірушілер болған.
Ботай тұрағынан 70 мың жылқы сүйегі табылды.Сондай-ақ тұрақтан бұланның, еліктің,аюдың,иттің,қабанның және т.б. сүйектері де кездесті. Энеолит дәуірінің Маңғыстау өңіріндегі мәдениеті Шебір. Шебірден тас пен қыштан жасалған еңбек құралдар табылған. Ыдыстар сазбалшықтан жасалған түбі жұмыртқа тәрізді болып келеді. Ұлу қабықтарын мойнына моншақ ретінде таққан.Моншақ тесіктерін бұрғылау әдісімен жасаған.Құмыраларды әшекелеу үшін тарақ түсті үзік сызықты өрнектер қолданылған.
Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі. Білімнің дамуы.
Адамдар өз білімдерін суретті хат- пиктография (тасқа түсірілген хат суреттер) арқылы хабарлаған.Өнердің шығуы.Өнердің пайда болуы адамдардың рухани мәдениетінің дамуы туралы мағлұмат береді.Адамдар мен жануарлардың ойма суреттері (гавюра) үңгірдің қабырғасында бейнеленген.Сәндік заттардың көбі сүйектен жасалды. Сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерде аналық рудың белгісі ретінде әйелдердің бейнесі көп кездеседі. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыстар геометриялық өрнектерммен әшекейленген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет