4. Мыс-Тас дәуірі (Энеолит)



бет6/7
Дата27.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#164568
1   2   3   4   5   6   7
Көшпелілердің баспанасы.Киіз үй негізгі екі бөліктен-жабуға арналған киізден және ағаш қаңқадан құралған.Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге-киіз үйдің негізі,ол қабырғаға ұқсас.Керегеге байланған уықтар-шаңырақты көтеріп,ұстап тұрады.Енді осы киіз үйдің қаңқаларын жауып тұратын киіздер: үзік,туырлық,түндікдеп аталды.
Жайылым түрлері жазда жайлауға, қыста қыстауға, күзде күзеуге, көктемде көктеуге көшеді.Наурыз мейрамының үш мың жылдық тарихы бар . Малшылар күзде күзеуде отырған. Күзеу –қыс жақындағанда қоныстанатын,қыстауға жақын жайылым.Жаз бен күзде халық жиналысын өткізіп, ру мен тайпаның аса маңызды мәселелерді шешкен.Батыс пен Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыста қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь -Шань тауларында Жетісудің таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.Қазақстанның Оңтүстігінде. Шу, Сырдария,Келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.
Сақ тайпалары туралы алғашқы мәлімететер (б.з.б. VІІІ-ІІІ ғ.ғ.)
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі.Олар: парсы патшаларын тасқа қашалған суреттері мен жазбалары және грек рим авторларының шығармалары.Парсы патшалары Дарий мен Ксеркс бұйрығымен жазылған мәтіндерге Қазақстан тайпалары аты аталады.Грек және латын тіліндегі деректерінің арасында Геродот пен Страбонды айтуға болады.Осындай деректерге қарағанда Грекияда, Рим империясы,Персияда,Египетте, Үндістанда көшпелілерді жақсы білген.Сақтар б.з.б. І Мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азия жерін мекен еткен ежелгі тайпа Жетісу жерінде қоныстанған Сақтар туралы мәлімет береді.Сақтар туралы мәлімет грек,рим авторларының және парсы патшаларының тасқа жазған жазбалары береді.Сақ сөзінің мағынасы : парсы жазбаларында құдіретті еркектер иран жазбаларында жүйрік атты турлар.Ежелгі грек авторлары сақтарды :азиялық скифтер деп атайды.Геродот өз жазбаларында –сақтарды массагет деп атаған. Грек тарихшылары сақтарды -дұшпанға қатал, досқа адал деп баяндайды. Грек авторы Ктесий сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлерге көмекке асығады деп баяндайды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет