Беғазы- Дәндібай мәдениеті.
Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекендегі обаларға байланысты қойылған.Жерлеу орындарының құрылыстарының ірілігімен тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Беғазы Дәндібай мәдениеті жататын жерлеу орындарының көпшілігі- обалар Андрондықтардан ерекшелігі Беғазы -Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тас пен топырақтан тұрғызылады,етегі қақпа таспен бекітілген.Беғазы- Дәндібай құмыралары әртүрлі өрнекпен безендірілген тарақ жүзді үзік сызықты үш бұрышты өрнектер кездеседі. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу бастаған 1946 жылы басталды.Әлкей Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археолгиялық экспедиция құрды. Қола дәуірінде рулық,ұжымдық меншіктің орнына біртіндеп жеке меншік келді. Діни және салт-дәстүрді жүргізушілер абыздар жоғары бағаланған.Ер адам еңбегінің маңызы арта түсті.Бұл құбылыс аталық әулетті (руды) толық орнықтырды.Діни қөзқарастары қарапайым болды.Олар өлген адамды белгілі бір рәсімдермен жерледі.Қайтыс болған адамды «жер ананың» қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта жерлеуге тырысқан. Андрондықтар күнге,отқа мінәжат еткен.Қола дәуіріндегі петроглифтерде екі аяқты арбаны бейнелеу көп тараған.Қаратаудағы жартасқа салынған суреттердің ішшінде арбалар көп бейнеленген. Андрондықтардың түсінігінше бүкіл құдайлар аспанда ат жегілген екі дөңгелекті арбамен жүреді деп сенді.
6.Темір дәуірі Б.з.б. VІІІ-б.з VІ ғасырлар Алдыңғы ерте (Б.з.б. VІІІ-ІІІ ғасырлар) және кейінгі ерте (б.з .б. ІІІ-б.з VІ ғасыры) темір дәуірі болып екі кезеңнен тұрады.Тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды.Оларға сақтардың,сарматтардың,ғүндардың ежелгі үйсіндер мен қаңлылардың тайпалық одақтары жатады.Ертедегі темір дәуірінде көшпелі мал шаруашылығы толық қалыптасып,одан әрі дамыды.Темір дәуірінде үзеңгіні,ерді,ауыздықты ойлап тапты.«Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады.Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды.Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын қой мен жылқы санының көбеюі жайылым ауыстырып,көшіп отыруды қажает етті»:Тебінді жайылымға байланысты қой мен жылқы саны артты.Батыс Қазақстанның шөлді аймақтарында түйе өсірілді. Көшпелілердің аз өсірген түлігі ірі қара болды.