Оқытудың бірізділігі – жаңа оқу материалын оқыту бұрынғы оқытумен қамтамасыз етілетінін көрсететін білім беру мен оқытудың талабы.
Оқытудың ғылымилығы – педагогика ғылымының білім беру және оқыту теориясындағы оқытуға қойылатын талаптардың бірі. Оқытудың ғылыми оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда жүзеге асырылады.
Оқытудың қол жетерлігі –оқыту міндеттері, мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің оқушылар мүмкіндігіне сәйкес келуін қажет ететін, білім алу дәрежесін, оқу-танымдық іс-әрекет дағдыларының дамуын, жұмыс қабілетінің деңгейін есепке алатын оқыту мен білік беруге қойылатын талап.