2013 жылғы №3 басылым 19 беттің сі



бет13/42
Дата07.02.2022
өлшемі336 Kb.
#94089
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
d4a8ac14-840a-11e3-9ea3-f6d299da70eeпроф пед УМКД

Байымдау, ұғынып ойлау - заттардың және олардың белгілерінің арасындағы байланыстарды бекітуді және жоққа шығаруды, ақиқаттық немесе жалғандық түрінде ие болуды бейнелейтін ойлаудың турі.
Танымдық қызметі жағынанан пайымдау немесе ұғынып ойлау жаңа хабарды берудің логикалық құралы. Мұның грамматикалық түрі сөйлем.
Байқау - іс-әрекеттің міндетінен шығатын алдын алы белгіленген мақсатқа бағыты қабылдау. Тарихи турғыдан қарасақ байқау еңбектің құрамдыбөлігі ретінде дамыды . Әлеуметтік шындықтың және еңбектің іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты байқау өзалдына салыстармалы барыс ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар ойластырудың бір мәнділігі, обьективтілігі , яғни байқауда бақылау арқылы қайталау мүмкіндігі немесі зерттеудің одан да қуаттырақ басқа әдістерін әсіресе эксперименттік пайдалану байқау нәтижелерін талқылауға көбірек көңіл бөлінуі қажет.
Байқау іштей және сырттай жүргізіледі. Байқау натижелерін мұғалім оқу материалын мазмұнды және қол жетерлік өтіп баяндау үшін пайдаланады. Оған қоса мұғалім оқушыларды байқауға,қоршаған шындықты және әлеуметтік құрылыстарды жүйелі, орынды қабылдауға жетелейді, байқау қорытындысын пайдалануға үйретеді
Барыстарға қойылатын жетекші талап(принцип)-іс-әрекеттегі негізгі, іргелі ой, жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, әйтеуір бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді
Баяндама - нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру, оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Мектеп жағдайында сабақта сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналды. Баяндаманы пайдалану оқушылардан таңдап алынған тақырыпты терең талдау жасауды әдебиеттерді білікті пайдалануды материалды жүйеге келтірді және жинақтауды өмір тәжірбесіне сүйенуді талап етеді. Баяндаманың натижесінде нақты жоспар жасаудың негізгі сұрақтарды шешімі табылуға тиісті мәселе ретінде отырып мазмұнын айтып берудің көтерілген хағидаларды сендірімді негіздеудің дұрыс дәл жинақтау және қорытындылаудың ықпалы зор болады. Жоспар жасауға , әдебиеттерді таңдап алуға мұғалім көмектеседі. Баяндамадағы ой желісін оған сәйкес әдебиеттер алдын ала таныстырылған болса баяндаманың талқылау оқушылардың танымдық мүддесін кеңейтеді және тереңдетеді, өз беттерімен көкейкесті мәселелерді іздеп табу мен зеттеудің берік дағдыларын қалыптастырады
Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамассыз етпейтін шартты долбар болады. Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру. Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет