2015 жылғы 31 желтоқсан жағдай бойынша облыстағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы



Дата28.01.2018
өлшемі93,33 Kb.
#34377
2015 жылғы 31 желтоқсан жағдай бойынша облыстағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

ақпарат

01.01.2015 жылғы жағдай бойынша облыста мәдениет және өнер ұйымдарының желісін 660 бірлік құрады, олардың ішінде: 302 (немесе өткен жылға қарағанда 3 бірлікке ұлғаюмен) клубтық мекеме, 323 кітапхана, 10 мұражай, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 8 Достық үйі және т.б.

Оның ішінде, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер ұйымдарының желісі 2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 20 бірлікті құрады, оның ішінде 10 мұражай, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 4 кітапхана, өзге 1 ұйым – «Өрлеу» КМҚК.

2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша мұрағат мекемелерінің желісі 13 бірлікті құрады. Облыста 1 облыстық, 11 аудандық мемлекеттік мұрағат, Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының 6 филиалы қызмет етуде.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің саны 2015 жылы барлығы 2497 бірлікті құрады.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферттерді ескере отыра, 2015 жылғы нақтыланған бюджет 2 млрд. 890,599 мың теңгені, оның ішінде:



  • ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары (МТБН) - 52907 мың теңгені құрады, оның ішінде:

  • «Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемесі» КММ МТБН - 500 мың теңге (компьютер жинақталымы);

  • театрлар мен мұражайлардың МТБН - 47677 мың теңге жоспарланды (автомобильдерді, автобусты, ұйымдастыру техникасын, жиһазды, театр креслоларын саттып алу және т.б.);

  • кітапханалардың МТБН - 1000 мың теңге жоспарланды (кітапханаға арналған жабдықтау);

  • мұрағаттардың МТБН - 3730 мың теңге жоспарланды («ШҚО электронды мұрағаты» жүйесінің резервті көшіру сервері) жоспарланған.

Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру аясында 2015 жылы республикалық бюджет есебінен облыстың мәдениет саласындағы объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізуге 155096,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді.

Барлығы 8 жобаның (8 мәдениет объектісін) іске асыруы, оның ішінде 4 күрделі жөндеудің (4 объект), 4 ағымдағы жөндеудің (4 объект) жүргізуі қарастырылған.

40414 мың теңге сомасына Глубокое ауданы Бобровка ауылындағы Демалыс орталығы ғимаратының, 11365 мың теңге сомасына Глубокое ауданы Черемшанка ауылындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеулері, 14332 мың теңге сомасына Ұлан ауданы Таврия ауылындағы Мәдениет үйі төбесінің ағымдағы жөндеуі, 4500,0 мың теңге сомасына Тарбағатай ауданы Жаңаталап ауылындағы ауылдық клубтың ағымдағы жөндеуі, 2479,0 мың теңге сомасына Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылындағы кітапхана ғимаратының ағымдағы жөндеуі, 19411,0 мың теңге сомасына Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы Мәдениет үйі төбесінің ағымдағы жөндеуі, 22041,0 мың теңге сомасына Катонқарағай ауданы Ново-Поляковка ауылындағы ауылдық клубтың күрделі жөндеуі, 40554,0 мың теңге сомасына Аягоз ауданы Мамыртау ауылындағы жертөлелердегі спорт залдарының күрделі жөндеуі жоспарланған.

Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, жобалардың іске асырылуы 2015 жылдың мамыр айынан бастап қазан айын қоса алғандағы мерзімге жоспарланды.

2015 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ведомстволық бағынысты мәдениет мекемелерімен 4540 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді, театрлармен 594 спектакль ойналды, оның ішінде мемлекеттік тілде 289 бірл. (48,6 %), 18 жаңа спектакль қойылды. Театралдық өнер саласындағы жаңа қойылымдар үлесі 4,38 %-ды құрады. Театрлармен 152,60 мың көрермендерге қызмет көрсетілді.

Облыстық филармония және «Өрлеу» КМҚК 682 іс-шара (концерт) өткізді, обслужено 183,08 мың көрерменге қызмет көрсетілді..

Облыстық 4 кітапхананың кітап қоры 2015 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 942,37 мың дананы құрады. Сатып алынған кітап қорының саны 16,95 мың дананы құрады. Облыстық кітапханалар оқырмандарының жалпы саны 94,52 мын адамды құрады, келушілер саны 1127,49 мың адамды құрады.

Облыс бойынша мұражай қоры 431,37 мың дананы құрады, мұражай қоры 7,328 мың данаға толықтырылды, мұражай қорларымен жаңарту үлесі 1,70 %-ды құрады. Облыс мұражайларына келушілер саны 752,4 мыңнан астам адамды құрады.

Ағымдағы жылы облыста бірқатар ірі мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді.

Облыс мұражайларында шығармашыл зиялы қауымы өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, жастар ұйымдары өкілдерінің және мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақ хандығының тарихына қатысты «дөңгелек үстелдер», конкурстар, виртуалды көрмелер өткізілді. Мысалға, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақ хандығының тарихы жөніндегі ғылыми мәліметтер» тақырыбында профессор А. Исинмен кездесу өтті, Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындары тарихшыларының қатысуымен «дөңгелек үстелдер» циклі ұйымдастырылды, «Мемлекеттіліктің бастауы қайнар көзі. Қимақ қағанаты» көрмесі өткізілді, Семей қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақ хандығы негізінің қалануы: ғасырларларға созылған мемлекеттілік» көрме өткізілді, облыстық өнер мұражайында «Байрақтың астында» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды, облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай қорығында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Г. Бекбердинованың жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Сондай-ақ, «Шығыс Қазақстан батырлары. Қабанбай батыр. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлттық азаттық күресі»/ «Батыры Восточного Казахстана. Кабанбай батыр. «Национально-освободительная борьба казахов против джунгарских завоевателей» виртуалды экскурсияның, «Жүрегімде - Отаным»/ «Родина в моем сердце» декоративтік - қолданбалы өнері антиквар және заманауи бұйымдар көрмесі өткізілді.

Облыс кітапханаларында қаңтар айынан бастап әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілуде, мысалға, А.С. Пушкин атындағы кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Уақыт желісі. Қазақстанның тарихи өмірбаяны»/ «Линия времени. Историческая биография Казахстана» атты көпшілік алдындағы онлайн дәрісі өтті, мұнда Алматы қаласынан келген тарих ғылымдарының кандидаты Әділбек Бегедаев дәріс оқыды, «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан (топтамасынан) 16-томдық жаңа кітаптар тұсаукесері, «Әдеби керуен» атты шығысқазақстандық аторлармен көшпелі кездесулер өткізілді, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Тарихи белестер ізімен - Времен переплетенье» ақпараттық панорама, «Иесі қазақ, киесі ғажап даламның» кең көлемді кітап көрмесі, Абай атындағы облыстық кітапханасында - «Түрік әлемінің алтын шежіресі»/ «Золотая летопись тюркского мира» кітап көрмесі, «Түрік-қазақ қалалары» ақпараттық-танымдық панорамасы және т.б. өткізілді.

Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында облыстық филармониясы симфониялық оркестрінің және үрмелі аспаптар оркестрінің концерттері, Семей қаласы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының Өскемен қаласындағы концерті өтті, осындай концерттер Абай, Көкпекті, Үржар және Зайсан аудандарындағы ауылдық округтеріндегі филармониялармен өткізілді. Сондай-ақ, Семей қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ұлықбек Есдәулеттің, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор Секен Тұрысбектің, Тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері, халықаралық және республикалық конкурстарының лауреаты, дәстүрлі әндер орындаушысы Ерлан Рысқалидың қатысуымен «Мәңгілік ел» тақырыптық концерт кеші өткізілді.

7 мамырда Металлургтер мәдениет сарайында облыстық филармониясы симфониялық оркестрінің, үрмелі аспаптар оркестрінің және қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің қатысуымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған концерт өтті.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемесі Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығына арналған үздік монумент эскизіне конкурс жарияланды, конкурс нәтижелері ағымдағы жылдың мамыр айында хабарланды.

Облыс театрларында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап тарихи және драмалық спектакльдердің қойылымдары: «Қаракерей Қабанбай», «Кенесары-Күнімжан», «Отырардың күйреуі», «Монолог шепотом», Абай атындағы театрдың екі труппасының бірлесе жасаған «Жеті Жарғы» тарихи драмасының қойылымы және т.б. жүргізіліп келеді.

Басқарма тарапынан әзірленген Абай Құнанбаевтың 170-жылдығының мерекелеуін дайындығы мен өткізуі бойынша Іс-шаралар жоспарында 25 мыңнан астам адамды қамтумен 26 ірі іс-шараның өткізілуі жоспарланды. 21 млн. теңге сомасында бюджеттік қаражат қарастырылған.

Бүгінгі таңда облыста Абайдың 170 жылдығын мерекелеу аясында 3,5 мыңнан астам адамды қамтумен 20-дан астам іс-шара өткізілді.

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында Өскемен және Семей қалаларында қонақтардың, жетекші абайтанушылардың, жазушылардың қатысуымен «Біздің Абай» атты электронды кітапханасының тұсаукесері өткізілді. Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханасымен бірлесе қоғамдық автокөліктерінде «Абай мұрасы – халық игілігі»/ «Наследие Абая – богатство страны» атты ақпараттық акция өткізілді, кітапхана сайтында сирек қордан алынған «Әлемдік ойдың алыбы» виртуалды көрмесі орналастырылған, Абай атындағы облыстық кітапханасында А. Құнанбаевтың шығармалары бойынша ақын өлеңдерінің жетік білуі бойынша ойын түрінде «Желсіз түнде жарық ай» викторина бағдарламасы және «Абай ойының даналығы»/ «Величие мысли Абая» атты пікірталас өткізілді. Сондай-ақ, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Әнді сүйсең, менше сүй» конкурсы, «Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Қиыннан қиыстырар ер данасы»/ «Талантливый поэт слагает речь в узор» музыкалық-әдеби композициясы, Абай атындағы кітапханасында Ақтөбе облыстық балалар кітапханасымен бірлесе «Абайдың дана ойлары»/ «Великие мысли Абая» абайтанушылар онлайн конференциясы, «Абай және Пушкин: қос халықтың ұлттық игілігі»/ «Абай и Пушкин: национальное достояние двух народов» кең көлемді кітап көрмесі өткізілді.

Облыс мұражайларында «Абай», «Абайды тани біл», «Абай. Өмірі және шығармашылығы» тақырыбында «дөңгелек үстелдер», конкурстар, виртуалды көрмелер өткізілді, Өскемен қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Абай және Михаэлис» виртуалды көрмесі, Абай шығармашылығы бойынша «Ұлы ойшыл» конкурсы, Семей қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында «Абай суретшілер шығармашылығында»/ «Абай в творчестве художников» дәрісі өткізілді.

2015 жылғы 13 маусымда «Восток» стадионында өнер жұлдыздарының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін XIX Халық спорты ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында облыстық киізүй конкурсы өтіп, нәтижесінде басты жүлдеге Ұлан ауданы, 1-орынға – Тарбағатай ауданы, 2-орынға – Үржар ауданы, 3-орынға – Риддер қаласы қол жеткізді. 2015 жылғы 5-7 тамызда Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойы өткізілді. Мерекелеу аясында Абай атындағы театрда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы Шахимардан Әбілов және белгілі абайтанушы Ғарифолла Есімовтың қатысуымен «Абай әлемі» атты музыкалық кеш, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Абай» танымдық дерек фильмінің тұсаукесері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Абай және әлемдік өркениет»/«Абай и мировая цивилизация» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Абай атындағы театрда Һәкім Абайдың 170 жылдығына арналған мерекелік концерт, қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты, «Абай тойы - халық тойы» мерекелік іс-шара, «Адамзаттын бәрін сүй, бауырым деп ...» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

2015 жылғы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығының мерекелеуіне қатысты. Шығыс Қазақстан облысы 3 киізүй орнатып, декоративтік қолданбалы өнер бұйымдары көрмесін ұйымдастырды. 2015 жылғы 13 қыркүйекте Өскемен қаласында 1 халықаралық классикалық музыка фестивалі өтті. Бұл шараға халықаралық деңгейдегі опера әншілері қатысты. Ағымдағы жылдың 20-26 қыркүйек аралығында облыстық драма театрында XXIII республикалық Қазақстан драма театрларының фестивалі өтті. Аталған іс-шараға 8 облыс өкілдері қатысты. Фестиваль қорытындылары бойынша басты жүлде Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық театрына тапсырылды.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Туған ел-алтын бесігім» атты Тарбағатай, Зайсан, Абай, Көкпекті аудандарының акциясы өтті. 2015 жылдың 17-21 қазан аралығында облысымыздың аудандары мен қалаларында Қазақ мемлекеттік академиялық Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің гастрольдік концерті болды.

2015 жылдың 17-26 қазан аралығында Өскемен, Риддер және Зырян қалаларында Республикалық неміс драма театрының гастрольдік сапары болды.

Ағымдағы жылдың қараша айында «Туған ел-алтын бесігім» атты Урджар, Катон-Қарағай, Күршім және Жарма аудандарының акциясы өтті.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні облыстық драма театрында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша ұйымдастырылды.

2015 жылдың 24 желтоқсан күні облыстық драма театрында ҚР Президенті атынан және облыс әкімінің атынан шырша ұйымдастырылды.



Басшының

міндетін атқарушы Р. Нурмуханова

Орынд.: З.А. Сейтова



тел.: 702343
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет