2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет3/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Әзірлеу үшін негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы;

Алматы қаласының негізгі сипаттамалары

Алматы - Қазақстанның экономикалық орталығы. Алматы қаласы ЖӨӨ көлемі бойынша елімізде 1 орынға ие (2015 жылы 22,3%), сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту орталығы болып табылады. Қалада 2015 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ 5439,6 мың теңгені немесе 28 мың АҚШ долларын құраған. Алматы қаласының ЖӨӨ құрылымы әлемнің көптеген дамыған қалаларына ұқсас, мұнда сауда қала экономикасының 35,6%-дан астамын, ал қызметтер секторы тұтас алғанда - 50%-нан артығын құрайды. Өнеркәсіптің үлесіне Алматы қаласының ЖӨӨ небары 5% ғана тиесілі, оның көп бөлігі тағам өнеркәсібі түрінде. Алматы қаласында экономиканың көптеген секторлары оң өсу серпінін көрсетіп отыр.
Алматы – тартымды өңірлік орталық болып табылады –– көші-қон және халықтың табиғи өсімі есебінен 2015 жылы халық саны 1 703,4 мың. адам деңгейіне жеткізілді. 2015 жылы тұрғындардың орташа жасы 33,4 жасты құрады.
Алматы — Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолындағы ірі логистикалық хаб болып табылады. Қала елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 20% қамтамасыз етеді. Қала қалааралық, халықаралық автожол, теміржол және авиация қатынастарына ие.
Алматы — елдің ірі білім беру орталығы. Алматы қаласында еліміздегі жоғары оқу орындарының үштен бірі шоғырланған және мұнда елдегі жалпы студенттер санының үштен бірі білім алады.
Қалада республикадағы ең ірі медициналық қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым құрылған: жүздеген мамандандырылған арнайы диагностикалық, емханалық және амбулаториялық ұйымдар, ғылыми-зерттеу және шипажай ұйымдары әрі алуан түрлі емдеу орталықтары жұмыс жасайды.
Алматы — ірі спорт орталығы болып табылады. Қалада көптеген Өңірлік және халықаралық спорттық сайыстар өткізіледі. 2017 жылы Алматы қаласында Қысқы Универсиада ойындары өтеді, бұл қаланы халықаралық деңгейде мойындайтындығын білдіреді.
Алматы — Қазақстанның мәдениет орталықтарының бірі болып табылады. Қалада жүздеген мәдениет мекемелері (мұражайлар, театрлар, галереялар) жұмыс жасайды, шамамен 150-ге жуық сәулет, тарих ескерткіштері мен монументтер орналасқан.
Алматы елдің туристік орталықтарының бірі болып есептеледі, мұнда өңірлік және халықаралық туристер келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет