Экология және жер ресурстары (2020 жылы)
1. Зиянды қалдықтардың шығарылу көлемі:
- атмосфералық ауаға шығару 0,1 млн. теңге;
- су нысандарына шығару қарастырылмаған.
2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі көлемінен кем дегенде 8% құрайды.
3. Қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша халықты қамту 100% құрайды.
4. Су қойған аймақтарын аббат тандыру және арналарды қайта жаңалаудан кейін өзен участкелерінің жалпы ұзындығын көбейту үлесі 59,7% құрайды.
Мемлекеттік қызметтер (2020 жылы)
- Халықтың жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 10 балдық зерттеу межелігі бойынша 9,7 ұпай.
Қажетті ресурстар
|
Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті жергілікті және республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемі, сондай-ақ инвесторларды ескере отырып, алдын ала есептеу бойынша шамамен 1,53 трлн. теңгені құрайды.
|
2016 жыл
|
2017 жыл*
|
2018 жыл*
|
2019 жыл*
|
2020 жыл*
|
РБ*
|
101 344,38
|
67 872,78
|
145 219,56
|
107 896,51
|
100 825,35
|
ЖБ*
|
124 660,18
|
171 785,13
|
127 695,65
|
76 672,71
|
72 490,95
|
Бюджеттен тыс қаражаттар
|
262 188,89
|
58 834,7
|
13 316,50
|
58 637
|
43 966,97
|
Барлық қаражаттар
|
488 193,45
|
298 492,60
|
286 231,71
|
243 206,22
|
217 283,27
|
|
* Болжамды мәліметтер.
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау 2.1.1. Экономика
Жалпы өңірлік өнім
Алматы қаласы еліміздің ірі қаласы, Алматы агломерациясының ядросы, республикалық бюджеттің доноры болып табылады және ұзақ жылдар бойы жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі - ЖӨӨ) көлемі бойынша елдің басқа аймақтары ішінде көшбасшы орынды иеленіп келеді. 2015 жылы қаланың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі (бұдан әрі - ЖІӨ) 22,3% құраған.
Қала ЖӨӨ нақты өсімінің орташа жылдық қарқыны 2013-2015 жылдарда 16,9% құраған. Бұл жағдайда нақты өсімнің 8,7% орташа жылдық қарқынына 2013-2015 жылдардағы кезеңде (инфляцияны шегергендегі нақты өсім) негізінен сауда және қызмет көрсету саласындағы өсімнің есебінен қол жеткізілген.
2013 және 2014 жылдардағы инфляция 7% асқан жоқ, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция мақсатты болжам 6-8% кезінде 14,8% деңгейінде қалыптасты.
Алматы - сервистік экономикалық қала. 2015 жылдағы ЖӨӨ құрылымындағы сауда және қызмет көрсету салаларының үлесі 88%-дан астам болған.
Достарыңызбен бөлісу: |