2.1.1.1.1. Инфляция деңгейінің серпіні:
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Көтерме және бөлшек сауда секторы қала экономикасына зор үлес қосады және 2013-2015 жылғы нақты өлшемде орташа жылдық өсу ырғағы (бұдан әрі - ОЖӨЫ) 8,7% болғанда ЖӨӨ 35,6% құрайды. Аталған өсім сауда – ойын-сауық орталықтары санының көбеюімен түсіндіріледі.
Елеулі көлемі басқа қызметтер секторының үлесіне тиеді – 28,7% ЖӨӨ (ОЖӨЫ – 5,6%). Басқа қызметтердің өсуі тұтас алғанда халық кірісінің біршама артуымен және осының салдары ретінде қызметтерді тұтыну және жылжымайтын мүліктер операциялары мөлшерінің артуымен сипатталады.
2015 жылы ЖӨӨ-нің жалпы көлемінде секторлардың үлес салмағы: Өнеркәсіп - 4,6% , ауыл шаруашылығы – 0,0%, құрылыс – 2,7%, сауда – 35,6%, көлік және қоймалау – 5,5%, ақпарат және байланыс – 6,4%, қаржы және сақтандыру қызметі - 8,7%, өзге де салалар – 36,5%.
Достарыңызбен бөлісу: |