2019-2020 оқу жылы «Орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай өткен
ашық тәрбие сағаты
МӘЛІМЕТ
2019 жылдың 13-желтоқсанында 6-7-сынып оқушыларының қатысуымен «Желтоқсан- тәуелсіздіктің ұлы рухы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті..
Мақсаты: Қазақ елінің жүріп өткен өмір жолдарын, тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау. Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін қорғауға, тарихын, ерлеріміздің ерлік істерін қадірлей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Ашық тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталды және 7- сынып жетекшісі Сейсебай Фарида құттықтау сөз сөйледі.
Оқушылар өздерінің жаттаған өлең шумақтары мен қара сөздерін ортаға салды. 1986 жыл 16- желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың ерлік істерін дәріптеу мақсатында көріністер қойды. Көріністе Қайрат Рысқұлбеков өз курстасы Жанармен кездесіп сол кездегі саяси оқиғалар туралы диалог құрып, екеуі бірігіп алаңға шықты. Оқушылар алаңда болған наразылық шеруі туралы тағы да көрініс қойды. Көрініс соңында оқушылар бірігіп «Желтоқсан желі» әнін шырқады. 6-7- сынып оқушылары Тәуелсіздік туралы тақпақтарын жатқа айтып берді. Қ. Рысқұлбековтың сот залындағы ақтық сөзі туралы оқушылар көрініс қойды. Көрініс соңында 7- сынып оқушысы Нұрмұханбет Айдана Қайраттың анасына жазған соңғы хатын оқыды. Оқушылар желтоқсан құрбандарын жеке-жеке атап, олардың құрметіне бас иіп тағзым етті. 6- сынып оқушысы Думанқызы Гаухар Қазақстанның 28 жылда жеткізген жетістіктерін де айтып өтті. Содан кейін «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды. Ашық тәрбие сағатын тәрбие ісінің меңгерушісі Мамеков Н сөз сөйлеп, оқушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Қорытынды сөзді 6-7- сынып жетекшілері Сейсебай Фарида мен Садуова Жанар сөйледі. Оқушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ары қарай туымызды биік ұстау осы келешек жастардың қолында екенін айтып өтті.