Орай«Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» және



Дата02.07.2018
өлшемі46,22 Kb.
2016-2017 оқу жылындағы Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде өткен ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына, 7 мамыр- Отан қорғаушы күніне орай«Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» және

9 Мамыр–1941-1945 ж.ж.  Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Ешкім де,  ешқашан да ұмтылмайды» атты апталықтың қорытынды анықтамасы
ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына, 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» және 9 Мамыр  –   1941-1945 ж.ж.  Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Ешкім де,  ешқашан да ұмтылмайды»атты апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 02.05- 09.05.2017ж. күндері аралығында көптеген іс-шаралар өтілді.

Мақсаты:

Оқушыларды отан сүйгіштікке, батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу және талантты, талапты оқушыларға жол ашу. Дарынды оқушыларды жеке және топтық шығармашылық, әскери шеберлікке, жан жақтылық қабілеттерге шындау. Патриоттық тәрбие бере отырып, оқушыларға қолдау көрсету.



02.05.2017ж. күніҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына және 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» атты апталық ашылды.

Барлық кластарда02.05-06.05.2017ж. күндері аралығында««Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» тақырыпта класс сағаттары өз деңгейінде өтті.

02.05-06.05.2017ж. күндері аралығында««Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!»атты қару-жарақ пен техника үлгілерінің, жас суретші мен қолөнер шеберлерінің көрме-байқауы өтті.

03.05.2017ж. күні 10 кластар үшін «Әскердегі бір күн» әскери-спорттық эстафетасы ойдағыдай өтіп, оқушыларды әскери шеберлікке, жан жақтылық қабілеттерге шындау мақсатында әскери бағыттағы белсенді оқушылар анықталды.

04.05.2017ж. күні 7-10 класс ер балалар үшін Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тыл ардагері Нағима Қошқарбаева әжемен кездесуі өте тартымды болып өтті.



«Әскерге бару – азаматтық парызым» тақырыпта ҚР ҚК әскери қызметшілерінің және ауған соғысының ардагерлерімен қатысуымен 9-10 кластар үшін ерлік сағаты өтті.

05.05.2017ж. күні 6-7 кластар арасында мектеп ауласында ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына және 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай «Жеңіс рухына тағзым – кейінгі ұрпақ парызы»сапта жүру және ән айту байқауы жоғары дәрежеде өтті. Барлық кластар үлкен жауапкершілікпен дайындалып, белсенділік пен ауызбіршіліктерін таныта білді. І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Үздік командир» номинациясын жеңіп алған класс жасақтары марапатталды.

05.05.2017ж. күні мектептің мәжіліс залындаҰлы Жеңіс күніне орай«Қаһарман ұлт-нация героев» атты салтанатты жиын өтіп, «Вокал» және «Өнер» үйірмелерінің талантты өнерпаздарының қатысуымен «Бабаларға тағзым» атты мерекелік концертпен жалғасты. Осы шараға мектепке бекіткен Жумабаев Идельбай Исенович қызымен бірге, Избасарова Даметай (келіні Әлия), Қожақов Құттымұрат Майдремович, Лаврушко Александра Дмитриевна, Сағнаев Кенес (келе алмады), Юсупов Абдрахим Абдрахманович арнайы шақырып, мерекелік концертті тамашалады. Концерт соңында мектеп әкімшілігі сый-сыяпат беріп (Сағнаев Кенес ағайға сый-сыяпаты үйіне апарылды), фотосуретке түсті. Үйірме жетекшілері А.С.Искарина, А.Е.Утебасов.

06.05.2017ж. күні Отан қорғаушылар күніне орай мектептегі ер азаматтарға арналған іс-шара өтті.

06.05.2017ж. күні барлық кластарда «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» тақырыпта патриоттық класс сағаттары өтті. Ер балалар әскери киім киіп сабаққа келді.

06.05-13.05.2017ж. күндері аралығында «Өткен күндер елесін, кітап оқып білерсің» атты кітап көрмесі өтуде.

Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың 95-жылдығына орай «Ұлы даланың батыр қызы» тақырыпта мұражай жетекшісі Г.К.Кенесова ашық класс сағатын өткізді.

Кеңес Одағының батыры Ә.Молдагулованың мұражайына мамыр бойы бірнеше класс саяхат жасады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде тарих пәні мұғалімдері, 11- класс жетекшілері мен оқушылары Қобда ауданың Жиренқопа ауылында орналасқан Қобланды батырдың ескерткіші мен Әлия ауылының Ә.Молдағұлованың мұражайына барып келді.

07.05-08.05.2017ж. күндері Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеу қарсанында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында Ә.Молдағұлова атындағы ескерткіш жанында кезекшілік вахтасы ұйымдастырылды. Құрметті қарауылды 8 «а», «ә», «б», «в» кластардың белсенді оқушылары үлкен жауапкершілікпен атқарды.

07.05.2017ж. күні «Дені сау ұрпақ» акциясы аясында оқушылар арасында шахматтан жарыс және ардагер-ұстаздар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды.

9.05.2017ж. күні сағат 9.30-да Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған Ә.Молдағұлова атындағы ескерткіш жанында жиынға қатысып, гүл шоқтарын қою рәсіміне мектеп ұжымы қатысылды.

Наурыз – сәуір айларында мектебіміздің еріктілер клубының оқушылары қайырымдылық акция жүргізді. Сол акцияның аясында Нариман көшесі, №13 үйде тұратын тыл ардагері Қожақов Құттымұрат Майдремович пен Гарнизон көшесі, № 58 үйінің тұрғыны тыл ардагері Лаврушко Александра Дмитриевнаның үй төбесінен қарды түсіріп, ауласынан қар шығарып, үй шаруасына көмек берді. Осы адамдардың сауабына қалып, батасын алды. Еріктілер клубының жетекшісі М.Амангелдин. Барлық жоспарланған іс-шаралар уақытында өтіп, мақсатына жетті.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында
мұндай келелі істер күн тәртібінен түсірілмей, алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таба береді.

Дайындаған ДТІЖО Б.З.Матаева




Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу