Сабақ: Мектеп: №2 мектеп интернат Күні: 21. 10. 2016



Дата08.07.2017
өлшемі92,34 Kb.
#20863
түріСабақ
Сабақ жоспары


САБАҚ:

Мектеп: №2 мектеп - интернат

Күні: 21.10.2016

Оқытушының аты-жөні: Дауылбаева Ж.К.

СЫНЫП: 3 «Ә» сынып

Қатысушылар саны: 13

Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы:

С.Сейфуллин «Туған ел»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Туған ел өлеңін оқыту барысында өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.

Сабақтың мақсаты:

Өлеңнің негізгі бөліктеріндегі (тірек сөздер, сөз тіркестер, сөйлем т.б.) ойды анықтайды

Құндылықтарды игерту:

Оқушыларды Отанын, жерін, елін сүюге, байлығын қорғауға, елін халқын құрметтеуге, елжандыққа, әсемдікке жауапкершілікке тәрбиелеу. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі, ағылшын тілі және өнермен байланыс.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылым және бейнебаян материалдары. Интерактивті тақтада жұмыс жасату.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Туған жер, Отан, табиғат – ана.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Менің ойымша, бұл өлеңдегң негізгі ой...................................

Ойымды қорытындылайтын болсам, .......................................


Алдыңғы оқу

Топта жұмыс жасай алады, өзара бағалау.

«Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдерін жаттау.




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

7 минут


  • Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік.

  • Топқа бөлу: оқушылар қима суреттерді қүрастыру арқылы топтасады.

  • Топ жетекшіні таңдау және оған көк пилотка кигізу



Қима суреттер
пилотка

Ортасы

5 минут

2 минут

3 минут


5 минут

2 минут


2 минут

3 минут

5 минут жасауға
5 минут қорғауға


II. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Үйге берілген тапсырма «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңін жатқа айту. (Әр топтан 2 оқушыдан сұрау)
IІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

Оқушыларға өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қою


- Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін неге теңеген? (Халық, Тіл, Отан)
- Дихан Әбілевтің өлеңі не туралы? (туған тіл)
- Екі өлеңнің ұқсатығы неде? (Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке, тілді құрметтеуге шақырады.)
- Өлеңнің негізгі ойын, идеясын бір мақалмен қорытындылап көріңдерші. (Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте)



«Сөзжұмбақ» шешу

  1. Рәміз ( ту )




  1. Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе,

Жығады ол күн сайын ең күштінің өзінде. ( уақыт )


  1. Ата - баланың ..... ( қорғаны )




  1. Екінің орысшасы ( два )




  1. Ас қорыту мүшесі ( қарын )




  1. Заттардың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөз табын қалай атаймыз? ( етістік ), (не істеді? қайтті? не қылды?)




  1. 5 * 10 ( елу )


IV. Жаңа сабақ: - сонымен біздің шешкен сөзжұмбағымыздан қандай сөз шықты (туған ел)
- Бүгін біз С.Сейфуллин атамыздың «Туған ел» өлеңін өтеміз:

Туған жерін, елін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ал ақын, жазушылардың тілі - сөз. Сондай бір туған елін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, мемлекеттік қайраткер



С.Сейфуллиннің өмір баянына тоқталып өтейін.


Сәкен Сейфуллин – 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. 1905 – 1908 жылы Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқып білім алған, 1913 – 1916 жылдары қалалық үш классты училищеде оқыған. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.

V. Оқулықпен жұмыс: «Туған ел» (68 бет)
- Мұғалімнің оқуы мәнерлеп;
- 2-3 оқушыға мәнерлеп оқыту;
- Мәтін бойынша сұрақтар:

А) Ақын туған даласын кімге теңейді? (Анаға)

Ә) Берілген суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр; (Жайқалған туған ел)
В) Табиғат адамға не береді? (Сән, жылу, нәр, сұлулық)

Суретпен жұмыс:

- Суреттен не көріп тұрмыз?


- Елік, гүл, бұлт, шөп, көбелек, ағаш.

- Енді осы заттардың атын маған 2 тілде айтып беріңдерші? (Олень-диә, цветы- фләуз, облака- клауз, трава-грас, бабочка-бәтерфләй, дерево-три)


Сергіту сәті:
VI. Дәптермен жұмыс: 
Қазанның жиырма бірі
«Туған ел, Отан»  туралы 5 жолды өлең жазу.
VII Бекіту: постер құру

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.


- Ақынның қандай шығарма өлеңдерімен таныстыңдар?
- Туған ел, Отанды неге теңейсің? (Анаға, күнге, гүлге, қамқоршыма)

- Сәкен Сейфуллин дегеніміз кім?( Жазушы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері, драматург, педагог, сазгер)


- Бүгін балалар, біз қандай тақырыппен таныстық?

- Туған ел өлеңін кім жазған?

- Сәкен Сейфуллин дегеніміз кім

Рефлексия: Бағалау парақшалары



Смайликтер мен бас бармақ арқылы бағалау.

флипчарт

флипчарт

флипчарт


флипчарт

оқулық


флипчарт

бейнебаян


дәптермен жұмыс



постер, түрлі-түсті қарындаш.

Аяқталуы
3 минут

Топ жетекші бағалау парақшасы арқылы бағалайды;

Мұғалім жалпы сабақ барысына, оқушылардың жұмыстарына талдау жасайды.

Үйге тапсырма






Қосымша ақпарат

Саралау – Көбірек қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Анағұрлым қабілетті

оқушыларға

жаттығуларды

күрделендіруді қалай

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс

АКT байланыстары

Құндылықтардағы

байланыс


Дифференциялды оқыту өз бетінше жаттығулар кезінде мұғалім қолдауының алмасуы, арқылы іске асады.


Жетістік критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап мақсатқа жетуіне байланысты жетті немесе талпынды деп бағаланады




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға

жазыңыз. Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың

арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет