ОҚО, Мақтарал ауданы
Т.Аубакиров жалпы орта мектебі
тарих пәні мұғалімі
Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
5 сынып Қазақстан тарихынан әңгімелер
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Мақсаты: Білімділік: қазақ елінің ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірі,шығармашылық жолдары,қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жайында білім беру.Абайдың қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы екеніне оқушылардың көзін жеткізу.
Дамытушылық: Абайдың еңбектерін насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Тарихи тұлғалар өміріне қызығушылығын ояту,өнегелі істерінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың жаңа технологиясы: Интерактивтітоппен жұмыс
Сабақта қолданатын әдістер:СТО технологиясы әдістері,слайдтармен жұмыс,тест,венн диаграммасы,ойын
Көрнекілігі: Қазақстанның әкімшілік картасы,интерактивті тақта,суреттер,слайдтар,венн диаграммсы,тест,Абайдың шығармаларының топтамалары
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,музыка,сурет
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу,түгендеу. (психологиялық дайындық)
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
3. Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу; І-топ "Абай", ІІ- топ "Шоқан"
1. Психологиялық дайындық
Қуаныш бүгін ерекше,Шуағын шашып тұр әлем
Білімнің түскен жолына,Достарым саған мың сәлем
Ендеше,тілек тілейік,Баршамыз ізгі ниетпен
Тарихтың зерттеп қойнауын,Жетейік биік белеске
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Сәйкестендіру тесті (Слайд №1)
№
|
Сұрақтар
|
№
|
Жауаптары
|
1
|
Шоқанның шын аты
|
А
|
Абылай
|
2
|
Шоқан дүниеге келген бекініс
|
В
|
Сібір кадет корпусы
|
3
|
Шоқан кімнің ұрпағы
|
С
|
Мұхаммед Ханафия
|
4
|
Шоқанның әжесі
|
Д
|
Құсмұрын
|
5
|
Шоқан Омбыда оқыды
|
Е
|
1835 - 1865 жж
|
6
|
Шоқан өмір сүрген кезең
|
Ж
|
Айғаным
|
2. Сандар сөйлейді (Слайд №2)
Жылдар
|
Негізгі оқиғалар
|
1835ж
|
|
1847 ж
|
|
1853 ж
|
|
1858 - 1859 жж
|
|
1859 - 1861 жж
|
|
1865 ж
|
|
3. Бәйге ойыны "Шоқан - ұлы ғалым" (Слайд №3)
- Шоқанның туып- өскен жері?
- Шоқан қағазға түсірген қырғыз жыры?
- Шоқан танысып дос болған орыс жазушысы?
- Шоқанның әкесінің аты кім?
- Шоқан Омбыда оқыған жылдар?
- Шоқанды әлемге әйгілі еткен саяхаты?
ІІІ. Қызығушылықтарын ояту
Бүгінгі жаңа сабағымызды Абай туралы шабытты жыр төккен алып ақын Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көрдім.Интерактивті тақтадан Абайдың суретін көрсете отырып,Жамбылдың өлеңін жатқа айту.
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл,қайрат,білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
ІУ.Мағынаны тану.
Жаңа сабақтың жоспары бойынша тақырыпты интерактивті тақтадан слайдтарды көрсете отырып баяндау.
1.Абайдың өмірі,қызметі (слайд №4)
Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі,Шыңғыс болысында дүниеге келген.
Абай Құнанбаев (1845 - 1904) - ақын,жазушы,қоғам қайраткері,қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.Орыс және Еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартқан.
Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп,орыс,Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқыған.
2. Абайдың әкесі - Құнанбай (слайд №5)
Абайдың әкесі - Құнанбай.
Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы дүниеге келген.
Ол халық арасында өте беделді,абыройлы, Тобықты руының көсемі,белді би әрі шешен болған.
Ол 81 жыл ғұмыр кешкен.
Құнанбай ел ішінде қажы атанған.
Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.
3. Абайдың әжесі - Зере,анасы - Ұлжан (слайд №6)
Азан шақырып қойған аты - Ибраһим.
Әжесі Зере сүйкімді немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арсында аты аталмай, А б а й атанып кеткен.
Анасы Ұлжан-ұстамды,мейірімі мен адамгершілігі мол дана кісі болған.Абайдың парасатты азамат болып қалыптасуында әжесі Зере мен анасы Ұлжан көп еібек сіңірген
4. Абайдың ел басқару ісіне араласуы (слайд №7)
Әкесі Құнанбай Абайдың Семей медресесіндегі оқуын бітіртпей ауылына алып кетіп,ел басқару ісіне араластыруды ойлайды.
Абай ел басқару ісінле жүріп жанына қарапайым да талантты жастарды жинайды.
5. Абайдың білім алуы (слайд №8)
Абай алғашқы білімін ауыл мектебінде алады.
Әкесі Құнанбай он жасар Абайды Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға береді.
Мұнда ол басқалардан алғырлығы,зеректігі мен ерекше көзге түседі.
Шығыстың Науаи,Низами,Фирдоуси сияқты ақындарының шығармаларын құнығып оқиды.
Медреседе шығыс халықтарының араб,парсы шағатай тілдерін меңгереді
6. Абай - ұлы ойшыл (слайд №9)
Ұлы Абай қарапайым пенделерше бір күн немесе жылдар ауыл-аймағын ойлап ғана толғанбайды.
Ол өткен заманалар мен болашақ дәуірлерге, тек қазақ қоғамына емес, күллі адамзат қоғамына ортақ рухани заңдылықтарға көз жібереді.
7. Абай және орыс әдебиеті (слайд №10)
Семейде танысқан орыс зиялыларымен байланысын үзбей,Семейде үйренген орыс тілін одан әрі өздігінен дамытады.
Абай орыстың А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов,М.Е.Салтыков-Щедрин,Лев Толстой шығармаларын ана тіліне аударады.
Ол Пушкиннің "Евгений Онегин" шығармасынан "Татьянаның хаты" өлеңін қазақ тіліне аударып,ән шығарған.
8. Абай - сазгер (слайд №11)
Абай әндері: "Көзімнің қарасы", "Айттым,сәлем,Қаламқас", "Сегізаяқ", "Қор болды жаным", "Татьчнаның хаты", . . . т. б.
9. Абайдың күйлері (сдайд №12) "Ұйықтап жатқан көңілді ән оятар"
Абай күйлері: "Торы жорға", "Май түні", "Абай желдірмесі".
10. Абай - ұлы ақын,қазақ жазба әдебиетін негізін салушы
У. "Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы": Топтардың Абай өлеңдерінен сайысы.
Ғылым таппаймақтанба
Интернаттаоқып жүр
Пайдаойлама, ар ойла
Жасымдағылым бар депескермедім
Әсемпаз болмаәрнеге
Жазғытұры
Жаз
Күз
Қыс
Желсізтүнде жарық айҚансонарда бүркітші шығады аңға
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Мен жазбаймынөлеңді ермекүшін
Кұлақтан кіріп, бойдыалар
Өзгеге, көңілім, тоярсың
Қараша, желтоқсан мен солбір-екі ай
Біреудің кісісіөлсе, қаралы ол
Білімдіденшыққан сөз
Достарыңызбен бөлісу: |