Сабақтың тақырыбы: Әдебиетті тереңдетіп оқыту жолдары Жоспар



бет1/2
Дата17.02.2022
өлшемі49 Kb.
#132178
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ІІ семестр. 10-апта. 1-сабақ. ӘОӘ. ІV курс


Сабақтың тақырыбы: Әдебиетті тереңдетіп оқыту жолдары


Жоспар:
1. Жаңа үлгідегі мектептер мен әдебиетті тереңдетіп оқытудың маңызы.
2. Әдебиетті тереңдетіп оқыту жолдары.

Қазіргі таңда жаңа үлгідегі мектептердің саны артуда. Атап айтсақ, Н.Назарбаев зияткерлік мектептері, гуманитарлық бағыттағы лицей, гимназия, әдебиетті тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаттар (мысалы: Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық МДБА мектеп-интернат, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы ОМДБА мектеп-гимназия-интернат, Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы №2 ОМДБА мектеп-интернат, т.б.), қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытатын сыныптар жұмыс істеуде. Әдебиеті тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттар көптеген облыс орталықтарында бар.


Әдебиетті тереңдетіп оқытатын мектептердің оқу-тәрбие процесінің мақсаты – әдебиетті тереңдетіп оқыту арқылы сөз өнеріне бейім дарынды балалардың әлеуметті мүмкіндіктерін толық дамыту үшін мамандандырылған жалпы білім беретін элиталық білім беруге қол жеткізу.
Әдебиетті тереңдетіп оқытудың көкейкесті мәселелері ретінде мыналарға көңіл бөлген жөн:
1. Оқытылатын ақын-жызушылардың санына, олардың негізгі-негізгі шығармаларына кең жол ашу, көркем сөз иесінің әлемін тұтастай қарастыру. Мысалы:
а) А.Байтұрсыновтың шығармашылығын тереңдетіп оқытудың барысында қаламгердің бұрыннан оқылып жүрген өлеңдері, мысалдарымен қатар ауыз әдебиеті түрлеріне жазған еңбектері – «Ер Сайын» жырын, 23 жоқтауды, хаттарын, тіл саласын зерттеу барысында жазған еңбектерін («Тіл құрал»), терминология саласындағы, әдістеме ғылымы саласындағы («Тіл жұмсар», «Баяншы», «Әлиф-ба астары»), әдебиеттану саласындағы («Әдебиет танытқыш» еңбегі) еңбектерін әр сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оқушы деңгейіне лайықтап, тұжырымды түрде берген жөн.
Бұдан шығатын қорытынды – оқылатын ақын-жазушының көркем туындыларымен қатар тіл білімі, әдебиеттану ғылымы, әдістеме ғылымы саласында сіңірген еңбектеріне назар аударту.
ә) М.Жұмабаевтың өлеңдерімен, поэмаларымен қоса, педагогика саласына сіңірген еңбегі «Педагогика», Ж.Аймауытовтың көркем туындыларымен («Ақбілек» романы, «Қартқожақ» романы, т.б.) қоса мектепте оқыту жүйесіне арналған еңбегі «Комплекспен оқыту жолдары», М.Дулатовтың көркем туындыларымен қоса, «Есеп құрал» еңбегін тұтастай қарастыру – тереңдетіп оқытудың маңызды бір белгісі болмақ.
б) Тереңдетіп оқыту көркем туындылардың санына, сол сыныптарда оқытылатын ақын-жазушылардың көптігіне қарай жүзеге аспайды. Берілетін білім мазмұны, білім мөлшері мұнда да педагогика, психология ғылымдарының талаптарына сай сынып, оқушылар қабілеті, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы керек.
в) Әдебиетті тереңдетіп оқытуда көркем сөз шеберінің барлық бітімін тұтастай қарастыра отырып, мұғалім қаламгердің қай туындыларына шолу жасау керектігін ойластырған да жөн. Мысалы: «Ахмет және әдебиеттану ғылымы» деген тақырыпқа шолу жасасақ, әдебиет теориясы материалдарына, оның ішінде негізгі-негізгі деген дүниелерге басты назар аударып тұжырымды етіп қана білім беруді ойластырады.
2. Әдебиетті тереңдетіп оқытудың келесі бір жолы – көркем туындыны әдебиеттану ғылымы тұрғысынан тереңдей талдау болып табылады. Тереңдей талдауда мына мәселелерге ерекше көңіл бөлген жөн: көркем шығарма негізінде жатқан ой, көзқарасқа, көркем туындының көтеріп отырған идеялық проблемасына, көркемдік ерекшелігіне, жазушы стиліне, сөз саптау шеберлігіне, баяндау әдісіне, т.б.
3. Әдебиетті тереңдетіп оқытудың келесі бір жолы – тақырыпты қосымша материалдармен, ғылыми еңбектермен байыта оқыту.
Бұл жерде еске ұстайтын екі мәселе бар:
1. Мұғалім қосымша материалдар мен ғылыми еңбектерді тақырыпқа сай сұрыптап, негізгі-негізгі түйіндерін алады.
2. Ғылыми еңбектерді көркем шығармамен бірлікте тұтастай оқытады.
4. Пәнаралық байланыс пен пәндерді кіріктіре оқыту да әдебиетті тереңдетіп оқытудың бір жолы.
Пәнаралық байланыстың бірнеше түрі бар:
1. Туыстас пәндер арасындағы байланыс, мысалы: тарих, әдебиет, тіл, өнер т.б.
2. Пәнішілік байланыс, яғни бір тақырыппен екінші тақырып арасындағы байланыс.
3. Тақырыпаралық байланыс, яғни бір тақырыпта жазылған бір қаламгердің не бір тақырыпта жазылған екі-үш қаламгердің көркем туындыларын бір-бірімен байланыстыра талдау.
Пәнішілік байланыстың әдебиетті тереңдетіп оқытуда өзіндік орны бар. Бір жанрда жазылған шығармаларды бір-бірімен байланыстырып, салыстыра талдап, ортақ қасиеттерін шығару, ұқсастықтарын айқындау, өзіндік ерекшелігін көрсету барысында тиімді.
Пәнаралық байланыс мұғалімнің алдына қойған сабақ мақсатымен, сабақ мазмұнымен, сабақ құрылымымен қабысып жатуы керек. Сабақтың бір кезеңінде ғана көрінбей, сабақтың өне бойында жүргізіліп отыруы керек.
Пәнаралық байланысқа сүйеніп оқыту берілген білім мазмұнын тереңдетеді, сөздік қорын молайтады, шығармашылық қабілетін арттырады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, әдебиетті тереңдетіп оқытудың бір тәсілі – тақырыпаралық байланыста бір тақырыпта жазылған бірнеше шығарманы қатар қойып талдау. Бірнеше шығарманы қатар қойып талдау барысында оқушы терең білім алады, дүниетанымы кеңейеді, ойлау шеңбері кеңейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет