Сабақтың тақырыбы: Әдебиетті тереңдетіп оқыту жолдары Жоспар



бет2/2
Дата17.02.2022
өлшемі49 Kb.
#132178
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ІІ семестр. 10-апта. 1-сабақ. ӘОӘ. ІV курс

Салыстырмалы әдіс арқылы М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарын, Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін бір-бірімен салыстыра талдауға болады. Бұл талдауды жүргізу үшін оқушыға алдын ала тапсырма берілуі керек. Осы жоғарыда аталған шығарманың бірін өтіп жатқанда, қалғандарын қосымша оқу керек.
Әдебиетті тереңдетіп оқытудың тағы бір тәсілі – «білімді қосарлап» беру тәсілі. Бір мезгілде екі не үш пән мұғалімінің тақырыпқа сай бірлесе сабақ өткізуі, «білімді қосарлап» беруі тәжірибеде жиі кездеседі.
Кіріктірілген қос, үштік сабақтарда қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер: диалогиялық әңгіме, баяндау, пікірлесу, түсіндірмелі әдіс. Кіріктірілген қос (дуэт), үштік (трио) сабақтар екі немесе бірнеше пәндерге байланысты материалдар тоғысып келгенде бірнеше пән бойынша деректерді біріктіріп беру мүмкін болған тақырыптарда жүргізіледі.
Кіріктірілген қос, үштік сабақтардың тиімділігі: бір мезетте бірнеше пәндер бойынша білім алады, білім терең беріледі.
Бұл әдістің әдебиетті тереңдетіп оқытуда маңызы зор.
Мұғалімнің мәтінді қызықты баяндауы, оқушының қызығып мәнерлеп оқуы, тақырыптың қызықтылығы – оқушының ынта қоюының қозғаушы күштері. Мәтінді жан-жақты талдау, өзге пәндермен кіріктіріп оқыту мәтіннің өмірлік мәнін арттырып, шығармашылық жұмысқа жол ашады. Ондай нәтижеге жету – оқушы ынтасының мынадай кезеңдерінен өтеді.
Бірінші кезеңде – мәтіннің мазмұны балаларға эмоциялық сезім ұялатады. Оған көркем сөйлеу, әңгімелеу, мазмұндау, мәнерлеп оқу жаттады. Екінші кезең – детальді табу, шығармашылық жұмысқа үйрету. Үшінші кезеңде –өмір тәжірибесінде алған білімі мен дағдысын еркін пайдалану. Бірінші кезең сабақ процесінде дәстүрлі оқыту жүйесінде молынан пайдаланылады. Шығармашылыққа үйрету кезеңде әр мұғалім өзінше әдіс іздеп, өзінше дамытады. Үшінші кезеңде тақырыпқа өздігінен әзірлену жөніндегі талаптар оқушылардың ой-өрісінің дамуын, шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.
Әдебиетті тереңдетіп оқытудың тағы бір тиімді жолы – сабақта жаңа технологияларды қолдану.
Жас ұрпақты жан-жақты білімді, парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу, заман талабына сай оқытып, білім беруде дифференциялап оқыту технологиясының маңызы зор.
Дифференциялап оқыту дегеніміз – күрделіні не үлкенді бөлшектеп, ұсақтап оқыту деген мағынаны білдіреді.
Дифференциялап оқыту барысында әрбір оқушының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, олармен жекелеп, жұптап, топтап оқытуды ұйымдастырамыз. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру – әрбір ұстаздың міндеті. Сыныптағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен жұмыс істеу мүмкіндіктері әртүрлі болып келетіні белгілі. Сондықтан әдебиет сабақтарында дифференциялап оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалім сынып оқушыларының білім деңгейін, олардың жеке бас ерекшелігін, білім алудағы қабілетін, сабаққа деген зейінін, қабылдау, ой қорыту дәрежелерін жақсы ажырата білуі қажет. Сондай жағдайда тапсырма берудің алуан түрлерін қолдануға мүмкіндік туады. Әр сабақ сайын материалды жете меңгерту мақсатында дифференциялап оқытуды қолданған тиімді болмақ.
Дифференциялап оқыту барысында жұмыс түрлері өзгеріп, оқушылар тапсырманы ауызша және жазбаша орындайды. Дифференциялап оқыту сабақтың барлық кезеңдерінде жүзеге асады. Үй тапсырмасын беру кезеңінде де оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, өзіндік ой-өрісін, ізденушілік деңгейлерін ескере отырып, жеңіл және күрделі тапсырмалар сараланып беріледі.
Қорыта келгенде, дифференциялап оқытуды қолдану оқушылардың танымдық әрекетін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Өзіндік әрекетін шыңдай түседі, ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейтеді.
Әдебиетті тереңдетіп оқытудың тағы бір ұтымды да тиімді жолы – оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптарды жетілдіру. Танымдық ізденуші, ғылыми сипаттағы тапсырмалар, өз беттерімен орындайтын әр алуан мақсат, мазмұндағы жұмыс түрлері оқушылардың білімін ғана тереңдетіп қоймайды, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Мысалы: ғылыми еңбектер бойынша реферат жазғызу, әрі оны қорғату, көркем туындыларды талдата отырып, оларға рецензия-пікірлер жаздыру, өзекті мәселелер айналасында ғылыми сипаттағы әдеби айтыстарға баулу оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады.
Осындай жұмыстар тұсында жобалап оқыту технологиясын қолданған тиімді.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың пәнге деген қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әртүрлі жағдаяттарда, әртүрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақ-пен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тақырыпқа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясының негізінде оқушылардың жеке, жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Әдебиетті тереңдетіп оқытудың тағы бір ұтымды жолы – оқушылардың іскерлік дағдыларын дамыту мақсатында өз беттерінше орындауға берілетін салыстырмалы жұмыстар.
Салыстырмалы тапсырмалар әр жазушының сөз саптау шеберлігіне, өзіндік стиліне талдау жасатумен қатар өз бетінше білім алуына, өз бетінше қорытынды жасауға баулиды.
Әдебиетті тереңдетіп оқытудың қарапайым жолы – сабақта кеңінен көрнекі құралдарды пайдалану. Оқушылардың белснділігін арттыруда көмек-нұсқаулар жазылған дидактикалық материалдар, тақырыптың түйінді дәнін даралап, саралап көрсететін кеспе-карточкалар, кесте-сызба сияқты көрнекі құралдардың маңызы ерекше.
Әдебиет тереңдетіліп оқытылатын сыныптарға дәріс беретін ұстаздар үнемі ізденісте болуы керек. Көп ізденіп, жаңалық жаршысы бола білуі керек, сонымен қатар ғылыми-зерттеу еңбектерді, әдістемелік нұсқаулықтарды, кітаптарды оқып, зерттеп, үнемі өздігінен білімін көтіріп, оқушыға терең, жан-жақты білім беретіндей дәрежеде болуы керек.
Әдебиетті тереңдетіп оқытуға байланысты көптеген әдістемелік еңбектер жарық көрді. Атап айтатын болсақ, Р.Құтхожинаның «Әдебиет сабағын Қазақстан тарихымен пәнаралық байланыста оқыту» (1985), «ІV-V сыныптардағы әдебиет сабағын қазақ тілімен пәнаралық байланыста оқыту» (1982) атты әдістемелік еңбектері, Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» (2003) оқулығы.
Қорыта келгенде, мұғалім білімді тереңдете берудің күрделі, қиын жолдарын емес, жеңіл, тиімді жолдарын қарастыруы керек. Білімді тереңдете бере отырып, оқушының функционалды сауаттылығын арттыруға еңбек ету қажет. Сонда оқушы мектептен алған білімін өмірмен ұштастыра біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет