Тақырып: Практикалық сабақ Мақсат: Білімділік



Дата04.05.2017
өлшемі48,24 Kb.
#15495
түріСабақ
Мұғалім:Нурмагамбетова А; Пән Информатика сынып 6б Күні 18.11.2016 ж.

Тақырып: Практикалық сабақ

Мақсат:

Білімділік:Әрбір оқушыға Microsoft office Power Point программасы туралы терең білім беру,ой өрісін дамыта отырып,ақпараттық құралдар арқылы алған білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Теорияны практикамен ұштастыра отырып, амалдарды тиімді пайдалануға үйрету және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетінше еңбек етуге, ізденуге баули отырып, ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке баулу.

Әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, жеке оқушылармен жүргізу.

Түрі: Қорытындалау сабақ (ойын түрінде)

Көрнекілік: Интерактивті тақта, жұмбақтар, компьютер, сурет.

Пән аралық байланыс: Математика, қазақ тілі, бейнелеу пәні

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеттері

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасы.Бой сергіту (өткен тақырыпты қайталау)

III. Құпия алаң

IV. Мынау не?

V. Сергіту сәті!

VI. Техникалық диктант 1-топ, Тест 2- топ

VII. Жұмбақ шешу

VIII. «Кім жылдам» ойыны

IX. Сабақты бекіту,бағалау.

X. Қорытындылау

XI. Үй тапсырмасы



Оқушылардың

іс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі.


Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сыныпты 2 топқа бөлу

1-топ; «Слайд»

2-топ; «Анимация»





Амандасады, сабаққа келмеген оқушыларды айтады.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.


«Бой сергіту» (өтілген тақырыпты қайталау)

Әр топтың капитаны төтбұрыш түсін таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді.Әр жауап 5 ұпаймен бағаланады.



Қызыл түс сұрақтары:

  1. «Безендіру шаблоны» деген не?

  2. Түстер шешімін өзгерту үшін?

  3. Power Point тұсаукесеріне нысандарды кірістіруге болады?

  4. Дыбыс пен видеоны қалай кірістіреміз?

  5. Дыбысты шығаратын құрылғы?

Көк түс сұрақтары:

  1. Тұсаукесер дегеніміз не?

  2. «Power Point 2007»бағдарламасы терезелерінің элеметтерін ата?

  3. Слайдтты қалай жоямыз?

  4. Компьютердің жанына қойылатын өсімдік?

  5. Microsoft office Power Point программасын қалай іске қосамыз?

Орындарынан тұрып, сұрақтарға ауызша жауап береді.

ІІІ. «Құпия алаң» (әрбір оқушымен жеке жұмыс)


Бұл турда оқушылар түстерді таңдай отырып «Power Point»,бағдарламасы жөнінде білімдерін көрсетеді.


ІV. Мынау не? (топтық жұмыс)


Бұл турда әр топ мүшелері суреттегі терезенің аты мен қызметін плакатқа түсіріп түсіндіру керек. Топтар 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағалайды.

Оқушылар топпен орындайды.

V. Сергіту сәті.


Көзге арналған жаттығулар .Қолға арналған жаттығулар



VІ. Техникалық диктант 1-топ, Тест 2-топ


Тех.диктант.1-топ

«Power Point» тұсаукесерінің даму тарихы.

«Power Point»,-ты құру идеясы жаңа туған.................ғасыры дизайн мен................. төңкеріс жасауы деп шешкен.............ойына келген.








Тест .2-топ Компьютермен орындайды.





VІI.Жұмбақ шешу


1.Қағаз бетінен алады,

Бірден компьютерге салады: (сканер)

2. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус)

3.Компьютермен енеді

Қағазға басып береді. (принтер)

4.Өзі темір, жаны жоқ

Ақпаратты сақтап таратқан

Жұртты өзіне қаратқан (интернет)





VІIІ. «Кім жылдам»? ойыны

Бұл кезеңде жылдамдықты қажет етеміз 2 топқа 2 адасқан әріптер берілді.Сол әріптерді қарастырғанда бүгінгі тақырыпқа байланысты сөздер шығады.Қай топ жылдамдық танытып тапса жоғары бал қойылады.




ІХ.Сабақты бекіту


Оқушыларды бағалау




X.Қорытындылау

Оқушыларды ойларымен бөлісу




XI. Үй тапсырмасы

Келесі сабақта «Power Point» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.




Пайдаланған әдебиеттер: 1. 6 сынып информатика

2.Информатика негіздері 2014 ж №4



3.Жұмбақтар әлемінде

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет