Науаи мемлекеттік педагогика институты



бет1/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,86 Mb.
  1   2   3   4
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ

НАУАИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Шет тілдер факультеті

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы



ТАҚЫРЫП:

«Әдебиет сабақтарында Махамбет поэзиясының көркемдiк сипатын оқыту (9-сынып)»

ОРЫНДАУШЫ:

Асатова Элмира



ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:

аға оқытушы: Кумакбаева Г.К.

Науаи – 2013

К І Р І С П Е
Мемлекетімізде кемел ұрпақты өсіру, білімді, шығармашылықпен шұғылданатын жастарды жан-жақты қолдап-қуаттау, дарынды жастардың әлеуметті белсенділігін, мәдени-рухани құндылықтарын өркендетудегі үлгі қызметін ынталандыру мақсатында көптеген істер жүзеге асырылуда.

Биылғы жылды «Абат тұрмыс жылы» деп жариялаған Президентіміз И.А.Каримов жастарға үміт артып, былай деген болатын: «Менің ең үлкен сенімім әрі үмітім – бүгінгі таңда заманға сай тәрбие мен білім алып жатқан, енді ғана күшке тола бастаған жас жеткіншектер, балаларымыз». Болашақ ұрпақтың бақыты мен келешегінің қандай болуы, бізге, яғни ұзтаздарға тікелей қатысты екендігін жете түсініп отырып, бар біліміімізді, күшімізді ұрпақ тәрбиесіне арнауымыз керек. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінің хухани, шығармашылық ізденіспен қарап, өмірге еніп жатқан жаңа педтехнологияларды толық меңгеруі тиіс.



Менің кәсіптік бітіру жұмысымның тақырыбы «Әдебиет сабақтарында Махамбет поэзиясының көркемдік сипатын оқыту».

Біз сияқты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары шәкірттердің өз тілін жақсы меңгеріп, ұлттық салт-дәстүріміздің мән-мағынасын терең түсініп, үйренуін жақсы жолға қойуымыз жөн.



Тақырыптың үйренілу дәрежесі: Болашақта әдебиеттен сабақ беретін мұғалімдеріміз әдебиет пәні оқушы жүрегіне жол тауып, оның зердесіне замана келбетін, өмірдің тылсым тіршілігін , тынысын жеткізетін, халқымыздың көркем тарихы тәжірибесін реттейтін өмір оқулығы екенін жете түсіндіргендері жөн.

Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет мұғалімінің терең білімді болып, педагогикалық және әдістемелік шеберлікті жетік меңгеріп, көркем туындыны шығармашылық шабытпен оқыта білуі – бүгінгі заман талабы.

Тақырыптың негізгі жаңалығы: Қазіргі кезде оқытудың теориясы мен практикасында, оқушылардың іздене, зертей оқуына, танымдық дербестігін дамытуға мүмкіндік беретін оқыту түрі проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық ситуатсия тудыру сабақтың тақырыбы мен мақсатына тікелей байланысты болып, сол сабақтың логикасынан шығуы керек.

Менің кәсіптік бітіру жұмысымның алға қойған мақсаты:

  • Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, дербес ізденуге баулу;

  • Білім алуға деген ынтасы мен іскерлігін, оқу-танымдық қажеттілігін қалыптастыруға жетелеу;

  • Оқулықтың білім көзі, әрі өз бетімен білім алудың дидактикалық үлгісі екендігін ескеріп, онымен жұмыс арқылы оқушылардың ынтасы, танымдық іс-әретін басқару, ұйымдастыру.

Менің кәсіптік жұмысымның маңыздылығы:

  • Оқушылардың өзіндік пайымдауларын, бағалауларын, қорытындылауларын мұғалім түсінігімен толықтыра отырып, енді оны ғылымиландыру, іргелі терең білімге бағдарлау.

  • Дүниетанымдық, ой-өрістері мен іскерлік дағдыларын жетілдіретін, жеке тұлғаны дамытуға әсер ететін қосалқы материалдарын білім беру.

Менің кәсіптік бітіру жұмысымның теориялық жағы:

Махамбет поэзиясының көркемдік ерекшелгін талдау кезiнде поэзия негiзiнде жатқан проблема, оның басты ойы, тiлi сияқты сол көркем туындыны құрып тұрған көркем сыңарлар туралы сөз қозғау болып табылады.

Махамбет поэзиясының көркемдік сипаты, тiлi, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады.

Менің кәсіптік бітіру жұмысымның практикалық жағы:

Мұғалім Махамбет поэзиясының көркемдік сипатын таныту негізінде оқушылардың білуге деген құштарлығын артырып отырып, әңгемесінің қисынын проблемалық ситуация тураға қарай бейімдеуі керек.

Жастарды биік адамгершілікке, еліне, Отанына, халқына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеуде әдебиет пен өнердің орны ерекше. Әдебиеттің адамды рухани жағынан өсіру мүмкіншілігін оқыту үрдісінде барынша пайдалану – мектепте әдебиетті оқытудың негізгі мақсаты.

Бұл жылда өрендерімізге берекелі білім, ұстаздарымызға шыдамдылық пен төзімділік, жұмыстарына табыстар тілейміз.



І -ТАРАУ. Махамбет Өтемiсұлының өмірі
Қазақ балалар әдебиетiнен орын алған ақындардың бiрi – Махамбет Өтемiсұлы.

Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Нарын құмының Жанқұс деген жерінде туылған.20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерленген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 жылдары Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.

Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.

Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.

Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.

Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйіншәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты. Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. 1

Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Шағатай, орыс, татар, араб тілдерін жазбаша тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.

Махамбет Ресей отаршылдығының барша ауырлық тауқыметін көзімен көріп, оның барша зорлық зомбылығын басынан өткеріп, ғұмыр кешкен адам. Сондықтан да 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңіздей толқып көтерілгенде, осынау тегеурінді дүмпудің дем берушісі Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бірге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін Махамбет жеріне жеткізе жырлаған әйгілі ақын. Ол поэзияда қандай дара болса, күй өнерінде де сондай дара.

Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Егер, қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Махамбет заманы көшпелілер рухының айының батып, күнінің тұтылған кезі. Сондықтан да, көшпелілер мәдениетіндегі эпикалық синкреттілік Махамбет болмысымен түйінделеді. Бұдан былай өнер қоғамдық құбылыстарды реттеушілік міндетінен айрылып, эстетикалық алданыш болуға көшкен. Махамбеттің әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі жырау, әрі күйші болуында осындай тарихи әлеуметтік сұраным болған. Бұл тұрғыдан келгенде, Махамбет жорық жаруларының ішіндегі соңғысы.

Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дәстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды. Оның өлеңдері бұқара халықтың жүргеніне тым жақын болды.

1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған "енді қайтып бүлікке қатысушы болма" деген ескерту жасап, босатады.

Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.



1.1. Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық
Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады. Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.

Махамбеттiң «Жәңгiр ханға айтқаны», «Ереуiл атқа ер салмай», «Тарланым», «Махамбеттiң Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Ерлердiң iсi бiтер ме?», «өызғыш құс», «Толарсақтан саз кешiп», «Айныман» деген өлеңдерi балалардың ойына қозғау салатын, оң мен солын танытатын, көтерiңкi көңiлмен айтуға арналады. Мұнымен қатар балалардың жаттап айтуына жеңiл, орамы күштi, әсерлi сөздер мен жанды теңеулер бар. өлеңiнiң құрылысы өлшемi шағын, қысқалығы жағынан да балалар үшiн ұтымды.

Махамбет өлеңдерiнiң балалар әдебиетiне жақын, ұғымына жеңiл тиетiн бiр ерекшелiгi – онда аллитерация мен ассонастардың жиi кездесуi деп ойлаймыз. Өйткенi қайталап айтылған сөз көңiлге қандай қонымды болса, сөз басындағы жеке дыбыстардың қайталанып айтылуы да балаларға сондай әсер етедi. Бiр дыбыстың еселеп, қайталап айтылуы сол сөздерге үстеме күшейткiш ұғым да бередi. Махамбет өлеңдерi балалар ойына қозғау салып, оның өз басына түскен қуғын-сүргiн, азапты кiсi ұғымына дәл тиетiн екiншi бiр жәндiктер ортасында болатын оқиғаға салыстыра суреттеу арқылы көрсетуiнде деймiз. Оқуға да, түсiнуге де, жаттауға да сондайлық икемдi жазылған. Тәрбиелiк маңызымен қатар балалар әдебиетi мұрасына енетiн Махамбет шығармаларындағы басты-басты ерекшелiктерi бар. Бұл өлеңдер арқылы үлкендер мен кiшiлерге бiрдей қызмет ететiн балалар әдебиетiнiң алғашқы даму, өркендеу, өсу кезеңдерiнiң қандай дәрежеде болғанын айқын көруге болады.

Ереуiл атқа ер салмай

Ереуiл атқа ер салмай, Ашаршылық, шөл көрмей,

Егеулi найза қолға алмай, Өзегi толып ет жемей,

Еңку-еңку жер шалмай, Ер төсектен безiнбей,

өоңыр салқын төске алмай, ұлы түске ұрынбай,

Тебiнгi терге шiрiмей, Түн қатып жүрiп, түс қашпай,

Терлiгi майдай ерiмей, Тебiнгi терiс тағынбай,

Алты малта ас болмай, Темiр қазық жастанбай,

Өзiңнен туған жас бала, өу толағай бастанбай?

Сақалы шығып жат болмай, Ерлердiң iсi бiтер ме?

Ат үстiнде күн көрмей,

Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Аспандап ұшқан қызғыш құс

Қанатың қатты, мойның бос. Сенi көлден айырған-

Исатайдан айрылып, Лашын құстың тепкiнi.

Жалғыздықпен болдым дос. Менi елден айырған-

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Хан ЖӘңгiрдiң екпiнi.

Ел қорыған мен едiм, Айтып-айтпай немене?

Мен де айрылдым елiмнен, Құсалықпен өттi ғой

Көл қорыған сен едiң, Махамбеттiң көп күнi !!!

Сен де айрылдың көлiңненорпн




Махамбеттің күйлері

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет