Науаи мемлекеттік педагогика институты



бет4/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,86 Mb.
1   2   3   4

Махамбеттің күйлері

“Жорық”


“Жекпе – жек ”

“Нарын”


“Ақ желең”

“Жұмыр қылыш”

“Ақтабан”

“Жайық асу”




Жәңгір хан

1801-1845


«Әй, қос тентек, бірің- ағам, бірің – інім, бірің – батыр, бірің – ер, кімге қарсы қол жинағаныңды білмей өттің –ау! Ақыры балақтағы өкпеге аспандағы мені саттың. Кінә қай- қайсымызда да жетерлік .Кеш! »

Ақын тұлғасын танытатын шығармалар

“Түртіп алу” сатысы

Әнуар Әлімжанов “Махамбеттің жебесі” романы

Берхайыр Аманшин “Махамбеттің тағдыры” романы

Ілияс Жансүгіров “Исатай - Махамбет” трагедиясы

Мұхтар Шаханов “Нарынқұм зауалы” дастаны

Берхайыр Аманшин «Жыр семсер»зерттеулер жинағы

«Ой-толғаныс» сатысы


Еңсегей бойлы ер Есім

 Марғасқа


Тарланым

 

Жігіт туралы

 Шал ақын


Соғыс

 

Әй,Махамбет, жолдасым

 

Қаратаудың басынан

 Көтеш жырау


Қызғыш құс

 

Бағаналы терек

 

Мұңайма

 


Үйге тапсырма

“Дауылды жылдар жыршысы” тақырыбында шығарма жазу



Сабақтың тақырыбы: «Қызғыш құс» өлеңін оқыту.(V-сынып)

Сабақтың мақсаты: бiлiмдiлiк – ақын өмiрi, шығармашылығы туралы толық түсiнiк беру, өлеңнiң туу себебiн түсiндiру;

Дамытушылық - Махамбет Өтемiсұлы шығармаларының әдебиеттен алатын орнын ұғындыру;

Тәрбиелiк – патриотизмге баулу, батылдықты,ерлiктi бағалай бiлуге үйрету.

Сабақтың түрi: жаңа материалды меңгеру сабағы.

Сабақтың көрнекiлiгi: Махамбет Өтемiсұлы суретi, үнтаспа, плакат, үлестірмелі тарқатпа.

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын сұрау

Махамбет Өтемiсұлы қандай ақын? Оның өмiр жолынан не бiлемiз? Қандай шығармаларымен таныссыз? «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңi не туралы, не түсiндiк? Халқын, азаттығын, еркіндігін қорғайтын ерлер қандай болу керек екен? Қандай түсiнiксiз сөздер кездестi? Ереуіл,найза, тебінгі, терлік, малта деген сөздердің мағынасын қалай түсіндіңдер? «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңiн кiм мәнерлеп жатқа айта алады?



ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалiм бүгiнгi сабақтың мақсатын түсiндiредi.

1. Өздерiңiз бұдан бұрын Махамбеттiң қандай өлеңiн оқып, жаттадыңыздар?

Оқушылар жауабы: «Ереуіл атқа ер салмай ,Махамбеттiң Жәңгiр ханға айтқаны».

2. «Қызғыш құс».

Үлестiрмелi тарату,өлеңдi мәнерлеп оқып беру. 1-2 оқушаға мәтiндi оқыту. Мәтiннен кездескен түсiнiксiз, қиын сөздерге талдау жасау.

3.Тақтаға кесте сызылады. «Кiм?»


Ел ағасы

Ақын

(шыншыл ақын)


Адал дос

Махамбет

Үлкен парасат иесi



Ержүрек, батыл

Көтерiлiс басшысы

4. Сыныпты үшке бөлу.Үш топтан белсендi оқушылар «Күлтөбе» басында кеңес құрады.



Тақырыбы: «Менiң атым - Махамбет».

I. Махамбеттен (өлеңiн жатқа айтады)

II. Махамбетше (өз туындысын оқиды)

III. Махамбеттей (Ұлылар айтқан сөздерден мысал келтiру).

«Менiң атым - Махамбет» өлеңiнде ақын өзi туралы:

«Өтемiстен туған он едiк,

Онымыз атқа мiнгенде

Жер қайысқан қол едiк» деп, ағасы Бекмағамбеттен басқасы түгелдей қара халық жағында болғанын айтады.

Ақын «Қызғыш құс» өлеңiн Исатай өлген соң жазды. Көлiнен айрылған құспен өзiн салыстыра отырып, екеуiнiң басындағы жайға кiнәлiнi iздейдi. Ақынның артықшылығы сол - сарыуайымға салынбай алдағы күнге сенедi. Оптимизм басым.

«Исатай – басшы, Мен -қосшы» деп досының мәртебесiн асырып отырған ақынның үлкен жүрегiн, адамгершiлiгiн айтпауға болмайды.



ІV. Сабақты түсiнгендерiн тексеру

Өлеңнен не ұқтық? (Таратылған үлестiрмелер арқылы жауап алу). «Батыр болатын баланың

Жүрегiн жалын керiп тоқтатпайды,

Мерген болатын бала

Мылтығын ешкiмге оқтатпайды.

Жақсы болатын бала

Ата-анасын қақсатпайды» деген ой-түйiнмен аяқтаймын.

V. Бекiту, бағалау

Өлеңнен үзiндi келтiру

Бағалау.

VI. Үйге тапсырма

«Қызғыш құс» (мәнерлеп жаттау)

Сызба кестенi дәлелдеу үшiн шығарма жазу.

Сабақтың тақырыбы: Намыстан от алған Азамат Ақын (Махамбет Өтемісұлы)

Сабақтың мақсаттары:

1) Махамбет өлеңдерін оқып - түсіну; авторлық бейнені ашу; өлеңдерінің тіліне талдау.

2) Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту; зерттеушілікке, ізденімпаздыққа баулу; өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету.

3) Атамекенін, жерін – суын қорғауға тәрбиелеу; бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақтадан слайд-шоу: Махамбет Өтемісұлының портреті, антрополог Н.Шаяхметов жасаған Махамбет бейнесі, Махамбеттің шығу тегі туралы сызба, «Кейіпкер портреті» сызбасы, Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Ә.Сарайдың «Исатай-Махамбет» романдары, Т.Әлімқұловтың «Қараой» шығармасы, Махамбеттің туғанына 200 жыл толуына арналған газет материалдары.

Пәнаралық байланыс: тарих, философия.

Сабақтың барысы:

І.1.Ой шақыру.

а) «Батыр», «ақын» сөздерін естігенде кімнің ойына не келеді, кімде қандай түсінік бар?

ә) Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау. Сабақ жоспары:

1. Ой шақыру.

2. Тарихыңды таны.

3. Мағынаны тани білу.

4. Кубизм.

5. Ой толғаныс.

6. Философиялық стол.

7. Өзі үшін жазу стратегиясы.

2. Тарихыңды тани біл. «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің он екінші бөлімін дауыстап оқу, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері мен мақсаты туралы айту.

ІІ.1. Мағынаны таны.Интерактивті тақтадан слайд-шоу жүргізіледі, аудиотыңдалым: «Еңселігім екі елі» (Махамбет) тыңдату. Осыдан кейін оқушылар «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» топтамасының VІІІ, ІХ, ХІ, ХІІ бөлімдерінен үзінділерді кезек-кезек мәнерлеп оқып шығу.

2. Кубизм. Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.

1) Зерттеңіз: Махамбет бейнесі көркем әдебиетте. Махамбет туралы жазылған шығармалар, олардың идеялары, авторлар туралы қысқаша түсінік беру керек.

2) Суреттеңіз. Өлеңдеріндегі Махамбеттің бейнесін суреттеп, сызбаны толтыру: өлеңдерінен өзінің бейнесін айқындайтын жолдарын теріп жазу керек.

Кейіпкердің портреті

Түр-тұлғасы, мінезі, іс-әрекеті, дауысы

3) Талдаңыз. Өлеңдерінің тіліне талдау.

4) Қолданыңыз. Өлеңдегі сипаттауларды пайдалана отырып, Махамбеттің суретін салу.

5) Бағалаңыз. Алдыңғы тапсырмалар бойынша оқушылардың жұмыстарына пікір айту, баға беру.

3. 1.Ой толғаныс. «Бүгінгі ұрпақтың үні...»

2. Философиялық стол.

А) Батырлық, ерлік іс жасау үшін батыр болып туа ма?

Ә) Өмір тепе-теңдіктен тұра ма? Ізгілік-жауыздық, адалдық-қараулық, жақсылық-жамандықтар бірдей ме, күштері тең бе? Тең болса, Махамбет - ізгілікті Ықылас - жауыздықты неге жеңді?

3. Сабақты жоспар бойынша қорытындылау.

Үйге: Өзің үшін жазу стратегиясы «Мен кескекті ердің сойы едім...» деген тақырыпта шығарма жазып келу.

Оқушыларды бағалау.

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Махамбет өлеңдері отаршылдыққа қарсы көтерілістің айнасы екендігін оқушы санасына жеткізу, өлеңдерінің мазмұны мен маңызын ашу, Махамбет – дауылпаз ақын, күйші екенің түсіндіру.

Дамытушылық: Махамбет шығармашылығының тарихи негіздері туралыоқытушылардың білімдерін арттыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз туған жерін Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру

18 ғасырдың 2 жартысы мен 19 ғасырдың 1 жартысында Қазақстанда отарлау саясаты жүрді. 19 ғасыр қазақ елі түгелдей Ресей отарына айналды. Алайда, қазақ халқы, оның ел үшін еңіреп туған ерлері отарлық қысымдарға оңайлықпен бас ие берген жоқ.

Сабақтың көрнекілігі: Махамбет суреті, тест, тірексызбалар, күй.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.

Пән аралық байланыс: Тарих, музыка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырыу кезеңі: Сәлемдесу, жаңа сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест алу, жаттау сұрау. Жауап кілті тақтаға ілініп тексеріледі, оқушылар бірін – бірі бағалайды, жұптық жұмыс.

Тест

1.1818-1881 жылдарда өмір сүрген,патшалы Ресейдің ел билеу жүйесін қатты сынаған реалист ақынды ата.



А) Дулат Бабатайұлы в)Шортанбай Қанайұлы с)Жиембет жырау.

2. «Жаңа низам» заңы қай жылы шықты?

А) 1865 в) 1868 с) 1860

3. Әуелі қорлар зор болды, Сондағы зорлар қор болды – қай өлеңнен алған үзінді?

А) «Бір насихат айтайын» В) «Жарлының жаны берік – ті» С) «Қалықтаған сұңқар елі»

4. Заманда «Зар заман» деп атаған кім?

А) Дулат в) Жиембет с) Шортанбай

5. Қазақ даласының Ресейге бағынуы қанша жылға созылды?

А) 120ж а) 130 ж с) 110ж

6. Қай жылы Ресейдің қазақ даласын билеу жөніндегі жаңа заңы шықты?

А) 1822 в) 1820 с) 1819

7. ХVII ғасырдың аяғында отаршылдыққа қарсы шыққан курескер кім?

А) Сырым Датұлы в) Махамбет с) Кенесары

8. «Кенесары - Наурызбай» атты тарихи дастанның авторы ?

А) Нысанбай жырау в) Шернияз с) Шөже

9. ХІХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында отаршылдыққа қарсы шыққан шаруалар көтерілісін бастаған кімдер?

А) Кенесары в) Махамбет – Исатай с) Сырым

10. Қазақ поэзиясында күресшілдік бағытты нығайтқан дауылпаз ақынды ата?

А) Шөже в) Шортанбай с) Махамбет

Жаңа сабақ: Сабақ жоспары: 1. Тест жұмысы.

2. Жаңа сабақ.

3. Махамбет – батыр.

4. Махамбет – дауылпаз ақын.

5. Махамбет – күйші.

6. Шығармашылық жұмыс.

7. Поэзия минуты.

8. Қорытынды.

9. Үйге тапсырма.

10. Бағалау.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақтадағы плакатқа түсірілген тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.


Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.

Ерлікке, елдікке шақыратын Исатайға арналған

«Мұнар күн» «И. деген ағам бар»

«Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді»

«Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс»

асынбай» «Мінген ер», «Мінгені

«Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай»

салмай» «Исатай сөзі»

«Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім

«О, Нарын!» өткен?»

Өлеңдерінің тақырыбы: Ел, Халық жайы, Замана, Адам, Ерлік.

Түр жаңалықтары: Шұбыртпалы ұйқас, Аралас ұйқас, Кезекті ұйқас.

Махамбет өлеңдерінде қолданылатын сөздер : Жер – су атаулары, Туыстық атаулары, Қару – жарақ атаулары, Қоғамдық – әкімшілік мәнге ие атаулар, Кірме сөздер, Ерекше сөздер, Сөз тіркестері

Шаруалар көтерілісі шығу себептері мыналар: Отаршыл патша өкіметі кедейлердің жерін күшпен тартып алып, сұлтан – билерге таратып берді. Оның үстіне шаруаларға алым – салықты да көбейтті. Ел еркінен айрылып, күйзелген үстіне күйзеле берді. Халық ереуіл атқа ер салды. Ол көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарды. Махамбет поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні болды. Исатай мен Махамбеттің ойлағаны өздерінің қара басының қамы емес, «қара қазан, сары бала қамы» үшін қылыш сермеді. Олар ел үшін «әділ жаннан түңіліп», қанды жорыққа атанды

1. Оқулықпен «Ереуіл атқа ер салмай» өліңін мәнерлеп оқып, идеясын ашайық

2. Өлең құрылысына қарай талдау.

Сөздікпен жұмыс:

Тебінгі – ер тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі.

Терлігі – Тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі.

Қу толағай – түгі жоқ, жап – жалаңаш.

3. Көркемдік ерекшелігін тап.

Міне балалар!

Махамбет – дауылпаз ақын!

Махамбет – күйші

1. Жайық асу

2. Жауға шапқан

4.Поэзия минуты

Махамбет шығармаларын жатқа оқу

5.Орнын тап.

Махамбет өмір сүрген жылдардағы жағдай?

Бекіту: 1) Махамбет кім?

а) батыр ә) Дауылпаз ақын б) кұйші в) аруақты ер

2. Махамбет туралы жазылған шығармалардан үзінді оқу.

Үйге: «Ереуіл атқа ер салмай» жаттау

Ой толғай «Махамбет рухымен сырласу»

ашық сабақ Махамбет Өтемісұлы 9 сынып Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойыншаТақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн»

Мақсаты: 1.Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін, оның

өлеңдерінің тақырыбын, тарихын аша отырып, ақынды тағыда

жаңа қырынан таныту, өлеңдеріне талдау жасату.

2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін

айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби

тілмен сөйлеуге дағдыландыру.

3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге

тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: СТО стратегиялары

Көрнекілігі: Ақынның портреті, тақырыпқа арналған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, музыка

Барысы:

1.Ұйымдастыру

-Сілеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.

-Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Үй жүмысын тексеру

Мұғалім: балалар қазір сендер бір – біріңе «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақтар дайындай қойыңдар.

3.Қызығішылықты ояту.

Ой шақыру стратегиясы.

Мұғалім:

-Қазақ халқының бас бостанығы үшін күрескен кімдерді білесіңдер?

Ол ақынның «Тарланым» деген өлеңі бар. Ол осы өлеңін Исатайға арнаған.

Оқушылар:..........

Мұғалім: Ия, балалар! Туып өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгеге тіккен М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына және оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдеріне тоқталамыз.

4. Мағынаны тану.

ЖИГСО стратегиясы. (10 минут)

Оқушыларды үй тобына бөлу, содан соң жұмыс тобына жіберіп өмірі мен шығармашылын оқуға беру, әр оқушы өз бөлігін оқиды. Алдын ала мәтін төрт бөлікке бөлінген.

Үй тобы Жұмыс тобы

Тексеруге арналған сұрақтар.

№1

1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?



2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың?

№2


1.1828-1831ж. Не болды?

2.Хан жасағын кім бастаған?

3.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды?

4.Исатай қашан қайтыс болады?

№3

1.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді?



2.1841ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады?

3.1941ж не болды?

4.Кіші жүздің сұлтаны Арыслан Жанториннің бақылауына неге жіберді?

№4


1. Генерал – губернатор не деп жар салды?

2. Махамбетті кім өлтірді?

3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды?

(Слайд Махамбет Өтемісұлы)

2.Мұғалім:Ақын өлеңдері бойыңа жігер, рух, күш, жалынды қайрат береді, алға қойған мақсат үшін күресе білуге шақырады.

(Слайд Махамбет кім болған?)

Оның көптеген күйлері бар.(слайд көрсету)

Мұғалім: Балар қазір сендер Махамбет Өтемісұлының күйін тыңдай отырып мынадай тапсырмалар орындайсыңдар. (слайдтан көрсету)

1- топқа тапсырма.

1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.

2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.

Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады.

2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып

2- топқа тапсырма.

1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан?

2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап.

Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы

2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б

Мұғалім: Әр топтан бір оқушыдан шығып өз тапсырмаларын тақтада орыдайды.

Ә) Тіл дамыту үшін.

Мұғалім: М.Өтемісұлы елін, жерін қорғаған, батыр болған екен. Қазір біз сіздермен сергіту мақсатында батырлық, туған жер туралы мақал – мәтелдер жазылған семантикалық картамен жұмыс істейміз. Ішінен ұнаған біреуінің мағынасын ашып беру.

(Күй жіберіп қою)

Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.

Мақалдар Көлінен безген қаз оңбас. Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. Өз жеріңдей қайда бар. Сайының тасы болайын.

Пәлен жерде пайда бар, +

Өз елімнің басы болмасам да, +

Елінен безген ер оңбас, +

Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. +

Семантикалық карта №1

Семантикалық карта №2

Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды.

Ел шарасыз болмас, +

Батыр мың қол бастайды, +

Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. +

Ер жаңылып қолға түсер, +

Мұғалім: Балалар Махамбет: «Өтемістен туған он едік

Онымыз атқа қонғанда,

Жер қайысқан қол едік» - деп жырлаған екін.

Қазір слайдқа көңіл аударып Өтемістің он ағайынының есімдерін көрулеріңе болады. (слайд көрсету)

Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен,

Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл.

5. Ой толғаныс

РАФТ стратегиясы

Роль –Махамбет

Автор – оқушылар

Факт – жолдау

Тақырып – Еліміздің өркендеуіне Махамбет сияқты қандай үлес қосар едің

«Желтоқсан желі» өлеңін тыңдату.

Мұғалім:Тарих беттерін парақтасақ сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді, қаншама адам құрбан болды. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батырлар мерт болды. Бұл арпалыс бір жыл, бір мезет емес талай ғасырларға созылған. Балалар алдымызда келе жатқан Тәуелсіздігіздің 20 жылдығы мен барлықтарыңызды құттықтаймын. Осы Тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиындықтардан өттік. 20 жыл бұрын желтоқсан оқиғасына арналған өлеңге назар аударыңыздар. Осы жастар сияқты сендерде елімізге қандай үлес қосар едіңдер. Енді сендер қазір бірге отырып шағын жолдау жаза қойыңдар.

6. Автор орындығы стартегиясы

Мұғалім:Топтарыңнан ең ұнағанын таңдап алып , тақтаға шығып оқи қойыңдар.

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді.

Махамбет

Махамбет...

Білмеймін жел ме,сел ме

Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

7.Бағалау: Оқушыларды бағалау

8.Үйге тапсырма: әр топ өздеріне берілген өлеңдерін жаттау.



Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Елбасымыз И.А. Каримов Өзбекстан Республикасының топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - әр бір азаматтың парызы деп айтқанындай мемлекеттік тілді дамытуда, қоғамдық ортада, әлеуметтік қоладну аясын кеңейтуде біраз шаралар жүзеге асырылды. Ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайту - бүгінгі басты міндет.

Әдебиетті тереңдетіп оқытуда оқушылардың икем - дағдысын қалыптастыру, яғни талдауға машықтандыру, өзіндік пікір айтуға, әдеби таласқа баулу, ауызекі, шебер де шешен сөйлеуге, бедерлі, айшықты, сұлу жазба тілінің дамуына, оқушылардың өз шығармашылығына баса көңіл бөлу керек.Тәуелсіз еліміздің алдындағы ең басты мақсат – болашақта экономикасы мықты дамыған елге айналумен қатар, мәдениеті, ғылымы, әдебиеті,көркемөнері, тілі жоғары дәрежедегі өркениетті елдер қатарына қосылу екені түсінікті. Әдебиетті оқытудың мазмұны мен әдіс – тәсілдерін анықтауды теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар.

Қазіргі ғылым мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе, ғылымының дамуы барысында оқушыларды көркем әдебиетті оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған әдебиеттері мен еңбектерін түсіне білуге, тілдік құралдарды дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызы айрықша екендігі белгілі.

Сондықтан оқушыларды шығарманың құрылысын біліп қана қоймай, оның тарихын тани алуға, әдеби тілдің ерекшелігін практикалық жұмыстарынада қолдана алуға үйрету қажеттігі келіп туады.Білім туралы заңмен кадрлар дайындаудың ұлттық бағдарламасы қоғам, мемлекет және жанұя алдында өз жауапкершілігін сезінетін, жан-жақтыма дамыған жеке адамды тәрбиелеуді негізгі мақсат етіп қойды.

Қорыта айтқанда әдебиет мұғалім терең білім берумен бірге педагогикалық және әдістемелік шеберлікті жетік меңгеріп, көркем туындыны шығармашылық шабытпен оқыта білуі керек.

Сондықтан да әдебиет пәні оқытушысы әдебиет пәнінің оқушы жүрегіне жол тауып, оның зердесіне замана келбетін, өмірдің тылсым тіршілігін , тынысын жеткізетін, халқымыздың көркем тарихы тәжірибесін реттейтін өмір оқулығы екенін жете түсіндіргендері жөн.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Негізгі әдебиеттер:

  1. И.А. Каримов « Биздан озод ва обод Ватан қолсин» 2 том, Узбекистон нашриети. 1996 й.

  2. И.А.Каримов. Жоғарғы руханият- жеңелмес күш. Ташкент. 2008 жыл.

  3. Өзбекстан Республикасының «Тәлім туралы заңы».Ташкент.1997 ж.

  4. Кадрлер дайындаудың ұлттық бағдарламасы.

  5. Жанпейiсова М.М. Модульдiк окыту технологиясы окушыны дамыту куралы ретiнде. Алматы, 2002.

  6. Педагогика назарияси ва тарихининг айрим долзарб муаммолари. «Фан» 2006 йил.

  7. Валиева М. Бiлiм беру технологиялары және оларды

      1. оқу – тәрбие үрдiсiне енгiзу. Алматы, 2002.

  8. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы,2005 жыл.

  9. Педагогика. Х. Ибрагимов. Ш. Абдуллаева.Ташкент.2007 ж

  10. Толибов.Т.Педагогик технологияларнинг

татбиқий асослари.Ташкент.2006 ж

  1. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне

арналған бағдарлама. 5-11 сыныптар. А., 1999.

  1. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.

  2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969.

  3. Ақшолақова Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., 1969.

  4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

  5. Жұмажанова Т. Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.

  7. Ә.Қоңыратбаев. Халық ауыз әдебиеті. 2002 жыл.Алматы.

  8. Ы.Алтынсарин. Қазақ хрестоматиясы. 2006 жыл.Алматы.

  9. Т.Қ.Жұмажанова. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. 2009 ж.

  10. Қ.Тасболатұлы. Қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі. Тараз. 2002.

  11. Әдебиет оқыту әдістемесі. 7-сынып. А.2007

  12. Әдебиет оқыту әдістемесі. 5-сынып. А.2007

  13. Қ.Ж.Бұзаубақова. Оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясы бастауыш сынып оқушысын дамыту құралы ретінде.А.2006.

  14. Алпыспаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы,1995.

  15. Қоңыратбаев.Ә. 4-7 сыныптарда әдебиетті оқыту методикасы. Алматы. 2001

  16. Мемлекеттік білім стандарты. Алматы, 2000.

  17. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдасы. Алматы, 2000.

  18. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. Алматы, 1979.

  19. Дайырова Ә. Орта мектепте І. Жансүгіров творчествосын оқыту. Алматы, 1969.

  20. Қалиев С. Мектепте Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. Алматы, 1974.

  21. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1981.

  22. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. Алматы, 1981.

  23. Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. Алматы, 1999.

Қосымша әдебиеттер:

    1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

    2. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.

    3. Құрманбаева Г, Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.

    4. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1998.

    5. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., 1999.

    6. Қазақ әдебиетін жаңа технологиямен оқытудың кейбір жолдары /методикалық жинақ/.

    7. Құсайынов А., Оқулықтану мәселелері. А., 2000.




  1. 1 Қ.Сүйіншіалиев. Қазақ әдебиеті тарихы.Алматы. 2010 ж.22 бет



  1. 2 Қ.Тасболатұлы. Қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі. Тараз. 2010.28 бет



  1. 3 Қоңыратбаев.Ә. 4-7 сыныптарда әдебиетті оқыту методикасы. Алматы. 15 бет



4 Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдасы. Алматы, 2009. 11 бет

5 Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 2010. 25 бет

6 Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., 2010. 42 бет

7 Е.Абдувалитов, Д.Дуйсебаева.Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи технологиясы. Оқу қолданба. Ташкент. 2010. 64 бет

    1. 8 Қазақ әдебиетін жаңа технологиямен оқытудың кейбір жолдары /методикалық жинақ/.



9 Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., 2010.




Науаи мемлекеттік педагогика институты

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет