Сабақтың тақырыбы: «Махамбет Өтемісұлы» шеберлік сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Махамбет Өтемісұлы туралы түсініктерін бекітіп,халық үшін белін буған батыр ретінде,ақын ретінде,күйші ретіндегі қасиеттерін дәріптеу.
Дамытушылық: білімді ғылыми тұрғыдан терең меңгерту, шығармашылық жұмысқа дағдыландыру.
Тәрбиелік:Отанын сүюге, шыншылдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс, логикалық әдіс, топтастыру, талдау, ой толғау, пікір алмасу, ізденіс.
Көрнекілігі: тақырып бойынша слайдтар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Күтілетін нәтиже
Әрбір оқушы өзінің бойындағы сөйлеу шеберлігін,дарынын көрсете біледі;
Ғылыми тұрғыда шығармашылықпен жұмыс жасай алады;
Өзгенің пікірін тыңдап, сұраққа нақты әрі дәлелді жауап бере алады; Өзара бірлесіп жұмыс жасай алады.
Топқа бөлу «Исатай тобы», Махамбет тобы
Серпілген сауал
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.
Ресей отаршыларына қарсы азаттық, теңдік үшін күрескен ақын – ……. .
М.Өтемісұлы …. жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында ……. .
Арабша, орысша … таныған.
Ол ……..ақын болды.
«Тарланым» өлеңінде ….әдебиетінің үлгісі бар.
Әсіресе…….. сарыны айқын көрінеді.
Махамбет өз өлеңдерінде көтеріліс басшысы – …….. жырлайды.
Махамбет- өз ойын қапысыз жеткізу үшін сөздерді …………… қолдана білген ақын.
…. жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен қазақ халқының даңқты ақыны Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.
10.Ақынның мерейтойы қарсаңында «Махамбет», «Жыр жебе» деген атпен ….. өлеңдер жинағы жарық көрді.
«Коллекция жинаушылар»
1 топ
Қару-жарақ түрлері
2 топ
Исатай махамбет суреттерін жинап түсініктеме беру бір екеуіне
Кейіпкер жасау рецепті
Оқушылар қоспалар тізімін жасайды. Мысалы: кейіпкердің мінездемесі, портреттік мінездемесі және тағы басқалар.
Мысалы:кейіпкердің сыртқы кейпі елестету арқылы, портретін сипаттау, мінезін сипаттау т.б
«Ойлан – жұптас – бөліс”
Неліктен Махамбет азаттық, теңдік үшін атқа қонды?
Е.П.Ковалевский не үшін Махамбетті мақтады?
Махамбетті неге оптимист ақын дейміз?
4. «Тарланым» өлеңі неге жоқтау сарынында жазылған?
«Пікір бұлттары»
Оқушылардың ізденіс тапсырмалары бойынша жұмыс.
1-оқушы Махамбеттің балалық, жастық шағы туралы баяндайды.
2-оқушы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс жайына тоқталады.
оқушылар тыңдалған, оқыған, көрген материалдар бойынша ойына не келгендері туралы айтады, жазады, тапсырмаларды орындағаннан кейін «бұлттарға» қайта оралып негізгісін таңдайды, хабарлайды
Махамбетті Қобыланды, Алпамыс батырлармен салыстырып, ұқсастығын және айырмашылығын көрсетіңдер.
Келтірілген мысалды пайдалана отырып, жоқ сөздерді қойыңыз.
Сен қалай ойлайсың?
Махамбет қазіргі заманда өмір сүрген болса қандай жырлар жазар еді?
Махамбет жырларының қазіргі күні де өз мәнін жоймауының себебі неде?
Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі.
«Бас бармақ» – не ұнады?
«Балаң үйрек» – не үйрендім?
«Ортан терек» – кімге көмектестім?
«Шылдыр шүмек» – не қиын болды?
«Кішкене бөбек» – тілек жазу
Достарыңызбен бөлісу: |