Науаи мемлекеттік педагогика институты


ІІ.1.Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін оқыту



бет3/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,86 Mb.
#22959
1   2   3   4

ІІ.1.Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін оқыту.
Ал Махамбет өлеңдерін жатқа білу ақындарға парыз сияқты нәрсе болған. Махамбеттің өз заманындағы Шернияз, Қуан, онан кейінгі - кішкене Қобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылман ақындар бұл өлеңді жатқа біліп, елден елге жайып, атадан балаға қалдырып келген. Ұлы ақынның біздің заманымызға жеткен өлеңдері сол Мұрат ақынның аузынан Ығылман жаттап, Ығылмағаннан баспаға беру үшін жазып алынған.

Ақындар Махамбет өлеңдерін құр ғана жаттап қоймаған және оған еліктеген. Кейінгі ақындардың шығармаларына Махамбет үлкен әсер еткен. 1868 жылы өлген кішкене Қобыланды ақынның «Шектімен айтысы» дейтін бір өлеңі бар. Бұл өлең құрылыс жағынан да, образды пайдалану әдісі жөнінен де Махамбет өлеңдеріне қатты ұқсас. Ал Махамбеттің Мұрат ақынға тигізген әсерін алсақ өзгешелеу, өйткені бұл екеуінің әлеуметтік мәні, дүниеге көзқарасы екі түрлі болды. Феодалдық ру қоғамын өте дәріптеген Мұратқа Махамбеттің төңкерісшіл өлеңдері кейбір түр жағынан ғана ықпалын тигізген. Оның «Шалгезі» мен «Үш Қиян» деген өлеңдері - Махамбетке түр жағынан еліктеумен шығарылған өлеңдер. Ығылман Шөрекұлының «Исатай, Махамбет» деген үлкен поэмасы да осы Махамбет өлеңдерінің күшті ықпалымен жазылған. Махамбет поэзиясының әсерін біздің жас ақындарымыздың өлеңдерінен де табуға болады.

Махамбеттің негізгі өлеңдері бірінші рет 1925 жылы Ташкентте басылды дедік. Екінші рет басылуы - Алматы, 1939 жылы.Махамбет өлеңдері бұрынғы баспаларына кірген өлеңдері негізінде Гурьев облысының маңында сақталған. Сол өлкеде туып, өскен ақындардың аузынан алынған өлеңдер.

Махамбеттің негізгі өлеңдерін ең әуелі жатқа білген қаратоқай Мұрат ақын да, одан Ығылман Шөреков жаттап алып, 1925 жылы баспаға шыққан өлеңдер де, 1939 жылғы басылып шыққан өлеңдері де осы Ығылман ақыннан жазылынып алған.

1939 жылғы баспасына бұрынғы баспасында жоқ екі өлең кірді. «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны», «Бағаналы терек жарылса». Бұл Батыс Қазақстан Таловка ауданының қазағы Мұрат Құсниұлынан жазылынып, екінші басылуына енгізілді. Осы соңғы екі өлеңі болмаса, басқа өлеңдері түгелдей Гурев облысының ақындары сақтаған өлеңдер. Бірақ Махамбеттің туып, өскен және Исатай екеуінің ханға қарсы езілуші қара шаруалардың көтерілісін басқарып, сол көтерілістің жалынды жыршысы болып, халық аузына бірінші іліккенде, даңқы жер жарып, ақындық күшіне жұрттың басын идірген жері де Батыс Қазақстан, бұрынғы Орда ауданы. Әйтсе де Махамбет өлеңдерін зерттеушілерге, соңғы кезге дейін, Қазан университетінің профессоры Васильев жинаған бірен-саран өлеңі болмаса, еш мәлімет түскен емес. Профессор Васильевтің Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтына жіберген өлеңдері де Махамбеттің басылып жүрген өлеңдерінің кейбіреулерін Батыс Қазақстаннан жазып алғаны болмаса, жаңалығы жоқ. Басқа облыс, басқа аудандарға қарағанда, оның туып-өскен жерінде Махамбеттің сөздерін жатқа білушілер көбірек болуы заңды да, орынды да. Расында да солай болып шықты.

1938 жылы біз Орда ауданында болып, бұрынғы хан орданың тұрған жері Жасқұстан бастап, Теректі, Баршақұм, Жаңақала, қысқасы, Махамбеттің туған жері мен өмір сүрген жерлерін және көтерілістің болған ізімен екі айдан аса ел аралап, көптеген материал жинадық.

Исатай, Махамбет жөніндегі ел аузындағы толып жатқан аңыз, қызықты ертегі, әңгімелер өз алдына, Махамбет өлеңдерін басынан аяғына шейін жатқа білетіндердің көптігі мәлім болды. Олардың бірқатары біз барғанда елде болмады, бірқатары басқа жаққа көшіп кеткен. Әйтсе де он шақты адамға айтқызып, солардың ішінен үш- төрт адамның аузынан Махамбеттің бұрын бізге белгісіз өлеңдерін жазып алдық:

«Әй, Махамбет, жолдасым», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай», «Исатай деген ағам бар», «Арқаның қызыл изені», «Мен құстан туған құмаймын», «Белгілі туған ер едім», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Қарағай шаптым шандоздан», «Адыра қалған Нарынның», «Еңселігім екі елі», «Атадан туған ардақты ер» - не бары төрт жүз жол өлең. Бұлардың бірқатары Орда ауданы Мешітқұм деген жердегі түйе совхозында тұратын Бекқазы деген шалдан, кейбіреулері Орданың өзінде тұрушы, кеңсе қызметкері Насибулла Жанекешовтен, негізгі көпшілігі Батыс Қазақстан Жаңақала ауданы 20 ауыл, «Бірлік» колхозының мүшесі Қайролла Төлеев деген адамнан жазылынып алынды. Махамбет өлеңдерін бұлардан басқа да білушілер болды. Бірақ жаңалықтары аз, жоғары үшеуінің айтқандарынан өзгешелігі жоқ. Сондықтан сол үшеуінің айтқандарынан жазылынып алынған өлеңдерді жинаққа ұсындық. 7

Махамбет өлеңдерін жатқа білушілердің ішінде зерттеушілердің көңілін аударарлық айрықша мәні бар айтушылар - Бекқазы мен Қайролла Төлеев. Бекқазы 85 жастағы, Қайролла Төлеев - 70 жастағы адамдар. Бұлардың екеуі де Махамбеттің өлеңдерін жазбасынан емес, бұрынғы ел аузындағы түрінде жаттап алғандар. Осы жағынан алғанда, олардың бізге берген материалдарының мәні ерекше. Өйткені басылып жүрген өлеңдердің қолжазбалары болмағандықтан, осы өлеңдер Махамбеттің өзінікі ме, жоқ па, өзінікі болса, дұрыстығы қандай деген кейбір күдіктер де болуы мүмкін еді. Ал мына жасынан білетін айтушылардың жадындағы Махамбет өлеңдері мен басылып шыққандарын салыстырсақ, жоғарғы күдіктерге жол қалмайды.

Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

Лирикалық сезінуге бөлене отырып, оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім. Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің «Соғыс», «Мінкен ер», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Исатай сөзі» деген өлеңдерінде айқын сезіледі.

«Соғыс» деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністерді баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл - өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі де зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан оны басы ашық қалдырамыз.

Ал біздің бұл жерде айтпағымыз - ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда, оның өлеңдерінде тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады. Қырғыз халқының (сонымен қатар қазақтың да) ертегілер мен аңыз, өлеңдерінің тарихи мәні туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Егер жұрттың айтуымен Геродот жинаған Гомердің көркем ертегілері мен аңыздарының аз да болса, тарихи мәні бар десек, егер де өзгеріліп, мысал тәрізді болып кеткен аңыздардың негізінде оқиға шындыққа жататын болса, қырғыздың аталарының өмір тұрмысын, әдет-ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған аңыздарын алып, ол халықтың осы күнгі мінез, құлықтарымен және олар жөніндегі тарихи сілтеулермен салыстырсақ, ол аңыздардың тарихи мәні болуы мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек».

Шоқан Уәлихановтың эпос, ертегі-аңыздардың тарихи мәні бар деген бұл пікірін негізді десек, тарихи мәліметпен мидай араласып жатқан тарихи оқиғалардың нақтылы сәулесі болған Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи документ екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық, талассыз.

Біз жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады дедік. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек, мақсаттарын өздерінің хан-сұлтандарға қарым-қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда да аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдерінде эпостық сарын жалынды лирикамен аралас келеді.

Кешегі Исатайдың барында,

Алақандай Нарынды

Басушы едік құлаштай!

Жәбір беріп жапа етсең,

Былғанған басым ласқа-ай!

Мен бір шарға ұстаған қара балта едім,

Шабуын таппай кетілдім.

Қайраса, тағы жетілдім...

Көрмес, келмес деп едім,

Өз еркіммен бетіңді-ай!1

Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе - лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы да, өзіне тән ерекшелігі де бар.

Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Сондықтан оның лирикасын әлеуметтік сарындағы, саяси-үгіттік лирика деп атауға тура келеді.

Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси, таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес.

Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек, Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор традициясымен байланысты. Жалпы, саяси лириканың өзіне қас ерекшелігі - үгіт-насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркемсөз арқылы көпшіліктің сана-сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.

Біз жоғарыда да Махамбеттің өміріне байланысты Ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі - оның бір сырлы, сегіз қырлылығында.

Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: «Ереулі атқа ер салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері - мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер.

Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысалы үшін, «Мұңайма» деген өлеңін алайық:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды,

Қанды көбе киініп,

Бір Аллаға сиынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды,

Жолдастарым, мұңайма!.. -

дейді ақын.

Мұндағы «азамат, жолдастарым» деп, достарына қайырыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай.

Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері жоқтау өлеңдердің үлгісінде құрылады.

Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. («Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай»). Исатайдың өліміне арнаған «Тарланым» деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен батырдың өміріндегі әр алуан іс, амал, қасиет, мінездерін санап көрсетеді. Бірақ мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар.

Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап, феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды.

Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланысты деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтик тілдер.

Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері өзінше философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді.

Қоғалы көлдер, құм сулар

Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал

Кімдерге сайғақ болмаған?

Басына жібек байлаған

Арулар кімнен қалмаған?

Таңдап мінген тұлпарлар

Иесін қайда жауға салмаған?

Құландар ішпес бұршақ қақ,

Кімдерге шәрбат болмаған?

Садағына сары шіркей ұялап,

Жау іздеген ерлердің

Қайда басы қалмаған?

Ішелік те желік,

Мінелік те түселік,

Ойналық та күлелік,

Абайласаң, жігіттер,

Мынау жалған сұм дүние,

Кімдерден кейін қалмаған? -

деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. «Толғау» деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, одан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында, дәл халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды жасайды:

Батыр болмақ ойдан-ды:

Айқайласып жауға ти,

Тәңірім білер, жігіттер,

Ажалымыз қайдан-ды?

Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқанын мына өлеңінен де көруге болады:

Бұл дүниенің жүзінде,

Айдан көркем нәрсе жоқ.

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нәрсе жоқ,

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Мұсылманшылық кімде жоқ,

Тіл де бар да, дінде жоқ.

Көшпелі дәулет кімде жоқ,

Бірде бар да, бірде жоқ.

Азамат ерлер кімде жоқ,

Еріккен күні қолда жоқ.

Заманым менің тар болды,

Тура әділдік биде жоқ.

Бәрін айт та, бірін айт,

Қаумалаған қарындас,

Қазақта бар да, менде жоқ.1

Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде

Махамбеттің ерлігін тануда біз біржақты түсінікте едік, енді түсінігіміз толысып келеді, себебі, ақиқаттың екінші сипатына қатысты хан Жәңгірдің тарихи бейнесі, тұлғасы, заман шындығы ашыла бастады. Халықтың қилы-қилы тарихы осындай тұлғаларды өмірге әкелген. Біздің мақсатымыз тарихи болмысты бұзып - жұлмай тұтасымен қабылдау, бүл тек бізге ғана емес, бізден кейін өмір сүретін ұрпақтарға да үлгі.

Махамбеттің бүкіл өлеңдері ерлікке арналған. Ерліктің не екенін білгің келсе, Махамбет өлендерін оқы әрі жатта. Махамбет үнемі ат үстіндегі — ақын. Жайланып отырып өлең жазу оған бұйырмаған. Ол ерлікті поэзия тілімен насихаттаған, ерліктің түпкі мақсатын ашқан, ол мақсат — ел қамы. Етек-жеңі жиналмай, бытырап жатқан елді енді жинау мүмкін еместігін хан Жәңгір білген. Бұл мақсатты Махамбет өзінше шешкен.

Ол халықтың намысын ояту , жер болмау, құлшылыққа түспеу үшін көзсіз ерлікке барған. Өз күресінің нәтижеге жетпейтінін Махамбет те оның серігі Исатай да білген, бірақ ерлік табиғаты өз дегенін жасамай қоймайды. Ертеңгі күнін таразыға салып, ойланып - толғанып отырған адамнан ерлік шықпайды. Махамбеттің ерлігі жанқиярлық ерлік.

Мұндай жандар өр ел тарихында өте санаулы болады. Сондайдың бірі — Ер Махамбет.

Ерлік те тыныштық сияқты құбылыс. Ерлікте де ғашықтық сияқты шын берілу, қажет

болса құрбандыққа іштей даярлық болады. Ер адам мерт болам демейді, себебі, оған қуат

беретін намыс. Бұл жөнінде мақал да тура айтылған: "Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді"

— деп. Ерлік деген тек бір сәттің көрінісі емес, ол адамның қалыпты жағдайы. Ерлікті Махамбетке қатысты айтсақ, ол оның төл қасиеті. Сол төл қасиеті, оның ақындығы арқылы айқын көрінген. Махамбеттің ақындығы оның Ерлігінің көрінісі. Махамбет тумысынан ер болмаса, оның ақындығы белгілі болар ма еді, болмас па еді, кім білсін?

Ерлік табиғаты тылсым. Нағыз ерлер ер атанам деп ерлік жасамайды. Ерлік адамның өз болмысынан шықпақ. Ерлік жасап атымды қалдырам дейтіндер де болады, бірақ олар туралы әңгіме бөлек. Ал, бүкіл болмысы, ғұмыры ерлікке толы жандар болады, міне, сондай адам — Ер Махамбет.

Ата – тарихымызда 1836-1837 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының

ұйымдастырушылары ержүрек Исатай мен құс таңдай жырау Махамбеттің жөні бөлек.

Бұл орайда мұзбалақ текті Махамбеттің жорық сәтінде, ат үстінде, майдан сахнасында туған тас - түйін тамаша толғауларының күрескерлік рухы асқақ, ой-пікірлері орасан кесек, тілі мірдің оғындай, сексеуілдің шоғындай, семсердің жүзіндей. Замана бұр қаныс, уақыт сынынан мүдірмей, сүрінбей өткен сан сипатты, алуан қырлы, әсем өрілген гауһардай мөлдір, шәрбат шырынында таза, торт тақтасы түгел, құдіретті, мінезді, арынды толғаулары оның болмыс - бітімінен (әділдік, турашылдық, өжеттік қасиеттері), терең

дүниетанымынан, азаматтық тұлғасынан, философиялық көзқарасынан, елге, жерге деген құштарлығынан туындаған деуге болады.

Метафоралық - образдық мәні мейлінше зор екпінді, серпінді сөйлемдер, ұлт тілінің негізгі сөздік қорындағы түйдек-түйдек оралымдар, жан толқытарлық сөз - образдар, сөз - символдар, тау сілкін көркем теңеме — Махамбет жырларына төн.

Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

Лирикалық сезінуге бөлене отырып оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім.

Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің "Соғыс", "Мінкен ер", "Баймағамбет сұлтанға айтқаны", "Исатай сөзі" деген өлеңдерінде айқын сезіледі.

"Соғыс" деген өлеңінде Махамбет көтерілістің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністері баяндау, суреттеулері тарихи фактылармен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда осы "Соғыс" пен өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жар өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені, ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдерімен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ - әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан, оны басы ашық қалдырамыз.

Ал біздің бұл жерде айтпағымыз, ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда оның өлеңдерінің тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.

Қырғыз халқының (сонымен қатар қазақтың да) ертегілері мен аңыз, өлеңдерінің тарихи мәні туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: "Егер жұрттың айтуымен Гередот жинаған Гомердің көркем ертегілері мен аңыздарының аз да болса, тарихи мәні бар десек, егер де өзгеріліп,, мысал тәрізді болып кеткен аңыздардың негізінде оқиға шындыққа жататын болса, қырғыздың аталарының өмір тұрмысын, әдет - ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған аңыздарын алып, ол халықтың осы күнгі мінез-құлықтарымен және олар жөніндегі тарихи сілтеулермен салыстырсақ, ол аңыздардың тарихи мәні болуы мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек".

Шоқан Уәлихановтың эпостық ертегі-аңыздардың тарихи мәні бар деген бұл пікірін негізді десек, тарихи мәліметпен мидай араласып жатқан тарихи уақиғалардың нақтылы сәулесі болған Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи документ екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық, талассыз.

Біз жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады дедік. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек - мақсаттарын өздерінің хан - сұлтандарға қарым - қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдернде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен аралас келеді:

Кешегі Исатайдың барында,

Алақандай Нарынды

Басушы едік құлаштай!

Жәбір беріп, жапа етсең,

Былғанған басым ласқа-ай!

Мен бір шарға ұстаған

қара балта едім,

Шабуын таппай кетілдім.

Қайраса, тағы жетілдім…

Көрмес, келмес деп едім,

Өз еркіммен бетіңді-ай!.

Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді. Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси-таптық жырларды туғызады.

Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия, көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес. Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси лириканың өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың, не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.

Біз жоғарыда да Махамбеттің өмірімен байланысты ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды.

Әйтсе де, солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: "Ереулі атқа ер салмай", "Мұңайма", "Айныман" деген өлеңдері , мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұраулы сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау, немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысал үшін "Мұңайма" деген өлеңін алайық:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды.

Қанды көбік киініп,

Бір аллаға сыйынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай - ды,

Жолдастарым,мұңайма!…- дейді ақын.

Мұндағы "азамат, жолдастарым" деп, достарына қайрыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай.

Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері үлгісінде құрылады.

Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. ("Тарланым", "Тайманның ұлы Исатай"). Исатайдың өліміне арналған "Тарланым" деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен, батырдың өміріндегі әралуан іс, амал, қасиет мінездерін санап көрсетеді. Бірақ, мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды.

Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері, оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланыста деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтикалық тілдер.

Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді.

Қоғалы көлдер, құм сулар,

Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал,

Кімдерге сайғақ болмаған?

Басына жібек байлаған,

Арулар кімнен қалмаған?

Таңдап мінген тұлпарлар,

Иесін қайда жауға салмаған?

Құландар ішпес бұршақ қақ,

Кімдерге шербет болмаған?

Садағына сары шіркей ұялап,

Жау іздеген ерлердің,

Қайда басы қалмаған?

Ішелік те желік,

Мінелік те түселік,

Ойналық та күлелік,

Абайласаң, жігіттер,

Мынау жалған сұм дүние,

Кімдерден кейін қалмаған?-деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. "Толғау" деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, онан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта, хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында деп, халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды жасайды:

Батыр болмақ ойдан-ды:

Айқайласып жауға ти,

Тәңірім білер, жігіттер,

Ажалымыз қайдан-ды?

Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқаным мына өлеңінен де көруге болады:

Бұл дүниенің жүзінде,

Айдан көркем нәрсе жоқ.

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нәрсе жоқ,

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Мұсылманшылық кімде жоқ,

Тілде бар да, дінде жоқ.

Көшпелі дәулет кімде жоқ,

Бірде бар да, бірде жоқ.

Азамат ерлер кімде жоқ,

Еріккен күні қолда жоқ.

Заманым менің тар болды,

Тура әділдік биде жоқ,

Бәрін айт та, бірін айт.

Қаумалаған қарындас.

Қазақта бар да, менде жоқ.

Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп, қасіретке шомады.

Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. "Абайламай айрылдым", "Нарын " және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты.

Мен тауда ойнаған қарт марал,

Табаным тасқа тиер деп,

Сақсынып шыққан қиядан,

Қайыңның басын жел соқса,

Қаршыға қуыс қайғырар:

Балапаным суға кетер деп,

Мамығын төккен ұядан,

О дағы біздей болған сорлы екен, -

дейді ол.

Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем. Бұлар ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі ауыр халдердің айнасы болды. 8

Кейбір өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салған аңшылық, өз елінің өмірінде орыны бар жан-жануар, аң, құстардың образын көрсетуге көбірек көңіл аударады. Бірақ, бұл ел, табиғат байлығын, жан-жануарлардың әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана суреттелмейді. Мұнда да ақын ел тағдырымен байланысты, өз басынан кешірген қиын-қыстау кезеңдердегі ой сезімін оқушылары толық сезінгендей етіп ашығырақ көрсетуге құрал есебінде қолданады. Бұған мына төмендегі үзінді толық дәлел:

Назары қайтқан күн болған

Жібектен бауы көнеріп

Ақ сұңқар ұшқан күн болған.

Бағаналы боз орда

Еңкейіңкі күн болған.

Телегей-теңіз шалқыған

Қоғалы көлдер суалып,

Тізеге жетер-жетпес күн болған,

Жапанға біткен бәйтерек,

Жапырағынан айрылып.

Қу түбір болған күн болған.

Алқалаған жер болса,

Азамат басы құралса,

Мәшурат кеңес сұралса

Мәшурат берер едік;

Исатайдан айрылып

Алқалай келген кеңесте

Дем құрыған күн болған.

Бұл тәрізді элегиялық өлеңдердегі көркем образдардың қайсысын алсақ та, ақынның айтайын деген негізгі идеясына бағыныңқы. Исатай өлгеннен кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсат орындалмай, көтеріліс жеңілгесін, хан, сұлтан, феодалдар халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауырмалықты күшейте түсті. Бұл жағдай ақынның поэзиясынан орын алмауы мүмкін емес еді. Ақынның бірқатар өлеңдеріндегі қайғының элементі жоғарғы халмен байланысты болды десек, Махамбеттегі элегиялық өлеңдердің негізгі сол жағдайлар деуге болады. Бірақ бұл сарындағы ақын өлеңдерінде, жауына деген өшпенділік бар, сөнбес кек бар, жолдас-жорасына дем беріп, өмірден түңілмеуге шақырып болашаққа сенушіліктер бар. Міне осылардың жиынтығы келіп, Махамбет өлеңдерін сары уайымнан аулақ етеді.

Мазмұнына түрі сай түрін отты жырларды суырып салып шығаруда да ақынның шеберлігі тым жоғары, оның мәдени-тарихи тамыры тереңде екенінде дау жоқ.

Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында.

Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды.

Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.

Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Оның шығармалары қазақ поэзиясының сатира, элегия, монолог, арнау жанрларының қалыптасуына, стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. 9

Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақын жырлары орыс, араб, парсы сөздерінің көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Ол жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.

ІІ.2. Сабақ үлгілері.
Сабақтың тақырыбы: Махамбет өлеңдерінің мәні


  • Сабақ мақсаты:

  • Білімдік: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру.

  • Тәрбиелік: Адамгершілікке, адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: Құқықтық сауаттылығын арттыру, еркін пікірлей білуге, өз ойын нақты жеткізе білуге үйрету.Поэзияға қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Сот сабақ

Сабақ жоспары:

1 .Кіріспе сөз.

2. Сот-сабақ.

3. Ақын өлеңдерінің мәні.

4. Ақын бейнесін танытатын шығармалар

5. Қорытынды.

1836 – 1838 аралығында Ішкі Бөкей Ордасында шаруалар көтерілісі болды.



Бұл көтерілісті ұйымдастырушылар:

Исатай Тайманұлы

1791 жылы өмірге келген. Ел ісіне ерте араласқан. Бөкей хан тұсында, 1812 жылдан бастап Жайықтағы Беріш руына старшын болған.Жәңгір хан тұсында ханның әділетсіз істеріне қарсы шығып шаруалар көтерілісін ұйымдастырған. 1838 жылы Гекке бастаған орыс армиясымен соғыста Ақбұлақ өзені бойында қаза тапқан.



Махамбет Өтемісұлы

1804 жылы Ішкі Бөкей Ордасында дүниеге келген. Жастайынан хан сарайында болып, түрлі әділетсіздіктерді көріп өскен.Жас кезінде Жәңгір ханның баласы Зұлқарнайынмен бірге Орынбор қаласында білім алған.Шаруалар көтерілісінің ұйымдастырушысы Исатайды өзіне дос деп білген. 1846 жылы дұшпандарының қолынан қапыда қаза болған.



Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет