Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындаймын, тақырыбы мен мақсатын айтып өтемін



Дата05.01.2017
өлшемі17,2 Kb.
#6354
түріСабақ
Қазақ тілі
Тақырыбы: Сан есім.
Мақсаты: 1. Білімділігі: сан есім тақырыбын қайталау. Алған білімдерін пысықтау.
2. Сан есім түрлерін білу дағдыларын жетілдіру; өз пікірлерін еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру.
3. Бір - бірін тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, тест жұмысы, үлестірмелі таратпалар.
Нені білу керек: Сан есім түрлері; оларды айыра білу; сөйлем құрастыра білу;
Не істей білу: Көркем шығарманы оқу барысында сан есім түрлерін білу, өз ойын жеткізу барысында сан есім түрлерін қолдану.

Сабақ барысы.


І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындаймын, тақырыбы мен мақсатын айтып өтемін

ІІ. Негізгі кезең.


1. Өткенді қайталап алу үшін тест жұмысын аламыз.
1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Қашан? Қайда?
Ә) Неше? Нешінші?
Б) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
2. Зат есім дегеніміз не?
А) Заттың атын білдіретін сөздерді айтамыз.
Ә) Заттың қимылын білдіретін сөздерді айтамыз.
Б) Заттың сынын білдіретін сөздерді айтамыз.
3. Ұшқыш сөзі қандай сұраққа жауап береді? А) Не?
Ә) Кім?
Б) Кімдер?
4. Жануарлар мен заттарға қандай сұрақ қойылады?
А) Не? Нелер?
Ә) Кім? Кімдер?
Б) Неше? Қанша?
5. Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қойылады?
А) Кім? Кімдер?
Ә) Не? Нелер?
Б) Не істеді? Не қылды?
6. Дәрі сөзі қандай сұраққа жауап береді?
А) Кім?
Ә) Нелер?
Б) Не?
7. Жалқы есімді белгіле.
А) өзен
Ә) Тобыл
Б) балалар
8. Зат есімнің көптік жалғау жалғанған сөзді белгіле.
А) әже
Ә) әкелер
Б) анашым
9. Жалпы есімді белгіле.
А) Қостанай
Ә) Тобыл
Б) қарағай
10. Жалқы есім дегеніміз не?
А) Кісінің аты - жөні, жер - су аттары, жан - жануарларға қойылған атаулар.
Ә) Заттың атаулары.
Б) Көптік жалғау жалғанған сөздер.
Тестің қорытындысын бірден айтып, тексеріп өтеміз.

2. Оқулық бойынша жұмыс істеу кезеңі.


1. Суыққа ең шыдамды құс? Үйрек, қаз.
Олар 110 градус суыққа төзе алады.
Итбалықтар 80 градус суықтың өзінде ғана тоңа бастайды. (Сан есімді табу)

Дәптермен жұмыс.


Сан есімдерге – ыншы, - інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жаз. Сұрақ қой.
Сегіз - сегізінші т. с. с.
Суреттермен жұмыс. Суреттер бойынша сан есімді қатыстырып әңгіме құрайды.
Сергіту сәті.
Сұрақпен жұмыс.
- Ең ұзақ өмір сүретін құс?
- Ең жеңіл құс?
- Ең ауыр құс?
Сәйкестікті тап
Қарлығаш ------ киелі құс
Бұлбұл ---------- көктем жаршысы
Аққу -------------- әнші құс
Сауысқан ------ балшықтан ұя салады

Құстардың дауысын анықта.


Шығармашылық тапсырма.
Адамзат балыққа қарап кеме жасаған.
Ұяға қарап үй жасаған.
Құсқа қарап ұшақ жасаған.
Жасалу жолын айтып кету. Тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру. – Ю. Гагарин, 1961жыл, 12 сәуір, ғарышкер, ұшты, таң қалдырды.

Қорытынды.


- Не білдік?
- Қандай жаңа мағлұмат алдық?
- Өздеріңді бағалап көр.
Үйге тапсырма «Құстар біздің досымыз» тақырыбында әңгіме эссе жазу
Бағалау.

Кері қайту



Ілмек сөздер:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет