2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет33/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111
Көші-қон сальдосы, мың адам

2013-2015 жылдарға
2.1.2.3.2. сурет. Алматы қаласының көші-қон сальдосы

Дереккөз: «Алматықаласы 2013 жылы» Алматы қаласы Статистика департаментінің жыл сайынғы санақ жинағы, 2013-2015 жыл; «Алматы қаласы 2013-2015 жылдардағы қаңтар-желтоқсан айларындағы халықтың көшіп-қонуы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл.


2013-2015 жылдар аралығында оң көші-қон сальдосы 78,4 мыңға жуық адамды құраған. Бұл жағдайда осы кезеңдегі жылдық көші-қон сальдосы шамамен 50%-ға артқан және алдағы жылдары ол күрт төмендейді деп болжауға ешбір негіз жоқ. Осы қарқынды көші-қон ағыны қалада белгілі әлеуметтік қысым тудырады, себебі тұрғын үй мен еңбекке орналасуға мұқтаж жандар қаладағы еңбек нарығындағы бәсекелестік пен қылмыстық ахуалды шиеленістіреді.


Бұл жағдайда сырттан көшіп келгендерді ресми есепке алу саны көші-қон қызметтері мәліметтерінен кем дегенде 20 – 25% жоғары болатын барлық көшіп келушілерді қамти алмайды. Алматы қаласының әрі қарай даму барысында қаланың даму кезеңіндегі иммиграцияны ескеріп, аталған жағдайдың артықшылықтарын пайдаланып, зиянды жақтарын қадағалау керек.
Тұрғындардың елдің басқа аймақтарынан қосылуы қала территориясының ресурстық мүмкіндіктерін (әлеуметтік, инженерлік, көлік инфраструктурасын, аймақтың экологиялық жағдайын және еңбек нарығын) есептемеген жағдайда жүйесіз болып тұр.
Келешекте (2030 жылға таяу) Алматы агломерациясы тұрғындарының саны 1,1 млн. адамға немесе 45,9% артуы, оның ішінде қала тұрғындарының саны 0,9 млн. адамға (53,7%) артуы күтілуде.
Халықтың гендерлік құрылымы ұзақ жылдар бойы тұрақты болып келеді. Әйел адамдар халықтың 54,4%-ын, ер адамдар – 45,6%-ын құрайды.
Дәстүрлі түрде әйелдер денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (82%), білім беру (73%) және тұру мен тамақтандыру қызметтері (62%) салаларында жұмыс істейтіндердің басым бөлігін құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет