Дереккөз
|
Жастардың жалпы саны
|
Жұмыссыз жастардың саны
|
Экономикалық белсенді емес жастардың саны
|
Оқуға байланысты жұмыс күшіне кірмейтін жастардың саны
|
2015 жылға NEET үлесі
|
ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің статистика комитеті www.stat.gov.kz
|
490,9мың
|
23,2 мың
|
176,1 мың
|
156,9 мың
|
8,6 % жылға
|
Алматы қаласының статистика басқармасы www.almaty.stat.gov.kz
|
490,7мың
|
23,2 мың
|
176 мың
|
161,4 мың
|
7,7 %
|
3) Алматы қаласында жастардың көші-қонының оң сальдосы (21 мың адамнан астам), бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады;
4) Жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуіне, басқа өңірлерден жыл сайын көшіп келетіндердің жоғарғы көрсеткіші себеп болады. Сонымен қатар, ЖОО-ының жыл сайын шамамен, 60-65 % резидент емес түлектері Алматы қаласында қалуды көздейді. 2015 жылғы түлектер саны – 32678 (ЖОО мәліметтері бойынша, солардың 19712-сі жұмысқа орналасқан). Басқа жағынан, жұмыспен қамту саласында қиындықтар пайда болуы, түлектердің көпшілігіне басымдықты экономикалық, қаржылық және құқықтық кәсіби мамандықтарға беру фактісі ықпал етеді. Сонымен қатар еңбек нарығында техникалық мамандығы бойынша жұмысшылар сұранысы жоғары болып қалуда. Мұндай нәтижеге байланысты жұмыссыздық және жастардың алданып мансап күтуі әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, мәселе экономика мамандықтарының номенклатурасы мен нақты сұраныстың сай келмеуі болып қалуда. Ол экономика, индустрияны немесе басқа да әлеуетті жұмыс берушілер субъектілерін әріптестік дамыту арқылы оқу үдерісінің тәжірибелік бөлігін жақсарту мәселесіне көп назар аударуды қажет етеді.
5) Бизнес пен жоғары оқу орындарының өзара іс-қимылы шектеулі, және түлектердің біліктілік ұйымының талаптарын қанағаттандыру үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қызығушылығы төмен;
6) Кәсіпорындардың кадрларға деген алмасу және болжам қажеттіліктері туралы бірыңғай ақпараттық базаның болмауы;
7) Жеке сектор кәсіпорындарының кәсіби білім беруді дамыту үшiн қаражат бөлуі мардымсыз болады: мамандар мен шеберлердің өндіріс құралдарында жұмыс істейтін мамандарды оқытуға негізінен бюджеттен бөлінді.
Санаты бойынша үстемеақының төленбеуі колледждер педагогтарының еңбек ақысының біршама төмендеуіне алып келген және осының салдары ретінде білікті мамандар экономиканың нақты секторларына ауысып, жалпы білім беру пәндерінің озық оқытушыларының мектептерге ауысуы байқалады, бұл мамандар дайындау сапасына теріс ықпал етеді.
2015 жылы жергілікті бюджеттен Алматы технология және флористика колледжіне (бұрыңғы №8 кәсіби лицей) 45 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін оқу мекемесіне 100% қолжеткізу қамтамасыз етілді.
Достарыңызбен бөлісу: |