Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Алтыбаева Ш. М. Қаржылық статистика Пәннің негізгі мазмұны «Қаржылық статистика»



Дата22.08.2017
өлшемі9,43 Kb.
  • Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Алтыбаева Ш.М.

  • Пәннің негізгі мазмұны
  • «Қаржылық статистика» курсы экономикалық бағыттағы мамандарды қалыптастыратын оқу пәндерінің арасында ерекше орын алады.
  • Аталған курс болашақ мамандардың статистикалық ақпарат, бухгалтерлік, қаржылық және банктік есепті жүзеге асыру және ұйымдастыру сферасындағы мақсатты теориялық және практикалық бағытталған кәсіби білімді алуына арналған.
  • Пәнді зерттеудің мақсаты
  • студенттерді Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесіндегі процестердің, өзгерістердің көлемін, құрамын, экономикадағы қаржының тұрақтылығын, қоғамдық өндірістердің қаржымен қамтамасыз етілуін ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша статистикалық әдістемені қолдану арқылы талдауға, зерттеуге үйрету
  • «Қаржылық статистика» пәнінің міндеттері
  • Қаржылық статистиканың жалпы негіздерін, категориялары мен түсініктерін меңгеру;
  • Қаржы-несие сферасын статистикалық көрсеткіштер жүйесінің көмегімен сандық сипаттау, динамикадағы түрлі экономикалық айнымалылар арасындағы арақатынастарға талдау жүргізу;
  • Қаржы нарықтарының, төлем балансының, салықтық-бюджеттік статистикаларының көрсеткіштер жүйесін жетілдіру. Әлеуметтік экономикалық үдерістердің динамикасын талдауда банктік статистикалық әдістерді қолдануға, өндіріс тиімділігі деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторлардың ықпалын бағалауға дағдылану.
  • Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі.
  • Алынған практикалық дағдылар, түсініктер әрбір тақырып бойынша ситуациялық есептер шешу мен есептеу әдісін қолдану арқылы бекітіліп отырылады.
  • Есептер шешумен қатар студенттерге бір жеті минуттық ғылыми баяндама дайындау ұсынылады, ол баяндаманы ауызша тапсырады немесе реферат форматында жазбаша түрде көрсетеді.
  • «Қаржылық статистика» пәні бойынша тақырыптар
  • Қаржылық статистиканың теориялық негізі
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасы
  • Шаруашылық ұйымдардың қаржылық нәтижесі статистикасы
  • Банк статистикасы
  • Несие статистикасы
  • Ақша статистикасы
  • Сақтандыру қызметінің статистикасы
  • Бағалы қағаздар нарығы статистикасы
  • Макродеңгейдегі қазіргі қаржылық баланстар
  • Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстар статистикасы
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасының міндеттері:
  • 1.ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің кірісі мен шығысының, жаңа бюджеттік классификация бойынша оның дефицитінің (профицитінің) көлемін анықтау.
  • 2. Бюджет кірісінің көздері мен шығысының бағыттарының құрылымы мен динамикасын зерттеу.
  • 3. ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің сондай-ақ республикалық және аймақтық бюджеттің жүзеге асырылу барысын бақылау мен талдау.
  • 4.Мемлекеттің ішкі қарызының көлемін зерттеу.
  • 5.БҰҰ ҰШЖ бойынша Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерін жинақтау мен өңдеуді әрі қарай жетілдіру.
  • -ҚР-ның банктеріндегі статистикалық есеп берулерді ұйымдастыру;
  • -Банк жұмыстарының сенімділік және тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі: банк балансы жағдайының көрсеткіштері, банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері, табыс және табыстылық көрсеткіштері, банктердің пайда және пайдалылық көрсеткіштері;
  • -Ссуданың бір айналымының орташа ұзақтығын индекстік талдау. Халық депозиттерін индекстік талдау. Халық салымдарының орташа мөлшеріне әсер ететін факторларды корреляциялық-регрессиялық талдау.
  • Банк статистикасында қарастырылатын мәселелер:
  • Сақтандыру статистикасы
  • Сақтандырудың формалары және түрлері, сақтандыру іс-әрекетін статистикалық зерттеу. Әр түрлі сақтандыру көрсеткіштерін есептеудің ерекшеліктері: мүліктік, жеке басты, әлеуметтік сақтандыру.
  • Сақтандыру сомасының зияндылығын факторлық индекстік талдау. Жеке басты сақтандыру тәуекелін есептеудің статистикалық әдістері. Тарифтік ставкасының, әлеуметтік қамсыздандыруды сақтандырудың, жәрдемақы төлеудің статистикалық көрсеткіштері.
  • Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі: бағалы қағаздарды шығару, бағалы қағаздардың айналымы және тарату көрсеткіштері, бағалы қағаздардың табыс және табыстылық көрсеткіштері. Қор индексі. Қор индексін есептеудің әдістері: Ласпейрес формуласы бойынша Доу-Джонс индексі.
  • Бағалы қағаздар туралы ақпараттар көзі.
  • Бағалы қағаздар рыногы статистикасы



Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу