Онгарбаева Бибинур Багдатовна М. Тынышпаев атындағы Қазкка



Дата26.08.2017
өлшемі41,08 Kb.
#28706
Онгарбаева Бибинур Багдатовна

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

Ақмола колледжінің арнайы пәндер оқытушысы
Студенттердің үлгермеу себептері мен оқу-танымдық әрекеттеріне қызығушылығы төмен студенттермен жүргізілетін жұмыстар
Білім беру – ұлттың шығармашылық және интеллектуалдық деңгейі қалыптасатын сала. Сондықтан да мемлекетімізде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге, реформалауға, осы саланың инновациялық қызметінің белсенділігін арттыруға үлкен назар аударылып отыр. Білім беру саласында жұмыс істеу - өте үлкен жауапкершілікті және қажырлы еңбекті талап ететіндігін бәріміз білеміз. Әрбір оқытушы білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде жеке адамның білімділігін арттыру, жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру, білім берудің дамытушы сипатын жетілдіру секілді маңызды мәселелерді айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда соңғы кездерде мектепте болсын, колледж, университетте болсын дарынды балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөліне бастады. Бірақ үлгермеуші балалармен жұмыс істеу артта қалып қойды десек болады. Сондықтан бүгінгі баяндамамның тақырыбын оқу-танымдық әрекетке қабілеті төмен студенттермен жұмыс ұйымдастыруға арнадым. Өйткені кез келген топта дарында студенттермен қатар, әр түрлі себептерге байланысты қабілеті төмен студенттер кездеседі және олар, көбінесе, назардан тыс қалып отырады. Осыған байланысты оқытушы студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтай отырып, студенттің сабақты үлгермеу себебін білуі қажет. Мысалы, студенттің сабақты үлгермеуінің келесідей себептері бар:

1. отбасының тұрмыс жағдайы;

2. сабаққа қызығушылық танытпауы;

3. топтағы балаларға көңілі толмайды, я болмаса топ өміріне атсалыспайды;

4. оқу-құралдарын үнемі әкелмейді, үй тапсырмасын орындамайды және өтілген тапсырманы меңгермейді;

5. сабақ үстінде үнемі бос отырады, бағаға немқұрайлы қарайды;

6. тағы бір себебі қазақтың қанына сіңіп қалған әдет жалқаулық болып табылады.

Осы аталған жағдайлардың барлығы студенттердің үлгеріміне үлкен әсерін тигізеді. Оқуға ықыласы төмен студенттерге ықпал жасау мақсатында жүргізілетін жұмыс түрлері өте көп. Қабілеті төмен студенттерге ықпал жасау, көбінесе, оқытушының топ студенттерінің білім мөлшеріне сәйкес сабақтың түрлері мен әдістерін дұрыс табуын және шебер пайдалана білуіне байланысты болады. Ең бастысы, сабақ жалпыға бірдей түсінікті сұрақтар мен тапсырмалардан тұруы тиіс. Оқытушылардың көпшілігінің ұстанатын бағыты үлгерімі төмен студенттерді сабақтан соң алып қалу, я болмаса қосымша сабаққа шақыру болып табылады. Бір жағынан алып қарасақ, бұл бағыт өте дұрыс. Бірақ сабақтан кейін қалуға, не болмаса қосымша сабаққа келуге дәл біздің студенттеріміздің құлқы жоқ. Сол үшін де оқытушы студенттің пәнге деген қызығушылығын сабақ үстінде арттыруы қажет. Мысалы, үлгерімі нашар студенттермен келесідей бағыттар бойынша жұмыс жүргізу:



1. көмек ұйымдастыру, яғни, топтағы дарынды студенттер сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта үлгерім нашар студенттерге көмектесуін қалыптастыру;

2. білім алуға белсенділігін арттыру, яғни, үлгерімі нашар студенттерге көбірек көңіл бөлу, қосымша тапсырмалар беру;

3. моралдық-психологиялық жағдай жасау, мысалы, үлгермеуші студеенттер сабақ үстінде «бәрібір мен жұрттай жаза алмаймын, оқи алмаймын» деп өз күшіне, біліміне, орындау қабілетіне сенбей, сабаққа қызықпайды, ынталанбайды, сөйтіп, көпшілік атқарып жатқан ұжымдық жұмыстан сырт қалады. Үлгермеушілік негізі осыдан шығады. Мұндай студенттердің санасына білім ала алмайтын, тәрбиеге көнбейтін, еш нәрсе қолынан келмейтін дәрменсіз адамның болмайтынын жеткізе білу керек.

4. бақылау жасау және бағалау, яғни, үйге берілген немесе баяндалған материалдар бойынша студенттердің түсінігін байқау үшін топқа сұрақ қойып, қол көтеріп жауап беруд сұрағанда үлгермейтін студент біліп отырса да, өзіне-өзі сенбейтіндіктен қол көтеруге , орынан тұрып жауап беруге, топ алдына шығуға дағдысы жоқтықтан қорғаншақтап оқытушы назарына түспеуге тырысады. Мұндай жағдайда оқытушылар сабаққа студенттерді шеберлікпен тартып, бағалай білуі қажет.

Үлгерімі төмен студенттермен жұмыс істегенде дидактикалық материалдарды ұтымды пайдаланудың мәні зор. Сондықтан әрбір тақырыптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар, карточкалар даярлап қолдану керек.



Сонымен қатар оқытушы тақырыпты өтер алдында оқулықтаы қай бетті немесе бөлімді қай студентке тапсыратынын алдын ала білуі керек. Тақырыпты өтпей тұрып, сол тақырыптан сұрақ қойс, оның жауабы тақырыпты өткен соң қойған сұрақтың жауабынан гөрі студент жадында жақсы сақталады екен. Психолог Зейгарник «Толық шешілмеген тапсырма адам ойында жақсы сақталады» деген. «Анекдоттар адам ойында көп сақтала бермейді, себебі, ол өте қарапайым, әрі дайын күйінде түсінікті беріледі» деп мысал келтірген. Осы тұрғыдан алып қарасақ студенттерге үйге беретін тапсырманыңда көлеміне, күрделілігіне көп назар аудару қажет. Психолог Выготский «Балаға берілетін тапсырма тым оңай болмау керек және тым қиын да болмау керек. Тапсырманың күрделілігі оқытушы мен студент бірлесіп шеше алатындай болуы тиіс» десе, Н.Крупская «Шама келмейтін тапсырма тек қана бұзады, өзінің міндеттеріне адалдықпен қарамауға үйретеді» деген. Яғни, біз тапсырманы дұрыс бермеудің салдарынан дарынды студенттерімізден де айырылып қалуымыз ғажап емес.

Ең бастысы, сабаққа үлгермеуші студенттің оқуға ықыласын қалыптастыруға оқытушының жеке басының парасаттылығы мен мейірімділігінің үлкен рөлі бар. Студент ұстазды шын ұстазым, қамқоршым деп сенгенде ғана оның жетегіне еріп, қатарға қосыла алады. Ұстаз тек өзінің мамандығының шебері ғана болып қалмауы тиіс. Абайдың бір шумақ өлеңін жатқа айта алмайтын немесе Мұхтар Әуезовтың бірде-бір шығармасын толық оқымаған, ауыз-екі әңгімелерге өзінше малданып жүрген рухани кембағал, яғни, рухани байлықтан жұрдай оқытушы білім беру жүйесінің дамуына үлес қосады деп айта алмаймыз. Сөзімді корей елінің бір нақыл сөзімен қорытындыламақпын «Тәрбиелі – адам, мың сан ғалымнан артық»!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет