2.1.4.3.6. сурет. Жолаушылар ағынында велокөліктің үлесі, 2014 ж.
Дереккөз: баспасөз шолуы, муниципалитеттердің сайттары, сарапшылармен сұхбат
Тұрақтар Алматы қаласының әкімдігі ақылы тұрақтарды (автотұрақтарды) ұйымдастыру бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру мақсатында ақылы автотұрақтар желісін құру, тұрақ бойынша қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көше-жол желілерінің өткізу қабілетін арттыру, Алматы қаласының аумағында қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/945 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын ұйымдастыру Қағидасы әзірленді.
Жер қатынастары басқармасы Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге ақылы автотұрақтарды ұйымдастыруға жер телімдері белгіленген.
Ақылы коммуналдық автотұрақтарды (автотұрақтарды) жабдықтау, абаттандыру және пайдалану бойынша қағидаға сәйкес тендер өткізіледі, тендер жеңімпазымен сеніммен басқару шарты жасалады. Шарттың талаптары бойынша пайдаланушы ұйым құрал-жабдыққа, абаттандыруға және автотұрақты пайдалануға жауап береді.
Алматы қаласының тұрақ инфрақұрылымын дамыту бойынша әзірленген Кешендік жоспарға сәйкес 2015 жылдың 1 қарашасынан бастап тротуар үлгісіндегі барлық автотұрақтарда ақы алуға тыйым салу енгізілген.
Пайдаланушы ұйымдармен бұрын (2013-2014 жылдары) жасалған шарттар шарт міндеттерін орындамауға және көптеген салық заңнамасын бұзушылыққа байланысты бұзылды. Бұл тыйым салу сауда кешендерінің, ойын-сауық мекемелерінің, әуежайдың, вокзалдардың аумағында және басқа жер телімдерінде орналасқан жеке меншік тұрақтарға қолданылмайды.
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы №2/168 Алматы қаласының тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық автотұрақтарды (автотұрақтарды) жабдықтау, абаттандыру және пайдалану бойынша ұйымдастыру туралы қаулысына сәйкес, «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС 2016 жылдың 21 маусымынан бастап Алматы қаласында тұрақ кеңістігі бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.Аталған Жоба Алматы қаласын дамыту жоспарына сәйкес әзірленді. Тұрақтардың толық автоматтандырылған жүйесі ең жоғарғы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін болады. Халықаралық тәжірибені егжей-тегжейлі зерттеуге негізделген жоба бірнеше кезеңдерді қарастырады. Бірінші кезеңде қаланың барынша кептелісі көп көшелер қамтылатын болады, осылайша 2016 жылдың 21 маусымынан бастап мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Зенков көшесі (Мақатаев және Жібек Жолы көшелері арасындағы 64 тұрақ орны) орналасқан пилоттық жоба тестіленуде.