V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XII сессиясының 2016 жылғы № шешіміне қосымша



бет1/10
Дата13.02.2017
өлшемі7,04 Mb.
#9173
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XII сессиясының

2016 жылғы «__»_______ №____

шешіміне қосымша
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының

2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 394 шешіміне 1 қосымша


«Алматы-2020» даму бағдарламасы

Алматы 2016

Мазмұны

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ...............................................................3

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ...........................................................12


2.1. Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау...................................................................................................................12

2.1.1. Экономика................................................................................................12

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика...............................................................12

2.1.1.2. Өнеркәсіп........................................................................................16

2.1.1.3. Азық-түлік белдеуін дамыту........................................................22

2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда...................................................24

2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық .......................................................33

2.1.1.6. Инновациялар және инвестициялар............................................35

2.1.2. Әлеуметтік сала.......................................................................................43

2.1.2.1. Білім беру.......................................................................................43

2.1.2.2. Денсаулық сақтау...........................................................................51

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.......................................62

2.1.2.4. Мәдениет.........................................................................................74

2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт........................................................77

2.1.2.6. Туризм.............................................................................................81

2.1.2.7. Үштұғырлы тілдерді дамыту.........................................................85

2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі.............................................88

2.1.4. Инфрақұрылым........................................................................................96

2.1.4.1. Байланыс және коммуникация......................................................96

2.1.4.2. Құрылыс........................................................................................100

2.1.4.3. Жолдар мен көлік.......................................................................106

2.1.5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық..............................................117

2.1.6. Экология және жер ресурстары...........................................................126

2.1.6.1. Атмосфера жағдайы.....................................................................126

2.1.6.2. Қатты тұрмыстық қалдықтар......................................................133

2.1.7. Мемлекеттік қызметтер........................................................................137

2.2. Орташа мерзімді болашақта аумақтың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын кідіртетін факторлардың, бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіндіктердің, негізгі түйткілді мәселелердің, қатерлердің кешенді сипаттамасы.......................................................................................................138

3. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ..........................................144

3.1. Жайлы қала.........................................................................................145

3.1.1. Сапалы жолдар және көлік.............................................................145

3.1.2. Таза қоршаған орта..........................................................................149

3.1.3. ТКШ сенімді инфрақұрылымы......................................................153

3.2. Қауіпсіз қала.......................................................................................157



3.2.1. Қоғамдық қауіпсіздік......................................................................157

3.2.2. Табиғи катаклизмдердің алдын алу...............................................159

3.2.3. Ақылды қала (Smart City)...............................................................160

3.3. Әлеуметтік-бағытталған қала............................................................161

3.3.1. Сапалы білімге, денсаулық сақтауға және басқа да әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік.............................................................................161

3.3.2. Мәдениет және спорт нысандарына қолжетімділік...........................171

3.4. Экономикалық тұрақты қала.............................................................176

3.4.1. Дәстүрлі секторлардың тұрақты өсуі..................................................177

3.4.1.1. Өнеркәсіп......................................................................................177

3.4.1.2. Шағын және орта бизнес............................................................179

3.4.1.3. Азық-түлік белдеуі және тағам өнеркәсібі................................180

3.4.1.4. Сауда және өңіраралық ынтымақтастық...................................180

3.4.2. Жаңа секторларды серпінді дамыту....................................................182

3.4.2.1. Өңіраралық ынтымақтастық және көлік-логистикалық қызметтер...................................................................................................182

3.4.2.2. Туризм...........................................................................................183

3.4.2.3. Инновациялық кластер................................................................184

3.5. Бизнеске және жеке капиталға арналған қала.................................185

3.5.1. Бизнесті жүргізу қолайлылығы............................................................185

3.5.2. Сыбайлас жемқорлықты тиімді азайту...............................................187

3.5.3. МЖӘ дамыту.........................................................................................188

3.5.4. Жекешелендірудің ашықтығы..............................................................190



3.6. Интеграцияланған қала......................................................................191

3.6.1. Көпорталықтық қағидасын ескеріп қосылған аумақтардың өмір сүру стандарттарын көтеру ....................... ...........................................................191

3.6.2. Алматы агломерациясымен ықпалдастық…......................................192

3.6.3. Халықаралық деңгейдегі белсенді орны …………............................193

3.7. Белсенді азаматтар қаласы................................................................194



4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР................................................................................. 195

Бағдарламаны іске асыру бойынша бірлесіп орындаушы-жауапты мемлекеттік органдардың аббревиатураларының анықтамалары..................198




2.1. Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау 13

2.1.1. Экономика 13

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика 13

2.1.1.2. Өнеркәсіп 17

2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда 25

2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық 34

2.1.1.6. Инновациялар және инвестициялар 36

2.1.2. Әлеуметтік сала 44

2.1.2.1. Білім беру 44

2.1.2.2. Денсаулық сақтау 52

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 63

- экономиканың дамуына жаһандық дағдарыс жағдайларының теріс ықпалы, ол жұмыссыздықтың тез өсуіне әкелуі мүмкін; 74

2.1.2.4. Мәдениет 75

2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт 78

2.1.2.6. Туризм 82

2.1.2.7. Үштұғырлы тілдерді дамыту 86

2.1.4. Инфрақұрылым 97

2.1.4.1. Байланыс және коммуникация 97

2.1.4.2. Құрылыс 101

2.1.4.3. Жолдар мен көлік 108

2.1.6. Экология 128

2.1.6.1. Атмосфера жағдайы 128

2.1.7. Мемлекеттік қызметтер 138

3.4.1.2. Шағын және ортабизнес 181

3.4.2.1. Өңіраралық ынтымақтастық және көлік-логистикалық қызметтер 184


1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ*


Атауы

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы;

Алматы қаласының негізгі сипаттамалары

Алматы - Қазақстанның экономикалық орталығы. Алматы қаласы ЖӨӨ көлемі бойынша елімізде 1 орынға ие (2015 жылы 22,3%), сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту орталығы болып табылады. Қалада 2015 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ 5439,6 мың теңгені немесе 28 мың АҚШ долларын құраған. Алматы қаласының ЖӨӨ құрылымы әлемнің көптеген дамыған қалаларына ұқсас, мұнда сауда қала экономикасының 35,6%-дан астамын, ал қызметтер секторы тұтас алғанда - 50%-нан артығын құрайды. Өнеркәсіптің үлесіне Алматы қаласының ЖӨӨ небары 5% ғана тиесілі, оның көп бөлігі тағам өнеркәсібі түрінде. Алматы қаласында экономиканың көптеген секторлары оң өсу серпінін көрсетіп отыр.

Алматы – тартымды өңірлік орталық болып табылады –– көші-қон және халықтың табиғи өсімі есебінен 2015 жылы халық саны 1 703,4 мың. адам деңгейіне жеткізілді. 2015 жылы тұрғындардың орташа жасы 33,4 жасты құрады.

Алматы — Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолындағы ірі логистикалық хаб болып табылады. Қала елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 20% қамтамасыз етеді. Қала қалааралық, халықаралық автожол, теміржол және авиация қатынастарына ие.

Алматы — елдің ірі білім беру орталығы. Алматы қаласында еліміздегі жоғары оқу орындарының үштен бірі шоғырланған және мұнда елдегі жалпы студенттер санының үштен бірі білім алады.

Қалада республикадағы ең ірі медициналық қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым құрылған: жүздеген мамандандырылған арнайы диагностикалық, емханалық және амбулаториялық ұйымдар, ғылыми-зерттеу және шипажай ұйымдары әрі алуан түрлі емдеу орталықтары жұмыс жасайды.

Алматы — ірі спорт орталығы болып табылады. Қалада көптеген Өңірлік және халықаралық спорттық сайыстар өткізіледі. 2017 жылы Алматы қаласында Қысқы Универсиада ойындары өтеді, бұл қаланы халықаралық деңгейде мойындайтындығын білдіреді.

Алматы — Қазақстанның мәдениет орталықтарының бірі болып табылады. Қалада жүздеген мәдениет мекемелері (мұражайлар, театрлар, галереялар) жұмыс жасайды, шамамен 150-ге жуық сәулет, тарих ескерткіштері мен монументтер орналасқан.

Алматы елдің туристік орталықтарының бірі болып есептеледі, мұнда өңірлік және халықаралық туристер келеді.



Экономикалық индикаторларды бағалайтын индекстерде (макроэкономикалық көрсеткіштер – ІӨӨ-нің өсуі, инфляция, жұмыссыздық және т.б. капиталды тартуға, бизнесті дамытуға қабілеттілік) Алматының дамуы орташа мегаполистердің деңгейіне сәйкес келеді.

Z/YenGroup компаниясының Global Financial Centres Index (GFCI) әлемдік қаржы орталықтарының рейтингісінде Алматы 86 қала арасынан 70 орынға ие 2016 жылы.

«Financial Post» баспасының деректері бойынша біздің қаламыз экономикасы барынша қарқынды дамушы 96 қаланың ішінен Топ-10 қаланың құрамына енді.

Беделді «The Economist» баспасының сарапшыларының берген бағасына сәйкес, 2025 жылға қарай Алматы капиталды, технологиялар мен білікті мамандарды тарту бойынша әлемдегі бәсекеге қабілетті жүз қаланың құрамына енеді.

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің индексіне сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан 189 елдің арасынан 35 орынды иеленуде. Бұл индекс Алматының экономикалық көрсеткіштерінің негізінде есептеледі.

Сонымен бірге, әлеуметтік ортаның рейтингісі бойынша орташа қалалардың деңгейінен ептеп артта қалатыны байқалуда.

Айталық, «Mercer» өмір сапасының негізінде Алматы 230 қаланың арасынан 176 орынды, ал «Economist Intelligence Unit» өмір сапасы индексінде 140 мегаполистің арасынан 100-ші орынды иеленіп отыр.

Инфрақұрылым мен экология көрсеткіштері бойынша Алматы әлемнің дамыған қалаларынан едәуір артта қалуда.

Сонымен, «Mercer» инфрақұрылымының индексінде 230 қаланың ішінде 175 орынды иеленген, «Numbeo» ластану деңгейінің индексінде – 297 қаланың ішінде 214 орында тұр, ластану деңгейінің индексінде – 297 қаланың ішінде 214 орында тұр.



Бағыттар

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қаланың барлық даму бағыттарын, оның ішінде экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтерді қамтиды және 7 басымдықты ескере отырып, қалыптастырылды:

1) Жайлы қала;

2) Қауіпсіз қала;

3) Әлеуметтік-бағытталған қала;

4) Экономикалық тұрақты қала;

5) Бизнес пен жеке капиталға арналған қала;

6) Интеграцияланған қала;

7) Белсенді азаматтар қаласы.



Мақсаттар

Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі кезеңде дамуының жалпы мақсаты қала ретінде үдемелі әлеуметтік-экономикалық өсуін, халықтың тұрмысы үшін қолайлы жағдайды және бизнестің дамуына тартымды жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.

Алматы қаласын дамытудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:



  • Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;

  • Азық-түлік белдеуін дамыту;

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

  • Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;

  • Қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру;

  • Қалада инновациялық ахуалды жақсарту;

  • Мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • Орта білімнің сапасын және инклюзивтігін арттыру;

  • Қаланың және елдің экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби білім мен мамандануды қамтамасыз ету;

  • Халықтың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру;

  • Еңбек нарығын дамыту және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  • Жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Қайыршылық деңгейін төмендету;

  • Тұрмысы төмен халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

  • Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту;

  • Бұқаралық спортты дамыту;

  • Ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамның бірігіп нығаюын қамтамасыз ету;

  • Әлемдік деңгейдегі туристік кластерді дамыту;

  • Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

  • Техногендік апаттар, қираулар және дүлей зілзала жағдайларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Коммуникациялық желілерді дамыту;

  • Тұрғын үйге және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  • Тұрғын үй нысандары үшін сапаның жоғары стандарттарын қамтамасыз ету;

  • Жол желілерінің ластану деңгейін төмендету;

  • Қоғамдық көліктің мобилділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Тұтынушыларды сапалы және сенімді коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

  • Атмосфералық ластану деңгейін төмендету;

  • Қалдықтарды басқарудың және қайта өңдеудің заманауи жүйесін құру және қала аумақтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;

  • Қаланы көріктендіру және көгалдандыру;

  • Алматы қаласының шағын өзендерін, су нысандарын экологиялық оңалту;

  • Мемлекеттік органдардың мемлекеттің саясатын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жақсарту, жергілікті басқару және өзін өзі басқару құрылымдарын дамыту.

Негізгі нысыналы индикаторлар

Экономика (2020 жылы)

  1. ЖӨӨ көлемі бес жыл ішінде 12,5%-ға өседі;

  2. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 5779,2 мың теңгені құрайды;

  3. Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны бес жылда 26,8% құрайтын болады;

  4. Өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығаруының нақты көлем индексі 2020 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 7% құрайтын болады;

  5. Өңдеуші өнеркәсіптің еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 20,9 мың АҚШ долларын құрайды;

  6. Өңірдің экспортының жалпы көлеміндегі шикізаттық емес тауарлар көлеміндегі экспорттың үлесі 60% құрайды;

  7. Бес жылдағы азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталға салынатын инвестицияның нақты көлемі 27,5% өседі;

  8. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқыны бес жыл ішінде 109,3% құрайды;

  9. Шет елдік инвесторлардың жеке меншігінің шет елдік үлгісі бойынша инвестицияның жалпы көлеміндегі негізгі капиталға сыртқы инвестиция үлесі 14,8% құрайды;

  10. Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестиция өсімі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) бес жылда 43% құрайды;

  11. Жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі тіркелгендердің жалпы көлемінде 92% құрайды;

  12. Бөлшек сауданың нақты көлемі 101,8% 2020 жылға таяу құрайды;

  13. Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес «Бөлшек сауда» қызмет түрімен сауда нысандарының саны 8 бірлікті құрайды;

  14. Басқа аймақтарға жөнелтілген шығарылған өнім көлемі (саны 50 адамнан артық өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) 157 605 168 мың. теңгені құрайды;

  15. Басқа өңірлерден сатып алынған тауарлардың үлес салмағы резиденттерден (50-ден астам жұмысшысы бар көтерме кәсіпорындары бойынша) сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінің 50%құрайды;

  16. Жалпы жұмыс жасайтын кәсіпорындар ішіндегі инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі 15% құрайды;

  17. Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің өсу үлесі 0,9% құрайды.


Әлеуметтік сала (2020 жылы)

  1. Балалардың (3-6 жас) мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтылуы 100% құрайды;

  2. Оның ішінде жекеше мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін дамыту есебінен 37,2 % құрайды.

  3. Балалардың инклюзивті білім берумен қамтылуы жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар санының 33,2% құрайды;

  4. Жаратылыс-математикалық тәртібі бойынша мектеп бітірушілер арасында білімділік бағдарламаларын сәтті (үздік/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 60% құрайды.

  5. 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында NEET үлесі 6,7% құрайды;

  6. ТКБО оқу орындары түлектерінің ішіндегі еңбекке орналастырылғандардың үлесі алғаш оқу орнын тәмамдағандардың 75% құрайды;

  7. Типтік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби біліммен қамту үлесі 22,7% құрайды;

  8. Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 100% құрайды.

  9. 14 жастан 29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатымен қанағаттану деңгейі 80% құрайды;

  10. 100 мың тірі туылғандарға шаққанда аналар өлімін азайту 4-ке дейін төмендейді;

  11. 1000 тірі туылғандарға шаққанда сәбилер өлімін азайту 8-ге дейін төмендейді;

  12. 100 мың халыққа шаққанда жаңадан пайда болған қатерлі ісіктен болатын өлімді 100-ге жеткізу;

  13. 15-49 жас тобындағы адамдардың иммуножетіспеушілік вирусының таралуын 0,2-0,6 %, 1,3 пайызды құрайды.

  14. Жұмыссыздық деңгейі 5,1% дейін төмендейді;

  15. Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өтініш жасаған тұлғалардың жұмысқа тұрғызылғандарының үлесі 82,0% құрайды;

  16. Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылардан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 26% құрайды;

  17. Мақсатты топтарға өтініш бергендер арасындағы тұрақты жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 66,5% құрайды.

  18. Заңды тұлғалар тартқан шетел жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағындағы жергілікті атқарушы органдардың рұқсат беру (шетел жұмысшы күшін тарту квотасы бойынша) үлесі 95% құрайды.

  19. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (көмек алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 100% дейін жоғарылайды;

  20. Жеке сектордың субъектілері ұсынған арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандардың үлесі (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) 5,6% құрайды.

  21. Өндiрiстiк жарақаттанудеңгейi (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi) 0,20 % құрайды.

  22. 1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына барушылардың орташа саны:

- кітапханаларға 221,4 адам;

- театрларға 285,6 адам;

- концерттік ұйымдарға 304,5 адам;

- мұражайларға 190,7 адам.



  1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 30% құрайды;

  2. Балалар – жасөспірімдердің спорт мектептерінде дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7 -ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қамту балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 10% құрайды;

  3. Ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын арттыру 5 жылда салыстырғанда 30% құрайды;

  4. Келетін туризм бойынша (резиденттер емес) орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын арттыру, 5 жылда салыстырғанда 30% құрайды;

  5. Тәулігіне ұсынылған орындар саны 5 жылда 30% құрайды;

  6. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 90% құрайды;

  7. Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 20% құрайды;

  8. Үш тілді меңгерген (мемлекеттік, орыс және ағылшын) ересек тұрғындардың үлесі 20% құрайды;


Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп (2020 жылы)
1. Көшелерде орын алған қылмыстардың үлес салмағы 26,5%-ға төмендейді;

2. ЖКО қаза тапқандар санын 100 жапа шеккендерге азайту 2,3 жағдайға дейін төмендейді;

3. Кәмелет жасына толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы 1,3% құрайды;

4. Полицияға сену деңгейі 60% құрайды;

5. 100 мың адамға шаққандағы тонау деңгейі 150-ге дейін құрайды;

6. 100 мың адамға шаққандағы адам өлтіру 5 дейін төмендейді;

7. Бұрын қылмыс жасағандар қылмыстарының үлес салмағы 17,9% құрайды;

8. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылдар инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейі 57% құрайды.


Инфрақұрылым (2020 жылы)


  1. Тіркелген телефон байланысы желісінің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда 32,3 бірлікті құрайды;

  2. Интернетті пайдаланушылар үлесі 45,5% құрайды;

  3. Халықтың сандық сауаттылық деңгейі 80% құрайды;

  4. Бес жыл ішінде құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің өсу қарқыны 134% құрайды;

  5. Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының 5 жыл ішінде жалпы алаңы 6 582,0 мың шаршы метрді құрайды;

  6. Паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының жалпы санынан мүгедектер үшін қол жетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі 100% құрайды;

  7. Күрделі жөндеу талап етілетін кондоминимум нысандарының үлесі 51% құрайды.

  8. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 80% құрайды.

  9. Қаланың жалпы жолаушылар ағымындағы қоғамдық көлік үлесі 48% құрайды;

  10. Орталықтандырылған жүйеге қолжетімділігі:

  • сумен қамту 100% құрайды;

  • су бұру қызметтеріне 86% құрайды;

  1. Жалпы ұзындықтағы жаңартылған желілер үлесі:

- жылумен жабдықтау 1,8% құрайды;

- электрмен жабдықтау 2% құрайды;

- газбен жабдықтау 1,5% құрайды.


  1. Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі жаңартылып отыратын энергия көздерінің өндірілген электр энергиясындағы үлесі 4,25% құрайды.


Экология және жер ресурстары (2020 жылы)
1. Зиянды қалдықтардың шығарылу көлемі:

- атмосфералық ауаға шығару 0,1 млн. теңге;

- су нысандарына шығару қарастырылмаған.

2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі көлемінен кем дегенде 8% құрайды.

3. Қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша халықты қамту 100% құрайды.

4. Су қойған аймақтарын аббат тандыру және арналарды қайта жаңалаудан кейін өзен участкелерінің жалпы ұзындығын көбейту үлесі 59,7% құрайды.



Мемлекеттік қызметтер (2020 жылы)
- Халықтың жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 10 балдық зерттеу межелігі бойынша 9,7 ұпай.


Қажетті ресурстар

Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті жергілікті және республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемі, сондай-ақ инвесторларды ескере отырып, алдын ала есептеу бойынша шамамен 2,1 трлн. теңгені құрайды.


2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

РБ**


107 805

156 277


173 281

149 484


119 066

ЖБ**


12 255

10 618


104 734

74 319


9 585

Бюджеттен тыс қаражаттар

163 398

303 457


83

82

283 561



71 522

Барлық қаражаттар

423 458

566 452


361 997

507 364


286 573


* Болжамды мәліметтер.


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1. Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау

2.1.1. Экономика

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика



Жалпы өңірлік өнім

Алматы қаласы еліміздің ірі қаласы, Алматы агломерациясының ядросы, республикалық бюджеттің доноры болып табылады және ұзақ жылдар бойы жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі - ЖӨӨ) көлемі бойынша елдің басқа аймақтары ішінде көшбасшы орынды иеленіп келеді. 2015 жылы қаланың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі (бұдан әрі - ЖІӨ) 22,3% құраған.

Қала ЖӨӨ нақты өсімінің орташа жылдық қарқыны 2013-2015 жылдарда 16,9% құраған. Бұл жағдайда нақты өсімнің 8,7% орташа жылдық қарқынына 2013-2015 жылдардағы кезеңде (инфляцияны шегергендегі нақты өсім) негізінен сауда және қызмет көрсету саласындағы өсімнің есебінен қол жеткізілген.

2013 және 2014 жылдардағы инфляция 7% асқан жоқ, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция мақсатты болжам 6-8% кезінде 14,8% деңгейінде қалыптасты.

Алматы - сервистік экономикалық қала. 2015 жылдағы ЖӨӨ құрылымындағы сауда және қызмет көрсету салаларының үлесі 88%-дан астам болған.



2.1.1.1.1. Инфляция деңгейінің серпіні:


Атауы/жылдар

Өлшем бірлігі

2013

2014

2015

Кезең соңындағы инфляция деңгейі, өткен жылдың желтоқсан айы, %


%


104,4

107,0

114,8

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Көтерме және бөлшек сауда секторы қала экономикасына зор үлес қосады және 2013-2015 жылғы нақты өлшемде орташа жылдық өсу ырғағы (бұдан әрі - ОЖӨЫ) 8,7% болғанда ЖӨӨ 35,6% құрайды. Аталған өсім сауда – ойын-сауық орталықтары санының көбеюімен түсіндіріледі.
Елеулі көлемі басқа қызметтер секторының үлесіне тиеді – 28,7% ЖӨӨ (ОЖӨЫ – 5,6%). Басқа қызметтердің өсуі тұтас алғанда халық кірісінің біршама артуымен және осының салдары ретінде қызметтерді тұтыну және жылжымайтын мүліктер операциялары мөлшерінің артуымен сипатталады.

2015 жылы ЖӨӨ-нің жалпы көлемінде секторлардың үлес салмағы: Өнеркәсіп - 4,6% , ауыл шаруашылығы – 0,0%, құрылыс – 2,7%, сауда – 35,6%, көлік және қоймалау – 5,5%, ақпарат және байланыс – 6,4%, қаржы және сақтандыру қызметі - 8,7%, өзге де салалар – 36,5%.
2.1.1.1.1. сурет. ЖӨӨ экономика секторлары бойынша нақты өсімі

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті, Алматы қаласының Статистика департаменті



Секторлардың мұндай қатынасы әлемнің көптеген ірі қалаларына тән жағдай болып табылады. Сауда және қызмет көрсету экономиканың дамуын белгілейтін негізгі факторлар болып табылады. Алайда Алматы өнеркәсібінің дамуы теңдес қалалармен салыстырғанда біршама төмен, сол себепті аталған сектордағы өсу әлеуеті бар. Экономикадағы өнеркәсіптің меншікті үлесін ескере отырып, оның біршама артуының өзі қаланың жалпы ЖӨӨ деңгейіндегі өзгерістерге алып келмейтіндігін айтуға болады.

2.1.1.1.2. сурет. ЖӨӨ құрылымы

 

ЖӨӨ құрылымы, %



Көрсеткіштер/жылдар

2013

2014

2015

 

Барлығы, оның ішінде:

100

100

100

1

Өнеркәсіп (барлығы)

5,6

5,5

4,6

1.1.

Қайта өңдеу өнеркәсібі

4,6

4,6

3,8

2.

Ауыл шарушылығы

0

0,04

0

3.

Құрылыс

2,7

2,9

2,7

4.

Сауда

33

33,5

35,6

5.

Көлік және қоймалау

5,1

5,9

5,5

6.

Ақпарат және байланыс

7,2

6,6

6,4

7.

Қаржы және сақтандыру қызметі

8,6

8,3

8,7

8.

Басқа салалар

37,8

37,2

36,5

Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті


2.1.1.1.2. кесте. ЖӨӨ көлемі және құрылымы

Атауы/жылдар

Өлш. бір.

2013

2014

2015

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі

млрд. теңге

127,9

143,6

9100,0

Нақты көлемінің индексі

%

114,3

106,8

104,2

Жан басына шаққанда ЖӨӨ

мың. теңге

5044,5

5247,9

439,6

ҚР ЖӨӨ-ің жалпы көлеміндегі қаланың үлес салмағы

%

19,8

20,5

22,3

Дереккөз: Алматы қаласының Статистика департаменті, салыстырылатын қалалардың ресми статистика ұйымдары
Еңбек өнімділігі

Орта есеппен алғанда Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласындағы еңбек өнімділігін дүниежүзінің басқа қалаларымен салыстыруға болады. Алматы қаласының көрсеткіші жұмыспен қамтылған жан басына есептегенде 61,9 мың АҚШ долларын құрайды, бұл Мәскеу қаласынан 15% артық және Варшавадан 42% кем.



Алайда ішкі секторлар арасында өнімділік бойынша біршама айырмашылықтар байқалады. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру сияқты адамның қатысын көп қажет ететін секторлар көшбасшылардан ондаған есе (жылжымайтын мүлік операциялары және сауда) артта қалып отыр.
2.1.1.1.3. сурет. Салалар бойынша еңбек өнімділігі, 2015ж.



Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
Алматы нақты сектордағы еңбек өнімділігі бойынша дүниежүзіндегі басқа қалалардан біршама артта қалып отыр, мұнда еңбек өнімділігі Алматыдағы сауда және қызмет көрсету секторларынан айтарлықтай төмен. Бұл жағдайда егер ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндіруші өнеркәсіптің деңгейі есептеу базасының төмендігіне байланысты көрсетілмеген деп алатын болсақ, құрылыс (2014 жылы 19 мың АҚШ доллары) және өңдеуші өнеркәсіп (37 мың АҚШ доллары) салалары біршама жақсару аймағы болып табылады. Аталған салаларда жұмыспен қамтылған халықтың 15% астамы жұмыс жасайды және олардың үлесіне ЖӨӨ 8,8% тиесілі болады. Осылайша, 2015 жыл
қорытындылары бойынша қала өңдеуші өнеркәсіптің өнімділігі бойынша негізгі мақсатты көрсеткіштеріне жеткен жоқ. Аталған көрсеткішке қол жеткізу коэффициенті 0,78 құраған. Көрсеткіштердің төмен болуы заманауи өндірістің жеткіліксіз дамуына, сонымен қатар, көлемінің салыстырмалы шағын болуына байланысты болып отыр.
2.1.1.1.3. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- халықаралық деңгейдегі постиндустриалдық мегаполис ретінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ өсім факторларының бірі инвестициялар болып табылады;

- еңбек өнімділігінің өсуін жеделдету, өндірістің одан әрі дамуына қолайлы жағдай;

- Алматы агломерациясының елді мекендерінің тұрақты еңбек, мәдени-тұрмыстық және рекреациялық байланыстары бар.




Әлсіз жақтары:

- жалпы республика экономикасын дамытуға сыртқы факторлардың ықпалы, сондай-ақ теңгенің құнсыздануы, ол халықтың сатып алу қабілетін төмендетуі мүмкін;

- Қазақстанда жоқ, өзіндік бәсекелестік басымдықтары бар көрші елдер тарапынан инвестициялық ресурстарға бәсекелестік деңгейінің жоғарылығы;

- әсіресе өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің төмендігі.




Мүмкіндіктер:

- бюджеттің кіріс бөлігінің резервтерін анықтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану (мемлекет активтерін);

- нақты экономика секторын қолдау және және кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру;

- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляция деңгейін төмендету;

- әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қолдау;

- қалада инвестициялық белсенділікті жақсарту және басым жобаларды іске асыру.




Қауіп-қатерлер:

- дағдарыс үдерістері экономиканың барлық дерлік салаларын қамтиды, қаланың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өсімнің теріс мәніне әлеуетті енеді. Өндіріс құлдырайды, жұмыссыздық көбейеді, халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді, капиталдың сыртқа кетуі, тұтыну құнының артуы. Қаланың ЖӨӨ бұл жағдайларда тоқыраушылық жағдайда болады.

- Қаржылық сектордың елдің астанасына кетуі қаланың ЖӨӨ төмендеуіне және білікті мамандардың кетуіне әкеп соғуы мүмкін, сондай-ақ басқа секторлардан (қызметтер, сауда) түскен пайданы қосымша алып кетеді.


2.1.1.2. Өнеркәсіп
2015 жылы Алматы қаласының өнеркәсібі 1 542 кәсіпорыннан құралады, олардың 7,1% ірі және орта кәсіпорындар санатына жатқызылады. Олар қала индустриясының негізін құрайды және өнеркәсіптік өнім көлемінің 77,5 % өндіреді.

2015 жылы Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 646,3 млрд. теңгеге жеткен, нақты өсім соңғы 3 жылда 3,7% құраған.

Осы орайда агломерация аймағына енетін қала маңындағы аудандар Алматы облысының өнеркәсіптік өндірісінің 80% жуығын қалыптастырады.



2013-2015 жылдардағы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекс көрсеткіші тұрақты үрдісті көрсетіп, 2013 жылы біршама артқан және 2015 жылы төмендеген. Осылайша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша қала Алматы қаласының 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасының негізгі мақсатты көрсеткіштеріне жете алмаған (жетістік коэффициенті 0,99). Құлдыраудың негізгі себептері шикізаттың өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай 80-120%-ға қымбаттауы, Медеу және Түрксіб аудандарында өндірістің төмендеуі, нәтижесінде өндірілетін өнімге тапсырыстар мен сұраныстың төмендеуі. 9 кәсіпорын толығымен тоқтап тұрған, 31 кәсіпорын өндірістің 50%-дан астам төмендеуіне жол берді.

2.1.1.2.1. кесте. Алматы қаласының сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өлш. бір.

2013

2014

2015

Сыртқы сауда айналымы

млрд. доллар АҚШ

27,4

22,3

14,4

Экспорт

млрд. доллар АҚШ

4,7

5

2,8

Импорт

млрд. доллар АҚШ

22,7

17,3

11,6

Сальдо

млрд. доллар АҚШ

-18

-12,3

-8,8

Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Шикізаттық емес тауарлардың экспорттық үлесі 2013-2015 жылдардағы кезеңде 3,2% төмендеген. Бұның бәрі өңдеуші өнеркәсіп өнімдері көлемінің жалпы азаюына байланысты болып отыр.

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің саны іс жүзінде бір деңгейде қалып отыр. Олардың санындағы ауытқу қала шаруашылығы мен қала халқының құбылмалы қажеттіліктеріне жауап болып табылатын кейбір өндіріс орындарының өз жұмысын бастауынан туындаған. Негізінен бұл фармацевтикалық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының кеңеюі мен ашылуына қатысты.

Соңғы үш жыл ішінде қаланың тіршілік қабілеттілігін қамтамасыз ететін ішкі салалардың үлес салмағы артқан. 2015 жылы электрмен қамту, газ және жылу беру, ауаны желдету, сумен қамту, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинаудың үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төрттен бір бөлігі тиісті болған.

30-дан астам арнайы маманданған салалар, ішкі салалар мен жекелеген өндірістер енетін тағам өнеркәсібі Алматы қаласының өнеркәсіптік кешеніндегі ірі салалардың бірі болып табылады. 2013-2015 жылдардағы кезеңде тағам өнімдері өндірісінің жалпы өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі үлес салмағы 26,3%-дан 30,8%-ға дейін артқан.



Алматы қаласында бірқатар ірі және технологиялық тұрғыда озық лак-бояу материалдарын, сумен қамту, кәріз және шоғырсымдарды қорғау жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларды, термоқабықшалар, қаптама өнімдерін, өлшеп қаптау қапшықтарын, тағам өнімдері мен мұздатылған өнімдерге арналған қапшықтар өндіру бойынша химия өндіріс орындары орналасқан. 2015 жылы алдыңғы жылдардағы біршама өсімнен кейін химия өнеркәсібінің және машина жасаудың көлемі айтарлықтай азайған.

Қаладағы өнеркәсіп саласының негізгі қиыншылығы төмен еңбек өнімділігі, сонымен қатар, саланың көрсеткіштерін жекелеген кәсіпорындардың жұмысына тәуелді ететін шағын көлемдері болып табылады. Салалық дамуды әрі қарай қолдау үшін қалада «Алматы қаласы Алатау ауданындағы индустриалды аймақты құру» жобасы жүзеге асырылуда.

Кластер құрудың негізгі мақсаты экспортқа бағытталған экологиялық шикізаттық емес өнімдер жасауды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.

Сонымен, 6 өндіріс секторы бар:

- тағам өнеркәсібі;

- машина жасау;

- құрылыс өнеркәсібі;

- фармацевтикалық өнеркәсіп;

- химия өнеркәсібі;

- жеңіл өнеркәсіп.



Индустриялық аймақта 4 489 жұмыс орындарын құра отырып, 176,9 млрд. теңге инвестицияның жалпы көлемімен 33 жоба бекітілді.

2.1.1.2.2. кесте. Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

 Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2013

2014

2015

Өнеркәсіптік кәсіпорындар саны, бірлік

бірл.

1407

1392

1542

Өнеркәсіптік өнім көлемі, млн. теңге

млрд. теңге

641,0

739,9

646,3

Өнеркәсіптік өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, %


%

105,5

102,2

100,2

Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығарудың нақты көлемінің индексі, %


%

108,2

100,6

99,8

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам

мың АҚШ доллары/адам

35,0

28,7


19,6

Елдің жалпы экспорты көлеміндегі шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемінің үлесі,%



%

12,2

13,7

10,5

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы
2.1.1.2.3. кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн. теңге

Атауы/жылдар

2013

2014

2015

Өнеркәсіп

641043

738948

646 306

оның ішінде:










тау-кен өнеркәсібі

-

220

221

өңдеуші өнеркәсіп

483 767

580 625

476 589

оның ішінде:










тағам өнімдері өнеркәсібі

127 316

187 531

147 246

сусындар өндірісі

29 962

33 249

30 292

тоқыма бұйымдары өндірісі

1 300

1 327

1 072

киім өндірісі

7753

4696

5 430

тері және онымен байланысты бұйымдар өндірісі

1 463

2 520

3 261

жиһаздан басқа ағашжәне тығынды бұйымдар өндірісі

2 659

1 985

3 102

қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

7 063

10 169

10 008

Жазба материалдарын басып шығару және көшіру

42 149

34 738

36 209

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

967

2 940

1 340

Химия өнімдерін өндіру

12 138

6987

6 096

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру

16 752

17 132

7 580

Резина және пластмасса бұйымдарды өндіру

29 134

27 055

19 588

Басқа да металл емес және минералды өнімдерді өндіру

48 848

55 401

50 464

Металлургия өнеркәсібі

23 131

40 387

40 287

Машиналар мен құрылғылардан басқа дайын металл бұйымдарды өндіру

29 359

36 564

23 183

Компьютер, электронды және оптикалық өнімдер өндіру

19 513

23 455

12 121

Электрлік құрылғылар өндірісі

7979

7 314

7 614

Басқа санаттарға жатқызылмаған машиналар мен құрылғылар өндірісі

5 050

10 702

6 311

Автокөлік құралдары, трейлер және жартылай тіркемелер өндірісі

1 141

4 909

4 730

Басқа көлік құралдары өндірісі

11 250

8 551

4 264

Басқа да дайын бұйымдар өндірісі

2 553

2 027

1 507

Жиһаз өндірісі

13 683

13 522

9 001

Машиналар мен құрылғыларды жөндеу және орнату

42 603

47 454

45 867

Электрмен қамту, газ және жылу беру, ауаны желдету

136 015

136 967

147 929

оның ішінде:










Электр энергиясын өндіру, беру және тарату

84 005

69 402

63 096

Газ тәрізді отынды өндіру және тарату

9 826

15 297

34 140

Жылу беру және ауаны желдету жүйелері

42 184

52 268

50 692

Сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен таратуды қадағалау

21 261

21 134

21 576

оның ішінде:










Суды жинау, өңдеу және тарату

11 252

12 314

12 411

Кәріз жүйесі

3 6322

3 963

4 039

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою

6 377

4 856

5 126

Машинажасау

87 537

102 387

80 909

Қара металлургия

6 323

18 848

21 465

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жыл

Жергілікті мазмұнды дамыту
Отандық тауар өндірушіні қолдау және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұлттық компаниялардың сатып алуларында олардың үлесін арттыру мақсатында 2015 жылдың 28 желтоқсанында «Мемлекеттік тапсырыс 2015» жыл сайынғы акциясы өткізілді.

2015 жылдың қаңтарында Алматы қаласының әкімдігі ұлттық компаниялармен және отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгеге өзара түсіністік туралы 6 Меморандумға қол қойды.

Бүгінгі күні Меморандумдарды орындау шеңберінде жалпы сомасы 5,2 млрд. теңгеге шарттар жасалды.

3 қазанда Алматы қаласының әкімдігі және «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында Алматы қаласының іскерлік ортасымен және ЭКСПО бас мердігерлерімен жалпы сомасы 10 млрд. теңгенің сомасына ынтымақтастық туралы 12 меморандумға қол қойылды.



2015 жылғы 28 қазанда Алматы қаласының әкімдігі «Даму» қорымен бірлесіп қазақстандық үлесті дамыту бойынша «Қазақстанда жасалған» форум-көрмесін өткізді. Осы форумның шеңберінде Алматы қаласының мердігер ұйымдары лері мен тауар өндірушілерінің арасында 9 меморандумға қол қойылды.

2015 жылғы 21 қарашада Алматы қаласының әкімдігі 2017 жылғы Универсиадаға дайындық шеңберінде отандық өндірушілермен ынтымақтастық Форумын өткізді. Универсиадаға дайындық барысында өнім жеткізу үшін Алматы қаласының мердігерлері мен өндірушілерінің арасында Форум шеңберінде 13 меморандумға қол қойылды. Жасалған Меморандум сомасы шамамен 20 млрд.теңге.

ЭКСПО-ның басты мердігер ұйымдарымен нысандар құрылысы шеңберінде Алматы қаласының 15 отандық тауар өндірушілермен 1,9 млрд. теңге жалпы сомаға шарттар жасалды.
Алматы қаласының Мемлекеттік мекемелері.

Алматы қаласының мемлекеттік мекемелері және ұйымдары ұсынған қазақстандық мазмұн және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептеріне сәйкес 2015 жылғы жағдай бойынша 151,2 млрд. теңгенің сомасына 25 919 орындалған шарттардан қазақстандық үлес салмағы 78,7 млрд. немесе 52% құрады, оның ішінде:

- тауарлар бойынша 21,6% 13,5 млрд. теңгенің сомасы;

- жұмыстар бойынша 54% 119,1 млрд. теңгенің сомасы;

- қызметтер бойынша 61,5% 18,6 млрд. теңгенің сомасы.

Ұлттық компаниялар.
«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін Ұлттық компаниялар 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Алматы қаласының кәсіпорындарымен жалпы сомасы 770,3 млрд. теңгеге шарттар жасасты, оның ішінде:

- тауарлар – 332,1 млрд. теңге;

- жұмыстар – 200,0 млрд. теңге;

- қызметтер – 238,2 млрд. теңге.

Қазақстандық мазмұндық үлесі 72%.

Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.
Энергияны үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралының бірі болып табылады. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ Алматы қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласы экономикасының өсуімен байланысты энергетикалық ресурстарды тұтыну негізінен ішкі өңірлік өнім сияқты қарқында өседі, өйткені экономикалық өсім өнімді өндіруді арттырумен, ресурстарды пайдаланумен бірге жүреді. Осылайша энергияны үнемдеу Алматы қаласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Алматы қаласы бойынша электр энергиясының және қуатының заманауи нарығы «Алматы энергия станциялары» АҚ (бұдан әрі – «АлЭС» АҚ) энергия көздерінен электр энергиясын жеткізуден және 30% ЖГРЭС және ГРЭС Павлодар-Екібастұз энергия торабынан электр энергиясын сатып алудан қалыптасады.

Электр энергиясын тұтыну құрылымы тұтынудың негізгі үлесі өнеркәсіп кәсіпорындарына – 33% , халық – 29 %, өзге де – 25%, бюджет ұйымдары – 13% келетінін көрсетеді.



2.1.1.2.3. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- макроэкономикалық және саяси тұрақтылық;

- іскерлік ахуалды жақсарту және реформаларды жүргізу;

- өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін даму институттары жүйесінің болуы.




Әлсіз жақтары:

- өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық белсенділіктің төмендігі;

-Біліктілік деңгейін талап ететін адам ресурстарына қолжетімділіктің төмендігі;

- Инфрақұрылымда тар жерлердің болуы (көлік-логистикалық, энергетикалық, сумен жабдықтау);

- Өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі;

- Инновациялық жүйенің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

- Ресурс тиімділігінің төмендігі және өнеркәсіптің жоғары энергия өнімділігі;

- Техникалық реттеудің дамымаған жүйесі:



Мүмкіндіктер:

- Кедендік одақ нарығына қолжетімділік, Қытайдағы, Орта Азиядағы және Каспий аралық мемлекеттердегі нарықтық мүмкіндіктер;

- Ресурс секторларының технологиялық құрал-жабдықтарына, мамандандырылған қызметтерге және инновацияға сұраныс;

- Өңдеуші өнеркәсіпте заманауи өндірістік және басқару технологияларын енгізу;

- Мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулардың және жер байлықтарын пайдаланушылардың сатып алуларының тиімділігін арттыру.


Қауіп-қатерлер:

- жаһандық және өңірлік дағдарыс түрлерінің Қазақстанның экономикасына және өндірісіне теріс әсері.





Түйткілді мәселелер:


  • қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығының төмен жүктемесі;

  • ескірудің жоғары дәрежесі, кәсіпорындардағы жабдықтардың рухани ескіруі;

  • ішкі нарықтың әлсіз дамуы;

  • шығарылатын өнімдердің төмен сапасы және оның түрлерінің аз болуы;

  • өнімдерді сертификаттау үшін сынақ базаларының және зертханалардың жоқтығы;

  • өнімдердің жоғары энерго және еңбек өнімділігі;

  • көлік - логистикалық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі;

  • тиісті білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

  • салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік - өнеркәсіп базаларын жаңғыртудың қажеттілігі;


2.1.1.3. Азық-түлік белдеуін дамыту
2013-2015 жылдар кезеңінде тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға салынатын НКИ тұрақсыз үрдіске ие болды. Сонымен қатар, 2015 жылы 146,7% біршама өсті. Мұндай үрдіс жалпы өткен кезеңде экономиканың дамуына сәйкес келді.

Алматы қаласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2013 жылы жалпы көлемі 0,66 га болатын шағын жылыжай салынды, ол корей технологиясын пайдалана отырып, жеміс-көкөніс түрлерін өсіру әдісін жетілдіруге және бір маусымда 53 тонна қияр алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Өндірілген өнімнің барлық көлемі қала халқына «Алматы Aзық» ЖШС сауда желісі арқылы сатылды.

Сондай-ақ, 2013 жылы Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «GEGA» ЖШС азық-түлік – логистикалық орталығының бірінші корпусының құрылысы аяқталды. Орталықтың өткізу қабілеттігі 36 мың тоннаны құрайды. «GEGA» ЖШС өндірушіден азық-түлік өнімдерінің барлық түрлерін тікелей сатып алатын, өз аумағына көлікпен жеткізуді, кедендік рәсімдеуді, жүкті қоймада сақтауды, қайта өңдеуді және қаланың бөлшек сауда орындарына жеткізуді қамтамасыз ететін болады.

2013-2015 жылдарға арналған азық-түлік тауарларының өңірлік қорын қалыптастыру аясында, «Алматы» ӘАТК» АҚ-ға 1 166,9 млн. теңге көлемінде Алматы қаласының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаражат бөлінді.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

2015 жылы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдірушілердің қатысуымен 9 жалпы қалалық жәрмеңке өткізілді. Сатылған өнімнің жалпы көлемі 1 920 тоннаны, 1 170 млн. теңгеге құрады.

Сонымен қатар, апта сайын Алматы қаласының барлық аудандарында Алматы облысының жақын орналасқан ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің, сондай-ақ Алматы қаласының сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен «Демалыс күнінің» жәрмеңкелері өткізіледі. 2015 жылдың басынан бастап Алматы қаласының аудандарында 602 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, олардың тауар айналымы 1,7 млрд. теңгені құраса, 2014 жылы 627 жәрмеңкеден, жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге жиналды
2.1.1.3.2. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- Тамақ өнеркәсібін дамыту.




Әлсіз жақтары:

  • импортқа тәуелсіздіктің жоғары болуы;

  • саланы құрылымдық-технологиялық жаңғырту қарқынының төмендігі;

  • нарық инфрақұрылымын дамытудың қанағаттанарлықсыз деңгейі.

Мүмкіндіктер:

- жылыжай шаруашылықтарының, дайындау пунктілерінің қуаттылығын арттыру бойынша инвестициялық жобалар қатарын іске асыру, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын және сүт пен ет жинау бойынша стационарлық пунктерді дамыту;



  • Алматының ауыл шаруашылығы қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру.




Қауіп-қатерлер:

- ГМО және химиялық қоспалары бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасының төмендігі.





Түйткілді мәселелер:


  • несие алу кезінде ауыл шаруашылық өндірушілеріне қажетті ликвидтік кепілдік мүліктің жоқтығы;

  • қала кәсіпорындарының моралдық және физикалық тозған құралдары үлесінің жоғары болуы;

  • өндірістік қайта өңдеуге лайықты шикізаттың жетіспеуі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет