V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XII сессиясының 2016 жылғы № шешіміне қосымша


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау



бет6/10
Дата13.02.2017
өлшемі7,04 Mb.
#9173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау



Демография және көші-қон
2016 жылдың басында Алматы халқының саны 1 703,5 мың адамды құрады, оның ішінде 779,2 мың адам (45,7%) ер адамдар және 924,3 мың адам (54,3%) әйелдер.

Халықтың аса басым бөлігі Бостандық (тұрғындардың жалпы санының 19,4%-ы) және Әуезов (16,6%) аудандарында тұрады. Әйелдердің ең жоғарғы үлесі Алмалы ауданында тіркелді (59,6%), ең төменгісі – Алатау ауданында (50,7%).

Ұзақ уақыт бойы, соңғы 3 жылды қоса алғанда, демографиялық көрсеткіштердің барлық динамикаларында оң өзгеріс байқалады.

Алматы қаласы халқының саны тұрақты түрде өсіп келеді. Соңғы үш жыл ішінде қала халқының саны 11,5%-ға артқан. Халықтық санының едәуір көбеюіне негізінен үш негізгі фактор ықпалын тигізген: қалаға жаңа аумақтардың қосылуы, халықтың табиғи өсімі және оң көші-қон ағындары.

2014 жылы Алматы қаласына халық саны 92 мың адам шамасында болатын қала маңындағы біраз аудандар қосылған.

2015 жылы халықтың табиғи өсімі 20,4 мың адамды құрады, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8% -ға көп ал, 2014 жылы 18,9 мың адам болса, 2013 жылғы көрсеткіштен 14,4% -ға артық. Бұл өлім-жітім нәтижесінің төмендеуіне алып келді. Өлім-жітім 1000 адамға шаққанда, 2013 жылғы 7,2% -дан, қарастырылып отырған кезеңде 2015 жылы 6,4% -ға дейін төмендеді. Халықтың табиғи өсімінің артуына алматылықтардың өмір сүру ұзақтығының артуы ықпал етті. Соңғы үш жыл ішінде аталған көрсеткіш 2,1 %-ға жоғарылап, 75,3 жасқа жетті.
2.1.2.3.1. сурет. Алматының демографиялық пирамидасы


Алматының демографиялық пирамидасы, 2015ж.

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Алматы қаласы халқының жас құрылымы студенттік жастағы адамдардың үлесі өте жоғары болуымен сипатталады. Бұл экономика құрылымының және қаланың білім беру жүйесінің дамуының салдары болып табылады. Қала халқының жас құрылымы қаланың демографиялық дамуының өнімділігінің жоғары фазасын білдіреді және болашақта Алматы қаласының демографиялық ахуалы қолайлы болатынын білдіреді. Бұл Алматы қаласын 2016-2020 жылдары және одан кейінгі уақытта дамытудың іргелі базасын қалыптастырады.

Қаланың халық санының өсуінің үшінші факторы иммиграциялық өсім болып табылады. Соңғы жылдары ол қаланың бүгінгі өмірі мен болашақ дамуына біршама әсер ететін факторлардың біріне айналған.



Көші-қон сальдосы, мың адам

2013-2015 жылдарға
2.1.2.3.2. сурет. Алматы қаласының көші-қон сальдосы


Дереккөз: «Алматықаласы 2013 жылы» Алматы қаласы Статистика департаментінің жыл сайынғы санақ жинағы, 2013-2015 жыл; «Алматы қаласы 2013-2015 жылдардағы қаңтар-желтоқсан айларындағы халықтың көшіп-қонуы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл.
2013-2015 жылдар аралығында оң көші-қон сальдосы 78,4 мыңға жуық адамды құраған. Бұл жағдайда осы кезеңдегі жылдық көші-қон сальдосы шамамен 50%-ға артқан және алдағы жылдары ол күрт төмендейді деп болжауға ешбір негіз жоқ. Осы қарқынды көші-қон ағыны қалада белгілі әлеуметтік қысым тудырады, себебі тұрғын үй мен еңбекке орналасуға мұқтаж жандар қаладағы еңбек нарығындағы бәсекелестік пен қылмыстық ахуалды шиеленістіреді.

Бұл жағдайда сырттан көшіп келгендерді ресми есепке алу саны көші-қон қызметтері мәліметтерінен кем дегенде 20 – 25% жоғары болатын барлық көшіп келушілерді қамти алмайды. Алматы қаласының әрі қарай даму барысында қаланың даму кезеңіндегі иммиграцияны ескеріп, аталған жағдайдың артықшылықтарын пайдаланып, зиянды жақтарын қадағалау керек.

Тұрғындардың елдің басқа аймақтарынан қосылуы қала территориясының ресурстық мүмкіндіктерін (әлеуметтік, инженерлік, көлік инфраструктурасын, аймақтың экологиялық жағдайын және еңбек нарығын) есептемеген жағдайда жүйесіз болып тұр.

Келешекте (2030 жылға таяу) Алматы агломерациясы тұрғындарының саны 1,1 млн. адамға немесе 45,9% артуы, оның ішінде қала тұрғындарының саны 0,9 млн. адамға (53,7%) артуы күтілуде.

Халықтың гендерлік құрылымы ұзақ жылдар бойы тұрақты болып келеді. Әйел адамдар халықтың 54,4%-ын, ер адамдар – 45,6%-ын құрайды.

Дәстүрлі түрде әйелдер денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (82%), білім беру (73%) және тұру мен тамақтандыру қызметтері (62%) салаларында жұмыс істейтіндердің басым бөлігін құрайды.



2.1.2.3.1. кесте. Алматы қаласы бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Өл.бір.

2013

2014

2015 *

Жыл соңындағы халықтың жалпы саны,

тыс. чел.

1507,5

1642,3**

1703,5**

Халық санының өсу ырғағы

%

2,17

8,94

3,7

Халық санының табиғи өсімі

тыс. чел.

16,5

18,9

20,4

Туу коэффициенті

на 1000 чел.

18,3

18,3

18,6

Жалпы өлім коэффициенті

на 1000 чел.

7,2

6,7

6,4

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

лет

73,7

74,7

75,3

Ерлер

лет

69,0

70,3

70,8

Әйелдер

лет

77,7

78,3

79,3

* 2013 жылы қосылған аумақтарды қоса есептегенде

Дереккөз: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» санақ жинағы, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 жыл


2.1.2.3.2 кесте.Көші-қон ағындары


Жыл

дар

Жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударғандар саны, мың адам:

Жаңа тұрғылықты жерге көшіп келгендер саны, мың адам:

Көші-қон сальдо

сы

2013

20 490

36 048

15 558

2014

21876

43 868

21 992

2015

23464

64 206

40 742

Дереккөз: «Алматы қаласы 2013 жыл» Алматы қаласы Статистика департаментінің жыл сайынғы санақ жинағы, 2014 жыл; «2014-2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы Алматы қаласы халқының көшіп-қонуы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл
Еңбек нарығы
Мамандар дайындау

Алматы қаласында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында тұрақты және тиімді түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. 2015 жылы барлығы 14,3 мың адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіби оқытудан 1309 адам, оның ішінде кәсіби біліктілігін көтеруден – 111 адам, қайта даярлаудан –720 адам, кәсіби даярлықтан– 478 адам өтті. Басым құқық жұмыссыздарға, мақсаты бар топтар мен 21 жасқа толмаған жастарға берілуде. Сонымен қатар білім алушылар көлік шығындарына материалды көмек алады.



Жұмыспен қамтылған халық сипаттамалары

Алматы қаласының экономикалық белсенді халқы 885,0 мың адамды құраған. Соңғы 3 жыл ішінде (2013-2015 жылдар) экономикалық белсенді халық саны 11% артқан, бұл қала халқы санының артуымен деңгейлес болып отыр (экономикалық белсенділік деңгейі 1,5% артқан). Жалпы бұл экономикалық белсенді халыққа әлеуметтік жүктеме тұрғысынан ешбір кедергісіз қалыпты өсімді білдіреді.

Экономикалық белсенді қала халқының басым бөлігін жоғары білімі бар қалалықтар құрайды, олар Алматы қаласының еңбек ресурстары құрылымын жалпы республикалық көрсеткіштерден ерекшелейді. Қалада жоғары білімі бар, еңбекке жарамды жастағы адамдардың осындай мөлшерінің болуы оңтайлы дерек болып табылады және адам капиталының даму деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, оңтайлы фактор орта кәсіби білімі бар тұлғалардың жоғары үлесі мен бастапқы кәсіби білімі бар адамдар үлесінің азаюы болып отыр, бұл да қалада адам капиталы сапасының өсуін білдіреді.

Осының барлығы Алматы қаласының экономикалық белсенді халқының білім беру құрылымындағы өрлей түскен үрдісті көрсетіп отыр.

2015 жылы жұмыспен қамтылған халықты экономикалық қызмет түрлері бойынша жіктеу жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлес салмағы негізгі 4 салаға тиесілі екенін көрсетіп отыр: көтерме және бөлшек сауда (22,5%), көлік және қоймалау (6,3%), құрылыс (8,3%), өнеркәсіп (17,5%). Жиынтық түрде осы 4 сала жұмыспен қамтылған халықтың 50% жуығын құрайды. Салалар бойынша мұндай жіктеу 2013-2015 жылдар аралығындағы кезеңге тән болған.

Жұмыссыздықтың сипаттамалары

Зерттеліп отырған үй шаруашылықтары мәліметтері бойынша жұмыссыздар саны 2015 жылы 46,5 мың адамды құраған. Жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрайды және соңғы үш жыл ішінде шамамен 0,3%-ға.



Жұмыссыздық саны мемлекет деңгейінен жоғары

Қазақстан Алматы

2015 ж. 2015 ж.



          1. сурет. Алматы қаласының жұмыссыздық салыстыру, 2015

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті.

Алматы қаласындағы жұмыссыздық елдегі орташа деңгейден және салыстырылып отырған әлемдегі қалалардың кейбіріндегіден жоғары екенін айта кету керек. Көшіп келушілердің бір бөлігі еңбек нарығындағы күшейіп отырған бәсекелестік жағдайында жылдам еңбекке орналаса алмайды және жасырын жұмыссыздар қатарын толықтырады.



2.1.2.3.4. сурет. Алматы қаласындағы және Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық серпіні

Алматы қ. елдегі орташамен салыстырғанда жұмыссыз жастардың деңгейі жоғары



4,3%



Дереккөз: Алматы қаласының Статистика департаменті, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

Жастар арасындағы (15-28 жас) жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 7,4%-ға дейін аздап төмендеген, дегенмен елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл еңбек нарығындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жастар арасындағы жұмыссыздық жоғары болуының негізгі себептері республиканың басқа аймақтарынан көшіп келушілер ағыны, сонымен қатар, жыл сайын Алматы қаласының еңбекке жарамды халқының қатарын толықтыратын оқу орындары түлектерінің санының көптігі болып табылады. Түлектердің адами капиталды дамытуда маңызы зор және олар тұрақты жаңаруға көмектеседі, сонымен қатар, олардың жұмысқа орналаса алмаған бөлігі қаладағы қылмыстық ахуалды қиындатады. Алдағы жылдары қала жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруы керек.



2015 жылы еңбекке орналасу мәселелері бойынша өтініш жасаған тұлғалар санатындағы жұмысқа орналастырылғандар саны 16,5 пайызға артқан және 86,1% шамасындағы деңгейде болған, бұл қаланың жұмыспен қамту органдары жұмысының жоғары белсенділігін білдіреді.

Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын шетелдік жұмыс күшін тарту үшін оң iс-қимыл арқылы ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған.

Қалада 2015 жылы 5064 адам деңгейінде шетелдік жұмыс күшін тартуға жеңілдік белгіленген. Шетелдік мамандарды тартуға барлығы 2864 рұқсат берілген (96,7% шамасында) және олардың барлығы дерлік біліктілігі жоғары мамандар болып табылады. Сонымен қатар, жұмыскерлердің жалпы тізімдік құрамындағы шетелдік жұмыс күшінің үлесі 2015 жылғы жоспарланған 6%-дын 5,3%-ын құрады. Тартылған ШЖК санын азайту, отандық еңбек нарығын қорғауға көмектеседі, Қазақстан азаматтарының жұмыспен қамту, өз кезегінде оң әлеуметтік-экономикалық әсер береді.



Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшінің құрамында білікті мамандардың үлесі 77,5% орнына 96,7%-ды құрады жоспарланған, демек, қала экономикасына білікті шетелдік мамандар тартылған.

Айтарлықтай оң үрдіс мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке орналастыру саласында байқалып отыр. 2015 жылы еңбекке жарамды жастағы тіркелген және көмек көрсетуге өтініш жасаған жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны 500 адамды құраған.



2015 жылы жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін тіркелген, еңбекке жарамды жастағы жұмыспен қамтылған мүгедектердің саны, жоспар бойынша 883 адамнан 500 адамды құрады, және 2014 жылдың ұқсас көрсеткішінен 7,1% -ға артық ал, 2012 жылды - 65,0% еді.

Мүгедектігі бар адамдардың төмендеуі жұмыспен қамту органдарына өтініш санының төмендеуі салдарынан, бұл шын мәнінде 2015 жылғы көрсеткішінің орындалмау себебінен орындалды, белгіленген квотаға қарамастан, мүгедектер жұмыспен қамтуда белгілі бір қиындықтар бар, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жалдау үшін жұмыс берушілердің құлықсыздығымен жиі байланысты екенін атап өткен жөн. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұлдар салу әрқашан мүмкін емес, жұмыс берушілер мүгедектік негізінде мүгедектерді жұмыспен қамтиды.

2015 жылы жоспарланғаны 20 мың жұмыс орны еді, экономиканың барлық салаларында 21.800 жаңа жұмыс орны құрылды.
2.1.2.3.3. кесте. Еңбек нарығы жағдайының негізгі көрсеткіштері


Атауы

2013

2014

2015

Экономикалық белсенді халық

787,5

809,2

885

Экономикалық белсенділік деңгейі, %

66,4

67,1

67,9

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

743,1

764,5

838,5

Жұмыспен қамтылу деңгейі, %

94,4

94,5

94,7

Жалдамалы жұмыскерлер, мың адам

683,5

704,3

771,9

Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %

92,0

92,1

92,1

Өз бетімен жұмыс жасайтындар, мың адам

59,6

60,2

66,6

Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %

8,0

7,9

7,9

Жұмыссыз халық, мың адам

44,4

44,8

46,5

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,6

5,5

5,3

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі

(15-28 жас аралығында), %

8,5

8,2

7,4

Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер ішінде жұмыспен қамтылғандар үлесі, %

66,8

69,6

86,1

Ашылған жұмыс орындары саны

22700

23317

21808

Экономикалық белсенді емес халық, мың адам

399,2

396,0

418

Экономикалық белсенді емес деңгейі, %

33,6

32,9

32,1

Жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі, %

4,1

5,3

5,3

Тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі,%

88,2

96,5

96,7

Ұжымдық-келісімдік қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың меншікті үлесі (ірі және орта кәсіпорындар ішінде)

60,5

60,0

81,7

Дереккөз: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл.Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

2.1.2.3.4. кесте. Білім деңгейі бойынша жұмыспен қамтылған халық, мың адам

Атауы

2013

2014

2015

Жұмыспен қамтылған халық

743,1

764,5

838,5

Жоғары

479,1

526,8

629,8

Аяқталмаған жоғары

48,7

66,5

45,8

Орта кәсіби

180,0

153,4

135,0

Бастапқы кәсіби

6,9

7,5

12,8

Орта жалпы

26,3

10,1

14,4

Негізгі жалпы

1,6

0,1

0,4

Бастауыш жалпы

0,5

-

0,1

Дереккөз: «Алматы қаласы халқының 2009-2013 жылдардағы экономикалық белсенділігі», Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2014 жыл, «Алматы қаласындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары, 2014 жыл» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл
2.1.2.3.5. кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық, мың адам


Атауы

2013

2014

2015

Барлығы жұмыспен қамтылған халық

743,1

764,5

838,5

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

3,5

1,4

1,7

Өнеркәсіп

77,6

66,9

82,3

Құрылыс

66,8

69,1

69,8

Көтерме және бөлшек сауда, автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу

158,1

167,3

188,3

Көлік және қоймалау

41,9

37,0

53,0

Ақпарат және байланыс

31,6

41,0

34,8

Тұру және тамақтану қызметтері

17,9

28,0

19,4

Қаржы және сақтандыру қызметі

43,3

47,0

49,5

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

20,0

10,7

19,6

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

53,5

37,7

59,1

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

33,5

35,8

41,3

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

27,4

33,9

31,9

Білім беру

77,3

75,6

85,0

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

43,7

48,7

54,1

Өнер, ойын-сауық және демалыс

16,3

25,4

15,7

Басқа да қызмет түрлерін ұсыну

23,4

37,3

32,8

Дереккөз: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл

2.1.2.3.6. кесте. Халықты еңбекке орналастырудың негізгі көрсеткіштері

Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем

бірлігі

2013

2014

2015

Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша жүгінген тұлғалар ішіндегі жұмысқа орналастырылғандар үлесі

%

66,8

69,6

86,1

Тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі

%

88,2

96,5

96,7

Жұмыскерлердің жалпы тізімдік құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлер үлесі

%

4,1

5,3

5,3

Ашылған жұмыс орындары саны

%

22700

23317

21808

Жалпы жұмыспен қамтылған халық ішіндегі өздігінен жұмыс жасайтындар үлесі

%

8,0

7,9

7,9

Өздігінен жұмыс жасайтын халық ішіндегі өнімсіз жұмыспен қамтылған халық үлесі (2013 жылға дейінгі көрсеткіш есептелмеген)

%

14,6

15,0

12,2

Тіркелген және еңбекке орналасуға көмек көрсетуге жүгінген жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны

адам

272

467

500

1000 жұмыскерге шаққандағы еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдайларда зардап шеккендер саны, %

%


18,6

17,9

16,0

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл
Әлеуметтік қорғау
Зейнеткерлік қамсыздандыру және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу оң серпін көрсетіп отыр.

2015 жылы тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2013 жылғымен салыстырғанда нақты түрде 20,7% артқан, ал осы кезеңдегі зейнетақының ең аз мөлшері 24%-ға жоғарылаған. Айлық жәрдемақының орташа мөлшері осы кезеңде 37% көтерілген.

2.1.2.3.7. кесте. Зейнеткерлік қамтамасыз ету көрсеткіштері


Көрсеткіш атауы


2013

2014

2015

Тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері

38 976

43 679

47 026

МЗТО зейнетақы алушылар – барлығы, мың адам

187,1

198,7

205,7

Зейнетақының минималды мөлшері, теңге

19066

21736

23 692

Алушылар саны, мың адам

38,4

39,0

39,1

Айлық жәрдемақының орташа мөлшері, теңге

17973

21403

21 880

Дереккөз: статистикалық жылнама, 2015 жыл.

2013 - 2015 жылдардағы кезеңде жыл сайын шамамен 10 мың мүгедек орта есеппен сомасы 900 млн. теңге материалдық жәрдемақы алған.

Сондай-ақ табиғи апаттар салдарынан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек қарастырылған.

Кірістері күн көрістің ең аз мөлшерінен халық үлесі 2013-2015 жылдар аралығында аздап ауытқиды және халықтың 0,6% мөлшерінде қалады, бұл жағдайда 2015 жылғы өмір сүру минимумының мөлшері 2014 жылғымен салыстырғанда 3,2% артқан.

Қалада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кедергісіз орта құрудың алғашқы қадамдары жасалуда. Қажетті талаптарға сәйкес жүргізу үшін, олар мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау нысандарын төлқұжаттандыруды жүзеге асырып, қаланың барлық аудандарында жұмыс комиссиялары құрылған. Төлқұжаттандыру нәтижелері бойынша нысандарды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жабдықтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Барлығы 2014 жылдан бастап 375 нысан бейімделген, ол төлқұжатталған нысандардың жалпы санынан 23% құрады.

2015 жылы 648 нысанды төлқұжаттандыруды жүзеге асыру жоспарланған. Жыл ішінде 691 нысан төлқұжаттандырылған. Алайда, бұл белсенді түрде жалғасын табуы тиісті алғашқы қадамдар ғана. Төлқұжаттандыру нәтижелері бойынша нысандарды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жабдықтау жұмыстарын белсенді жүргізетін болады



Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдардың қол жетімділігі қамтамасыз етілген, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарына қатысты қоғамдық мониторинг жүргізетін жұмыс тобы құрылған.

Мониторинг жүргізу барысында түрлі салаларда қызмет атқаратын нысандары қаралды, атап айтқанда: денсаулық сақтау нысандары, білім беру, әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және демалыс, қоғамдық құрылыста және т.б.

Жыл басынан бері Жұмыс тобы қаланың ірі нысандарына барған болатын, атап айтқанда: Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайына, Республика сарайына, қалалық № 5 клиникалық ауруханасына , Абай атынағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына, «Алматы » және «Қазақстан» қонақ үйлеріне, Алматы қаласы жерасты өткеліне және т.б.

Тексеру барысында аталған нысандардың мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімділігін қамтамасыз ету аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттарға сай емес екені анықталды.

Өткізілген мониторингтің қорытындысы бойынша мүгедектерге қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы ұсыныстар ұйымдарға жіберілді.
2015 жылы әлеуметтік қызмет көрсету (алуға мұқтаж жалпы адам саны) қамтылған тұлғалардың үлесі жоспардағы 100%-дың орнына - 96,4% құрады.

Осы көрсеткіш орындалмау себебі ауруханада арнайы әлеуметтік қызметтер болды. Мысалы, мүгедектерге арналған интернат - үйі психоневрологиялық қызметтер көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелерде орын тапшылы кезекте 2015 жылдың аяғында 226 адам тұрды. Интернатының – үй толып, жаңа нысанның құрылысы қаржыландырудың жетіспеушілігінен тоқтатылған. Еліміздің өзге аймақтарда медициналық-әлеуметтік мекемелерде бос орын табу үшін қабылданған шаралар оң нәтиже берген жоқ.

2015 жылы тексерілген кәсіпорындардың қызметкерлерінің саны 198,4 мың адамды, әйелдер - 89,2 мың адамды (45%) құрады. Қолайсыз еңбек жағдайында, қолайлы стандарттарға сәйкес келмейді. Осы қызметтер бойынша 24,8 мың адам жұмыс істеді, немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан сегіздің бірі (12,5%). Олардың төрттен бірі қатты шу мен діріл жағдайында жұмыс істеді (23%), жетіден бірі - жоғары газ ластану және шаң әсерінен, MPC аймағының астында жұмыс істеді (14,7%) және қолайсыз температуралық шарттарында - әрбір жетінші (14,8%). Ауыр дене жұмыстарынмен 6 мың адам жұмыспен қамтылды (барлығының 3%-ы).

Әйелдер арасында, онның бірі (8,5 мың адам) санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайында жұмыс істейтін), оның 7,6% (0,6 мың адам) - шаң және ластанған ортада жұмыс істеді.

2015 жылы зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеу үшін 7,1066 млрд. теңге жеңілдіктер мен өтемақы жұмсалды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 29,4% -ға көп. Жәрдемақы ең көп таралған түрі - қосымша демалыс берілді - 35,8 мың адамға, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер үшін түрлі материалдық қосымша 25,9 мың адамға және 17,5 мың адам тегін сүт немесе баламалы тағамдар алды, тегін емдік профилактикалық тағамдар алғандар - 2,5 мың адам,1,9 мың адам азайтылған сағат бойынша жұмыс істеді - 1,9 мың адам.

2.1.2.3.8. кесте. Халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі индикаторлары




2013

2014

2015

Нақты ақшалай кіріс индексі, %

110,2

110,3

105,7

Халықтың өмір сүру минимумының орташа айлық мөлшері, теңге

19 969

21 242

21 913

Кірісі өмір сүру минимумынан төмен халық үлесі,%

0,6

0,6

0,6

Атаулы әлеуметтік көмек алатындар ішінде еңбекке қабілеттілердің үлесі, %

36,6

32,9

30,5

Жеке сектор субъектілеріне ұсынылатын атаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар),%

3,3

3,5

3,5

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (алуға мұқтаж адамдардың жалпы үлесінде) (индикатор 2012 жылдан бастап енгізілген), %

97,0

96,1

96,4

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл.
2.1.2.3.9. SWOT-талдауы

Күшті жақтары:

- шағын және орта бизнесті дамыту есебінен еңбекке орналастырудың кең саласы;

- еңбек нарығында қажет ететін мамандықтар бойынша оқыту үшін білім беретін мекемелер мен орталықтар санының жеткілікті болуы;

- өндірістік жарақат алудан сақтайтын, қауіпсіздік және еңбек қорғау салаларында нормативтік-құқықтық базаның қажетті деңгейде болуы.


Әлсіз жақтары:

- республиканың өзге өңірлерінен халықтың көшіп-қонуының артуы;

- көші –қонның өсуіне байланысты жастар жұмыссыздығының жоғары үлесі, сондай-ақ еңбек нарығына алғаш рет келген жас мамандардың жұмысқа қабылдануына байланысты мәселелер.

- орта кәсіптік білім мекемелері түлектері қажеттілігінің жеткіліксіздігі;

- еңбекке жарамды мүгедектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

- жұмыс берушілердің қауіпсіздік және еңбек қорғау салаларындағы іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыруы.




Мүмкіндіктер:

- тұрғындардың өмір сапасын жоғарылату;

- шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру;

- еңбек қорғау саласындағы жұмыс берушілерді ынталандыру.




Қауіп -қатерлер:

- экономиканың дамуына жаһандық дағдарыс жағдайларының теріс ықпалы, ол жұмыссыздықтың тез өсуіне әкелуі мүмкін;


- ғаламдық дағдарыс әсерінен жарақаттануға әкеліп соғатын еңбек қорғау саласындағы қаржылай шығындарды төмендету.



Түйткілді мәселелер:
- Жоғарғы оқу орындарында және ішкі еңбек мигранттары есебінен еңбек ресурсының артылуы;

- Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескерместен жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау;

- Еңбек сұранысы мен ұсынысы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарға сай білікті мамандардың жетіспеушілігі;

- Жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі, жас мамандар есебінен болатын жұмыспен қамтылу мәселесі, еңбек нарығында жаңа талапкерлер, осы мәселені шешу үшін іс-шаралардың болмауы;

- Еңбекке жарамды, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жұмыс орындарының жетіспеушілігі, мүгедек адамдарға жұмыстың жоқтығы;

- инфрақұрылымдық нысандардың төмен деңгейде қамтылуы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға;

- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық мүгедек адамдарға орын болмауына байланысты толық қамтылмауы.

2.1.2.4. Мәдениет

Қала республиканың мәдени орталығы болып табылады. Мұнда 200-ден астам демалыс және мәдениет ұйымдары орналасқан, оның ішінде 16 мұражай, 30 кітапхана, 18 театр, 100-ден астам концерттік-ойын-сауық ұйымдары, клубтар мен мәдениет орталықтары, 15 кинотеатр, 9 демалыс паркі, цирк және зообақ бар.

Соңғы 3 жылда ұйымдар саны және оларға келушілер саны орта есеппен көптеген параметрлер бойынша бір деңгейде қалады. Неғұрлым тұрақсыз серпінді театрға келушілер көрсеткіші көрсетіп отыр, бұл театрлардың нақты репертуарларының біршама әсеріне байланысты қалыпты жағдай болып табылады.

2014 жылы тіркелген мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны бірнеше есе артты.



2015 жылы «мәдениет саласындағы жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шаралар саны» нысаналы индикаторы бойынша, жоспардағы 149 іс-шараның 137 іс-шарасы өткізілді.

Орындалмау себебі, әлемдік экономикалық жағдайға және дағдарысқа қарсы бұқаралық іс-шаралар өткізуге бағытталған бюджетті оңтайландыру, факт болып табылады.

Қалада тұрақты түрде тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша, оның ішінде, мәдениет мекемелері тарапынан ескерткіштерді орнату, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Осылайша, 2013 жылы күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын:



  • «С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы» ММ;

2014 жылы 6 тарих және мәдениет ескерткіштеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген:

  • Абай (Ибраһим) Құнанбаев ескерткіші;

  • Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты;

  • Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты;

  • «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші

  • Шоқан Уәлиханов ескерткіші

  • Алматы қ, М.Горький атындағы ОКП жазғы театрды ағымдағы жөндеу

  • Монументалды өнер ескерткіші «28-ші гвардияшы панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалдық кешенін» күрделі жөндеу


2015 жылы, атап айтқанда 2 тарихи және мәдени ескерткіштерді, ағымдағы жөндеу жүзеге асырылады:

  • А. Жангельдин ескерткішіне ағымдағы жөндеу

  • Алматы қаласының ГККП «Қазақ мемлекеттік циркі» ағымдағы жөндеу.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуден басқа, соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жаңа ескерткіштер жасалып, орнатылған болатын (2013 жылы – халық ақыны Кенен Әзірбаевқа, 2015 жылы Әди Шаріповке, және демеушілер арқылы Сүйінбай Аронұлы мен Малбагар Меңдіқұловқа).

Қаланың 16 мұражайы ішінде жекелеген мұражайларда заманауи техникалық жабдықпен экспозициялар бар, мысалы, 2012 жылы Қазақ халық музыка аспаптары мұражайы қайта жаңартылған.



Сонымен қатар, қаланың мұражай кешенінде бірқатар мәселелер бар. Бірқатар мұражайлардың материалдық-техникалық жабдықталуы заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Алматыда шетелдің мәдени орталықтарында кеңінен ұсынылған заманауи өнер мұражайы, интерактивті ғылым және техника мұражайы жоқ. Осы жағдайлардың барлығы Алматының алдына қаланың мұражай кешенін дамыту бойынша үлкен міндеттер қояды.

2.1.2.4.1. кесте. Мәдениет ұйымдарының негізгі көрсеткіштері

Атауы/жылдар 

Өл. Бір.

2013

2014

2015

Театрлар саны

бірл.

13

13

15

Ұсынылымдар саны

бірл.

1499

1700

1846

Көрермендер саны

мың адам

451,9

462,5

466,9

Мұражайлар саны

бірл.

15

16

16

Келушілер саны

мың адам

314,9

308,3

323

Кинотеатрлар саны

бірл.

26

17

15

Келушілер саны

мың адам

6 354,2

4 712,9

3 903,3

Кітапханалар саны

бірл.

31

30

30

Кітап қоры

бірл.

37 359,1

37 545,2

37 677,1

Оқырмандар саны

мың адам

339,2

374,2

372,6

Парктер саны

бірл.

6

8

9

Концерттік ұйымдар

бірл.

12

11

12

Өткізілген концерттер

бірл.

856

773

696

Концерт көрермендер саны

мың адам

438,5

492,4

543,6

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны

бірл.

133

452

197

Халықтың орташа жылдық саны

мың адам

1 491 469

1 621 887

672 908

Дереккөз:Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл.
2.1.2.4.2. кесте. Мәдени іс-шаралар өткізу және мәдениет ұйымдарына бару бойынша көрсеткіштер

Атауы/жылдар

2013

2014

2015

Мәдениет саласында өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны, бірлік

133

452

192

1000 адамға есептегенде мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны










- кітапханалар

225

227,7

222,7

- театрлар

299,7

281

279

- концерттік ұйымдар

290

299,8

324

- мұражайлар

208,8

187,5

193

Мәдениет ұйымдарының қызметтерін өткізу кезінде тапқан қаражаттардың қатынасы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, %

33,3

32

44,2

Дереккөз: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ведомстволық мәліметтері

Мәдениет ұйымдарының қызметтерін өткізу кезінде тапқан қаражаттардың қатынасы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, 44,2 % құрады өткен жылдармен салыстырғанда (2013-2014жылдары) 10,9 және 12,2 п.п. өсу қарқыны көрсетіледі.
2.1.2.4.3. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- Алматы қаласы республиканың интеллектуалды, рухани және мәдени орталығы болып табылады;

- барынша дамыған мәдени инфрақұрылым.


Әлсіз жақтары:

- қаланың бірқатар мұражайлары мен кітапханаларын материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі;

- мамандандырылған мәдени қызметкерлер кадрлар ағысының жоғарылығы.




Мүмкіндіктер:

- мемлекеттің орталығы ретіндегі қаланың мәдени-экономикалық келбетін қалыптастыруға әсер ететін заманауи жалпы ұлттық мәдени, ақпараттық орта, мәдениетті сақтау мен дамыту, тұрғындардың рухани-мәдени деңгейін дамыту.



Қауіп -қатерлер:

- кітапхана, мұражай қорларының, мәдени орталықтардың азаюы.







Түйткілді мәселелер:

- қаланың бірқатар мұражайлары мен кітапханаларының жеткіліксіз түрде материалдық-техникалық жарақтандырылуы;

- қазіргі заманғы мұражайлардың жоқтығы, мысалы, осы заманғы өнер мұражайы мен интерактивті ғылыми мұражайлар;

- арт-менеджмент саласындағы білікті мамандардың тапшылығы.


2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт



2015 жылы Алматы қаласының спорттық құрылымдарының желісі 1202 нысанды қамтыған, ол 2013 жылғымен салыстырғанда 11% артық. Қалада 12 стадион, 14 спорт кешені, 32 жүзу бассейні, 5 оқу-жаттығу орталығы, қаланың ЖОО және мектептер жанындағы 282 спорт нысандары жұмыс жасайды.

Қалада 74 спорт түрі дамитын 27 мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істейді. Осы 16 жас-өспірімдер спорт мектептері, 7 спорт клубтары, 2 деңгейі жоғары спорт мектебі, 1 Олимпиадалық резервін даярлау орталығы, спорттағы дарынды балаларға арналған 1 мектеп-интернат. 2015 жылы шұғылданатындардың жалпы саны 13,5 мың адам, 2014 жылы 13 716 адам және 2013 жылы 13604 адам болды.

Білікті спортшылардың санының ұлғаюы байқалады. Мәселен, 2013 жылы халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері атағына иеленген спортшылар саны 46 болды, 2014 жылы – 60, 2015 жылы – 21 спортшы, 2013 жылы ҚР-ның спорт шеберлері – 186, 2014 жылы – 310, 2015 жылы – 93, 2013 жылы спорт шеберіне үміткерлер – 498, 2014 жылы – 809 және 2015 жылы – 454.

Алматы қаласында дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын тұрғындар санының өсу үрдісі байқалады. Соңғы 3 жыл ішінде аталған көрсеткіш 2013 жылғы қала тұрғындарының 25,9%-нан (387 099 адам) 2015 жылы қала тұрғындарының 27,5 %-на (406 604 адам) дейін артқан.

2014 жылы қалада 2017 жылғы 28 қысқы Универсиадаға арналған үш нысанның құрылысы басталған: Алатау ауданында 12 мың келушіге арналған мұз айдыны, Медеу ауданында 3 мың келушіге арналған мұз айдыны және 5000 орынды жатақханадан, қызмет көрсету нысандары, дүкендер, тамақтану орындарынан құралатын атлетикалық ауыл бар. 2016 жылы пайдалануға берілу жоспарланып отыр. Бұл ретте, Универсиаданың аясында спорттық ғимараттар тұрғызылып, спорттық инфрақұрылымдар белсенді интеграциялануда. «Олимпиадалық ауылдың» бір бөлігі Алматы қаласының Олимпиядалық даярлау орталығына берілу жоспарлануда, орталықтың спортшылары жатақхана ғимаратында тұруға мүмкіндік алады. Бұл Алматы қаласының аумағына қысқы спорт түрлерінің дамуына жаңа импульс береді, және бұқаралық спорт пен жоғарғы жетістіктер спорттарын дамытуға ықпал етеді.

Алматы спорттық астана ретінде спорттық аренадағы өз орнын нығайтты. Қалада көптеген спорттық алаңдар бар, спорт саласындағы жетекші мамандар, спортшылар және бапкерлер жұмыс жасайды. Алматыда ғылыми-оқу мекемелері, сонымен қатар спорттық және мамандандырылған спорт ұйымдары орналасқан: Спорттық медицина және сауықтыру орталығы, антидопингтік зертханалар, республикалық спорт колледждері, спорттық шеберлігі жоғары мектептер мен интернаттар т.с.с.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жүргізген республикалық рейтингісіне сәйкес, Жазғы және Қысқы Олимпиада ойындары, сонымен қатар халықаралық ресми кешенді жарыстарға қатысатын спортшылар мен лицензиаттарды дайындау қорытындысы бойынша, кала сенімді түрде 1 орынға ие.

Сондай-ақ, 2015 жылы Алматы қаласы Қазақстан Халықтарының Спартакиадасында жалпы қомандалық есепте 1 орын алды.

Алматы қаласының спортшылары бүкіл Республика құрамының 30%-ын қамтамасыз ете отырып, ұлттық құраманың басты донорлары болып есептеледі.

Мұнда жыл сайын әртүрлі спорттық шаралар өтіп, халықаралық деңгейдегі спорттық табыстарға қол жеткізіледі. 2015 жылы қалада 900 ірі спорттық шара өткізілген

2015 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында демеушілік қаражат арқасында 55 ашық спорт аландары салынып, пайдалануға берілді.

Алматы қаласында жыл сайын халықаралық дәрежедегі спорт іс-шараларының өткізілуіне байланысты спорттық аренада өз ұстанымын спорт астанасы ретінде нығайту үстінде. Жыл сайын Алматы қаласының аумағында ірі халықаралық ресми жарыстар өткізілуде. Соңғы төрт жыл ішінде қаламызда қысқы Азия ойындары, ауыр атлетикадан және өрттік-құтқару спортынан әлем чемпионаттары, қол добы, волейболдан және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы пауэрлифтингтен Азия чемпионаттары, шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы және қысқы әлем Кубогінің кезеңдері және т. б. ірі жарыстар өткізілді.

Қалада топтық спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жалпы қолжетімді алаңдардың саны өте аз. Қаладағы қолданыстағы алаңдардың көпшілігі мектептер мен ЖОО иелігінде болады немесе жеке тұрғын үй кешендерінің аумағында орналасады. Нәтижесінде ересектердің оқу орнын аяқтағаннан кейін жалпының қолы жететін алаңдарда футбол және баскетбол секілді топтық спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндіктері өте аз болады. Топтық спорт түрлерімен айналысуға арналған инфрақұрылымдардың жалпы қолжетімділігін дамыту, сондай-ақ қаланың воркаут-алаңдарының жалпы қолжетімділігі жүйесін дамыту алдағы уақытта спорт инфрақұрылымын дамытудың алғашқы кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Жоғары жетістіктер спорты спорттық құрылымдардың жетіспеушілігін сезінуде, 21 спорт мектебінің тек 4 өз базалары бар. Халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы бұйымдар мен заманауи құрылғылар да жетіспейді.

Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы орта білім беретін мекемелердің материалдық базасы әрі қарай дамытуды, жаңартуды және оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламасын толық көлемде орындау үшін қажетті спорттық құрылғылармен жабдықтауды талап етеді.

Бүгінгі таңда спорт әртүрлі инновацияларға ұшыраған және спортшылармен жұмыстың ғылыми және инженерлік ізденістерге негізделген жаңашыл әдістемелерін меңгерген мамандарды дайындауға баса назар аударуды талап етеді. Қазіргі кезде осы салада, әсіресе жас мамандар арасында білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Спортты, әсіресе, жоғары жетістіктер спортын әрі қарай дамыту үшін жаңа мамандарды дайындауға, сондай-ақ осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бас назар аудару керек.


2.1.2.5.1. кесте. Алматы қаласында спортты дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер




Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш.бір.

2013

2014

2015

1

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту

%


25,9

26,5

27,5

2

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын бала мен жасөспірім спорт мектептерінде, дене шынықтырумен дайындайтын спорт клубтарындағы 7 мен 18 жасқа дейінгі бала мен жасөспірімдерді қамту

%


7,8

8

8,5

Дереккөз: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық мәліметтері
2.1.2.5.2. кесте. 2015 жылы Алматы қаласында өткізілген ауқымды халықаралық спорттық іс-шаралар


Самбодан Әлем кубогінің кезеңі;

Әлемдік бокстың WSB сериясы жобасында «Astana Arlans» және «Argentina Condors» командалары арасындағы кездесу;

Спорттық биден халықаралық турнир;

Солтүстік дисциплиналар әлем чемпионаты;

Спидвейдан әлем чемпионаты;

«Кунлинг Файт» ережесіз жекпе-жегінен халықаралық турнир;

«Комбинированная пирамида» бильярд спортынан әлем чемпионаты;

Тоғызқұмалақтан III әлем чемпионаты;

Регбидан Азия чемпионатының матчы;

Қазақстан және Буркина Фасо құрамаларының арасындағы матч;

«EXPO CHAMPIONSHIP 2015» спорттық биден халықаралық турнир;

Футболдан Европа чемпионатына Қазақстан және Түркия құрамаларының арасындағы іріктеу матчы ;

Футболдан «Қайрат» және «Црвена Звезда» командалары арасындағы матч;

Футболдан «Қайрат» және «Алашкерт» командалары арасындағы матч;

Футболдан «Қайрат» және «Абердин» командалары арасындағы матч;

Пауэрлифтингтан мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Азия чемпионаты;

Жеңіл атлетикадан «Мемориал Г. Косанова» халықаралық турнирі;

Гандболдан әйел командалары арасындағы Азия чемпионаты;

Гольфтан «Kazakhstan open 2015» халықаралық турнирі;

Су добынан жастар арасындағы әлем чемпионаты;

Футзалдан Қазақстана және Босния құрамалары арасындағы халықаралық турнир;

Бокстан М. Хайрутдиновты еске алуға арналған халықаралық турнир;

Шахматтан Орталық Азия кубогі;

Таэквондодан «Kazakhstan open» халықаралық турнирі;

Керлингтан Тынық мұхит - Азия чемпионаты;

Грек-рим күресінен Ш.Сериковты еске алуға арналған Евразия турнир;

Дереккөз: Алматы қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасы
2.1.2.5.3. кесте. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- дамыған спорт инфрақұрылымының болуы





Әлсіз жақтары:

- қалада дене шынықтыру және спорт мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы, халықтың, сондай-ақ біліктілігі жоғары спортшылардың сұранысын қанағаттандырмайды;

- бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;

- спорттың ғылыми және медициналық базасының болмауы, білікті мамандардың тапшылығы.



Мүмкіндіктер:

  • халықаралық дәрежеде ірі спорттық шаралар өткізу.




Қауіп-қатерлер:

- жалпылама және аула спорт алаңдарында қирату қауіптерінің болуы;

- спорттық жеке және фитнес орталықтарда жаттықтырушылық қызметке мемлекеттік бақылау мен сертификаттаудың төменгі санатта қалуы.


Түйткілді мәселелер:

- спортпен айналысу үшін жалпыға қолжетімді алаңдардың жетіспеуі;

- жоғары жетістіктер спортының материалдық-техникалық базасының жетіспеушілігі;

- білім беру ұйымдарының спорт құралдарымен жеткіліксіз жарақтандырылуы


2.1.2.6. Туризм

Алматы Қазақстанның туристік индустриясының орталығы болып табылады, сонымен қатар бұл жағдайда қаланың аталған секторының әрі қарай даму әлеуеті бар. Бұл қаланың географиялық, аумақтық және тарихи орналасуымен байланысты әрі инфрақұрылымдық қызмет көрсету мүмкіндігі дамыған.



2015 жылы орналастыру орындарында 721 729 адам (ішкі және сыртқы келушілер), бұл республикалық көрсеткіштің бесінші көрсеткіші - 3 807 666.

Алматы қаласына әрбір екінші турист шетелден келеді (ҚР-сы бойынша келген туристерден орналастыру орындарына 692 250 адам орналасқан болса, оның ішінде Алматыға 301 394 адам тиесілі).

Сонымен қатар сыртқы және ішкі туристердің талданып отырған кезеңдегі арақатынасы 2013 жылдан (62%/38 %) 2015 жылға (58%/42%) өзгерген. Сыртқы туристердің көп бөлігі іскерлік туризм желісі бойынша келеді.

2.1.2.6.1. сурет. Алматы қаласындағы туристер саны

583

761

721

Дереккөзі: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2003-2014 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2013-2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті
Орналастыру орындары көрсететін қызметтердің көлемі (мейрамхана қызметтерін қоспағанда) 2014 жылы 20,6 млрд. теңгеге дейін біршама артқан. 2015 жылы бұл көрсеткіш 18,6 млрд. теңгені құрады (РҚ-дағы көлемі-73,1 млрд. теңге), орналастыру орындарымен қарастырылған, республикалық қызмет көрсету көлемінің төртінші бөлігі.
2.1.2.6.2. сурет. Орындарға орналастыру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі

Орналастыру орындары бойынша орындалған жұмыстардың көлемі Млрд теңге


Дереккөз: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2003-2014 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2013-2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті
Соңғы уақытта орналастыру орындары санының 2013 жылы 90 бірліктен, 2015 жылы 135 бірлікке артуы байқалды.
2.1.2.6.3. сурет. Алматы қаласындағы орналастыру орындары


Орналатыру орындарының саны
бірлік

Дереккөзі: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2013-2014 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті


Егер бөлмелер қорының құрылымын қарастыратын болсақ, оның біраз бөлігі жоғары сегменттегі қонақүйлерде орналасқан. Қаланың қонақүй шаруашылығында санатсыз мейманханалар басым -53,3% және 4* және 3* - 32,3%, ал 5* қонақүйлердің үлесі бар болғаны 6%.

Туристік индустрияны дамыту сараптамасының негізгі көрсеткіштері Алматы қаласын туристік орталыққа айналдыру келешегінің жағымды динамикалық өсімдерін көрсетеді.



«2011-2015 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту бағдарламасында» Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы 2 мақсатты индекаторды бекітті.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 2 индикатордың - 1 мақсатқа жетті, 1 жетпеді.

Анықтама: орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны-резиденттер, жоспар-440 мың адам, нақты-420,3 мың адам (орындалмаушылық 4,5%
);

Ішкі туристер санының төмендеуіне, теңге бағамының түзетілуі себеп болды.

Алайда бұл, өз кезегінде сыртқы туризмге оң әсерін тигізді, себебі қазақстандық еңбек өндірісі бәсекеге қабілеттілігін арттырды.

2.1.2.6.1. кесте. Туризмді дамытудың негізгі көрсеткіштері

Нысаналы индикаторлар/ нәтижелердің тікелей көрсеткіштері

2013

2014

2015

Жайғастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер саны – резиденттер (адам)

223 010

288 216

301 394

Жайғастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер саны – резидент еместер (адам)

360 446

473 027

420 335

Ұсынылған койко-тәулік

(койко-тәулік)



1 021 527

1 142 692

1 063 326

Жайғастыру орындарының саны (бірлік)

90

122

135

Жайғастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі (млн. теңге)

14458,6

20 597,1

18 587,0

Дереккөзі: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2013-2014 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2013-2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті
2.1.2.6.2. кесте. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- қолайлы табиғи-климаттық белдеуде орналасқан республиканың және Орталық Азияның қаржылық, мәдени және білім орталығы;

- Қазақстандағы ірі көлік-логистикалық хаб және «Жібек жолы» қалаларының бірі.


Әлсіз жақтары:

- туристік қызметтердің әлемдік нарығындағы туризм орталығы ретіндегі қаланың салыстырмалы түрдегі жеткіліксіз танымалдығы және жеткіліксіз ауқымды және әсерліжарнаманың болмауы;

- қалада тікелей орналасқан туризм үшін қызықты, маңызды және танымал экскурсиялық нысандардың жеткіліксіздігі


Мүмкіндіктер:

- Еуразиялық континенттің орталығында орналасуы, табиғи-климаттық жағдайы және экономикалық дамуы



Қауіп -қатерлер:

- туристік нысандарды қалпына келтіруді және құруды қаржыландыру бөлігінде туризмді дамыту мүмкіндігіне әлемдік дағдарыстың ықпалы, жеке инвестицияларды тарту, сыртқы туризмді көбейту.




Түйткілді мәселелер:

- туристік инфрақұрылымның баяу дамуы;

-қызмет көрсететін персоналдың жеткіліксіз кәсіби дайындығы және қызмет көрсетудің барлық кезеңінде тілдерді нашар білуі;

- қаланы урбандалуы және этникалық бірегейлікті көрсететін нысандардың жоқтығы.

-туристік өнімді басқару және ілгерілету бойынша кәсіби құрылымның жоқтығы Destination Management Organization (DMO-CVB);

2.1.2.7. Үштұғырлы тілдерді дамыту



Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі біртіндеп артып келеді. 2014 жылы халықтың 72%-ын құрап, 2015жылы 3%-ға артып, 75%-ға жетті. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны көбейіп келеді – 2013-2015 жылдардағы кезеңде бұл көрсеткіш жалпы мектептер санынан 4 пайызға артты және 70%-ды құрады. Дәл осы фактор жалпы тілдік жағдайға әсере етеді.

Көптеген орта және ірі компаниялар өз қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйретуге байланысты оқытулар жүргізуде.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін арттыру жұмыстары бағыты бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Алматы қаласының әкімдігі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығын құрған, 10 мультимедиялық кабинет жұмыс жасайды, қалалық әкімдіктің және аудандардың әкімдіктерінің мәжіліс залдары ілеспе аударманы жүзеге асыруға арналған құралдармен жабдықталған, оқыту бағдарламалары әзірленген. Іс жүргізу үлгілерінің жинақтары шығарылған. Басылымдардың электронды нұсқалары бар, олар мемлекеттік тілде іс жүргізуді өз бетімен жүзеге асыру дағдыларын меңгеру үшін қосалқы әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.



2014-2015 жылдары тілді жаңа технологиялармен оқытуға арналған «инновациялық оқытудың бағдарламалық ақпараттық кешені» шығарылды. Олар Алматы қаласының әкімдігі ғимаратында 20 кабинетпен, бірқатар мемлекеттік органдар мен аудандардың әкімдері аппараттарында жабдықталған.

Мемлекеттік шенеуніктер үшін, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары үшін қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары жұмыс істейді. Қазақ тілі курстарында 2013 жылы - 491, 2014 жылы - 836, 2015 жылы - 797, 2016 жылы - 673 адам оқытылды. Ағылшын тілі курстарында 2013 жылы - 281, 2014 жылы - 216, 2015 жылы - 230, 2016 жылы - 242 адам оқытылды.

Жексенбілік мектептердегі этно-мәдени орталықтардың өкілдері қазақ тілімен бірге, ана тiлiн оқытады.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша ҚР-сының Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліндегі білім деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тестілеу өткізді. Ол жерде 2014 жылы 730 адам, 2015 жылы 565 адам, 2016 жылдың жарты жылдығында 2724 адам қатысты.

Алматы қаласында жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде іс өндіріс мониторингін шығарады. Қазақ тіліндегі құжаттар ағыны 2013 жылы -78 %-ды, 2014 жылы – 65%-ды, 2015 жылы – 64%-ды, 2016 жылдың жарты жылдығында - 62 %-ды құрады.

Мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын аудандық әкімдіктермен, департаменттермен, этно-мәдени орталықтармен бірлесе отырып, Абай, Т. Шевченко және А. Пушкин шығармашылықтарына арналған қалалық әдеби оқулар өткізіледі: конкурстар: «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» (Государственный язык и средства массовой информации); «Тіл – татулық тірегі» (Язык – опора единства); «Көркем сөз оқу шеберлері» (Мастера художественного слова).

«Үштұғырлы тіл» мәдени бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады: «Мемлекеттік тіл – менің тілім» (Государственный язык – мой язык), үш тілді меңгерген жастар арасында - «Тіл-парасат» (Полиглот).

Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың негізгі мақсаты - мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

«Тіл саясаты аясында заңнама нормаларын бұзушылықтар саны» көрсеткіштерінің базалық тізім көрсеткіші бойынша 2015 жылғы жоспардағы 500, іс жүзінде 520-ны құрады. Көрсеткішке жетпеудің негізгі себебі, тіл саясаты саласындағы заңнаманың орындалмауы болып табылады.

2015 жылы әртүрлі жарнама агенттіктерінен, «Тіл туралы» Заң талаптарына сәйкестігін тексеру үшін 5024 жоба келіп түсті, олардың 520-сына өзгерістер енгізілді, 217-сынан қате табылды, 4283-сына өзгеріссіз қалуына рұқсат берілді.

2016 жылдың 1 маусымына дейін келіп түскен жобалар саны -1825, 250-інен қате табылды, 1453-іне өзгеріссіз қалуына рұқсат етілді.

«Тілдер туралы» Заңды бұзған шенеуніктерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 75 бабына сәйкес қабылданған шаралар қолданылады.

Дегенмен көрсеткіштер әлі де төмен және бұл бағытта біршама жұмыс жасау қажет.

Алматы қаласын әлемдік қауымдастыққа кіріктірілген заманауи қала ретінде дамытудың маңызды элементі халықтың ағылшын тілін
меңгеру дәрежесі болып табылады. Қазіргі кезде аталған көрсеткішке жеткілікті назар аударылмайды
және ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі тұрақты түрде анықталмайды. Қаланы әрі қарай дамыту барысында аталған салаға баса назар аудару керек.
2.1.2.7.1. кесте. Тілдерді дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер

Нысаналы индикаторлар/ нәтижелердің тікелей көрсеткіштері

2013

2014

2015

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі, %

62,0

72,0

75,0

Алматы қаласының ЖАО құжат айналымындағы іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу үлесі, %

60

65

70

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі, %

6

14

15

Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, (мемлекеттік, орыс және ағылшын),%

6

8

10

Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны, бірлік және жалпы мектептер санына қатысты үлесі, %

66
(29)

69
(28,2)

70

(28,6)

Дереккөз: Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметтері.

2.1.2.7.2. кесте. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативтік функцияларымен бірге Алматы қаласындағы төзімді тілдік орта



Әлсіз жақтары:

- қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілді жеткіліксіз пайдалану, мемлекеттік тілді игеруге қызығушылықты арттыру бойынша жұмыс жеткілікті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ.




Мүмкіндіктер:

- Алматы халықаралық туризм және бизнес үшін барынша ашық және түсінікті қала болуға ұмтылады. Бұл үшін кемінде 3 тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) білу мемлекеттік органдардың және қаланың сервис секторы қызметкерлерінің дағдыларын дамытудың және біліктілігін арттырудың маңызды бөлігі болады



Қауіп-қатерлер:

- халықтың көпшілік бөлігінің мемлекеттік тілге қызығушылығының жеткіліксіздігіне байланысты, оның қажет болмай қалуы да мүмкін.





Түйткілді мәселелер:

- мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықты арттыру және іс қағаздарын жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшіруді аяқтау бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ.

- мемлекеттік тілді білетін және оны өз жұмысында қолданатын мамандарды көтермелеу тәжірибесі жоқ;

- ағылшын тілін дамытуға жеткіліксіз назар аударылып отыр, одан әрі осы салаға ерекше көңіл бөлу қажет.



2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
2013 және 2015 жылдар аралығы кезеңіндегі Алматы қаласы аумағындағы жедел жағдайды талдай отырып, осы кезең криминогендік жағдайдың тұрақтандырылуымен сипаталатынын атап өту қажет.

Ішкі істер департаменті соңғы үш жылда қылмыстарды тіркеу мен есепке алуды түбегейлі өзгертуге, қылмыспен күресуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар ұйымдастырылған шаралар қолданды.

Егер 2013 жылы – 53 918 қылмыс тіркелсе, 2014 жылы - 60 211, ал 2015 жылы 70 098 қылмыс тіркелген.

2015 жылы жалпықылмыстық қылмыстардың статистикалық өсуі Алматы облысының аумағы қосыла отырып, қала шекарасының кеңеюінен 23,2 мың га және халық санының 10%-ға (1 552 349-дан 1 699 714-ке дейін) көбейюінен туындады.

Жаңа қылмыстық заңнаманың енгізілуімен байланысты, тіркелген қылмыстардың жалпы санының 5,5% (3 843-тен 70 098) бұрын әкімшілік құқық бұзушылық болып сипатталған (ҚР ӘҚБтК 46 бабы) қылмыстық әрекеттерге тиесілі.

Үлкен емес (11216) және орташа дәрежелі (48363) қылмыстар 13,9%-ға өскен.

2015 жылы қылмыс жасаған 10 мың тұлғаның жартысы (4800) көрші аймақтардың азаматтары табылды.
2.1.3.1. сурет. Қылмыс жасаған тұлғалар


Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша нысаналы бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде 2015 жылы қылмыстың ауыр түрлері 15,3% (7631/6467), қарақшылық 14,2% (239/205), тонау 9,6% (3335/3016), пәтерден ұрлау 12,5% (9350/8184), көлік құралдарын айдап кету 7,1% (452/420) азайған.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың серпіні мынадай: 2013 жылы – 27 327, 2014 жылы - 29 664, 2015 жылы - 30 830, көшеде 2013 жылы - 17 814, 2014 жылы - 17 351, 2015 жылы - 18 317.

Қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тәулігіне орташа 810 полиция қызметкері және ҚР ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлері қойылады, олар 556 дейінгі патрульдеу маршруттарын қамтиды, оның ішінде 300 автомобильдік және 256 жаяу маршрут.

Ауыр қылмысты ашу 2013 жылы - 24,7%, 2014 жылы - 27,7%, 2015 жылы - 31,7%, аса ауыр 2013 жылы - 70,2%, 2014 жылы - 76,2%, 2015 жылы - 85,0% құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша кісі өлімін ашу 5,6% (84,2%-дан 89,8%-ға), қарақшылық 5,4% (53,7%-дан 59,1%-ға), денсаулыққа ауыр зиян келтіру 6,7% (76,0%-дан 82,7%-ға), зорлау 5,9% (89,7%-дан 95,6%-ға), тонау 1,9% (18,7-дан 20,6%-ға), ұрлық 4,9% (15,5%-дан 20,4%-ға) жақсарған.

Қалада қылмыстық белсенділікті төмендету мақсатында 184 (2014 жылы - 139) қарақшылық және тонаушы қылмыстық топ, 202 (2014 жылы -183) - ұры ұсталған. Есірткі қылмысы 2014 жылы 360-тан 2015 жылы 891-ге дейін 2,5 есеге көп анықталған.

Құқықтық тәртіпті бұзу мен қауіпсіздіктің қайнар көзіне тұрақты табысы жоқ, бұрын сотталған және шет жақтан келген тұлғалар жатады. 2015 жылы қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған (2013 жылы - 4111, 2014 жылы - 4250) 4 359 тұлға (2,6% өскен) тартылған.

Талдау көрсеткендей, қылмыстық жауапкершілікке тартылған 10 170 (2014 жылы - 9 354) тұлғаның, 4 177 (2014 жылы - 3045) немесе 41,1% Қазақстанның өзге өңірлерінің тұрғындары, шетелдіктер - 623 немесе 6,1/% (2014 жылы - 377), тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар 212 немесе 2,1% (2014 жылы - 326) құрайды.

Бұрын қылмыс жасағандар жасаған қылмыстардың серпінін талдауы 2013 жылы- 770, 2014 жылы - 1003, 2015 жылы - 2001 тіркелген қылмыс, яғни 99,5%-ға өскенін көрсетті.

2013-2014 жылдары жасалған бұрын жасалған қылмыстың үлес салмағы тұрақты деңгейде болып, 8,4% құраған, 2015 жылы тіркеудегі өзгеріске байланысты статистикалық есеп 14,7% құраған.

Жасөспірімдер қылмыс серпіні 2013 жылы - 279, 2014 жылы - 249, 2015 жылы - 204 қылмыс тіркелгенін көрсетті.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың үлес салмағы төмендеп, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 1,5% (2013 жылы - 3,0%, 2014 жылы - 2,1%) құраған.

Қылмыс жасаған жасөспірімдер арасында 8,8% (18) – жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.

Балаларға қатысты қылмыс үш есе төмен жасалған - 2015 жылы 290 қылмыс.

2.1.3.2. сурет. Жасөспірімдер қылмысының серпіні


Дерекккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі Комитеті

Алматы қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолда ғы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдануда, алдын алу және түсіндіру жұмыстары күшейтілді, жол қозғалысы қатысушыларына қатаң талап қойылды.

Сонымен бірге, көлік саны көбейді, кейбір жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениеті төмен, басқа жақтан келген жүргізушілердің көлік жүретін жолдары мен қала көшелерін, жол бағыттарын білмеуі, онда бағдарлауды білмеуі, Алматы қаласында апаттың өсуіне алып келді. 2015 жылы 13,5% (22731-ден 25807-ге дейін) көп жол көлік оқиғасы деректері ресімделген.

Әкімшілік тәжірибені қатайтуға байланысты жол көлік оқиғасындағы жәбірленушілердің саны 2013 жылы - 6872, 2014 жылы - 5588, 2015 жылы – 5552 (- 0,6%), сондай - ақ жарақат алғандардың саны 2013 жылы 20,0% (8189 - ден 6559 - ға) төмендеген.

Сондай-ақ ЖКО кезінде қаза болғандардың саны 19,7%-ға (198-ден 159-ға), оның ішінде балалар 50%-ға (16 –дан8-ге) төмендеген.

2015 жылы 332 310 жол ережесін бұзушылық анықталған (328 190, +1,3%), 2 383 (2388) жүргізуші мас күйінде ұсталған, 5184 астамы– жүргізуші құқығынан айырылған (5709, -9,2%).
2.1.3.3. сурет. Аварияның негізгі көрсеткіштері төмендеді

Дереккөзі: ҚР ҰЭМ-нің Статистика департаменті


Халықаралық стандартқа өту кезінде ЖКО және жәбірленушілер параметрінің есебі өзгерді, сонымен бірге қазіргі күні келтірілген салдардың ауырлығына қарамастан барлық ЖКО тіркеу 100% қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда ЖҚЕ бұзудың алдын алу және болдырмау факторларының бірі «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады. «ЖҚҚ» ААЖ жобасы бойынша пайдалануға 104 пост берілді, оларға 659 бейнекамера қосылған, оның 411 - і тану камерасы және 248 шолу камерасы.

Көші-қон процесі ерекше бақылауда, ол қалада криминогендік жағдайдың жай-күйіне әсер етеді. Алматы қаласы тек Қазақстан Республикасының ғана емес орта Азияның да ірі қаржы және экономикалық орталығы, сондай-ақ үлкен еңбек базары болып табылады, криминалдық құрылымдар, заңсыз көші-қон және бизнес үшін тартымды болып қала береді.

Сонымен 2015 жылы 316 709 (2013 жылы - 174 956, 2014 жылы - 212 757) шетел азаматы Алматы қаласына келіп тіркелген, оның 81,3% (257 553) көрші шетел азаматтары құрайды.

Көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2015 жылы - 37626 (2013 жылы - 30631, 2014 жылы - 32073) құқық бұзушы тартылды, оның 1165 (2013 жылы - 314, 2014 жылы - 326) шетелдік мемлекеттен шығарылды.

Ішкі істер департаменті аудандық әкімдіктермен, қоғамдастықтармен бірлесіп, тұрғын үйлердің кіре берісіне, ауласына бейнебақылау камераларын орнатуға, тұрғын үй кешендері аулаларын және көшелерін жарықтандыруға жұмылдырылған, олардың сақталуын қамтамасыз етуде мүлік иелерін тартып, шабуылдайтын жедел алдын алу іс шараларын қабылдай отырып, «Қауіпсіз аула» қағидасы бойынша іс-шараларды іске асыруда бірлескен жұмыс жүргізді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша «Қауіпсіз аула» принципі бойынша 3905 көп пәтерлі үй, 3000 аула аумағы күзетіліп, онда 18 133 бейнекамера орнатылған.

Қалада 6 682 түрлі формадағы меншік объектілеріне 35 892 бейне камера орнатылған.

2013 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі және 2016 жылдың 6 айы ішіндегі дейінгі кезеңде Алматы қаласында 351 кезектен тыс табиғи және техногендік апаттар тіркелген (2013ж. – 134, 2014ж. – 97, 2015ж. – 84, 2016ж. 6-айына. - 36), олардың: 308 – техногендік (2013ж. – 119, 2014ж. – 89,2015ж. – 65, 2016ж. 6 ай ішінде - 35) және 43 – табиғи апаттардан (2013ж. – 15, 2014ж. – 8, 2015ж. – 19, 2016ж. 6 айы ішінде - 1) болған.

Төтенше жағдайда зардап шеккендер – 510 адам (2013ж. – 222 немесе 43,5%, 2014ж. – 114 немесе 22,5%, 2015ж. – 103 немесе 20%, 2016ж. 6-айына – 71 немесе 14%), олардан 136 адам қаза тапты (2013ж. – 41 немесе 30%, 2014ж. – 43 немесе 31,5%, 2015ж. – 42 немесе 31%, 2016ж. 6 айы ішінде – 10 немесе 7,5%).

Су тасқынына, селдер, көшкіндер, жер сілкіністеріне, өртке қарсы тұру үшін инфрақұрылымды дамыту деңгейі 22%-дан 51%-ға дейін өсті.

2013 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде және қалада 2016 жылдың 6 айы ішінде 2336 өндірістік және тұрмыстық өрт орын алды (2013ж. – 631, 2014ж. – 681, 2015ж. – 709, 2016ж. 6 айы ішінде - 315), зардап шеккендер - 234 адам (2013ж. – 68, 2014ж. – 69, 2015ж. – 67, 2016ж. 6 айы ішінде - 30), қаза тапқаны - 67 адам (2013ж. – 16, 2014ж. – 21, 2015ж. – 20, 2016ж. 6 айы ішінде - 10).

Апаттық құтқару барысында 251 адам құтқарылды (2013ж. – 105, 2014ж. – 67, 2015ж. – 50, 2016ж. 6 айы ішінде - 29), апат аймағынан қауіпсіз жерге 33 078 адам көшірілді (2013ж. – 9 944, 2014ж. – 9 476, 2015ж. – 9 743, 2016ж. 6 айы ішінде – 3 915).

Функционалдық міндеттерін әзірлеу мақсатында аға қызметкерлер мен бірлік 492 командалық-штабтық жаттығулары өткізілді (2013ж. – 462, 2014ж. – 0, 2015ж. – 0, 2016ж. 6 айы ішінде - 30), 61 кешенді жаттығу (2013ж. – 19, 2014ж. – 18, 2015ж. – 18, 2016ж. 6 айы ішінде - 6), 1465 нысанды жаттығулар (2013ж. – 328, 2014ж. – 443, 2015ж. – 355, 2016ж. 6 айы ішінде - 339), 1551 арнайы тактикалық ілім (2013ж. – 448, 2014ж. – 473, 2015ж. – 473, 2016ж. 6 айы ішінде - 157), 1 525 ауыл жаттығулары (2013ж. – 582, 2014ж. – 345, 2015ж. – 367, 6 айы ішінде 2016ж. - 231), 10 522 сейсмикалық жаттығу (2013ж. – 3 195, 2014ж. – 2 896, 2015ж. – 2 903, 2016ж. 6 айы ішінде – 1 528), 6 128 төтенше жағдайда жаттығулар (2013ж. – 1 752, 2014ж. – 1 993, 2015ж. – 1 993, 2016г. 6 айы ішінде - 390).

Қалалық біліктілікті арттыру және дамыту курстарында халықтың азаматтық қорғау саласындағы басшылары мен қауымдық білім беру оқытылды – 5 776 адам (2013ж. – 1 551, 2014ж. – 1 557, 2015ж. – 1 658, 2016ж. 6 айы ішінде – 1 010). «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС - да оқытылды – 108 адам (2013ж. – 26, 2014ж. – 34, 2015ж. – 26, 2016ж. 6 айы ішінде - 22).

«Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ базасында Алматы қаласының Білім басқармасымен бірлесіп 30 интерактивті сабақ өткізілді (2013ж. – 7, 2014ж. – 9, 2015ж. – 9, 2016ж. 6 айы ішінде - 5), 187 140 оқушылар қамтылды (2013ж. – 27 640, 2014ж. – 54 500, 2015ж. – 64 500, 2016ж. 6 айы ішінде – 40 500).

Алматы таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда мониторингті биылғы жылы сел және көшкін жүру қаупі бар өзендер бассейндерінде орналасқан тоғыз тұрақты және сегіз маусымдық гидрометеорологиялық бекеттер жүзеге асырды. “Қазселденқорғау” АҚПБ моренді өзендерде жөндеу мен сифондарды қосу, эвакуациялық каналдарды тазалау бойынша жоспарлық жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ жару және басқа да жұмыстар жоспарлануда.

2016 жылғы 6 ай ішінде «Қазселденқорғау» АҚПБ бірлесіп, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің бассейндері ошағында, сел ойықтарында, жоғары таулы морендік өзендерде және мұздықтардағы жағдай мен көшкін, ,тасқын қаупін кескінді бағалауды анықтау үшін 5 аэровизуалды ұшып шығулар жүргізілді.
ХҚН аймақтарында апат қаупін азайту үшін радиациялық және химиялық ластанудан халықты қорғау мақсатында жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күні қалада 8 ХҚН және 1 радиациялық қауіпті нысан бар, қала бойынша аммиак мөлшері 18,95 тоннаны құрайды (2015 жылы – 19,15 тонна, 2014 жылы – 24,2, 2013 жылы - 26 тонна, 2012 жылы – 28,7 тонна).
Бүгінгі күні 1 405 нысанда өрт-техникалық зерттеу жүргізілді, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшін тексерулер қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

  • жалпы соммасы 29 млн. 704 мың 605 теңгеге 824 адамға айыппұл салынды, оның 93%-ы жалпы соммасы 27 млн. 095 мың 170 теңгеге 764 айыппұл өндіріп алынды;

  • 25 адамға ескерту берілді;


2.1.3.1. кесте. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп көрсеткіштері


Атауы/ жылдар

Бірлік өлшемі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

%

33,7

29,4

26,1

ЖКА-нан қаза тапқандардың санының төмендеу 100 жапа шеккендерге шаққанда

бірл

2,0

3,0

2,4

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың үлессалмағы

%

3,0

2,1

1,5

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың қылмысты қайта жасаудағы үлессалмағы

%

8,4

8,4

14,7

Қала тұрғындарының 100 000 адам тұрғынға шаққандағы кісі өлтіру саны

бірл

7,2

5,8

5,4

100 000 адам тұрғынға шаққандағы тонау деңгейі

бірл

254,5

221,2

183,6

Полицияғасенімдеңгейі

%

53,8

54,5

-

Көпшілікжердетемекі мен қорқордышегудізаңнамалықтүрдетыйым салу барысындаатқарылғандеңгей

%

-

-

-

Су алу және су тасқыны, селдер, көшкіндер, жер сілкіністері, өрттерге қарсы тұру үшін инфрақұрылымды деңгейі

%

22

49

51

Дереккөз: Алматы қаласының Ішкі істер департаменті; Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің деректер;

*2015 жылға арналған мақсатты индикаторға халық арасында сауалнама жүргізілген жоқ.


2.1.3.2. кесте. SWOT-талдау


Күшті тарап:

- криминалдық процеске қарсы әрекеттің тиімді жүйесі, құқық бұзушылықтың әрекетті алдын алу болжау және жасалған қылмыс пен құқық бұзушылық үшін бұлтартпау жауапкершілігін қамтамасыз ету;



  • Аумақтық және азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы жүйесін дамыту және жетілдіру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою.

.

Әлсіз тарап:

- қоғамдық орындарда және көшеде криминогендіктің жоғарылығы;



  • - ерекше ауыр қылмыс;

  • бүгініде бостандығынан айрылу орындарынан босаған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жүйесі толық нәтижелерге жетпей отыр;

  • жас өспірімдер қылмыстарының криминалдық әлеуеті маңызды болып қалып отыр;

  • болып жатқан көші-қон процесі –

  • жол көлік оқиғалары;

  • -;

- Қысқа мерзімде жер сілкінісін болжау;

- Алматы қаласы селдерден қорғау және су тасқыны қолданыстағы жүйесі қауіп деңгейіне сәйкес келмейді және жаңғырту мен жетілдіруді талап етеді;



Мүмкіндік:

-қаланы көрудің төртінші элементіне сәйкес –«Алматы-қауіпсіз қала», Алматы адамдары өздерін еуропа қалаларындағыдай қауіпсіз сезінетін қала болуы тиіс;

- жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, халықты қиратудың заманауи құралдары және террористік актілердің зардаптарынан қорғау, өнірдің экономикалық әлеуетін сақтау


Қауіп-қатер:

- азаматтардың өмірі, денсаулығы, еркіндігі және конституциялық құқығы, меншігі, қоғам мен мемлекет мүддесі қылмыстан және басқа құқыққа қайшы қол сұғушылықтан сенімді қорғаумен қамтамасыз етпеу.



  • - Алматы қаласының және Алматы агломерациясының елді мекендерінің тау етегіндегі жоғары сейсмикалық белсенді аймақта орналасуы табиғи апаттар тәуекелінің болуын ескертеді: жер сілкіну, сел, қар көшкіні, дауыл және өзге де табиғи апаттар;

- ІІО-нан білікті кадрладың кетуі ..



Түйткілді мәселелер:


  • қоғамдық орындардың қылмыстық жағдайын төмендету;

  • қаладағы автокөлік санының өсуі (жылына орта есеппен 1,8% - 2,0%);

- өңірлік үлкен көші-қон ағысының мониторингі;

- қала жолдарының және тұрғын үй аудандарының жарықпен қамтамасыз етілуін арттыру;

-жол-көлік оқиғаларының салдарының ауыр салдарын қысқарту;

- Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясының және метрополитендегі ІІБ полиция Полктерін ресурстық қамтамасыз етуді арттыру;



  • қаланы сейсмикалық шағын аудандарға бөлу картасының ескіруі себебінен қала аумағының сейсмикалық сипаттамасы, тектоникалық жарылу орны мен енін анықтау мәселесі шешілмей отыр;

  • көктемгі жаңбыр жауу кезінде қала аумағында су басудың пайда болуы;

  • қолданыстағы Алматы қаласын селден қорғау жүйесі қауіп деңгейіне сай емес және қайта жаңалауды және жетілдіруді қажет етеді;

  • 1986 жылы құрылған хабарлау жүйесі, моральдық және техникалық жағынан ескірген;

  • жеке қорғау құралдарын сақтау орындары белгіленбеген және дайын емес;

- бар өрт деполарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

- өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жедел ден қою үшін өрт техникасымен жабдықтану деңгейінің төмендігі;



- өрт деполарының жетіспеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет