2.1.4. Инфрақұрылым 2.1.4.1. Байланыс және коммуникация
2013-2015 жылдар аралығындағы кезеңде байланыс және коммуникация нарығы түсім көлемі азайған және 2015 жылы 400 368 млн. теңгені құраған. 2015 жылғы байланыс қызметтерінің нақты көлемінің индексі 103,8% құраған.
2.1.4.1.1. кесте. Байланыс қызметтері нарығы көлемінің даму серпіні
Атауы/жылдар
|
Өлшем. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015*
|
Пошталық және курьерлік қызмет көлемі
|
млн. теңге
|
14 553,1
|
16 632,1
|
14 220,1
|
Байланыс қызметінің кірістері
|
млн. теңге
|
371 525
|
394 614,7
|
400 368
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
|
Қалааралық, халықаралық телефон байланысынан
|
млн. теңге
|
20 546,1
|
23 193,4
|
17 940,8
|
Жергілікті телефон байланысы қызметінен
|
млн. теңге
|
8 307,9
|
8 502,4
|
7 997,1
|
Телерадиобағдарламаларды беруден
|
млн. теңге
|
9 212,0
|
9 595,3
|
9 299,2
|
Интернет желісіне қосылудан
|
млн. теңге
|
73 662,5
|
92 286,5
|
108 343,3
|
Кабельдік инфрақұрылым бағдарлама-ларын тарату жөніндегі қызметтер, Сымсыз желілер бойынша және спутник арқылы
|
млн. теңге
|
6 988,1
|
7 644,7
|
9 538,1
|
Мобильді байланыстан
|
млн. теңге
|
191 506,6
|
183 548,2
|
161 620,5
|
Байланыстың өзге де қызметтерінен
|
млн. теңге
|
51 847,4
|
69 844,0
|
85 628,8
|
Байланыс қызметтерінің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға %-бен
|
%
|
121,4
|
111,9
|
101,7
|
Дереккөз: Алматы байланыс кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері, 12-серия
2015 жылғы жағдай бойынша байланыс және коммуникация нарығының негізгі құрамдас бөліктері:
Ұялы байланыс – 40,3%
Ғаламтор-қызметтер – 27,0%
Телефон байланысы –6,5%
Басқа да қызметтер (пошта байланыстарын қоса алғанда) – 26,2%
Төменде әрбір негізгі бағыт бойынша ағымдағы жағдайдың сипаттамасы ұсынылған:
Ұялы байланыс
2013 – 2015 жылдар аралығындағы кезеңде ұялы байланыс нарығын пайдаланушылардың саны мен кірісінің 191 506,6 млн.теңгеден 161 620,5 млн.теңгеге дейін едәуір кемуі байқалды. Бұл ірі (32%) ұялы оператордың («Билайн») Астанаға қоныс аударуымен байланысты болды.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ұялы байланыстың таралу деңгейі Қазақстан бойынша орташа статистикалық көрсеткіштерден жоғары болады.
Алматы қаласының байланыс нарығындағы негізгі қызметтердің жеткізушілері: «Алтел 4G» (59%1), «Кселл» (21%2), «Билайн» (13%) және «Теле 2» (5%) компаниялары болып табылады. Бұл желілердің республикалық үлестердің таралуынан біршама өзгеше болып келеді, мұнда 2015 жылы абоненттердің ең жоғары үлесі «Кселл» желісіне тиесілі болды.
Нарық қалыптасқан құрылымы мен даму серпінінде бақылайтын ойыншылардың саны аз және аумақтық қамту, ұялы байланыс сапасын арттыру және тарифтік саясат мәселелерін шешу үшін әкімдікті қатыстыру қажет етпейді.
Интернет
2013-2015 жылдар аралығындағы кезеңде ғаламтор-провайдерлерінің кірісі 73 662,5 – 108 343,3 дейін артты. Кірістердің артуының негізгі себептері ғаламтор-пайдаланушылар санының 2 есеге дерлік көбеюі болып табылады.
Кіріс пен пайдаланушылар санының орташа жылдық өсу ырғағы (CAGR) сәйкесінше 16% және 27% құрады. Нәтижесінде қала тұрғындары арасында ғаламтордың таралу деңгейі 22 пайыздық тармаққа шамамен 2 есеге жоғарылады және 46,7% құрады.
Алматы қаласындағы ғаламтор-байланыстың орташа жылдамдығы 2014 жылы 19 Мбит/сек құраған, бұл Қазақстан қалаларының ішінде 14-ші көрсеткіш болып табылады және республикадағы орташа көрсеткіштен сәл жоғары (18,8 Мбит/сек). Тұтас алғанда Қазақстан дүние жүзінде ғаламтор-байланыс жылдамдығы3 бойынша 56 орынды иеленеді. Ғаламтор жылдамдығы КЖЖ4 арналарының таралуы есебінен қамтамасыз етіледі, олардың үлесіне барлық ғаламтор-қызметтерінің 83% сәйкес келеді.
Ғаламтор-қызметтер нарығында 20 ғаламтор-провайдерлері бар. Бұл ретте ұлттық «Қазақтелеком» компаниясы нарық көшбасшысы болып табылады және нарықты 80% иеленеді.
Таралудың салыстырмалы төмен деңгейі мен төмен жылдамдыққа қарамастан пайдаланушылар санының артуының ағымдағы жағдайы және қызметтер нарығында ірі ойыншының болуы нарықтың аталған сегментініңөз бетімен дамитындығын және әкімдік тарапынан араласуды қажет етпейтіндігін көрсетеді.
2.1.4.1.2. кесте. Интернет қызметтерінің ену деңгейі
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015*
|
Тіркелген интернет абоненттерінің саны
|
мың теңге
|
553,0
|
745,9
|
726,6
|
100 тұрғынға шаққанда тіркелген Интернет абоненттерінің саны
|
бірлік
|
37
|
48
|
43
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті.
Тіркелген телефон байланысы
Қалааралық және халықаралық ұялы байланыс қызметінен түскен кірістер 2015 жылы 17 940,8 млн.теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 2605,3 млн.теңгеге дейін азаюы байқалды (2013 жылы – 20546,1 млн.тг). Жергілікті телефон байланыс қызметінің кірісі 2015 жылы 7997,1 млн.тг құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 310,8 млн.теңгеге азайғаны байқалды (2013 жылы – 8 307,9 млн.тг). Телефон байланысының сегментіндегі «Қазақтелеком» АҚ нарығының үлесі 92%-ды құрайды.
Кірістер өсімінің орта жылдық қарқыны (CAGR) мен пайдаланушылар саны тиісінше 12% және 4% құрады. Телефон байланысын пайдаланушылардың жалпы санының өсуі қала халқының өсу қарқынымен тепе-тең жүрді, бірақ қалаға жаңа аумақтардың қосылуы нәтижесінде халық арасындағы телефондандыру деңгейі төмендеді.
Жалпы алғанда байланыс және телекоммуникация нарығы ірі коммерциялық компаниялардың (нарықтың негізгі үлесін иеленуші) үлкен ықпалында және оның әрі қарай дамуы көп жағдайда Алматы қаласы бойынша олардың даму стратегиясына байланысты болады.
2.1.4.1.5. кесте. Телефон байланысы қызметтерін пайдаланушылардың саны
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015*
|
Тіркелген телефон желілерінің саны
|
Мың бірлік
|
699,6
|
734,6
|
706,5
|
олардың ішінде халық арасында
|
Мың адам
|
449,2
|
463,9
|
437,6
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 жыл.
* 2015 жылға арналған алдын-ала деректер.
Сандық сауаттылық – адамның күнделікті және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі. Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларының деңгейін көтеру барлығы үшін ақпараттық қоғамның ашықтығын ұлғайтады.
Халықтың 6-15 жас аралығындағы балаларды сандық сауаттылық дағдыларына үйретуі білім беру мекемелерінде білім берудің тиісті деңгейінің жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
16-74 жас аралығындағы халықтың компьютерлік (сандық) сауаттылығын ерте көтеру «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасын іске асыру барысында жүргізілді. Бағдарлама шеңберінде барлығы 28115 адам оқытылды. 2012 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен компьютерлік сауаттылықты көтеру курстары өткізілуде. 2012 жылдан 2015 жылға дейін 81970 адам оқытылды. 2015 жылы 15000 адам оқытылды.
Халыққа базалық компьютерлік дағдыларды оқыту мақсатында білім басқармасы оқу бағдарламасын әзірледі, оқытушылар құрамы қамтамасыз етілуде, жалпы білім беру мектептерінде оқытуға арналған компьютерлік сыныптар ашылды. Оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін жыл сайын қаржы бөлінеді (оқулықтар таратылымы, оқытушылардың жалақысы, компьютерлік сауаттылықты үйренушілерге арналған куәлікті әзірлеу).
Орта мектептердің оқу сыныптарында тәжірибелік сабақтарды орындау арқылы базалық және негізгі оқу жоспарының үлгісінде оқыту семинарлары ұйымдастырылған. Семинарды өткеніне байланысты тыңдаушыларға куәлік беріледі.
2.1.4.1.6. SWOT-талдау
Күшті жақтары:
ақпараттық қоғамды дамыту.
|
Әлсіз жақтары:
оқытушылардың кәсіби дайындығының, мектеп оқушылары мен студенттерді үйретуге арналған ақпараттардың төмен деңгейі
|
Мүмкіндіктер:
өңір тұрғындарының ақпараттық техно-логияларды пайдалануға қызығу-шылық танытуы.
|
Қауіп-қатерлер:
халықтың электронды мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігінің жоқтығы.
|
Түйткілді мәселелер:
компьютерлік сауаттылықты арттыруға арналған тегін курстарға қатысу төменділігі мен немқұрайдылығы.
2.1.4.2. Құрылыс
2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде құрылыс нарығының көлемі ақшалай түрде 2013 жылы 219 408 млн. теңгеден 2015 жылы 278 875 млн. теңгеге дейін өсті. Осылайша, құрылыс жұмыстарының нақты көлемі индексінің орташа мәні 101,8% құрады.
Құрылыс жұмыстарына 2015 жылғы жағдай бойынша жалпы келесі бағыттар енді: ғимараттар құрылысы және тұрғылықты емес ғимараттар – 57,6%, автожолдар және метро құрылысы – 16,5%, электротехникалық, слесарьлық құрылыс монтаждық жұмыстары – 16,4%.
2.1.4.2.1. кесте. Құрылыс жұмыстары нарығының дамуы
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі
|
млн. теңге
|
219 408
|
269079
|
278875
|
Оның ішінде меншік нысандары бойынша:
|
|
|
|
|
мемлекеттік
|
млн. теңге
|
343
|
876
|
548*
|
жекеменшік
|
млн. теңге
|
199 328
|
238 423
|
266 815*
|
шетелдік
|
млн. теңге
|
19 737
|
29 780
|
9 612*
|
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі
|
%
|
91,9
|
112,1
|
101,1
|
Дереккөз: Статистикалық жылдық.
*2015 жылға арналған жедел деректер
2.1.4.2.2. кесте. Құрылыс жұмыстарының негізгі санаттары, 2015ж
Құрылыс жұмыстарының атауы
|
Сомма
(млн. теңге)
|
Үлес, %
|
Ғимараттар мен тұрғын емес ғимараттар құрылысы
|
159,7
|
57,6
|
Электротехникалық, слесарлық т.б. құрылыс-монтаждау жұмыстары
|
45,5
|
16,4
|
Метро және автожолдар құрылысы
|
45,7
|
16,5
|
Сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін монтаждау
|
23,6
|
8,5
|
Басқа жұмыстары
|
3,4
|
1,2
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысының сегменті ғимараттар құрылысының барынша ірі құрамдас бөлігі болып табылады.
Қолда бар деректер тұрғын үй қорының 2013 жылдан 2015 жылға дейін 36907,8 мың ш.м. - 42001,7 дейін өскендігін көрсетеді. Бұл 2012-2013 жылдары тұрғын үй қоры бойынша деректер базасын қалыптастыру үдерісін ішінара автоматтандыру арқылы деректердің өзектендірілуімен түсіндіріледі.
2.1.4.2.3. кесте. Тұрғын үй қорының даму қарқыны
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015*
|
Тұрғын үй қоры
|
мыңш. м
|
36 907,8
|
41 193,2
|
42 001,7
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
мемлекеттік кәсіпорындар
|
мыңш. м
|
761,3
|
796,1
|
790,2
|
мемлекеттік емес кәсіпорындар
|
мыңш. м
|
36 146,5
|
40 397,1
|
41 211,5
|
олардың ішінде пайдалануға берілгендері
|
мыңш. м
|
832,0
|
1 330,8
|
1373,7
|
Алдағы деректер
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
2015 жылы пайдалануға берілген жаңа ғимараттардың жалпы ауданы 1592,9 мың ш.м. құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2015 жылы үлкен өсіммен жылына орта есеппен 2014 жылмен салыстырғанда 3,2%-ке өсіп. 1373,7 мың ш.м. құрады. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 14,5%-ке өсіп, 1330,8 мың ш.м. құрады.
2015 жылы тұрғын үй құрылысына 142 827 млн.тг. инвестиция салынды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,6%-ға көп.
Жеке меншік құрылыс салушылар тарапынан 1043,6 мың ш.м. маңызды жаңа тұрғын үй пайдалануға 76%-ы берілді, оның жалпы пайдалануға беру көлемінің 32,5% -ын құрайтын 446,1 мың ш.м. халыққа берілді.
Мемлекеттік меншік нысанындағы құрылысшылар жалпы аумағы 316,8 мың ш.м. немесе 23,1% болатын тұрғын үйлерді пайдалануға берді.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданының ұлғаюы Алмалы (4 есеге), Түрксіб (81,2%-ға), Жетісу (70,3%-ға), Медеу (42,2%-ға) және Алатау (32,5%-ға) аудандарында байқалды.
2015 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында пайдалануға берілді: 900 оқушыға арналған 1 жалпы білім беретін мектеп, ауысымына 1150 келушіге арналған 4 амбулаториялық - емханалық мекемелер және 1480 орындық 9 мектепке дейінгі мекемелер.
Салушылардың тұрғын үй құрылысына үлкен қызығушылық танытуы осы кезеңде тұрғын үй құнының өсу қарқынын (2%) жалақының орташа жылдық өсу қарқынынан (5%) жоғары болуына байланысты, тұрғын үй сатып алу мүмкіндігінің жоғарылауымен түсіндіріледі.
2.1.4.2.4. кесте. Орташа жалақы және тұрғын үй құны
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
Жаңа тұрғын үй құны
|
Мың теңге/ш. м
|
256,4
|
292,6
|
306,6
|
Орташа жалақы
|
мың теңге/ай.
|
142,3
|
155,2
|
161,8
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
2015 пайдалануға енгізу жоспарланған іс-шара барысында 85 пәтерлі тұрғын үй немесе ғимараттың жалпы ауданы 289,4 мың ш.м. 3208 пәтер (Пәтер ауданы 188,6 мың ш.м.), оның 2015 жылдың 28 желтоқсанында 85 үйлерді пайдалануға қамтамасыз етті (3 312 пәтер), жалпы ауданы 296,3 мың м2 (пәтерлер ауданы 194,2 мың м2).
«ЖАО кезекте тұрғандарға арналған жалдамалы баспана» - пәтерлердің жалпы алаңы 70,2 мың м2 құрайтын 734 пәтер немесе 24 тұрғын үй (пәтерлер ауданы 44,5 мың м2);
«Жас отбасыларына арналған жалдамалы баспана» бағыты бойынша - пәтерлердің жалпы ауданы 37,7 мың м2 құрайтын 416 пәтер немесе 13 тұрғын үй (пәтерлер ауданы 23,3 мың м2);
«Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша - пәтерлердің жалпы алаңы 79,1 мың м2 метр құрайтын 978 пәтер 15 тұрғын үй (пәтерлер ауданы 57,4 мың м2);
«Облигациялық қарыз есебінен қалалық тұрғын үй» бағыты шеңберінде пәтерлердің жалпы алаңы 109,3 мың м2 құрайтын 1184 пәтер немесе 33 тұрғын үй (пәтерлер ауданы 69,0 мың м2);
2014 жылмен салыстырғанда (үйлердің саны бойынша) 154,5%, жалпы алаңы бойынша 131,5%, пәтерлер саны бойынша 120,5%. Салыстыру үшін: 2014 жылы – 55 үй, 225,9 мың м2, 2754 пәтер.
Халықты баспанамен қамтамасыз ету деңгейі 2013 жылдан 2015 жылға дейін бір адамға 27,6-дан 27,0 ш. метрге дейін азайды.
Қалада баспана алу үшін есепте тұрған 27 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету үшін қосымша тұрғын үй салу қажеттілігі сақталып отыр.
2.1.4.2.5. кесте. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015*
|
Тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі
|
ш. м/адам
|
27,6
|
26,7
|
27,0
|
Дереккөз: Статистика, * алдын ала деректер
Күрделі жөндеу
2011 жылдан бастап қалада тұрғын үй құрылысының жалпы санының 20% құрайтын көппәтерлі үйлерді жаңғырту бойынша «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж. арналған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы іске асырылуда. Жаңғырту бойынша аталған жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
2013 жылы 388,0 млн. теңге мөлшерінде қаражат «Алматы» ӘКК «ҰК »АҚ және «Алматы тұрғын үй» ЖШС сенімгерлік басқаруға берілді, 44 тұрғын үй жөнделген (36 үйде - лифт жабдықтарын ауыстыру, 8 үйде –қасбеттерді жөндеу)
2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 700,0 млн.теңгеге 116 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жасалды. (қасбеттерін, шатырларын, кіреберістерін, инженерлік желілерін жөндеу, блокты жылыту пункттерін орнату, лифттерді ауыстыру).
2015 жылы қаржы бөлінген жоқ.
Сонымен жалпы сомасы 1775,5 млн.теңгеге 227 тұрғын үй жөнделді.
Қайтарылған сомаға мыналар жөнделді:
2013 жылы - 20,7млн.теңгеге 3 үй;
2014 жылы - 26,5 млн.теңгеге 7 үйде қосымша жұмыстар атқарылды;
2015 жылы - 71,5 млн.теңгеге 6 үй.
Сонымен жалпы сома 118,7 млн.теңгеге 16 үй жөнделді.
2016 жылғы 06 қыркүйектегі жағдай бойынша қолда бар қаражаттың қалдығы 51,4 млн теңге, оған 34 үйде шатырды жөндеу жоспарланып отыр.
2013 жылдан бастап кондоминиум нысандарын басқару органдарының (пәтер иелері кооперативтерінің) тексеруі бойынша Баспана қорын ұстаудың ережесін қадағалауға байланысты 203 іс-шара өткізілді. Нәтижесінде кемшіліктерді жою жөнінде 161 ескерту берілді.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі көтерілді.
2.1.4.2.6. кесте. Күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін кондоминиум нысандары
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
Күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін кондоминиум нысандары үлесінің төмендеуі
|
%
|
61
|
55
|
54,9
|
Нормативті пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум нысандарының үлесі
|
%
|
39
|
45,6
|
45,1
|
Дереккөз: Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй басқармасының мәліметтері.
Мамандардың алдын ала шешімі бойынша жер сілкінісіне төтеп беру жағынан кейін тұрғызылған ірі панельді үйлер қанағаттандыралық немесе жақсы жағдайда тұр деп есептеледі.
Алдағы жылдары ескі тұрғын үйлерді бұзу мен орнына жаңа тұрғын үй тұрғызу бойынша бағдарламаны іске асыру қажет. Жалпы алаңы 1,2 млн. ш. метрдегі 1800 тұрғын үйді құрайтын апатты жағдайдағы және ескі тұрғын үйлер күрделі әлеуметтік мәселе болып табылады. Бұл санаттағы үйлердің қатарына нормативік қызмет ету мерзімі төмен болып келетін тұрғын үйлер жатады (жеке, қаңқа-қамысты, қаңқа-панельді, ағаш).
Студенттік жатақханалар
2015 жылғы жағдай бойынша Алматы аумағында 120-150 мыңға жуық студент білім алған 42 жоғары оқу орны жұмыс істеді. Студенттердің жартысынан көбі басқа өңірлерден келгендіктен баспанаға мұқтаж келеді.
Бұл жағдайда, қалада басқа қалалардан келген студенттердің 35-40% құрайтын 31 мыңға жуық студентті орналастыруға мүмкіндігі бар 92 жатақхана жұмыс істейді. Осылайша, жоғары оқу орындары мен әкімдіктердің алдында баспанаға мұқтаж студенттерді орналастыру мәселесін шешу қажеттігі тұр.
Кедергісіз орта
Аталған бағыт бойынша 2015 жылы кейін мүгедектерге қолжетімді құралдармен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік нысандардың төлқұжатын жасауға байланысты белсенді жұмыс жүргізіле басталды. Мүгедектерге қолжетімді болу үшін жасалған әлеуметтік инфрақұрылымдар нысанының үлесі бүгінгі таңда 5,7% құрайды.
Тұрғын үй құрылысы кезіндегі түйткілді мәселелер
Тұрғын үй құрылысын іске асыру кезіндегі негізгі мәселе бір шаршы метр құрылысының төменгі бағасы болып табылады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) № 3 қосымшасының 3 бөліміне сәйкес «ЖАО кезекте тұрғындарға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылығы 4 классты 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының бағасы Астана және Алматы қалаларында 120 мың теңгеден (инженерлік желілердің құнысыз) аспайтын болады. «ЖССБК желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылығы 4 классты таза әрлеудегі классты 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының бағасы Астана және Алматы қалаларында 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнысыз және ауданның сейсмикалығын есептемегенде), жайлылығы 3 классты Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгеге дейін құрайды (инженерлік желілердің құнысыз және ауданның сейсмикалығын есептемегенде). Сол бағдарламаға сәйкес ұқсас тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құрылысының бағасы «ҚиК» ИҚ» АҚ бағыты бойынша 185,0 мың теңгені құрайды. Тұрғын үй мақсатындағы нысандарды құрылысы бойынша нақты шығыстар бекітілген құннан айтарлықтай көп. Осы ретте, тұрғын үй құрылысының сапасы қанағаттандырғысыз болып келеді, мәселен; әрлеу жұмыстарының төменгі сапасы – жобада қарастырылған материалдардың құны қымбат болумен байланысты; көрсеткіштерді қашықтықтан есептеу құралдарын орнату бойынша қала қызметтерінің талабы тұрғын үй құрылысының құнын 5-7 млн. теңгеге қымбаттатуға алып келетіндіктен орындалмайды; ХАТ (халықтың аз мобильді тобы) еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электр көтеру құралдарын орнату қымбат болғандықтан мүмкін болмай отыр.
Осылайша, бір тұрғын үйге арналған жалпы қымбаттау сомасы 25,0-50,0 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта, құрылыстың төменгі бағасына байланысты әкімдікте әлеуетті құрылыс жүргізушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу деңгейінің төмендеу қарқыны байқалуда. Алматы қаласының құрылыс ұйымдарының таңдауы «ҚИК ИҚ» АҚ үшін тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша бағдарламаны іске асыруға бағытталған.
Ұсынылатын шешім жолдары: Бағдарламаның 2012 жылдан бастап тиімді іске асырылуын ескере отырып, Бағдарламаның 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының құны бөлігін ЖАО және ««ҚиК»ИК» АҚ үшін қайта қарастыру, сонымен қатар тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО қаржыландыру көлемін көбейту мүмкіндігін қарастыру керек.
Құрылыс саласындағы түйткілді мәселелерді мониторингілеу және талдау Мемлекеттік, үкіметтік және салалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жобалау және құрылыс жұмыстарының сапасы төмен екендігін көрсетеді.
Сапасы төмен жұмыстардың негізгі себептері болып келесілер табылады:
- сертификатталмаған құрылыс өнімдерін пайдалану;
- жұмыс кезінде жобалау технологиясынан қалып қалу;
- техникалық бақылаудың заманауи құралдарының болмауы;
- ИТР тарапынан бақылаудың болмауы және т.б.
Сонымен қатар, сейсмикалық белсенді аудандардағы сапасыз құрылыс тұрғын үйлердің құлауына әкелуі мүмкін.
Бұдан басқа, нысандарды өткізу мерзімінен қалуы немесе құрылыстың тоқтап қалуы анықталады. Оның себептері мынадай: құрылысты толық емес немесе кеш қаржыландыру, осының салдарынан жұмыс өндірісі кестесінен артта қалуы және жұмысты аяқтау мерзімінің бірнеше рет ұзартылуынан; құрылысқа жарияланған мемлекеттік сатып алуды іске асыру бойынша конкурстық рәсімдерінің қорытындысын Алматы қаласы Қаржылық бақылау инспекциясының ауыстыруы, бұл нысандарды уақтылы және белгілен мерзімде өткізуге кедергі келтіреді; нысанды өткізу мерзімінен қалу мемлекеттік комиссия актісін алуға әсер етеді, мұнда нысанды пайдалануға беру актісін келісуге қатысатын әрбір комиссия мүшесі нысанға және техникалық құжаттамаларға ұзақ мерзімді тексеру жүргізеді; қыс мерзімінде сумен жабдықтау және кәріз желілерін төсеу бойынша жұмыстарды жүргізудің мүмкін болмауы; осыған байланысты ағымдағы жылы "ҚиК" АҚ тұрғын үй құрылысын салуға, жоқ үйлерге инфрақұрылым жүргізуді қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр (газбен жабдықтау желілері, телефондандыру, электрмен жабдықтау).
Сондай-ақ, нысандар құрылысын тоқтату шарт міндеттемелері бойынша қабылданған міндеттер орындалмаған құрылыс ұйымдарының кінәсінен болып отыр.
Кесте 2.1.4.2.8. SWOT-талдау
Күшті жақтары:
- қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы нысандар құрылысын ынталандыру, құрылыс индустриясының қолданыстағы және жаңа салаларын дамытуға ықпалдасу
|
Әлсіз жақтары:
- Құрылыс үшін бос алаңдардың жетіспеушілігі;
- Күрделі жөндеуді және ескі үйлерді сүрлеуді талап ететін тұрғын үй үлесінің көптігі.
|
Мүмкіндіктер:
- Құрылыс саласындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыру, құрылыс өндірісінің жоғары сапасына қол жеткізу, құрылыс индустриясы обылысында отандық өнім шығарушыларды қолдау
|
Қауіп-қатер:
- Талап етілетін сейсмикалық сенімдік деңгейін сақтамау
|
Мәселелер:
Тұрғын үй қорын күрделі жөндеу мәселелерін шешу үшін бөлінетін қаражаттардың жетіспеушілігі;
Тұрғын үймен қамтылудың төменгі деңгейі;
Тұрғын үй құрылысы үшін қарастырылған бос жер учаскелерінің шектеулі саны;
Пәтер иелерінің ақша қаражаттарын пайдалану бойынша ПИК қызметінің айқындылығын көтеруді талап ететін заңнамалық нормалардың болмауы;
Студенттік жатақханалардың жеткіліксіз саны;
Тұрғын үй қоры нысандары бойынша техникалық паспорттың болу деңгейінің төмендігі;
Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының аз үлесі.
2.1.4.3. Жолдар мен көлік
Көлік саны мен жолаушылар легі
2013 және 2015 жылдар аралығында Алматы қаласында жолаушыларды тасымалдау мен қаланың автокөлік парктерінің қарқынды өсуі байқалды.
Есепті кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау 2013 жылы 32,4%-дан 11 %-ға, 2014 жылы – 34,8-ден 2015 жылы 36,2 млрд.жол-км дейін өсті. Қоғамдық көліктегі жолаушылар тасымалдаудың орташа жылдық өсімі - 7%, жеке көлік - 4% құрады.
2.1.4.3.1. кесте. Көлік түрлері бойынша жолаушылар тасымалы мен жолаушылар айналымы
Атаулары
|
2013
|
2014
|
2015*
|
млн. адам
|
Барлық көлік түрлері
|
4 238,8
|
4 808,6
|
4 988,2
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Автобуспен
|
3 159,7
|
3 745,2
|
3 915,5
|
Әуедегі жүк көлігімен
|
3,3
|
3,8
|
4,3
|
Таксимен
|
1 052,2
|
1 033,5
|
1 035,2
|
Қалалық электрлі
|
23,4
|
26,1
|
32,9
|
млн. жкм
|
Барлық көлік түрлері
|
32 400,5
|
34 839,7
|
36 271,6
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Автобуспен
|
19 284,5
|
20 933,3
|
21 743,0
|
Әуедегі жүк көлігімен
|
7 484,0
|
7 571,8
|
8 374,4
|
Таксимен
|
5 920,4
|
6 193,2
|
5 929,7
|
Қалалық электрлі
|
128,5
|
141,4
|
224,5
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті, Жолаушылар көлігі басқармасының деректері
Жеке көлікпен жолаушылар айналымының ұлғаюының негізгі себебі 2015 жылы 556,3 мың бірлік көлікті құраған жыл сайынғы өсім, сондай - ақ қалаға күн сайын келетін маятникті1 көлік санының (орта есеппен жылына 10%) өсуі болып табылады.
2.1.4.3.1. сурет. Жолдардағы көлік тығыздығының талдамасы
321
250
203
2013 2014 2015
Дереккөз: Жолаушылар көлігі басқармасы; қалалардың статистикалық агенттіктері
Жолдардағы көліктер тығыздығының ұлғаюы қаладағы халықтардың өсуімен бір мезгілде жүрді. Сондықтан Алматының халқын көлікпен қамтамасыз ету деңгейі 2013-2015 жылдары сәл алға шығып, 1000 тұрғынға 375 автокөліктен тиді.
Қозғалыстың орташа жылдамдығы
Көлік жүйесінің тиімді жүргізілуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының деректеріне сәйкес Алматы қаласындағы қозғалыстың ағымдағы орташа жылдамдығы кептеліс кезінде сағатына 19 км. құрайды. Бұл салыстырылып отырған қалалардан біршама төмен.
2.1.4.3.2. сурет. Кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы, 2015 ж.
Дереккөз: «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» БҰҰ даму бағдарламасы; Көлік холдингі; қалалардың статистикалық агенттіктері
Жұмыс тобының талдауына сәйкес көлік санының жылына 4% өсуінен (ағымдағы жол инфрақұрылымдарының құрылыс қарқынына қатысты) келесі 5-7 жылда қозғалыстың орташа жылдамдығының 20% төмендеуі күтіледі. Көрсетілген болжамдарды ескере отырып, 2020 жылға қарай қозғалыс жылдамдығы 15 км/сағатқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан қалаға көлік тығыздығын төмендетуге бағытталған шараларды қарастыру қажет.
Қоғамдық көлік
Соңғы жылдары қала қазірдің өзінде көрнекті нәтижеге ие көлік инфрақұрылымдарын дамытудың бірқатар жобаларын іске асырды. Төменде қоғамдық көліктегі маңызды инвестициялық жобалар ұсынылды:
Метрополитеннің бірінші желісінің негізгі 2 бөлігінің құрылысын аяқтау;
Сығылған газда жұмыс жасайтын автобустардың саны 635;
Заманауи энерготиімді тролейбустардың саны 195;
Сығылған газда жұмыс істейтін такси саны 400 дана;
3 комуналдық автобустық парктер құрылысы;
Көліктік инфрақұрылымды қалпына келтіру және ішінара жаңғырту;
Пандустармен жабдықталған қалалық көлік үлесі 45% құрайды, оның ішінде 635 автобус және 195 троллейбус. Бұдан басқа, қала бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 8260 жол белгілері мен көрсеткіштері орнатылған. Метрополитен де толық мүгедектер үшін жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қаладағы барлық тұрақтарда мүгедектер автомашиналары үшін орындар бар.
Алматы қаласының Абай даңғ., Фурманов, Достық даңғ, Алтынсарин даңғ., сияқты негізгі орталық көшелеріндегі аялдамалар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін шамамен 150 бірлік пандустармен жабдықталған
Жоғарыда аталған жобалар, қоғамдық көлік қызметінің сапасын соның ішінде, жүзеге асырылған инвестицияларды жақсартты:
Метрополитен құрылысы – жылына 68 млн. пасс.км;
Компримирленген газбен жұмыс істейтін автобустарды сатып алу - жылына 1 млрд. пасс.км;
Қазіргі заманғы және энерготиімді троллейбустар сатып алу – жылына 190 млн. пасс.км;
Компримирленген газбен жұмыс істейтін таксилерді сатып алу – жылына 80 млн. жолаушы/км.
2.1.4.3.2. кесте. Қоғамдық көлік автопаркінің құрылымы
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
Қоғамдық көліктің саны
|
бірлік
|
1 982
|
2 101
|
1 848
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
Автобустар
|
бірлік
|
1 709
|
1 855
|
1 609
|
Троллейбустар
|
бірлік
|
239
|
212
|
215
|
Трамвайлар
|
бірлік
|
27
|
27
|
17
|
Метрополитен
|
бірлік
|
7
|
7
|
7
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті, Жолаушылар көлігі басқармасының деректері
Қоғамдық көлік жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Жеке инвесторлар үшін саланың тартымдылығын көтеру шараларының бірі жобалардың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық көліктегі ағымдағы тарифтер салыстырылып отырған қалалардың деңгейіне қатысты төменгі деңгейде және көп мәрте қолдануға болатын билеттерді ынталандыру тетіктеріне :
2.1.4.3.3. сурет. Қоғамдық көліктегі жол жүру тарифтері, 2015 ж.
Дереккөз: қалалардың статистикалық агенттіктері; қалалардың көлік басқармаларының сайттары, Алматы қаласы Статистика департаменті
Жоғарыда аталған салыстырулардан шыға отырып, көлік шығынының үлесі Алматының үй шаруашылығындағы шығындардың жалпы құрылымында 5% құрайды. Онда салыстырылып отырған қалалардың бұл көрсеткіші өңірде 9,8% немесе Алматы қаласы бойынша 40% жоғары.
Субсидиялаудың болмауы және тарифтер деңгейінің төмендеуі жеке инвесторлар үшін қоғамдық көлік жобаларының тартымдылығын төмендетеді.
Билет беру жүйесі
2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, барлық қалалық бағыттарда «ОҢАЙ» электрондық билетіне көшу жүргізілді. Жолаушылардың барлығы міндетті түрде жүрген жолдарын жүйеге «ОҢАЙ» картасы арқылы тіркеу қажет. Олардың жоғарыда аталған құралдары немесе мүмкіндіктері болмаған жағдайда, азаматтар бір реттік жүруге арналған «OҢAЙ» билетін сатып алуға болады.
Тұрғындардың сұрауы бойынша Алматы қалалық бағыттарда бір жолғы билеттер беретін терминалдарды орналастыру жөніндегі қосымша жұмыстар жүргізілді.
Жолаушылар билеттерін ұмытып кеткенде, толтырмаған кезде немесе басқа себептермен картаны қолданбаған жағдайда, «OҢAЙ» жолаушылар картасы қосымша енгізіледі.
2016 жылдың 20 маусымынан бастап, бір реттік төлемге арнайы көлік терминалдары қойылды. Көлік құрылғысы өз кезегімен және уақтысымен барлық қалалық бағыттарды қамтитын болады.
Бір реттік билетте маршрут нөмірі, көліктің мемлекеттік нөмірі, күні мен уақыты және «OҢAЙ» логотипі белгіленген болады.
Бір реттік билетті пайдалануды қалайтын жолаушылар жол ақысын көлік жүргізушісіне беруі тиіс және арнайы жүргізушінің жанында тұрған көлік құрылғысының көмегімен үлгіде көрсетілген билетті алады.
Көліктік модельдеу
Қаланың көлік жүйесін жақсарту бойынша іс-шараларды өткізуді бағалау және жолдардың тығыздылық деңгейін төмендету мақсатында көлік қозғалысын кешенді зерттеуді өткізу қажет. Аталған бағалау көлікті модельдеу бағдарламасымен жүргізіледі.
Тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынып, кейін Көлік холдингіне тапсырылды. 2015 жылғы қазандағы жағдай бойынша көлік моделі толық деңгейде іске қосылмады, әлі іске қосылу үдерісінде тұр.
Көлік жүйесінің агломерациясы
Алматы қаласының көлік жүйесі агломерациясының негізгі мәселесі қалалық және қала шетіндегі жүрдек жолаушы көлігінің (LRT, BRT, қала шетіндегі электричкалар) үлкен тасымал қабілетіне ие заманауи жүйелерінің жоқтығы болып табылады. Қала маңындағы бағыттарда жолаушылар тасымалдаудың бар қажеттіліктерін қанағаттандыратын автомобиль көлігінің баламасы жоқ.
Велокөлік
Ірі қалаларда велосипед көлігін дамыту жол жүктемесін төмендету және көліктің тұрақты түрлерін дамыту бойынша танымал шара болып табылады. Велокөлікті дамыту үдерісінде негізгі фактор велосипед инфрақұрылымының болуы болып табылады (веложолдар, велотұрақтар және велопрокат жүйесі).
2015 жылы веложолдардың жалпы ұзындығы 24 км. астамын құрайды, Рысқұлов даңғ., Момышұлы, Ақын Сара к., Дархан ш.а. бастап ҮАК жолының бойындағы магистральдық көшелерді ұзарту кезінде және Абай даңғылын күрделі жөндеу кезінде велосипед жолдары салынды. Сондай-ақ Тимирязев к., Байтұрсынов к. Абай даңғылына дейін және Жандосов к. Саин көшесінен Таусамалы ш.а. дейін күрделі жөндеу кезінде, ұзындығы 17,2 км. веложолдардың құрылысы қарастырылған
.2.1.4.3.4. сурет. Веложолдардың жалпы ұзындығы және қамтылуы, 2015ж.
Дереккөз: баспасөз шолуы, сарапшылармен сұхбат
Велосипед инфрақұрылымының басқа да маңызды құрамдас бөлігі велотұрақтардың бар болуы болып есептеледі. Қаланың аумағында велотұрақтар әкімдік, бизнес құрылымдары және қоғамдық ұйымдардың күшімен орнатылады.
2015 жылы қаланың аумағында жалпы сыйымдылығы 700-900 орын болатын шамамен 120 велотұрақ орналасты. Велотұрақтардың бұл саны велокөлікті дамытуды шектейді, өйткені қаланың көлемінде велокөлікті дамытудың ағымдағы жоспары кезінде жеткіліксіз болып табылады, бұл салыстырмалы түрде басқа қалалардағы велотұрақтармен қамту дейңгейін қарау кезінде байқалады.
2.1.4.3.5. сурет. Велотұрақтардың саны және қамтылуы, 2015 ж.
Дереккөз: қалалар муниципалитеттерінің сайттары, сарапшылармен сұхбат
Велокөлікті дамытудағы үшінші фактор велосипедті жалға беру жүйесін дамыту болып саналады. Қалада біріккен велосипедті жалға беру жүйесіне қосылмаған жалға беру пункттері жұмыс істеуде. 2014 жылы қалада 30 велосипедке арналған велосипедті жалға берудің 2 стансасын орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Велокөлікті одан әрі насихаттау үшін қаланың ішінде ауқымды тұйық желіні құруға мүмкіндік беретін, велосипедті жалға беру стансасының қажетті мөлшерін қалыптастыру қажет.
Велокөлікті дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жалпы жолаушылар ағысында велокөліктің қомақты үлесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2.1.4.3.6. сурет. Жолаушылар ағынында велокөліктің үлесі, 2014 ж.
Дереккөз: баспасөз шолуы, муниципалитеттердің сайттары, сарапшылармен сұхбат
Тұрақтар
Алматы қаласының әкімдігі ақылы тұрақтарды (автотұрақтарды) ұйымдастыру бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру мақсатында ақылы автотұрақтар желісін құру, тұрақ бойынша қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көше-жол желілерінің өткізу қабілетін арттыру, Алматы қаласының аумағында қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/945 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын ұйымдастыру Қағидасы әзірленді.
Жер қатынастары басқармасы Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге ақылы автотұрақтарды ұйымдастыруға жер телімдері белгіленген.
Ақылы коммуналдық автотұрақтарды (автотұрақтарды) жабдықтау, абаттандыру және пайдалану бойынша қағидаға сәйкес тендер өткізіледі, тендер жеңімпазымен сеніммен басқару шарты жасалады. Шарттың талаптары бойынша пайдаланушы ұйым құрал-жабдыққа, абаттандыруға және автотұрақты пайдалануға жауап береді.
Алматы қаласының тұрақ инфрақұрылымын дамыту бойынша әзірленген Кешендік жоспарға сәйкес 2015 жылдың 1 қарашасынан бастап тротуар үлгісіндегі барлық автотұрақтарда ақы алуға тыйым салу енгізілген.
Пайдаланушы ұйымдармен бұрын (2013-2014 жылдары) жасалған шарттар шарт міндеттерін орындамауға және көптеген салық заңнамасын бұзушылыққа байланысты бұзылды. Бұл тыйым салу сауда кешендерінің, ойын-сауық мекемелерінің, әуежайдың, вокзалдардың аумағында және басқа жер телімдерінде орналасқан жеке меншік тұрақтарға қолданылмайды.
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы №2/168 Алматы қаласының тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық автотұрақтарды (автотұрақтарды) жабдықтау, абаттандыру және пайдалану бойынша ұйымдастыру туралы қаулысына сәйкес, «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС 2016 жылдың 21 маусымынан бастап Алматы қаласында тұрақ кеңістігі бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.Аталған Жоба Алматы қаласын дамыту жоспарына сәйкес әзірленді. Тұрақтардың толық автоматтандырылған жүйесі ең жоғарғы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін болады. Халықаралық тәжірибені егжей-тегжейлі зерттеуге негізделген жоба бірнеше кезеңдерді қарастырады. Бірінші кезеңде қаланың барынша кептелісі көп көшелер қамтылатын болады, осылайша 2016 жылдың 21 маусымынан бастап мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Зенков көшесі (Мақатаев және Жібек Жолы көшелері арасындағы 64 тұрақ орны) орналасқан пилоттық жоба тестіленуде.
2.1.4.3.3. кесте SWOT - талдау
Күшті жақтары:
- салыстырмалы түрде дамыған көлік инфрақұрылымы.
|
Әлсіз жақтары:
- қоғамдық көлік қызметтерінің төменгі сапасы (бағыттардың жүйесіздігі, жылжымалы құрам мен жүргізушілердің жетіспеуі, сондай-ақ Жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерін бұзу);
- көлік тығындары және қалаға сырттан кіретін көлік санының көптігі.
|
Мүмкіндіктер:
- қалаға кіретін негізгі бағыттарда автовокзалдар мен автостансалар салу;
- көлік бағыты карта/сызбаларын орнату, дәл сол уақытқа режиміндегі қоғамдық көліктің кестесі бар электрондық ақпараттық табло, бейне бақылау камераларын орнату.
|
Қауіп-қатерлер:
- Алматы қаласында ластаушы заттардың, шекті жол берілетін нормасының айтарлықтай өсуі;
- көлік санының артуы.
|
Түйткілді мәселелер:
- тұрақ орындарын ұйымдастырудағы пысықталмаған нормативтік құқықтық база.
Автожолдар
Ұзындығы және қамтылуы
Қаланың жол қоры толығымен муниципалитеттің меншігінде. 2013 жылдан бастап 2015 жыл аралығында жол қоры орташа есеппен жылына 0,3%-ға өсті және 1%-ға артты (жаңадан қосылған аумақтарды есептемегенде).
Автожолдар
Ұзындығы және қамтылуы
Қаланың жол қоры толығымен муниципалитеттің меншігінде. 2013 жылдан бастап 2015 жыл аралығында жол қоры орташа есеппен жылына 0,3%-ға өсті және 1%-ға артты (жаңадан қосылған аумақтарды есептемегенде).
2.1.4.3.2. кесте Алматы қаласының жол қорының ұзындығы
Атауы/ жылдары
|
Өлшем бірлігі
|
2013
|
2014
|
2015
|
Автожолдардың ұзындығы
|
км
|
1714
|
2299
|
2 299
|
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі
|
%
|
41
|
43
|
65
|
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Автожолдардың ұзындығын арттыру бойынша ағымдағы шараларға қарамастан, Алматы автожолдармен қамту дейңгейі және қала аумағындағы автожолдардың тығыздығы бойынша салыстырып отырған қалалардан артта қалады.
2.1.4.3.11. сурет Автожолдардың тығыздығы және жол жабындыларымен қамту, 2015 ж.
Дерек көзі: баспасөзге шолу, жұмыс тобының талдауы
Жол төсенішінің сапасы
Қолда бар мәліметтер бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдай- дағы автомобиль жолдары 41%-дан 65%-ға дейін өскен. Бұл ретте, анағұрлым толық мағлұмат беретін, қаладағы автожолдардың ұзындығы, қамтылуы және жағдайына нақты түгендеу жүргізу тек қана 2016 жылдың ортасына қарай аяқталады.
Автожолдар қорының жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын жаңадан жолдар салынады және бұрыннан бар жолдар жөндеуден өтеді. 2013 - 2015 жылдар аралығында жаңадан 9,5 км жол салынған, 20,7 км болатын магистралды көше созылған, 10,2 км жол күрделі жөндеуден өткен, 388,5 км жолға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ, жөндеу жұмыстарының бірыңғай тізілімі және қаланың аумағындағы жолдардың картасы жоқ екені байқалады.
2.1.4.3.5. кесте. Автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарының көлемі
Атауы/ жылдары
|
Өлшем бірлігі
|
2013
|
2014
|
2015
|
Құрылысы
|
км
|
7,9
|
1,6
|
-
|
Магистралды көшелерді созу
|
км
|
13,6
|
-
|
7,1
|
Күрделі жөндеу
|
км
|
1,8
|
3,2
|
5,2
|
Орташа және ағымдағы жөндеу
|
км
|
155,6
|
137,8
|
95,1
|
Дереккөз: Алматы қаласының Автомобиль жолдары басқармасы
Көлік жолайрықтары және жаяу жүргіншілердің өтпе жолдары
2015 жылы көлікті өткізу қабілетін арттыру және қала магистралдарындағы көлік жүктемесін төмендету мақсатында 7 көлік жолайрығы және жаяу жүргіншілердің 70 өтпе жолы салынды. Жыл сайын жаяу жолдардың шамамен 50 мың шаршы метрі жөнделуде және 10 шаршы метрі салынуда.
2014 жылы қалада дүниежүзіне танымал урбанист Ян Гейлдің Алматы аумағының орталық бөлігін жайластыру жөніндегі жобасы таныстырылды, жаяу жүргіншілер аймағының құрылысын қоса алғанда. Қазіргі кезде Алматы қаласының Бас жоспарына ұсыныстар біріктірілуде.
2.1.4.3.6. кесте. SWOT - талдау
Күшті жақтары:
- жол желілерін кеңейту, көпірлер салу, көшелерді созу және түрлі деңгейдегі көлік жолайрықтарын салу арқылы жылдамдығы жоғары қала көшелері мен қалалық маңызы бар магистралдардың бірыңғай жүйесін құруға негізделген көше-жол желі-лерін дамыту.
|
Әлсіз жақтары:
- автокөлік инфрақұрылымының едәуір бөлігі нормативтік мерзімнен артық пайдаланылуда, басқалары да сол мерзімге жақын, осыған байлан-ысты көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша жағдай нашарлайды.
|
Мүмкіндіктер:
- мемлекеттік - жеке меншік әріптес-тік тетіктерін дамыту
- озық техникалық және экологиялық регламенттер, стандарттарды енгізу.
|
Қауіп-қатерлер:
- автокөлік санының артуы.
|
Түйткілді мәселелер:
Жолайрықтарын салуда түйткілді мәселе құрылыстан тиімділікті анықтау болып табылады. Тиімділікті есептеуде көлік ағысын модельдеу бағдарламасының болмауы қиындатады. Нәтижесінде көлік жолайрықтары салынған учаскелердегі өткізу қабілетін жақсарту бойынша мәліметтер жоқ. Жұмысқа көлік моделін 2017 жылы енгізу кезінде қаланың жолайрықтары бар учаскелеріндегі өткізу қабілетін жақсарту нәтижелеріне талдау жасау үшін базасы пайда болады.
2.1.5. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Электр энергетикасы
Алматы қаласы бойынша электр энергиясының нарығы - «АлЭС» АҚ энергия көздерінен алынатын электр қуатынан және Жамбыл ГРЭС-і және Павлодар-Екібастұз ГРЭС-і энергия торабынан (шамамен 45%) сатып алынатын электр қуаты есебінен құралады.
Алматы өңірінен тысқары жерлерден электроэнергиясын жеткізудің елеулі үлесін, экономиканың және халық санының өсуі есебінен тұтынушының әрі қарай ұлғаюын ескере отырып, ЖӨӨ-нің энергиялық сыйымдылығының қысқартылуына ерекше назар аудару қажет.
2015 жылы қаланы орталықтандырылған электрмен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайды.
Қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесі тозығы жеткен және шығынды көп әкелетін деңгеймен сипатталады. Республикалық құрылымда Алматы қаласы электр желілерінің тозуының көрсеткіші, Алматы және Павлодар облыстарынан кейін, жоғары деңгейде болып есептеледі. Қалалық электр желілерінің тозуының көрсеткіші жүйені ауқымды көлемде жаңғырту қажет екенін көрсетіп отыр. Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі соңғы 3 жылда едәуір артты. Аталған кезеңде шамамен 934,8 километрдей электр желісі қайта жаңғыртылды. Электрмен жабдықтаудың жаңғыртылған желілерінің үлесі 5% -ды құрайды. Бұл электр желілеріндегі шығын деңгейін төмендетуге алып келді (2013 жылғы 15,78% - дан 2015 жылғы 14,3%-ға), инфрақұрылымның қатты тозуына қарамастан (2013-2015 жылдары 69%).
Сурет 2.1.5.1. Электр желілерінің көрсеткіштері
1 ВЛ-6-10 кВ, ВЛ-0,38 кВ, КЛ-6-10 кВ, КЛ-0,38 кВ бойынша орташа мәні
Дереккөз: Энергетика және КШ басқармасы
Электр энергиясын тұтынудың құрылысы, негізгі тұтынушы өнәркәсіп кәсіпорындары – 33%, жеке тұлғалар – 29%, бюджеттік ұйымдар – 13% және өзге де тұтынушылар – 25% екенін көрсетіп отыр.
1-3 ЖЭО-ның техникалық жабдықтарына жасалған талдау 1-ЖЭО және 3-ЖЭО жабдықтары өз ресурсын пайдалануды аяқтауға жақын қалғанын және жаңғырту қажет екенін көрсетті:
- 1960-72 жылдары іске қосылған 1-ЖЭО-ның барлық 6 қазандығы және 3 турбинаның 2-і 200 000 Вт. астам өнім өндірген;
- 1980-81 жылдары іске қосылған 2-ЖЭО-ның6 турбинасының 2-і 200 000 Вт. астам өнім өндірген;
- 1962-65 жылдары іске қосылған 3-ЖЭО-ның барлық 6 қазандығы және 4 турбинасы 200 000 Вт. астам өнім өндірген.
Қазіргі таңда газ турбиналы технология базасында жаңа энергия көзін құрумен байланысты «ЖЭО-1 АҚ «АлЭС» кеңейту» жобасы дайындалуда.
2.1.5.1. кесте Электрэнергиясын өндіру, мың кВт/сағ.
Энергия көзі атауы/ жылдар
|
Өлшем бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
1- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
386 554
|
383 778
|
354 695
|
2- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
2 555 682
|
2 603 154
|
2 545 758
|
3- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
1 087 296
|
1 052 923
|
1 134 779
|
Каскад ГЭС
|
мың кВт/с
|
190 274
|
157 368
|
191 652
|
Қапшағай ГЭС-і
|
мың кВт/с
|
1 008 608
|
838 433
|
858 674
|
«АлЭС» АҚ бойынша, жалпы
|
мың кВт/с
|
5 228 414
|
5 035 656
|
5 085 558
|
Дереккөз: Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
Жылумен жабдықтау
Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесі қаланың инженерлік инфрақұрылымының ең күрделі жүйесі болып есептеледі. Қаладағы жылуды өндіретін негізгі көз көмір болып отыр. Мысалы, 1 - ЖЭО-да көмірдің үлесі 6,8%-ға жетеді, 2- ЖЭО-да – 99,5%, ал 3- ЖЭО-да – 99%. Жалпы, 2015 жылғы мәлімет бойынша қатты және сұйық отыннан жылу өндіру 70%-ды құрайды.
«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС балансында 76 қазандық бар: оның 71-і газбен жабдықталған, ал 1-і қатты және сұйық отынды қолданады (оның 6-уы бойынша газдандыру жұмыстары жүргізілуде). Бұл ретте, қосылған аумақтардағы кенттерді қоса алғанда, қалада білім және денсаулық сақтау объектілерінің 93 автономиялық қазандығы орналасқан (денсаулық сақтау саласының 30 объектісі және білім беру саласының 63 объектісі), оның 52%-ы қатты және сұйық отын есебінен жылытылады.
2.1.5.2. сурет. ЖЭО және қазандықтардақатты және сұйық отыннан жылу өндіру, 2014-2015 жылдар
1 Қосылған аймақтардың 30 денсаулық сақтау нысандарын және 63 білім беру нысандарын қосады
2 Санаты «Ескі құрылысты салуға»жатады
Дереккөз: Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
Жалпы көлемнен жылу энергиясының 98% (5 579 602 Гкал, 2014 жыл) ең ірі энергия көздері «АлЭС» АҚ кіретін 1-ЖЭО, 2-ЖЭО және БЖК-дан өндіріледі.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша жылу желісінің жалпы ұзындығы 1145,9 километрді құрайды. 2008 және 2016 жылда 153,9 километр жылу желісі қайта жаңғыртылды.
Қаланың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуі қалыпты деңгейде, біртіндеп артуда (2012 жылы 77%, 2015 жылы 78%). Бұл ретте, мәліметтерге орталықтандырылған жылуы жоқ және кішігірім автономиялы қазандықтар жұмыс істеп тұрған, қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Қазіргі кезде Наурызбай ауданы аумағындағы автономиялық қазандықтар мен жылу желілерін қайта жаңғыртудың жоспары пысықталуда.
Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі төменгі деңгейде, ол жылу желілерінің тозуын арттыруға алып келеді. Жылу желілері тозуының мүмкін болатын деңгейін ұстап қалу үшін магистралдық желілерге басымдық бере отырып, жылына ұзындығы 14 км-ден кем емес магистралдық жылу желілерін, ұзындығы 23 км-ден кем емес тарату жылу желілерін төсеу қажет.
2.1.5.3. сурет. Жылу желілерінің көрсеткіштері
Д ереккөз: Энергетика және КШ басқармасының мәліметтері
Егер 2014 жылы жылу желілеріндегі бүліну жағдайлары шамамен 2484 рет тіркелсе, 2015 жылы - 2070 жағдай. Бұл жылу желілерінің тозуы 64%. Шығын деңгейі 18,51%-ды құрайды.
2.1.5.2. кесте. Жылу энергиясын өндіру
Энергия көзі. атауы/жылдар
|
Өлшем бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
1- ЖЭО
|
Гкал
|
1 416 061
|
1 316 824
|
1 214 605
|
2- ЖЭО
|
Гкал
|
2 515 473
|
3 215 565
|
3 213 137
|
3- ЖЭО
|
Гкал
|
87 774
|
104 067
|
92 458
|
БЖК
|
Гкал
|
940 205
|
943 146
|
510 893
|
«АлЭС» АҚ бойынша, жалпы
|
Гкал
|
4 959 513
|
5 579 602
|
5 031 093
|
Дереккөз: Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
Сумен жабдықтау және су бұру
Алматы қаласы 4 негізгі су көзінен алынатын сумен қамтамасыз етіледі: Үлкен және Кіші Алматы өзендері (сүзгілі тазалау стансаларында тазартылып) және Алматы мен Талғардың жерасты су алатын жерлерінен су алынады.
Су құбырымен қамтамасыз етілуі деңгейі әлемдік деңгейге сәйкес келеді (Наурызбай ауданын қоспағанда). Алматы қаласының су құбырымен қамтамасыз етілу деңгейі (Наурызбай ауданын қоспағанда) , 2012 - 2014 жж. 95% құрады (жылына мөлшерімен 1%-ға өсу).
Алайда бұл мәліметтерге су құбырымен қамтамасыз етілу деңгейі 15% болатын, қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Сумен жабдықтаудың аудандағы жүйесі ауыз су қажеттілігі үшін кіші өзендердің (Қарғалы, Ақсай және олардың сағасы) шикі суын, сондай-ақ құмы бар терең емес ұңғымаларды пайдаланады. Судың сапасы ГОСТ талаптарына сәйкес келе бермейді. Аудандағы қолданылып жүрген су тарататын желіні тұрғындар, құрылыстың СНжЕ талаптарын сақтамай өз бетімен салған.
Күрделі жөндеу жұмыстарын арттыру сумен жабдықтау инфрақұрылымындағы апаттарды, тозуды және шығындарды азайтуға ықпал етеді. Соңғы 3 жылда күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі 2 есеге дейін артты 2013 жылы 0,53%-дан 2015 жылы 1,16%-ға дейін. Соның арқасында жыл сайын апаттардың саны 5%-ға қысқарды.
Бұған қарамастан, шығын деңгейі салыстырып отырған қалалардан едәуір жоғары. Мысалы, 2012 жылы тозу деңгейі 68%, ал сумен жабдықтаудағы шығындар 30% құраған. Бұл көрсеткіштер 2015 жылы тиісінше 66,5% және 26%-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ, шығындардың негізгі көздері абоненттік желілерде (40%), иесіз желілерде (20%) және суды есептей алмау (20-40%) болғанын көрсетіп отыр.
Ағымдағы желілерді ауыстыру қадамын сақтау кезінде (1,1%) желілердің тозуы және шығыны мәселелері, келесі 60 жыл бойы сақталатын болады және мақсатты деңгейге (50% шығын) 2030 жылдарға қарай қол жеткізіледі.
2.1.5.4. сурет. Сумен жабдықтау жүйелерінің көрсеткіштері
Дереккөз: ШЖҚ «Холдинг Алматы Су» МКК мәліметтері
Суды пайдалану 2013-2015 жылдары орташа есеппен 3%-ға қысқарған және 2015 жылы 135 млн. куб. м. құраған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ірі су пайдаланушы болып тұрғын үй қоры мен тамақтану қызметін көрсететін кәсіпорындар (63,05 млн. куб.м) есептеледі, электрмен жабдықтау, су және бу беру және ауамен үрлеуге (кондиционирования) негізделген кәсіпорындар (49,4 млн. куб. м), қайта өңдеумен өнәркәсібі (4,2 млн. куб. м).
Сонымен қатар, есептеуіш құралдарын орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, ол суды үнемді пайдалануға көмектеседі. Ортақ суды есептейтін құралмен қамтылу деңгейі 100% немесе қажетті 8952 бірліктің 8952-сы. Жеке есептеуіш құралмен жабдықталуы 86,97% құрайды. Қосымша 76,1 мың құрал орнату керек.
Жалпықалалық кәріз қаладан келетін, маңайындағы демалыс аймақтарынан, бірқатар кенттерден және Талғар мен Қаскелең қалаларынан келетін сарқын суды қабылдау, ағызу және тазалауды жүзеге асырады. Суды ағызу жүйелерімен қамту деңгейі қарқынды түрде өсуде: жыл сайын 7%-ға. Алайда, бұл көрсеткішке қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Наурызбай ауданындағы су ағызатын құбырдың ұзындығы 8,9 км (басқа аудандардағы жалпы ұзындықтың 6% ) құрайды.
Коммуналдық меншіктегі кәріз желілерінің ұзындығы 1557,5 км құрайды. Жалпы ұзындық - 1629,5 км. Алматы қаласында күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі салыстырып отырған қалалар деңгейінен төмен. 2013 жылы ол 0,3% құрап, 2015 жылы 0,9%-ға дейін өсті. Күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі тозған желілердің өсуін жаппайды, ол тозу деңгейінің артуын жылсайын 2%-ға арттырады. Алматыда бұл деңгей 2012 жылы 59% тең болған, 2015 жылы 64%-ға жетті.
Жалпы тозу деңгейі салыстырып отырған қалалардан 3 есеге жоғары деңгейде тұр. Жоғарыда мазмұндалғандардан күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі жеткіліксіз екенін байқауға болады.
Күрделі жөндеудің ағымдағы үлесін сақтау кезінде 20 жылдан кейін тозу деңгейі 90 %-ды құрайтын болады, ол келешекте апатты жағдайларға әкеліп, су ағызатын желілердің үлкен бөлігінің істен шығуына алып келеді.
Статистикалық деректер бойынша 2015 жылдың басына өткізілген судың жалпы көлемінен, билогиялық жолмен толық тазартылғаны 98,5% сарқынды су, ол 125,4 млн. куб. м. құрайды.
Газбен жабдықтау
Қалада газды таратумен айналысатын 4 кәсіпорын бар , оның ішіндегі ең ірісі «ҚазТрансГаз - Алмак» ЖШС.
Қала тұрғындарының газды тұтынуы 431,5 млн. куб. метрді құрады немесе қаладағы газды тұтынудың жалпы көлемінің 33,2%, өндірістік қажеттілктерге 820,6 млн. куб. м (63,2%) газ пайдаланылған.
Алматыдағы газбен қамтылудың деңгейі өте жоғары, тіпті халықаралық деңгей үшін де. Газбен қамтудың көрсеткіші 2012 жылы 96%-дан 2014 жылы 97%-ға артты, соның ішінде жеке үйлер бойынша 95%, көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 100%, бұл салыстырып отырған қалалардан 20 және одан да көп пайызға жоғары. Бұл ретте, факті бойынша жеке тұрғын үйлердің тек 65%-ы газға қосылған. Шамамен 31 мың үй газ жабдығын сатып алуға қаражаттың болмауы және оны орнату жұмыстарына ақы төлей алмауы себебінен, оның құны бағалау бойынша 300 мың теңгені құрайды, газ құбырына қосылмаған. Бұл ретте, газға қосылмаған үйлер қатты отын (көмір) есебінен жылытылып, ауаны ластауда. Тұрғын үй қорына атмосфералық жалпы шығарындылардың 4% (10,5 мың тонна) тиесілі.
Алматы қаласы бойынша табиғи газды орташа сағаттық тұтынуы 180 мың текше метр/сағатты құрайды, қысқы кезеңдегі қарбалас сағаттарда – 250-260 текше метр/сағат.
Табиғи газдың шығындары 2013 жылғы 49,9 млн. текше метрмен салыстырғанда 49,9 млн. текше метр (берілген газға 3,3%) құрады.
Қаланың тұтынушылары табиғи газбен бірге сығымдалған газды пайдаланады. 2013 жылы тұрғындарға осы отынның 102 тоннасы босатылды, 2014 жылы 45 тонна. 55,9% төмендеуі тұтынушылардың табиғи газды пайдалануына көшуіне және сығымдалған газды пайдаланушы үйлердің санының азаюына байланысты болып отыр.
2016 жылдың басында қаладағы көше газ желілерінің ұзындығы 5 мың км. құрады. Жылдық өсу (2014 жылы 2013 жылдағымен салыстырғанда ) 5% құрады. Әуезов және Бостандық аудандарындағы газ желілері өте ұзын болып табылады. Орам ішілік (ішкі аулалық) желілер 2013 жылмен салыстырғанда 120,6 километрге ұлғайды және 3161,4 километрді құрады.
2015 жылы инженерлік-коммуникациялық газ инфрақұрылымының тозуының деңгейі 36%-ды құрады, мұның өзі өткен кезеңнің осындай көрсеткішінен 1%-ға төмен.
2014 жылы 60 км газ желілері қайта жаңғыртылды.
2015 жылы 65 км газ желілері қайта жаңғыртылды.
Алматы қаласының газ жеткізу жүйесінің қуатын ұлғайту мақсатында 2015 жылы айналып өтетін газ құбырын тарта отырып, ГРС-2-нің қуатын сыртқа шығару жоспарлануда. Бүгінгі күні Алматы қаласын газбен жабдықтау саласындағы өзекті мәселе қала төңірегінде газ шеңберін жасау болып табылады. Осы шаралар табиғи газды пайдалана отырып, тұрғын үйлерді және тұруға арналмаған нысандарды газбен жабдықтауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
2.1.5.3. кесте. 2013-2015 жылдардағы Алматы қаласы жылу және бу құбыры жүйесінің ұзындығы
Атауы/жылдар
|
2013
|
2014
|
2015
|
Екіқұбырлы шамадағы желілердің ұзындығы,км
|
1 271,6
|
1150,0
|
1124
|
Оның ішінде ауыстырылғаны, км
|
21,7
|
11,0
|
17,7
|
Дереккөз: Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
2.1.5.4. кесте. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығының негізгі даму көрсеткіші
Атауы/жылдар
|
Өлш.
бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімді тұрғындардыңүлесі
|
%
|
95,09
|
95,12
|
95
|
суды әкету қызметіне қолжетімді тұрғындардың үлесі
|
%
|
68
|
72
|
74
|
жаңартылған желілердің жалпы ұзындықтағы үлесі
|
|
|
|
|
жылумен жабдықтау
|
%
|
2
|
2
|
1,6
|
сумен жабдықтау
|
%
|
6
|
6
|
6
|
Су бұру
|
%
|
10
|
10
|
10
|
газбен жабдықтау
|
%
|
-
|
-
|
-
|
электрмен жабдықтау
|
%
|
9
|
11
|
6,3
|
Ішкі өңірлік өнімнің қуат сыйымдылығы көрсеткіші
|
т.н.э.
|
0,32
|
0,32
|
0,32
|
Дереккөз: Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
2.1.5.5. кесте SWOT-талдау
Басым жақтары:
- тұрақты отын-энергетика секторы;
- дамыған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым;
|
Әлсіз жақтары:
- электр, жылу, сумен жабдықтау, отын-энергетикалық секторындағы негізгі құралдардың басым бөлігінің жоғары деңгейде тозуы;
- инженерлік жүйенің 60% жуығы ұзақ мерзім бойына пайдаланылған (25 жылдан астам).
|
Мүмкіндіктері:
- Көрсетілетін өмір сүруге қажетті қызметтердің сапасы, қауіпсіздігі мен үздіксіздігі бірмезгілде тиімсіз шығындарды төмендету;
- Коммуналдық қызметтердің бағасы мен сапасының балансына жету
|
Қауіп-қатерлер:
- инженерлік инфрақұрылымның 70% (ЖЭС, аралық станция, магистральді жүйе, қазандық) өзінің пайдалану ресурсын сарқыған, сол себепті апаттық жағдайларға, атап айтқанда электр жүйелерінде, жылу, су және газ жүйелерінің жиі істен шығуына алып келуі мүмкін.
|
Түйткілдер:
қосылған аумақтарда инфрақұрылымдық жүйелер ауқымының жетіспеушілігі;
бар инженерлік желілердің тозуының жоғарылығы, оларды жаңғырту және қайта жаңалау.
Достарыңызбен бөлісу: |