2.1.2.2.2. кесте. Халықтың сырқаттануы
Атауы/жылдар
|
Өлшем бірлігі
|
2013
|
2014
|
2015
|
Халықтың жекелеген ауру түрлерімен сырқаттануы:
|
|
|
|
|
Тыныс алу жолдарының жедел инфекциясы және тұмау
|
100 мың адамға жағдай
(тұмау/ЖРА)
|
11,5/
10917
|
7,6/
9503
|
8,98/
7892
|
Белсенді туберкулезбен сырқаттану
|
100 мың адамға жағдай
|
55,9
|
53,7
|
45,3
|
Есепте тұратын туберкулезбен ауыратын науқастардың саны
|
адам
|
1230
|
1223
|
1239
|
Маскүнемдік және нашақорлық пен есепте тұрады, адам, оның ішінде:
|
адам
|
35215
|
26048
|
23225
|
Психикалық белсенді заттар, опиодтер наркотикалық заттарды тұтынудан болатын бұзушылықтар
|
адам
|
3902
|
3190
|
2690
|
Ішімдікті тұтыну салдарынан болатын бұзушылықтар
|
адам
|
31313
|
22858
|
20535
|
15-49 жас тобында адамның иммундық тапшылық вирусының таралуы, 0,2-0,6% шегінде
|
%
|
0,477
|
0,333
|
0,353
|
Ақпарат көзі: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасыныңмәліметтері
Сондай-ақ, қалада маскүнемдік және нашақорлық сияқты ауруларды қысқарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ішімдікті тұтыну салдарынан бұзылулармен науқастар саны 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы- 34%-ға қысқардыжәне 20 мың адамды құрады. Психикалық белсенді заттар, опиоидтар мен есірткілік заттарды тұтыну салдарынан бұзылулармен науқастар саны 31%-ға қысқарды және 2015 жылы 2,7 мың адамды құрады.
.
2.1.2.2.3. сурет. Өлім себебінің негізгі кластары бойынша қайтыс болғандар
Жазатайым оқиғалар, улану, жарақат
Ас қорыту аурулары
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Ісіктер
Қан айналымы жүйесі аурулары
Өлім себебінің негізгі кластары бойынша қайтыс болғандар
(100 мың адамға. 2014ж.)
Ақпарат көзі: Алматықаласының Статистика департаменті; жұмыс тобының талдауы
2013-2015 жылдары халықтың жалпы өлім деңгейі 11%-ға төмендеді. Алматы қ. қан айналу жүйесі және тыныс алу органдарынан болатын өлім деңгейі Варшава және Берлин сияқты дамыған қалалардың деңгейінен төмен. Бұл салыстыратын қалаларға қарағанда Алматы қаласында халықтың орта жасы 6-9 жасқа төмен болуына байланысты болуы мүмкін (Алматы қ. 2014ж. халықтың орта жасы 37 жас, Берлинде – 43, Варшавада – 46 жас). Зейнеткерлер үлесі де айтарлықтай төмен.
2.1.2.2.3. кесте. Жалпы өлім көрсеткіштері
Атауы /жылдар
|
2013
|
2014
|
2015
|
Қан айналу жүйесінен болатын өлім, 100 мың халыққа шаққанда жағдайлар саны
|
227,29
|
170
|
140,7
|
Қатерлі ісіктерден болатын өлім, 100 мың халыққа шаққанда жағдайлар саны
|
118,14
|
109
|
95
|
Жазатайым оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатын өлім, 100 мың халыққа шаққанда жағдайлар саны
|
83,54
|
70,3
|
57,3
|
Тыныс алу органдары ауруларынан болатын өлім, 100 мың халыққа шаққанда жағдайлар саны
|
47,07
|
50,15
|
79,3
|
Туберкулезден болатын өлім, 100 мың халыққа шаққанда жағдайлар саны
|
5,8
|
5,2
|
3,2
|
Ақпарат көзі: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасыныңмәліметтері
2013-2015 жылдарғы өлім деңгейі:
қан айналымы жүйесі ауруларынан 38%-ға төмендеген;
қатерлі ісіктерден 20%-ға;
жазатайым оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан 31%-ға;
туберкулез ауруынан 45%-ға төмендеді;
тыныс алу ағзасының ауруынан болатын өлім-жітім саны 68%-ға ұлғайған, дегенмен, еліміз бойынша орта деңгейден анағұрлым төмен болуда (Қазақстан Республикасында 2015 жылы - 100 мың халыққа шаққанда -104,9).
Сондай-ақ, қатерлі ісіктерден, жазатайым оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан және ас қорыту ағзалары ауруының салдарынан болатын өлім деңгейі әлемдегі дамыған қалалардағы көрсеткіштерден аса түсуде; және де, жыл сайын 6%-ға дейін өсу көрсеткішінде.
Халықтың өлім және сырқаттану деңгейінің азайып жақсаруына ықпалын тигізген факторлардың бірі сырқаттануға диагностика жасау және оның алдын алу жұмыстарының белсенді жүргізілуі болып саналады. Қан айналымы жүйесі ауруын анықтау үшін жүргізілетін профилактикалық тексеруге жыл сайын шамамен 200 мың адам қамтылады (2015 жылғы жоспарды төмендету бойынша), сүт безінің және жатыр мойнының обыры ісік алды ауруын анықтау бойынша- 80 мыңнан астам әйелдер, туберкулез ауруы бойынша – 800 мыңнан астам адам қамтылған. 2015 жылы профилактикалық тексеруге 412,5 мың бала мен жасөспірімдер қамтылған. 2013 жылмен салыстырғанда балаларды қамту деңгейі 9%-ға өскен. 2015 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарына 4 млн. шамасында түрлі профилактикалық тексерулер жүргізілді.
Қызмет барысы мен оқуын үзгісі келмеген адамдар үшін емдеудің өте ыңғайлы түрі болып саналатын, стационар орнын басатын технологияның дамуы оңтайлы рөл атқарады. Күндізгі стационарда және тұрғылықты жеріне барып емдеу стационарында қамтылған 10 мың адам: 2013 жылы 48,3 болса, 2015 жылы 50,6 дейін өскен.
2.1.2.2.4. кесте. Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
2013
|
2014
|
2015
|
Бала өлімі (0 -5 жас), тірі туылған 1 мыңға жағдай саны (ведомстволық есеп беру бойынша)
|
11,9
|
9,3
|
8,0
|
Ана өлімі, тірі туылған 100 мыңға жағдай саны
|
10,2
|
4,8
|
2,4
|
Ақпарат көзі: Алматықаласының Статистика департаменті;
Ана және бала өлімі көрсеткіші айтарлықтай жақсарды. Сәби және ананың өлімі көрсеткіштері бойынша алшақтық дамыған қалалармен салыстырғанда 4,25 есеге қысқарған және еліміз бойынша 1,5 есеге орта деңгейден төмен қалпында. Бұл оң динамика келесі шаралармен қамтамасыз етілген:
Барлық іске қосылған қызметтердің, ана мен баланы қорғаумен айналысатын қызмет жұмысына талдау жасау және бағалау, қатаң мониторинг жүргізу;
Мамандарды жүйелі түрде дайындауды ұйымдастыру және инновациялық медициналық технология білім беру орталығын құру;
Дәлелдік медицина негізінде акушерлік, перинаталдық медициналық көмектің стандарттары мен хаттамасын енгізу.
Қарастыру кезеңінде бала өлімі көрсеткіші 1 мың тірі туылған балаға 10,5-нан 8,92-ге дейін азайды (ведомстволық есеп беру дерегі бойынша 9,6-дан 7,2-ге дейін), дегенмен, салыстырмалы қалалар арасында жоғары деңгей қалпында қалуда. Бала өлімі (0-5 жас аралығы) 2013-2015жылдары 1,5 есеге төмендеген, 1 мың тірі туылған сәбиге 11,9-дан 8,0 оқиғаға дейін азайған (ведомстволық есеп беру дерегі бойынша).
Тұрғылықты жері бойынша ана өлімі көрсеткіші жыл сайын 40-50%-ға, 100 мың тірі туылған балаға 2012 жылғы 18,2 санынан 2015 жылғы 2,4 санына дейін қысқарған. Айтарлықтай ілгерлеу көрсеткіш деңгейінің дамыған қалалар арасындағы көрсеткіштердің төмен деңгейіне дейін жақсаруына әкелді.
2.1.2.2.4. кесте. Ана мен бала өлімінің көрсеткіші
Бала өлімі
(1000 тірі туылғанға)
Ана өлімі
(100 мың тірі туылғанға)
Ақпарат көзі: Алматықаласының Статистика департаменті; Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы
Дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі, қалада орналасқан республикалық ұйым, ҒЗИ мен ҒО персоналын қоса алғанда, шығыс еуропа қалаларының деңгейімен салыстырғанда еліміз бойынша орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Төсекпен қамтудың төмендеуі 10 мың адамға шаққанда 66,9-дан 46,0-ге дейін, жалпы дәрігерлік тәжірибе принципі бойынша істейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуына және стационарды алмастырушы көмек қолжетімділігінің жоғарылауына байланысты, бұл емдеуге жатқызудың және стационар жүктемесінің төмендеуіне ықпал етеді.
2.1.2.2.5. сурет Дәрігерлер және төсекпен қамтамасыз ету
Дәрігерлермен қамтамасыз ету
(100 мың адамға)
Төсекпен қамтамасыз ету
(100 мың адамға)
Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
2013 жылы емхана жүктемесінің 16%-ға төмендеуіне қарамастан, 2014 жылы Алматы облысының халқы мен аумағы қосылуына байланысты тағы да жоспарлы қуатты нақты пайдалану амбулаторлық-емханалық ұйымның жоспарлы қуатынан 24%-ға асты.
сурет. Емхана жүктемесінің көрсеткіші
Ақпарат көзі: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы; жұмыс тобының талдауы
2.1.2.2.5. кесте. Амбулаторлық-емханалық мекемелердің жүктемесі
Көрсеткіштер
|
2013
|
2014
|
2015
|
Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жоспарлы қуаты (ауысымына қабылдау саны) 10 мың халыққа
|
116,9
|
117,4
|
109,1
|
Жоспарлы қуатты нақты пайдалану %
|
110,3
|
112
|
124
|
Жылына 1 тұрғынға шаққанда қабылдау саны
|
6,8
|
6,1
|
5,6
|
Ақпарат көзі: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасыныңмәліметтері
Шамадан тыс жүктемеге байланысты тапшылық айқындалған аудандарда (Алатау. Наурызбай, Түрксіб, Әуезов аудандары) жаңа емханалар салу арқылы төмендейтіні болжанып отыр. Қалған қуаттылық тапшылығы қаладағы емхана қызметтерінің тиімділігін арттырудың арқасында және көрсетілетін жеке қызметтің ынталандыруынан толығатын болады.
Емханалардың шамадан тыс жүктеме мәселелеріне ішінара талдау:
Бағдарламаны жүзеге асырған 5 жыл ішінде емханалардың жоспарлық қуаттылығы 16%-ға, ауысымы бойынша 15 991-ден 18 543-ке дейін өскен. 12 нысанның құрылысы Бағдарламаны жүзеге асыру Жоспары тарапында жүргізілуде. Емханалардың шамадан тыс жүктемесі 2014-2015 жылдарда Алматы облысының аумағында бекітілген халықтың берілуіне қарамастан, 2011 жылы 28%-дан 2015 жылы 19%-ға дейін төмендеген.
Жаңа емханаларды іске қосу, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халықты қамтамасыз етуге жеке орталықтардың қатысуы қаладағы халық санының көбеюіне қарамастан, 1 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (МАСК) нысанына 2014 жылы 44 700 адам болса, 2015 жылы 41 000 адам санына дейін төмендеген.
Емханаларды жеткіліксіз түрде жабдықтармен қамту мәселесі осы уақытқа дейін шешілмеген – қала емханаларының жабдықталу деңгейін жоғарылату медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу кезіндегі басым бағыт болып табылады. Алматы қаласын Дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жылдары аралығында қала емханаларының жабдықталуы 1,7 есеге, 47,7%-дан 81%-ға дейін өсті. Алматы қаласын Дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тарапында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемелерін жабдықтау мәселесін 2020 жылға дейін нормативтен 100%-ға дейін қамтылуға жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Қалалық онкологиялық орталығының радиологиялық корпусын салу мәселесі республикалық деңгейге шешу үшін соңғы 5 жыл бойы ұсынылып келеді. Мәселе Премьер-Министрдің орынбасарларымен Г.Т.Әбдіхалықовамен 2014 жылғы қыркүйекте өткен, Б.М.Сапарбаевпен 2015 жылдың мамыр айында өткен кездесулерде талқыланған. ҚР ДС ж ӘДМ жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, ұсынылған, құрылыс жүргізуге арнап учаске де бөлінді. Бірақ құрылыс жүргізуге қаржы бөлінген жоқ.
Сондықтан онкологиялық науқастарды емдеудің сәуле компоненттерін өтеу үшін 2015 жылдың жергілікті бюджеттің қаражатынан қайталауды болдырмауға арналған, жоғары қарқынмен және жоғары дәлдікпен жергілікті сәулелендіруге мүмкіндік беретін, Қазақстанда баламасы жоқ, бірегей инрооперациялық сәулелендіргіш сатып алынды.
Мәселе Қалалық онкологиялық орталықты Онкологиялық және радиологиялық ҚазҒЗИ-мен бір аумақтық онкологиялық орталыққа біріктіру арқылы шешілуі мүмкін.
Медициналық оңалту қызметі Бағдарлама шеңберінде құрылған және төмендегі ұйымдарға ұсынылды:
мүгедек балаларды оңалту үшін, Қалалық балаларды оңалту орталығында 63 төсек;
балаларды жарақаттан кейін оңалту- Балалар шұғыл көмек орталығында жүгізіледі (3 төсек);
кардиологиялық хирургиялық операциядан кейін – Перинаталдық және балалар кардиологиялық хирургиялық орталығында (2 төсек);
бейін бойынша жиі ауыратын балаларды оңалту жалпы сыйымдылығы 265 төсекпен №2, 3, 4 Қалалық балалар шипажайларында ұйымдастырылған,
туберкулезбен ауру қаупі бар балаларды оңалту –175 төсекпен №1 балалар шипажайында,
ересектерге арналған оңалту және қалпына келтіру емі бөлімшесі 94 төсекпен №1, №4 Қалалық клиникалық ауруханаларда және Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында (кардиологиялық, травматологиялық, ортопедиялық науқастар үшін) ұйымдастырылған,
№5 Қалалық клиникалық ауруханасында сурдологиялық науқастарға арнап амбулаториялық оңалту ұйымдастырылған.
2016 жылы келесі оңалту құрылымдарын:
Қайта ұйымдастырылған №1 Балалар үйінің базасында Мүгедек балаларды амбулаториялық оңалту орталығын;
№4 Қалалық клиникалық ауруханасында Травматологиялық және ортопедиялық оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.
.
2.1.2.2.6 Кесте SWOT-талдау
басым жақтары:
Елбасының Жарлығымен бекітілген ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарласмасы;
Мәслихаттың шешімімен бекітілген, аумақтық денсаулық сақтау саласын жетілдіру жолдарын көрсететін «Алматы қаласын 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы,
Денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымдарын дамыту және медициналық қызметтердің қолжетімді болуына жағдайлардың жасалуы;
Қалада денсаулық сақтау саласының Халықаралық-жетекші ұйымдарының өкілдіктері болуы (географиялық алып тасталынған МСАК бойынша ДДҰ ВОЗ кеңсесі);
Қалада медициналық білім беретін ұйымдардың және республикалық бейінді орталықтардың болуы;
қалада орналасқан әлемдегі жетекші медициналық университеттермен серіктестікте болу;
мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарының заманауи медициналық құрылғылармен жоғары деңгейде жабдықталуы;
халықты иммундаумен барынша қамту арқылы көптеген инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық тұрақты жағдайда болуы;
заманауи медициналық технологиялардың трансфертінің республикалық және халықаралық деңгейден қалалық деңгейге жеткілікті тәжірбиесі;
стандарттау және акредиттеу негізінде қызмет ететін өңірлік бірыңғай call-орталықтары арқылы медициналық көмектің сапасын басқару жүйесінің енгізілуі;
халықтың білім және мәдениет деңгейінің жоғарылығы, денсаулық сақтау қызметтерінің жоғары деңгейде пайдаланылуы.
|
әлсіз жақтары:
халықтың өз денсаулығына ортақ жауапкершілікте болуын реттейтін нормативтік механизмдердің жоқтығы;
көптеген емханаларда халықты қабылдау жүктемесінің шамадан тыс болуы;
өз ғимараттарының ресурстарын жасап шығаратын бірқатар денсаулық сақтау нысандарының болмауы;
халықтың жедел медициналық көмекке аз жүгінуі;
медициналық – санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының технологиялық медициналық құрылғылармен жабдықталу деңгейінің төмендігі;
мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін денсаулық сақтау ұйымдарында кедергісіз ортаның жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
корпоративтік басқару жүйесінің барынша жетілмеуі;
дәрігерлердің және орта медициналық білімді мамандардың жетіспеушілігі, дәрігер: мейірбикеге байланысты үйлесімсіздік;
медициналық кадрлардың әлеуметтік және еңбек ынтасының жетіспеушілігі, кәсіптің қоғамдағы беделінің төмендігі;
медициналық ЖОО және МАОО түлектерінің құзыреті заманауи тәжірибелік денсаулық сақтау талаптарына сәйкес келмеуі,
медициналық кадрлардың дипломнан кейінгі білім деңгейінің жеткіліксіздігі,
медициналық ұйымдарда компьютерлік техникамен жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі және медициналық қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығының төмендігі,
денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінің өзге жақтарын қоса интеграциялау үшін біріңғай платформаның жоқтығы,
денсаулық сақтау жүйесінің электрондық ресурстарын халықтың толық пайдаланбауы,
денсаулық сақтаудың жеке меншік секторларымен өзара байланыс механизмінің осалдығы,
резидентураның жетілмеген Бағдарламасы;
мектеп оқұшыларының бюджеттік тамақтанудан бас тартуы мен ықпалдасудың төмендігі;
|
Мүмкіндіктер:
негізгі демографиялық көрсеткіштердің тұрақты жағымды динамикасы;
халық денсаулығын қорғау мәселелері бойынша қалалық қызметтермен ведомствоаралық өзара қарым-қатысқа дайындық және қолда бар тәжірибе;
қалалық денсаулық сақтау жүйесінің дамуын ынталандыратын дамыған бәсекелес медициналық орта;
бизнес-құрылымдарының, әлеуетті инвесторлардың, экономикалық белсенді халықтың жоғары зейінділігі және әлеуеті;
мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктерді дамытудағы тәжірибесі және болашағы;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу келешегі;
денсаулық сақтау саласында халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестіктің жетілуі;
«е-gov – Электрондық Үкімет» және «Азаматтарға арналған Үкімет» Порталдарында мемлекеттік қызметтердің дамуы;
халықтың ақылы қызметтерді төлеуге жоғары мүмкіндігінің болуы;
денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жабдықтауға, кадрларды даярлауға жұмсалатын халыққа ақылы қызмет көрсетуден түскен табыстың өсуі;
салалық Министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру пилоттық жобасын және Ауруды басқару бағдарламасын енгізу туралы тапсырмасы;
смарт-медицинаның дамуы;
өз-өзін қаржыландыруға мүмкіндігінің болуына денсаулық сақтау ұйымының заңды мәртебесін өзгерту үшін құқықтық базаның болуы;
жеке мамандықтар мен қызметтер бойынша денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс мамандарының әлеуеттілігі.
|
Шақырулар:
мемлекетімізде орын алып отырған бүкіләлемдік қаржылық дағдарыстың салдарынан болған қаржы тапшылығы жағдайы;
аурулардың (инфекциялық немесе инфекциялық емес) өсу қаупіне мүмкіндік тудыратын бақылаусыз еңбек, сыртқы және ішкі халық миграциясы;
Халықтың табиғи өсімінің нәтижесінен қала халқының санының артуына байланысты медициналық және басқа да әлеуметтік қызметтерге сұраныстың артуы;
Медициналық көмектің арнайы түрін (полиативтік, мейірбикелер көмегі) қажет ететін егде адамдар үлесінің өсуі;
еңбек ету жасындағы ер адамдардың өлім деңгейінің жоғарылығы;
дұрыс тамақтану принциптерін ұстанбайтын «KFС», «Донер» сияқты тез даярланатын қоғамдық тағамдар дайындайтын мекемелер санының артуы;
инфекциялық аурулардың өсуін бақылау мониторингі бойынша арнайы заманауи бағдарламалар мен тіркемелердің, сонымен қатар онлайн-тәртібінде жоқтығы;
медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы жөніндегі мәселелер бойынша халықтың жүгіну белсенділігінің жоғарылығы;
медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық кафедраларымен өзара қарым-қатынасында реттелмеген мәселелер;
денсаулық сақтау инфроқұрылымдарының дамуын қажет ететін, өндірістік жарақат алу қаупін жоғарылататын «2030 жылға дейін Алматы агломерациясын құру мен дамыту туралы ұзақмерзімді жоспарын» жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының аясында қаладағы өндірістік және инновациялық әлеуеттіліктің дамуы;
қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғатын факторы ретінде медициналық қалдықтарды жоюға арналған заманауи құрылғылардың жоқтығы;
|
Түйткілді мәселелер:
медициналық кадрлардың тұрақтамаушылығы;
желіні толық оңалту болмауы;
медициналық қызметтердің сапасының жеткіліксіздігі;
радиологиялық онкологиялық орталықтың тұрғын үй жетіспеушілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |