V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XII сессиясының 2016 жылғы № шешіміне қосымша



бет3/10
Дата13.02.2017
өлшемі7,04 Mb.
#9173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.1.2. Әлеуметтік сала

2.1.2.1. Білім беру



Мектепке дейінгі білім беру

Алматы қаласы аумағының ұлғаюы және халық санының табиғи өсімі мен көші-қон есебінен артуы мектепке дейінгі білім беруге сұраныстың айтарлықтай артуына алып келді. Алматы қаласының статистика мәліметтері бойынша мектепке дейінгі мекемелердегі 0-ден 7-ге қоса алғандағы балалардың саны 2013 жылы – 147,5 мың, 2014 жылы – 193,7 мың, 2015 жылы – 215,2 мың құрады.



Мектепке дейінгі балабақшада мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту 44,4 мыңнан 53,2 мыңға дейін артқан, сондай-ақ 3-6 жас аралығындағы балалар 54,8%-дан 70,0%-ға дейін.
2.1.2.1.1. сурет. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштері



Дереккөз: Білім басқармасы, қалалар бойынша статистикалық мәліметтер
2015 жылдағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту 48%-ды құрады.

Бұл динамикаға мектепке дейінгі ұйымдар санын 2013 жылдағы 293 бірліктен 2015 жылы 401 бірлікке дейін көбейту есебінен қол жеткізілді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша қалада мектепке дейінгі ұйымдарға кезек мыналарды құрады:

  • 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 48 088 адам.

  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 28 627 адам.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орындар жетіспеушілігі мәселесі жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы балабақшалардың аумағын кеңейту, мектептердің аумағында балабақшалар салу, коммуналдық меншіктегі немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын бұрынғы балабақшалар ғимараттарын қайтару есебінен шешімін табады. Бұл жағдайда жетіспеушілікті азайтуды баяулату факторлары:

- бос жер учаскелерінің жетіспеушілігі;

- жерді жеке меншік иелерінен сатып алу қажеттілігі болып табылады.
2016 жылдың басында мектепке дейінгі мекемелер желісі 403 бірлікті құрады, 175 мемлекеттік, мемлекеттік емес 228 мекеме.

Қазіргі уақытта бала- бақша құрылымы жеке ұйымдарда кең таралған. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 36%, 64%-ы жеке меншік. Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларға балаларды қамту 68%-ды құрайды.
Орта білім
2015-2016 оқу жылының басында қалада 244 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасаған, мұнда 212 566 бала білім алған. Мектеп оқушыларының саны 2013 жылмен салыстырғанда 31 мың адамға артқан. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың саны 10 мың адамға өскен. Санының күрт өсуінің негізгі себептері халықтың табиғи көшіп-қонуы және қала аумағына 15 мектептің қосылуы болып табылады.

Наурызбай, Алатау, Медеу және Әуезов аудандарындағы жалпы білім беретін ұйымдарда орындардың жетіспеушілігі бар (мектептерде бала санының артық болуы). 2015 жылы қала бойынша жалпы жетіспеушілік 34 мың адамды құрайды.



Жеке инвесторларды тарту арқылы Наурызбай ауданында оқушыларға арналған орындардың тапшылығын азайту үшін 1200 оқушыға арналған мектеп құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламаның аясында №26 мектеп үшін қосымша ғимараттың құрылысы аяқталды және №157 мектепке қосымша құрылыс жүргізу жалғасуда, әрбірі 900 оқушыға арналған.

Медеу ауданында 500 оқушыға арналған №168 мектептің жаңа ғимаратының құрылысы басталды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгерген (үздік, үздік/жақсы, жақсы) оқушылардың үлесі 2013 жылы 50,6%-дан 2015 жылы 56% дейін артқан.

Алматы қаласының оқушылары жалпы білім беру пәндері бойынша әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына белсене қатысады (мектепішілік, аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық). Алматы төрт жыл қатарынан және бесінші жыл ҰБТ және ОЖСБ қорытындылары (2012-2016 жылдар) бойынша республикада бірінші орынды иеленген. Мысалы, ҰБТ бойынша орташа балл 2012 жылы 84,7 балл, 2013 жылы – 87,3 балл, 2014 жылы – 93,4 балл, 2015 жылы – 92,1 балл болған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім берумен қамту 2013 жылы 20,0%-дан 2015 жылы 32,2% дейін жоғарылады.



2016-2018 жылдары ҚР мүгедектердің өмірін жақсартып және құқықтарын қамтамасыз ету шаралар жоспарын орындау үшін жалпы білім беретін мектептер балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай қолжетімді болуы керек.

Мектептерде және басқа білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізгенде оларға мүгедектер кедергісіз кіретін көтеру құралдарымен жабдықталуы керек. Сейсмокүшейту және құрылыс жүргізілген 153 білім беру ұйымында пандустар, лифтілер бар (76 - мектеп, 6- колледж, 69 – балабақша, 2- мектеп-интернат). Жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып 30 нысанды пандустармен, тактильді тақталармен және қозғалысы шектелген топтарға қажетті жабдықталу жұмыстары жүргізілуде

Арнайы білім беру түзету мекемелері бірінші кезекте олар бейімделген және жабдықталған болады, ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқитын орыны. Бұл 6 арнайы (түзету) мектеп-интернаты (№1, 2, SC «Жанұя», №5, 6, 9); 3 орта мектеп-интернат; 2 балалар үйі; 1 ПМПК (№1) және 3 PBPC (№1; 3; 4); 6 орта-мектеп (№9; 49; 116; 75; 109; 63); 7 арнайы түзету балабақшасы (№178; 54; 137; 13; 123; 66; 142) және 2 колледж (Алматы политехникалық колледжі және Алматы мемлекеттік Қызмет және технология колледжі).

Қаланың білім беру мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселесін әкімдік тұрақты бақылауға алған; 2011 жылдан бері жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқушыларды тегін оқулықтармен 100% қамту кезең кезеңімен жүзеге асырылуда. 2015 жылы осы мақсат үшін 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Техникалық және кәсіптік білім беру
Қалада 84 колледж жұмыс жасайды, мұнда 62 мың адам білім алады, жеке меншік мекемелер жалпы санының 80% жуығын құрайды.

2012 жылдан бастап колледждер түлектерінен өтініштер қабылданып, өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындарда жұмысқа орналастыру кепілдігімен шарттар жасалуда. Осыған қарамастан, түлектерді, әсіресе жеке меншік колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыруда әлі де қиындықтар бар.



2015 жылы түлектердің шамамен 10% жұмысқа орналаса алмады. Оның үстіне, жеке меншік колледждерде қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру немесе кейіннен босатумен жұмысқа орналастыру жағдайлары орын алады, бұл жұмыспен қамтылмағандар санын жасанды түрде төмендетеді. Бұл жағдайда мемлекеттік колледждер түлектерінің 90% мемлекеттік тапсырыстар бойынша жұмысқа орналастырылады. Жеке меншік колледждер үшін бұл сан 12% ғана құрайды.

2.1.2.1.2. сурет. Техникалық және кәсіптік білім беру көрсеткіштері

Колледждер саны




Колледждердегі студенттер саны

Дереккөз: Алматы қаласы Білім басқармасы; жұмыс тобының талдауы


2015 жылды техникалық және кәсіптік білім берудің (14-24 жас) тиісті жасындағы жастарды жұмыспен қамту 22,9%- дан 22,1 %-ге төмендеді.

Егер 2013 жылы колледждің 15 249 бітірушілерінен 9082 адам немесе 59,5% жұмысқа орналасса, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша 14 854 бітірушіден 9 997 адам орналасты және оқу орнын бітірген соң бірінші жылы мамандық бойынша жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі жалпы санының 67,3% құрады.

NEET (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training),көрсеткіші бойынша 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы саны ішінде жұмыс істемейтін, оқымайтын және біліктілігін көтермейтін жастардың үлесі 2013 жылы 6,9% -дан, ал 2015 жылы 8,6%-ға артқан.



NEET көрсеткіші үлесінің өсуіне негізгі себептер:

1) Статистика комитеті «Жастар» санатын анықтауда, 15 жастан 28 жасқа дейінгі топтарды пайдаланды. Алайда қоданыстағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда «жастар» санаты 14 жастан 29 жасқа дейінгі жас дәрежелері қамтылды;

2) Орталық және өңірлік статистикалық кеңселердің ресми ақпараттарында қайшылықтар бар.

Дереккөз

Жастардың жалпы саны

Жұмыссыз жастардың саны

Экономикалық белсенді емес жастардың саны

Оқуға байланысты жұмыс күшіне кірмейтін жастардың саны

2015 жылға NEET үлесі

ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің статистика комитеті www.stat.gov.kz

490,9мың

23,2 мың

176,1 мың


156,9 мың


8,6 % жылға

Алматы қаласының статистика басқармасы www.almaty.stat.gov.kz

490,7мың

23,2 мың

176 мың

161,4 мың

7,7 %


3) Алматы қаласында жастардың көші-қонының оң сальдосы (21 мың адамнан астам), бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады;

4) Жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуіне, басқа өңірлерден жыл сайын көшіп келетіндердің жоғарғы көрсеткіші себеп болады. Сонымен қатар, ЖОО-ының жыл сайын шамамен, 60-65 % резидент емес түлектері Алматы қаласында қалуды көздейді. 2015 жылғы түлектер саны – 32678 (ЖОО мәліметтері бойынша, солардың 19712-сі жұмысқа орналасқан). Басқа жағынан, жұмыспен қамту саласында қиындықтар пайда болуы, түлектердің көпшілігіне басымдықты экономикалық, қаржылық және құқықтық кәсіби мамандықтарға беру фактісі ықпал етеді. Сонымен қатар еңбек нарығында техникалық мамандығы бойынша жұмысшылар сұранысы жоғары болып қалуда. Мұндай нәтижеге байланысты жұмыссыздық және жастардың алданып мансап күтуі әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, мәселе экономика мамандықтарының номенклатурасы мен нақты сұраныстың сай келмеуі болып қалуда. Ол экономика, индустрияны немесе басқа да әлеуетті жұмыс берушілер субъектілерін әріптестік дамыту арқылы оқу үдерісінің тәжірибелік бөлігін жақсарту мәселесіне көп назар аударуды қажет етеді.

5) Бизнес пен жоғары оқу орындарының өзара іс-қимылы шектеулі, және түлектердің біліктілік ұйымының талаптарын қанағаттандыру үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қызығушылығы төмен;

6) Кәсіпорындардың кадрларға деген алмасу және болжам қажеттіліктері туралы бірыңғай ақпараттық базаның болмауы;

7) Жеке сектор кәсіпорындарының кәсіби білім беруді дамыту үшiн қаражат бөлуі мардымсыз болады: мамандар мен шеберлердің өндіріс құралдарында жұмыс істейтін мамандарды оқытуға негізінен бюджеттен бөлінді.

Санаты бойынша үстемеақының төленбеуі колледждер педагогтарының еңбек ақысының біршама төмендеуіне алып келген және осының салдары ретінде білікті мамандар экономиканың нақты секторларына ауысып, жалпы білім беру пәндерінің озық оқытушыларының мектептерге ауысуы байқалады, бұл мамандар дайындау сапасына теріс ықпал етеді.



2015 жылы жергілікті бюджеттен Алматы технология және флористика колледжіне (бұрыңғы №8 кәсіби лицей) 45 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін оқу мекемесіне 100% қолжеткізу қамтамасыз етілді.

2.1.2.1.1. кесте. Алматы қаласы бойынша негізгі білім беру көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2013

2014

2015

Мектепке дейінгі мекемелер саны, бірлік

бірл.

293

343

401

ондағы оқитын балалар, адам

мың адам

44,4

49,01

53,2

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту, %

%

54,8

64,7

70

Күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны, бірлік

бірл.

217

244

244

ондағы оқушылар саны, мың адам

мың адам

187,9

208,9

212,5

Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны, адам

адам

13867

14754

15632

Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар үлесі, %

%

92,3

92,3

92,9

Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген (жақсы/үздік) түлектер арасындағы оқушылар үлесі, %

%

50,6

51

56

Аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың жалпы санындағы сапалы және үйлестірілген ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған отбасы балаларының үлесі, %

%

97,1

100

100

Халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың (ғылыми жобалар), ғылыми сайыстардың жеңімпаздары болған оқушылар саны, адам

адам

209

274

186

Жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар санындағы инклюзивті білім берумен балалардың қамтылуы, %

%

20,0

20,0

32,2

Пайдалануға берілген жаңа мектептер саны, бірлік

бірл.

3

1

0

Колледждер саны, бірлік

бірл.

89

83

84

ондағы білім алушылар, адам

адам

64 546

61 975

61 616

халық санынан 10 мың адамға




455

427

425

Оқу орнын аяқтаған алғашқы жылы жұмысқа орналастырылған техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерінің үлесі, %

%

59,5

71,2

67,3

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, %

%

6,9

7,6

8,6

Жастардың (14-24 жас) техникалық және кәсіби білім берумен қамтылуы, %

%

22,9

22,4

22,1

Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі, %

%

18

20

22

Жоғары оқу орындарының саны, бірлік

Бірл

41

40

42

ондағы студенттер, мың адам

мың.адам

148,5

133,7

128,7

Қала бюджетіндегі білім беру шығындары, млн.. теңге

%

45 633

48 929

51 479

Дереккөз: Қаржы шығындары Білім басқармасына бағынысты мекемелердің көрсеткіштерінен алынды.


2.1.2.1.2. кесте.SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- қалада мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлық нысандары мен түрлерінің болуы (бала бақшалар, мектептер, интернаттар, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары, баспаналар);

- қаланың білім беру ұйымдарын тұрақты түрде қаржыландыру;

- дарынды балалармен жұмыс жасайтын ұйымдардың дамыған желісі.



Әлсіз жақтары:

- мектепке дейінгі және жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында орындардың жетіспеушілігі;

- дамуында ерекшеліктері бар балалардың оқуы үшін (инклюзтік білім беру) білім беру ұйымдарына төмен деңгейдегі қолжетімділік;

- жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша біліктілігі жоғары кадрлардың жетіспеушілігі;

- арнайы мектепке дейінгі білімі бар мамандардың жетіспеуі.


Мүмкіндіктер:

- қаланың білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерінің сапасын арттыруды ынталандыратын дамыған бәсекелестік орта (жеке меншік мектептер, бала бақшалар, колледждер);

- қалада педагог қызметкерлерді даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің айтарлықтай санының болуы;

- МЖС дамыту үшін жоғары инвестициялық әлеует.




Қауіп-қатерлер:

- жастардың арасында техникалық және кәсіптік білімге деген төмен сұраныс;

- Тәжірибелік-инновациялық қызметті, оның ішінде технологиялар мен ИКТ коммерцияландыру саласындағы жеткілікті нормативтік реттеудің болмауы.


Түйткілді мәселелер:

- еңбек ақысының төмен болуына байланысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагог кадрлардың тұрақтамауы;

- педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерін даярлаудың төмен деңгейі;

- қала халқы санының өсу қарқынының жоғары болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет