Сабақ №: Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: Сабақ



бет1/2
Дата11.09.2023
өлшемі22,58 Kb.
#180707
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Кмж




М. Дулатов «Байлық»



Пән: әдебиеттік оқу Бөлім: Дені саудың – жаны сау
Бөлімше: Дене мүшем сау болсын.

Сынып: Сабақ №:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.1.4 Тыңдарманның назарын аударту

Сабақтың мақсаты



Барлық оқушылар: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, жазба жұмысын орындайды;
Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпты болжайды, қажетті және мағыналас сөздерді табады;
Кейбір оқушылар: жазушыға еліктеп көркем сөйлей алады, нақты дәлелдер келтіріп жазады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, құрмет

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Тілдік мақсат

Байлық – богатство - wealth

Пәнаралық байланыс

дүниетану

Алдыңғы білім

Менің туған өлем

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут

Қызығушылықты ояту: Сыныпты қалыпқа келтіру.
Ой сергек: «Мен үшін байлық - ...»




Сабақтың ортасы
34 минут

Сабақтың аяқталуы


2 минут

Мағынаны ажырату. Ой қозғау
- Байлық деген не? Оған қатысты 5 сөз ойластырыңдар.
Білу «Балалар философиясы» әдісі
-Денсаулыққа қатысты сұрақ құрастырып, бір-бірлеріңе қою.
Мақсатқа сәйкес жетстік критерийін құру.
Түсіну. Оқылым
Мәтінді түсініп оқыңдар. «Байлық» Міржақып Дулатов
Бір жарлы жігіт жас күнінде өзін оқытқан ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей екенін айтып, мұңын шағады. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін айтады.
– Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің? – дейді ұстазы.
– Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың, – және шәкіртінің оң қолын көрсетіп сұрайды:
– Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?
– Құдай сақтасын! Он мың сомға де кестірмеспін! – дейді жігіт.
– Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды? – дейді ұстаз.
– Мен бұларды дүниенің малына айырбастамас едім, – дейді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке:
– Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің? – дейді.
(Ұ) Үштілділік: Байлық – богатство - wealth
Сөздік: сом – теңге шыққанға дейін қолданылған ақшаның аты.
Қолдану. Топтық жұмыс
-Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.
Жетістік критерийі:
-дауыстап, анық оқи алады;
-рөлге бөліп оқи алады;
-тыңдарманның назарын аудара алады.
Бағалау: ЖК бойынша бағалау
Жұптық жұмыс
- Мәтінге сүйеніп, жарлы сөзіне мағынасы жуық сөздерді атаңдар.
- Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы
Жеке жұмыс
-Мәтінге сүйеніп, қажетті сөздерді табыңдар.
... көздерім
...құлақтарым Қандай?
... аяқтарым
Синтез. Ой толғау. Жазылым.
- Денсаулық – зор байлық екендігіне дәлелдер келтіріңдер.
Ү л г і : Денсаулық – зор байлық. Өйткені ... көздерім болмаса, не істер едім?
Жетістік критерийі:
-қажетті сөздерді таба алады;
-пікіріне дәлелдер келіте алады.
Бағалау: ЖК бойынша бағалау
Үй жұмысы (3-4 бет әңгімелеу)

Оқулық 5 бет

Жұмыс дәптері


Кесте




Сабақтың соңы
2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет