Модуль мақсаты Келесілерді түсіну



бет1/12
Дата14.05.2020
өлшемі1.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Модуль 7 Ата-аналардың аман-саулығы – баланың бүкіл өмір бойғы денсаулығының, дамуының және аман-саулығының негізі

Модуль мақсаты

Келесілерді түсіну:

  • «Перинаталдық психикалық сырқат» деген не
  • Ата-ананың перинаталдық психикалық сырқаты балаға, отбасына, қоғамға қалай әсер етеді
  • Сырқаттың бар-жоғын қалай анықтауға болады
  • Ата-ана осы сырқатқа шалдыққан отбасыға қолдау көрсету үшін не істеуге болады

НЕГІЗДЕРІ  

  • Перинаталдық психикалық сырқат аналарда да, әкелерде де біз ойлағаннан да әлдеқайда жиі кездеседі.
  • Сырқат босануға дейін де, кейін де кездеседі және босанудан кейін 2-3 жылға жалғасуы мүмкін.
  • Сырқат жеңіл де, ауыр да болуы мүмкін. Психикалық сырқаттардың, әсіресе, босануалды кезеңінде білінер-білінбес сырқаттардың жоғары пайызы байқалмай және емделмей қалады.
  • Перинаталдық психикалық сырқаттар барлық елдерде, барлық мәдениеттерде және кіріс деңгейі мүлдем әртүрлі адамдарда кездеседі, бірақ, шамадан тыс стресс және әлеуметтік қолайсыздық жағдайында туындау қаупі аса жоғары болады.
  • Ата-ананың перинаталдық психикалық сырқаты балаға құрсақ ішінде жатқанда және ерте балалық шақта әсер ете бастап, гормоналдық өзгерістер мен улы стресс тудырады.
  • Осындай әсердің салдарын бала ата-анасы сырқаттанғанда ғана емес, есейгенде де, яғни, бүкіл өмірі бойы сезінеді.
  • Егер перинаталдық психикалық сырқаттарды анықтамаса және емдемесе, отбасына және қоғамға қыруар қаржылай және әлеуметтік шығын келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет