№ 1 дәріс тақырыбы: Психопатологияның негізгі бөлімдері
Психикалық сырқат – бүкіл организмнің сырқаты, әсіресе ми мен ми іс әрекетінің бұзылуы мен зақымдалуынан болатын сырқат.
Патология – патологиялық қалып күй, мызғымай өзгеру, патологиялық процесстер мен жағымсыз әдеттер, даму барысынан ауытқу нәтижесі.
Психоз – психиканың үлкен ауыртпалықпен өзгеруі, түсініксіз іс әрекет жасаумен, жан жағындағы жағдайларды аңғара білмеумен сипатталады. Өз іс әрекетін бағалау, жан жағындағы өзгерістерді қабылдау қабілетінің төмендеуімен, өз өзін ұстай алмау, іс әрекетін тоқтата алмау және психикалық ауытқулармен сипатталады.
Психикалық аурулар. Психикалық аурулар ұғымын аныктау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда. Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сөздің түсінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-кұлықтың езгеріске үшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен катыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар өзгереді — мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, пайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.
Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық диегармония) жатады. Психоздар мен басқа да психикалық аурулардың арасындағы айырмашылықты белгілеудің теориялык, жағынан ғана емес, практикалық жағынан да маңызы бар. Психоз басталғанда аурудың қабілетсіздігі байқалады. Қоғамға кауіпті әрекет жасағанда ондай ауруға сот жауапкершілік жүктемейді, медициналық шаралармен қорғауды кажет етеді. Сонымен бірге мұндай аурулар мемлекеттік және коғамдық органдарға сайлауға қатыспайды, өздері де сайлана алмайды. Алайда мұндай айырмашылық үнемі бола бермейді. Көптеген психоздардың дамуының алғашқы кезеңінде олардың барысы қолайлы өткен кезде немесе ремиссия уақытында ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуы бола бермейді, сана-сезім мен мінез-құлық елеулі дәрежеде бұзылмайды.
Таньшсыздық қызметтің бұзылуындағы мұндай айырмашылықтарды бүтіндей бір оқшау өзгеріс ретінде түсінуге болмайды. Бұл жерде әңгіме таньштықтың белгілі бір дәрежеде, елеулі түрде зақымдануы туралы болып отыр. Танымның белгілі бір түрі зақымданған кез келген жағдайда оның басқа түрі де белгілі дәрежеде зақымдалады.
Психикалық аурулар көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшьрауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй өзгереді, дәлелденбеген іс-кылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |