Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: Түсіндіру, көрініс,әңгімелеу



Дата20.12.2023
өлшемі12,3 Kb.
#198035
түріСабақ
Байланысты:
нүри. тәрбие сағаты


"16 Желтоқсан тәуелсіздік күні"
Күні: 11.12.23ж
Тақырыбы: «16-желтоқсан тәуелсіздік күні..»
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, көрініс,әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: Тәуелсіздік туралы өлеңдер, тақырып үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар, шарлар, плакат, интерактивті тақта.


Сабақтың барысы:
Мұғалім: -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «16 Желтоқсан тәуелсіздік күні ». Бүгінгі тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «16-желтоқсан тәуелсіздік күні » атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Психологиялық ахуал:
Тәрбие сағатымызды тамаша көңіл күймен бастау үшін, психологиялық ахуал жүргізейік.
Ойынның аты: " Тілсіз сурет"
Көрнекіліктер: тақта, бор.
Ойынның барысы: сапқа тұру

Мұғалім: Ал балалар тәрбие сағатымызды «Әнұранмен » бастағым келеді.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. Ендеше, тәуелсіздік күні не болғанын,қалай осындай күнге жеткенімізді https://youtu.be/Hao_leF4drE?feature=shared осы тәуелсіздік туралы видио арқылы байқайық.


Барлығымыз видионы көріп бітсек, осы видионы сезіну үшін, біз үшін шайқастан қаза тапқан қаһармандар үшін бір минут тыныштық сәтін өткізейік.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін, сұрақ қою арқылы видиодан не түсінгендерінді бағалайық.
- Балалар, 16 - желтоқсан қандай мереке?
- Желтоқсан оқиғасы туралы сен не білесің?
- Сол күнгі қандай батырларымызды,ақындарымызды білеміз?
- Жыл сайын соғысқа қатысқан азаматтарымыз бен батырларымыз марапатталама?
Сабағымызды ары қарай жалғастыру үшін оқушыларымыз дайындап әкелген көріністі тамашалайық.
Көрініс аты: "Алаңдағы студенттер,азаматтар көтерілісі"
Көрініс барысы - оқушылар қолдарына плакат, туларын алып, ұрандарын айтуы бойынша алаңға көтеріліске шығады. Оны көрген орыс казактар барлығын қырып, атады. Сондағы көтерілісші-Қайрат Рысқүлбеков ақтық сөзін айтады.
Ақтық сөзі: «…Иә, мен сiздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшiлiкпен бiрге. Барғанда да Қонаевтың күйiн күйттеп барған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебiм, бар мақсатым, бiрiншiден, ол жерде не болып, не iстеп, не қойып жатқанын өз көзiммен көру болды. Екiншiден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтiрiп жатыр дегендi елден естiген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, бүл бол» деп отыруға еркектiк ар-намысым еш жетпедi. Ер қатарында ер қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспiн, құдайға шүкiршiлiк, менiң де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық «намыс» баршылық.

Қорытынды: Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет