Галлюцинаторлыжәне сандырақтық синдромдар Галлюциноз - бір анализатормен шектелген сана күңгірттенуінсіз көп мөлшердегі галлюцинациялармен сипатталатын жағдай. Науқас үрейлі, тынышсыз немесе керісінше, тежелген. Науқастың жүріс-тұрысы мен галлюцинацияға қатынасына қарап жағдайдың өткірлігін байқауға болады. Жеделдігіне байланысты жедел және созылмалы галлюцинозды ажыратамыз, ол мазмұнына қарай - есту, тактильді, көру болып бөлінеді.
Есту галлюцинозы әдетте вербальды болады: дауыс естілгендей, өзара сөйлескендей, дауласқандай, науқасты кінәлағандай, оның өміріне қастандық ұйымдастырғандай болады. Есту галлюцинозымен алкагольды психоздың клиникалық көрінісі анықталады; синдром сонымен бірге интоксикациялық психозда, нейросифилисте, бас-миының қантамырлық зақымдалуында да кездеседі.
Тактильді галлюцинозда науқас терісінде және тері астында жәндіктер, құрттар, микробтар жүргендей сезінеді, жыныс мүшелеріне жанасып тұрғандай болады; бұл күйзелістерге әдетте сыни көзқарас болмайды. Егде жас психоздарында, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануында кездеседі.
Көру галлюцинозы –кенеттен көру қабілетін жоғалтқан қарт адамдарда жиі кездесетін галлюциноз формасы, және де соматогенді, қантамырлық, интоксикациялық және инфекциялық психоздарда кездеседі. Шарль Бонне галлюцинациясы кезінде науқастар бір уақытта үй қабырғасынан айқын суреттер, күнге шағылысқан суды, гүлдер алаңын, ойнап жүрген балаларды көргендей болады, бұл көрініске таңданады, дегенмен көру қабілетінсіз мұндайды көру мүмкін еместігі, дертті күй екендігін науқас саналы түрде түсінеді.
Әдетте галлюциноз кезінде науқастың орын, уақыт және өзіндік тұлғасына бағдары бұзылмайды, дертті күйзеліс амнезияланбайды, басқаша айтқанда сана күңгірттенуі болмайды. Кейде науқас өміріне қауіп төндіретін сипаттағы жедел галлюциноз кезінде науқаста үрей, қорқыныш деңгейі жоғарылайды да, сананың аффективті тарылуы болады.
Паранойяльдық синдром – сандырақ синдромы, біріншілік сандырақ, шынайылық факттарын сандырақта интерпретациялау (интерпретативті сандырақ), қате пікірді негіздей үшін дәлелдер жүйесі келтіріледі (жүйеленген сандырақ). Сандырақ біртіндеп, доминантты идеялардан аса бағалы идеялар сатысынан өту арқылы түзіледі. Бұған, аффективті реакциялардың күштілігімен және ригидтілігімен, ал ойлау және әрекет саласында – байымдылық және детализацияға бейімділікпен тұлға ерекшеліктері ықпал етеді. Мазмұны жағынан бұл жанжалшылдық, шығармашылдық, қызғаныш, соңына түсу сандырағы.
Паранойяльды синдром шизофрениялық сандырақтың бастапқы сатысы болуы мүмкін. Бұл сатыда галлюцинация және псевдогаллюцинация болмайды, психикалық автоматизм құбылысы жоқ. Паранойяльды синдроммен паранойяльды психопатияның және алкагольды параноидтың психопатологиялық симптоматикасы толықталады.