Модуль мақсаты Келесілерді түсіну



бет8/12
Дата14.05.2020
өлшемі1,04 Mb.
#68039
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
посл Презентация Модуль 7 Благополучие родителей Kz.

Оқиға №1

A) Ананың бойында белгілі бір деңгейде босанудан кейінгі депрессия бар екеніне нұсқайтын белгілерді тізіп беріңіз.

 

B) Ананың мүмкіндіктерін арттыра алатын және ауыр психикалық бұзылыстың алдын ала алатын осы ана-бала жұбының мықты тұстарын тізіп беріңіз. Жеке-жеке ананың және баланың мықты қасиеттерін тізіп беріңіз.

 

C) Ананың бойындағы депрессия белгілерін күшейтіп жіберуі мүмкін қауіп-қатер факторларын тізіп беріңіз. Жеке-жеке ананың және баланың бойындағы осындай белгілерді тізіп беріңіз.

2-ші нақты оқиғаны қарастыру

  • Үйге барып қарау үшін бірінші рет келгенде, патронаж мейірбикесі отбасының бейберекет өміріне куә болды. Бала – отбасының тұңғышы, қос ата-ана да – жастар, әрі бала күтіміне отбасындағылардың барлығы бірдей қатысқысы келеді. Жаңа туылған қыз балаға қарауды атасы мен әжесі мойнына алған, баланы ұйықтату да – солардың міндеті, олар баланың киіміне және күтіміне қатысты барлық мәселелерге қатысты өз кеңестерін беріп отырады. Сонымен бірге, жас анаға бала күтіміне және үй шаруасына қатысты ескертулер жасап, жиі сынға алып отырады. Патронаж мейірбикесінің пікірінше, үй - сонаның ұясы іспеттес күйде. Ал баланың әкесін ешкім мүлдем көзге ілмейді.
  • Күтілгендей-ақ, қыз бала тым күйгелек, әрең ұйықтап, көп жылайды. Оны ересек адам көтерсе ғана ұйықтайды. Төсекке жатқызған бойда жылай бастайды. Үйге барып қарау кезінде атасы мен әжесі патронаж мейірбикесінің тек өздеріне ғана көңіл бөлуіне және өз жағына шығаруға тырысқан. Баланың әкесі үнемі шетте қалып отырған, тек ан-да санда балаға және анаға қатысты сын айтумен ғана шектелген. Қыздың анасы ескі, жуылмаған киіммен не орындықта отырады, не төсекте жатады. Шашы жуылмаған, таралмаған. Баланы емізіп отырғанда, чипсы жеп, теледидардан зорлық-зомбылық көріністеріне толы триллер көріп отырады. Көңіл-күйі өзгермелі – біресе айғайға басса, біресе жұбанбай еңіреп жылайды.
  • Патронаж мейірбикесі бар көңілін ана мен әкеге бөледі деп шешті. Ол атасы мен әжесіне мәселе баланың аман-саулығына қатысты болғанда, ана мен әке өз пікірін айтуы тиіс екенін айтты. Ол жас ата-анамен бір-біріне қалай қолдау көрсету керек екенін талқылады, бала тәрбиесіне қатысты идеяларымен бөлісті, олармен бірге қыз баламен ойнады, оны жұбатты, өзара ұнамды әрекеттестік, мысалы, күлімсіреу қажет екенін айтып берді. Ата-ана осының барлығына оң қабақ танытты. Анасына қызын емізген шынымен ұнады және қызын тыныштандыру үшін оған ән салып, емірене тербете бастады. Әкесі қызының көзіне тура қарап, онымен тікелей тілдесіп, бірге уақыт өткізе бастады. Патронаж мейірбикесі оған балаға күтім көрсету дағдыларын дамытуға және өз-өзіне сенімділігін қалыптастыруға, әрі әке ретіндегі ешкім орнын баса алмас рөлін түсінуге көмектесті. Ана мен әке ата-ана міндеттерін бірге орындай бастап, негізгі отбасынан (ата-әжеден) бөлектене бастады. Екеуі де бір-бірінің ата-ана ретіндегі рөлін көбірек құрметтей бастады және үшжақты және екіжақты қарым-қатынас барысында баламен көбірек айналыса бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет