Балалар аурулары



Дата22.05.2022
өлшемі37,15 Kb.
#144535
Байланысты:
тренировочн.тесты 6 курс ВОП с отв.


Балалар аурулары
#1
*!Ана мен 1,5 айдағы баласы ауруханаға жолықты. Анасы баланың мазасыздығы, тершеңдігі және қалтырауына шағымданады. Анамнезден: бала І жүктіліктен, гестоз болды, І жедел босану. Ер бала қарашада дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде. Тексеру барысында краниотабес анықталды, шүйде аймағының шашы түсіп қалған. Ішкі ағзаларда өзгерістер жоқ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы фосфор – 1,6 ммоль/л, жалпы кальций – 2,7 ммоль/л, иондармен қанықтырылған кальций – 1,55 ммоль/л.
Баладағы бұл аурудың туына ана жақтан ішкі итермелеуші ең ықтимал қандай себепшарт?
*зат алмасу ауруы
*асқынған босану
*бүйрек патологиясы
*жасы
*+гестоз
#2
*!Қыз бала 9 жаста, қыжылға, тамақ ішкеннен кейін кеуде артында және эпигастрийде ауру сезімі, қышқылмен кекіруге шағымданады. Болжам диагноз қойылды: гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы.
Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты?
*асқазанды зондтау
*ультрадыбысты зерттеу
*+өңешішілік рН-метрия
*эндоскопиялық зерттеу
*рентгенологиялық зерттеу

#3
*!Ер бала 12 жаста, тамақ ішкеннен кейін 30-40 минутқа созылатын, эпигастрий аймағында ұстама тәрізді ауру сезіміне,қыжылға, қышқылды кекіруге, жүрек айнуға шағымданады. Тәбеті сақталған. Тексеруден кейін диагноз қойылды: жоғары секрециялы созылмалы гастрит.


Певзнер бойынша қандай диета ЕҢ сәйкес?
*+стол №1
*стол №2
*стол № 4
*стол №5
*стол №7

#4
*!Науқас 13жаста, «тамақта тас тұрғандай», ащы, суық,ыстық тағамдарды қолданғаннан кейін ашыту сезімге шағымданады. Бұл симптомдар 10 күннен бері мазалаған. Диагноз қойылды: жедел эзофагит.


Қандай эдоскопиялық өзгерістер ЕҢ тән?
*+өңештің шырышты қабатының гиперемиясы мен ісінуі
*шырышты қабатының ісінген қатпарының жоғарында эрозия
*диффузды- эрозирленген шырышты қабат, қанайды
*фибринозды экссудат жақын жатқан тіндермен дәнекерленбеген
*фибринозды экссудат жақын жатқан тіндермен мықты байланысқан

#5
*!Анасы 1 айлық баласымен дәрігерге қаралды. Анасының айтуы бойынша, мазасыздыққа, жоғары тершеңдікке,селк ете қалуға шағымданады.Анамнезінен белгілі болғаны, шала туылған, салмағы 2100 гр., бойы 42 см. Қазіргі уақыттағы бала салмағы -2600 г., рост – 45 см.


Қандай диагноз ЕҢ сәйкес?
*+рахит
*анемия
*гипотрофия
*гипостатура
*паратрофия

#6
*!Пневмонияны емдеу кезінде бастапқы эмпериялық емге қолданылатын препарат қайсысы?


*бензилпенициллиннің натрий тұзы
*феноксиметилпенициллин
*бициллин 5
*цефазолин
*+аугментин

#7
*!Қыз бала 14 жаста, тамақтан соң 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында тұйықталған ауру мерзіміне,қышқылмен кекіру, жүрек айнуға шағымданады. Тәбеті төмендеген. Ауырғанына 1 жылдай болған.


Сіздің диагноз?
*++Созылмалы гастрит
*Созылмалы дуоденит
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалы холецистит
*Билиарлы жолдың дисфункциясы

#8
*!Төрт жастағы ұл бала. Бала «Жедел гломерулонефрит» диагнозына қатысты стационарлык емнен кейінгі амбулаторлық емдеу курсын аяқтаған соң «Д» есепке алынған. Диспансерлік бақылаудың бірінші жылына тоқсан сайын жүргізілетін лабораториялық зерттеулер жоспарланған.


Осы балаға қандай лабораториялық зерттеулер ЕҢ тиімді?
*ЖҚА, ЖЗА, зәрдің стерильділігін талдау
*ЖҚА, қанның биохимиялық анализі, ЖЗА
*++ЖҚА, ЖЗА, креатининді анықтау, ШФЖ анықтау
*ЖҚА, креатининді анықтау, Зимницкий сынамасы
*қанның биохимиялық анализі, ЖЗА, Реберг сынамасы
#9
*!Қыз бала 13 жаста, НР-ассоцияланған 12-елі ішектің ойық жара ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрады. «Үштік» антихеликобактерлі терапия курсын алды. 6 аптадан кейін жүргізілген бақылау эрадикациясы Helicobacter pylori бар екенін анықтады.
Қандай емдеу тактикасы алдағы уақытта ЕҢ сәйкес?
*ИПП+амоксициллин+метронидазол
*++ИПП+амоксициллин+кларитромицин
*ИПП +амоксициллин+тетрациклин +висмут тұзы
*ИПП +амоксициллин+ метронидазол+тетрациклин
*+ИПП+амоксициллин+кларитромицин+ висмут тұзы

#10
*!Ер бала 15 жаста, антацидті препараттарға басылмайтын эпигастрий аймағындағы тұрақты қарқынды ауру сезіміне, қышқылды кекіруге, жұрек айнуға, іш өтуге шағымданады. ФГДС: асқазан мен 12-елі ішекте кқптеген ойық жаралар. Сарысулық гастриннің базальды деңгейінің 400 мЕД/мл (қалыпты 115 мЕД/мл дейін) жоғарылаған.


Қандай алдын ала диагноз ЕҢ сәйкес?
*асқазан ойық жарасы
*асқазанның эрозиясы
*Дубин-Джонсон синдромы
*+Золлингер-Эллисон синдромы
*12-елі ішектің полипі

#11
*!Қыз бала 10 жаста, жарты жылдың ішінде аптасына үлкен дәреттің 3-4 күнге дейін болмауына, іштің төменгі аймағында аздаған ауру сезіміне, нәжіс «қойдың құмалағы » тәрізді екеніне шағымданады. Қойылған диагноз: іш қатумен жүретін ішектің тітіркену синдромы.


Қандай препарат терапияда ЕҢ лайықты?
*кастор майы
*+лактулоза (Дюфалак)
*антрагликозид (Сенна)
*дифенилметан (Бисакодил)
*натрий пикосульфаты + сорбит (Гутталакс)

#12
*!Крон ауруымен науқастың колоноскопиясын қараған кезде:тоқ ішектің шырышты қабаты ашық гиперемияланган,төмпешікті, айқын ісіну, гаустрация байқауға болады емес, тамырлық сурет майланған, фибриндік ақау 3 тен 6-8 мм, оң жақ мықын аймағында сыртқы түтік анықталды.


Көбінесе Крон ауруынан қаңдай асқыну болуы мүмкін?
*+тесілу
*іріңді ісік
*стриктура 
*токсикалық кеңею
*ішек жүрмеуі
#13
*!Үш жастағы ұл бала. Ата-анасы баланың бет және аяқтарындағы ісікке, тәбетінің төмендеуіне, ішіндегі ауру сезіміне шағымданып, дәрігерге қаралды. Анамнезінен: бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Үй жағдайындағы емде: бисептол, фарингосепт, поливитаминдер. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, аяқ, беттері ісінген. Жүрек және өкпе жағынан патологиялық өзгеріс анықталмаған. Іш пальпациясы кезінде аздаған ауру сезімі. Бауыр, көкбауыры ұлғаймаған.
Осы ауруда қанның биохимиялық талдауына келтірілген көрсеткіштердің қайсысы ЕҢ ықтимал?
*мочевина > 4,3 ммоль/л, креатинин > 35 ммоль/л
*мочевина > 5,3 ммоль/л, креатинин > 55 ммоль/л
*мочевина > 6,3 ммоль/л, креатинин > 75 ммоль/л
*мочевина > 7,3 ммоль/л, креатинин > 95 ммоль/л
*+мочевина > 8,3 ммоль/л, креатинин > 115 ммоль/л

#14
*!Жеті жастағы ұл бала. Ата-анасы баланың шаршағыштығына, бетіндегі ісінулеріне дәрігерге шағымданды. Анамнезінде: бала бір жыл бұрын зәршығару жүйесінің ауруына байланысты стационарда ем қабылдап, кейін диспансерлік бақылауға алынған. Бақылау кезінде екі рет ЖРВИ мен ауырған. Бұл асқынуы суықтаумен байланысты. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, бетінің домбығуы. АҚ - 100/70 мм рт.ст. Зәр талдауында: белок 0,9 г/л, лейкоциттер бірен саран, эритроциттер көп мөлшерде, цилиндрурия.


Осы ауруда зәр анализінде қандай цилиндрлердің табылуы ЕҢ ықтимал?
*+гиалинді, дәнді
*пигментті, лейкоцитарлы
*восковидті, эритроцитарлы
*лейкоцитарлы, эпителиальды
*эритроцитарлы, цилиндроидты

#15
*!Бес айлық қыздың анасы баласының тері және шырышты қабаттарының бозғылттығына, әлсіздігіне, аппетиттің төмендегеніне шағымданады. Дәрігер І дәрежелі темір тапшылық анемиясы деген диагноз қойды. Нәресте жасанды тамақтандыруда. Обьективті тексергенде: тері қабаты таза, бозғылт. Жұтқыншақ өзегеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Темір тапшылық анемиясы кезінде ішек қызметінде НЕҒҰРЛЫМ қандай бұзылулар байқалады?
*диспепсиялық бұзылыс
*ойық жара ауруы
*дәмді бұрмалау
*+мальдигестия
*құсу
#16
*!Он бір жастағы ер бала дене қызуының 39,0°С температураға дейін көтерілуіне, бас ауруына, ылғалды жөтелге және кеуде қуысындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеруде: тері қабаттары бозғылт, ауыз–мұрын үшбұрышында цианоз, ТЖ 1 мин 25, кеуде қуысы көтерілген және оң жақ кеуде қуысының тыныс алу актісінде қалуы байқалады. Өкпеде оң жақта дыбыстың тұйықталуы, тыныстың әлсізденуі. Сырылдар жоқ. ЖСЖ 1 мин 110. R-граммада: оң жақ өкпенің төменгі жағының интесивті қараюы.
Қан анализінде НЕҒҰРЛЫМ болатын өзгерістер:
*лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі
*лейкопения, лимфопения, ЭТЖ төмендеуі
*лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ төмендеуі
*лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі
*+лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ төмендеуі

#17
*!Бала 2,5 айлық, анасының айтуынша, мазасыздыққа, терлегіштікке шағымданады. Бала І жүктіліктен, жүктілік гестозбен өткен, І жедел босану. Бала қыркүйек айында дүниеге келген. Жасанды бейімделген сүт қоспалармен тамақтанады. Қазіргі уақыттағы дене салмағы - 5500 гр., бойы - 59 см. Қарау кезінде краниотабес, шүйде аймағында шашының түсуі анықталды. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ.


Қандай қан талдауы баланың ауырдық жағдайын ЕҢ нақты бағалайды?
*қалдық азотты анықтау
*зәр қышқылын анықтау
*лимон қышқылын анықтау
*жалпы билирубинді анықтау
*+сілтілік фосфатазаны анықтау
#18
*!Бала 7 жаста. Дене қызуы 39,0°С дейін көтерілді, бас ауруы, ылғалды жөтел, кеудеде ауру сезімі шағымымен қаралды. Тексеру кезінде: тері жабыны бозғылт, «мраморлы» суреттермен, ТЖ 32 минутына, кеудесі кебіңкі, оң жақ жартысы тыныс алудан қалған. Өкпеде – оң жақ дыбыс тұйықталған, тынысы әлсіреген, сырыл жоқ. ЖСЖ 110 минутына. Рентгенологиялық зерттеуде: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті қарауыту.
Осы ауруды анықтауда қан анализінде қандай өзгерістер болады?
*лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі
*лейкопения, лимфопения,ЭТЖ төмендеуі
*лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ төмендеуі
*лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы
*+лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы

#19
*!Ұл бала 13 жаста, тексерілуден соң диагноз: НР-ассоцирленген созылмалы гастродуоденит, өршу сатысы. Ішек лямблиозы.


Эрадикациялық терапияның ең тиімді қайсысы?
*омепразол+амоксициллин
*+омепразол +амоксициллин+метронидазол
*омепразол +амоксициллин+кларитромицин
*висмут тұзы+амоксициллин+ метронидазол
*омепразол +амоксициллин++кларитромицин+висмут тұзы

#20
*!Қыз бала 12 жаста, асқазан ойық жарысы бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Эпигастрий аймағында кенеттен пайда болған ауру сезіміне, кофе тәрізді көп мөлшерде құсу , мелена, әлсіздік. Қарап тексеру кезінде: айқын бозару, пульс - 120 минутына. АҚ 80/50 мм.рт.ст. іші кернелген,эпигастри аймағында ауру сезімі.


Қандай асқыну болуы мүмкін?
*стеноз
*+қанкету
*пенетрац
*перфорация
*малигнизация

#21
*!Ұл бала 13 жаста , өт–тас ауруы бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Емдәмді бұзған соң пайда болған шаншуға шағымданады. Қарап тексергенде: өт қабы аймағында ауру сезімі, қайталамалы шаншу ұстамалары. УДЗ-де өт қабы: контуры тегіс емес,қабаттары қалыңдаған, кеңістікте 4 гиперэхогенді тастар анықталды. Мөлшері 1,0 нен 3,5см дейін.


Емдеу тактикаңыз қаңдай?
*Пероральды литотрипсия
*жанаспалы литотрипсия
*Кеңістікті холецистэктомия 
*Дистанционды литотрипсия
*+Лапароскопиялық холецистэктомия

#22
*!Қыз бала 10 жаста, шағымдары: 8 рет тәулігіне қан мен шырыш аралас құсу,іш кебу,толғақ тәрізді іштің төмен бөлігінде ауру сезімі,дене салмағы азаюы. Крон ауруы бойынша тіркеуде тұрады. Жалпы шолу рентгенограммасында іші: тоқ ішектің айқын диффузды ұлғаюы, сұйықтық пен газға толы,қабырғалары қалыңдаған, гаустр жоқ.


Крон ауруының қандай асқынуы?
*жыланкөз
*абсцесстер
*іш өтімсіздігі
*стриктуралар
*+токсикалық дилатация

#23
*!Үш жастағы ұл бала. Ата-анасы баланың бет және аяқтарындағы ісікке, ішіндегі ауру сезіміне шағымданып, дәрігерге қаралды. Анамнезінен: бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Үй жағдайында бисептол, фарингосептпен ем қабылдаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, аяқ, беттері ісінген. Жүрек және өкпе жағынан патологиялық өзгеріс анықталмаған. Іш пальпациясы кезінде аздаған ауру сезімі байқалады. Бауыр, көкбауыры ұлғаймаған.


Осы ауруда зәр анализіндегі қандай өзгерістер ЕҢ ықтимал?
*гематурия, протеинурия 1 г/тәулігіне
*гематурия, протеинурия 2 г/тәулігіне
*микрогематурия, протеинурия 1 г/тәуліктегі мөлшерден жоғары
*микрогематурия, протеинурия 2 г/тәуліктегі мөлшерден жоғары
*+микрогематурия, протеинурия 3 г/тәуліктегі мөлшерден жоғары

#24
*!Қыз бала 6 айлық, анасының айтуы бойынша шағымдары бозару, әлсіреу, тәбетінің болмауы. Анамнезінен анқталды: Жүктілік кезінде анасы фетопланцентарлық жетіспеушілікпен өтті. Босану жедел, бірақ кеш кіндік байланды. Бала жасанды тамақтанады. Обьективті: бала мазасыз. Тері жабындылары бозғылт. Ішкі ағзаларды қарап-тексеру кезінде ешқандай өзгерістер жоқ. ЖҚА: гемоглобин 90 г/л, эритроцит 3,0х1012/л, ТК 0,8; MCV-70 fL, MCH-25 pg, MCHC-29%, анизоцитоз+, пойкилоцитоз+, гипохромия+, ретикулоцит - 10 %.


Баланың осы ауруының дамуында ЕҢ сәйкес келетін маңызды интранатальды себебі?
*жедел босану
*бронхопневмония
*ауыр акушерлік анамнез
*кеш кіндік бауын байлау
*+фетоплацентарлы жетіспеушілік
#25
*!Қыз бала 5 айлық, анасының айтуы бойынша шағымдары бозару, әлсіреу, тәбетінің болмауы. Анамнезінен: ІІ жүктіліктен, ІІ жедел босанудан. Бала жасанды тамақтанады. Обьективті: бала мазасыз, активті. Тері жабындылары бозғылт, таза. Ішкі ағзаларды қарап-тексеру кезінде ешқандай өзгерістер жоқ. ЖҚА: гемоглобин 95 г/л, эритроцит 3,7х1012/л, ТК 0,82; MCV-70 fL, MCH-26 pg, MCHC-29%, анизоцитоз+, пойкилоцитоз+, гипохромия+, ретикулоциттер - 11 %, ЭТЖ – 6 мм/с.
Науқасқа ЕҢ сәйкес мақсатты ем тағайындау?
*100 мл көлемінде тұтас қан құю
*0,3мл феррум лек күн ара парентеральді тағайындау
*толыққанды және ұйымдастырылған емдәм тағайындау
*10 мл/кг салмағына есебімен эритроцитарлық масса құю
*++тәуліктік дозасы 16 тамшы гемоферді пероральді тағайындау

#26
*!Екі жарым жасар қыз бала анасымен келді, дәрігерге шағымдары тәбетінің төмендеуі, бозару, әлсіздік, зірдің қызыл түсті болуы. Анамнезінен: бозару, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік 2-3 апта бұрын пайда болған, зәрінің қызаруы бүгін азанда байқалған, кеше қызылшадан салат жеген. Өмір анамнезінен: бала ІІ жүктіліктен, ІІ жедел босанудан. Обьективті: тері жабындылары бозғылт. Ішкі ағзаларды қарап-тексеру кезінде ешқандай өзгерістер жоқ. ЖҚА: НЬ 95 г/л, эритроцит 3,7х1012/л, ТК- 0,8; MCV-70 fL, MCH-26 pg, MCHC-29%, анизоцитоз+, пойкилоцитоз+, гипохромия+, ретикулоцит-11%,ЭТЖ – 6 мм/с.


Берілген ауруда ЕҢ жиі қай симптом жатады?
*ісіну
*бозару
*әлсіздік
*+битурия
*тәбеттің төмендеуі

#27
*!Бір жарым айдағы бала мен анасы ауруханаға жолықты. Анасы баланың мазасыздығы, тершеңдігі және қалтырауына шағымданады. Анамнезден: бала І жүктіліктен, І жедел босану. Ер бала қарашада дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде. Бала анасымен күнделікті таза ауада 15-30 минут серуендейді, массаж және ЕДТ алмайды, ұйқы барысында өз қолдарынан шошынбау үшін баланы тығыз бөлейді. Тексеру барысында краниотабес анықталды, шүйде аймағының шашы түсіп қалған. Ішкі ағзаларда өзгерістер жоқ.


Бала тарапынан ең ықтимал қандай сыртқы факторлар бұл ауруды тудырды?
*энцефалопатия, уақытына жетпей туған, емізу, дамымаған
*ірі ұрық, мальабсорбция синдромы, туылған мерзімі, массаждың болмауы
*тығыз бөлеу, емізу, туылған мерзімі, массаждың болмауы
*++ЕДТ және массаждың болмауы, туылған мерзімі, тығыз бөлеу, аралас қоректену
*ішек инфекциясы, емізу, мальабсорбция синдромы, туылған мерзімі

#28
*!Он айдағы бала мен анасы дәрігерге аяқ қисаюына байланысты шағыммен жолықты. Анамнезінде: бала І жүктіліктен, І жедел босану. Тексеру барысында: тері қабаты боз. Маңдай және төбе сүйегі айтарлықтай шығыңқы. Кеуде қуысы: төменгі апертура жазылған, қабырғасында «таспиқ», білектерінде «білезік», аяқ-қолының варусты деформациясы. Бұлшық ет гипотониясы байқалады. Ағзалардың патологиясы жоқ. Қанның биохимиялық анализі: фосфор – 0,96 ммоль/л, кальций – 1,4 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 1863 нмоль/л.


Қай ең ықтимал клиникалық белгілер дәрігерге диагноз қоюға мүмкіндік береді?
*экзофтальм, қан аздық, іш қату, омыртқа бағанасының деформациясы
*+«білезік», «інжу жібі», «таспиқ», барлық сүйектерінің деформациясы
*қимыл қызметінің кешеуілі, жүйке жүйесінің бұзылысы, қан аздық, бас сауыты деформациясы
*кеуде қуысының деформациясы, экзофтальм, жүйке жүйесінің бұзылысы, «білезік»
*омыртқа бағанасының және бас сауыты деформациясы, қан аздық, іш қату

#29
*!Ер бала 8 жаста, қойылған диагноз: билиарлы жолдың дисфункциясы, гипокинетикалық түрі.


Қандай клиникалық белгілер ЕҢ тән?
*+жүрек айну, ащы дәм, іштің кебуі, іш қату, он жақ қабырға астында сыздаған ауру сезімі
*сол жақ жауырынға берілетін ауру сезімі, арқаға берілетін ауру сезімі, ащы дәм, іш қату
*оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауру сезімі, арқаға берілетін ауру сезімі, жүрек айну
*оң жақ қабырға тұсына шаншу тәрізді ауру сезімі, арқаға берілетін ауру сезімі, іштің кебуі, қату
*сол жақ қабырға тұсына берілетін ауру сезім, жүрек айну, ащы дәм, іштің кебуі

#30
*!Қыз бала 15 жаста, көбіне түнгі уақытта болатын эпигастрий аймағындағы қатты толғақ тәрізді ауруларға шағымданады. Ішті пальпациялаған кезде пилородуоденальды аймақта ауру сезімі байқалады. Алдын-ала қойылған диагноз: 12-елі ішектің ойық жарасы.


Қандай әдістер Н.pylori үшің ЕҢ ақпаратты?
*биохимиялық, бактериологиялық, браш-цитологиялық, биопсия
*+бактериологиялық, браш-цитологиялық, уреазды тыныстық тест, полимеразды тізбекті реакция
*жалпы қан талдауы, биохимиялық, жалпы зәр талдауы, копрограмма
*иммуно-ферментті талдау, биопсия, бактериологиялық, полимеразды тізбекті реакция
*жалпы қан талдауы, биохимиялық, уреазды тыныстық тест, полимеразды тізбекті реакция

#31
*!Нәрестеде ОЖЖ дамуына әсер ететін емшек сүтінің компоненті:


*Липаза, иммуноглобулиндер
*Лактаза, фосфатидтер
*Мальтоза, липаза
*+Галактоза, фосфатидтер
*Иммуноглобулин, лактаза

#32
*!Қыз бала 9 жаста, диареялық синдроммен ауырады. Соңғы 3 жылдықта жағдайы айтарлықтай нашарлаған, салмағы төмендеген,жалпы әлсіздену пайда болған,үлкен дәреті қан аралас күніне 5–6 рет. Болжамды диагноз: спецификалық емес жаралы колит.


Қандай эндоскопиялық маркерлер тән?
*++жанаспалы қансырау,тамырлық суреттер болмауы, жолдамалар, ойық жаралар, дәнді болуы
*шырыштары бозғылт, тамырлық суреттер сақталған, ішектің терең қабаттарында гранулемалар
*ішектің терең қабаттарында гранулемалар, ішектің қабырғасының трансмуральды зақымдануы
*арнайы емес гранулемалар,Пирогов-Лангханс тәрізді клеткалар, шырыштары бозғылт
*«кенгіру секірулері» патологиялық және қалыпты бөліктердің кезектесуі, дәнді болуы
#33
*!Ерте жастағы балаларда жедел пиелонефриттің қандай клиникалық белгілері ЕҢ ықтимал?
*ісіну, токсикоз, цианоз, интоксикация
*цианоз, дизурия, ісіну, эксикоз
*бас ауруы, интоксикация, ісіну, гипертония
*+диспепсия, менингизм белгілері, токсикоз, эксикоз
*диспепсия, бас ауруы, ісіну, интоксикация

#34
*!Бес айлық қыздың анасы баласының тері және шырышты қабаттарының бозғылттығына, әлсіздігіне және аппетиттің төмендегеніне шағымданады. Аймақтық дәрігер І дәрежелі темір тапшылық анемиясы деген диагноз қойды. Нәресте жасанды тамақтандыруда. Обьективті тексергенде: тері қабаты таза, бозғылт. Жұтқыншақ өзегеріссіз. Ағзасы патологиясыз.


Темір тапшылық анемиясы кезінде жалпы қан анализінде қандай өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+ТК төмендеу, эритроциттердің пішіні, мөлшері әртүрлі, саны азайту
*ТК көбею, ретикулоциттердің, лейкоциттердің, лимфоциттердің саны көбею
*ТК қалыпты, лейкоциттердің, нейтрофилдердің, тробоциттердің саны азайту
*ТК төмендеу, ретикулоциттердің, эритроциттердің мөлшері, саны көбею
*ТК төмендеу, ретикулоциттердің, десфералдық тест, қан сарысуындағы темір саны азайту

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет