Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті келесі бос лауазымға конкурс жариялайды:
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры;
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК мына мекен-жайда орналасқан: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 45а.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: күрес түрлері бойынша олимпиада резерві мен республиканың ұлттық құрама командаларына қабылданған спортшылар үшін даярлықтың оқу-жаттығу бағдарламаларын және жеке жоспарларын іске асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Педагогика», «Құқықтану», «Экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Конкурсқа қатысушылардың мынадай құжаттары болуы керек:
1) конкурсқа қатысуға өтініші;
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өз қолымен жазылған өмірбаяны;
4) білімі туралы құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының немесе жеке еңбек шартының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі, болмаса соңғы жұмыс орнынан қабылдау немесе жұмыстан босату туралы бұйрықтардың белгіленген тәртіппен куәландырылған үзінді көшірмесі;
6) денсаулығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады:
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы.,8, «Министрліктер үйі», 15 кіреберіс, тел:741269.
Достарыңызбен бөлісу: |