Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды салаларының бірі - мал шаруашылығы. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың нәтижесінде 01 қаңтар 2018 жылға - 1620 бас ірі қара малы, оның ішінде сауын сиырлары – 704 бас , шошқа – 301 бас , қой мен ешкі - 1870 бас , жылқы – 1350 бас , ара шелектері - 427, құстар – 9896 бас болды. Өндірілген ет - 843 тонна, сүт- 3210 тонна, жүн - 4,4 тонна, жұмыртқа - 680 мың дана. Округ аумағында бір ЖШС, 39 шаруа қожалықтары бар. 2017 жылда егілген және жиналған бидай - 1359,8 га (түсімі 19,2 ц/га), арпа - 265 га (түсімі 24,6 ц/га), сұлы - 139,8 га (түсімі 25,5 ц/га), қарақұмық- 603,7 га (түсімі 31,5 ц/га), күнбағыс - 150 га, (түсімі 22ц/га), жүгері - 60 га, (түсімі 23 ц/га) , бұршақ - 60 га, (түсімі 25 ц/га), РАПС 1295 га (түсімі 23,7 ц/га). «Калинин» ЖШС-і 187,8 млн. теңгеге техникалар, 7,3 млн. теңгеге асыл тұқымды жылқылар сатып алды. Ветеринарлық мамандар ауылшаруашылық жануарларына ветеринарлық-санитарлық екпелерді толық көлемде жүргізді.
Білім беру
Ауылдық округтің аумағында бір орта мектеп жұмыс істейді. Онда 70 оқушы бар, оның ішінде 8 үздік, 27 жақсы оқитын оқушылар. ҰБТ нәтижелері - 75 балл. Білім сапасы - 67 %, үлгерімі - 100 %. Пәндік олимпиадаларға қатысушылар саны - 9, оның ішінде 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Мектеп жанында шағын орталық жұмыс істейді, оған мектепке дейінгі 25 бала барады, мектепалды даярлық сыныбында – 7 бала оқиды. Жазғы лагерьде 35 бала тегін демалды. Оқу жылының басында аз қамтылған отбасылар тізімі анықталып, 23 оқушы тегін тамақтанады.
Спорт - салауатты өмір салтының кепілі. Бұл бағыттағы жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуде. Еркін күрестен, қазақша күрестен , волейболдан , үстел теннисінен, шахмат пен дойбыдан секциялар жұмыс істейді
Жоспар бойынша қазақша күрестен бір, еркін күрестен бір аудандық жарыстар өткізілді. Еркін күрестен Мұрат Темірлан және Көшеров Нұрсұлтан атанды. облыстық жарыстардың чемпиондары атанды. 3 оқушы облыстық жарыстардың жүлдегерлері Құндызбаев Әнуар, Мұсақан Олжас, Иманғазы Саян.
Тәуелсіздік күніне орай, қазақша күрестен облыстық турнирге бес оқушы қатысып, оның ішінде 1- ші орынды - екі оқушы, 2 - орынды - екі оқушы, 3 орынды - бір оқушы иеленді.
Денсаулық сақтау
Солдатово ауылында фельдшерлік - акушерлік пункт жұмыс істейді. Флюротексеруден 282 адам өтті (104,4 %). 2017 жылы 818 науқасқа емделу қызметі көрсетілді.
Байланыс
Солдатово ауылдық округінің аумағында байланыс бөлімшесі, АТС жұмыс істейді. Аптасына үш рет хат-хабарлар, газет пен журналдар таратылады. Бір адам жұмыс істейді.Зейнетақы және жәрдемақы уақытында таратылады. Бес зейнеткерге зейнетақы таратуда үйде қызмет көрсетіледі.
Бюджет
2017 жылы көлік салығы 898,0 мың теңгеге орындалды /100 пайыз/, жеке табыс салығы 181 мың теңге /90,5 пайыз/, заңды тұлғалардың жер салығы 219 мың теңге /100 пайыз/, заңды тұлғалардың көлік салығы 24 мың теңгені /100 пайыз/ құрады.
Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау. Округ аумағын абаттандыру және көгалдандырудың жоспары жасалынды. Көшеттер отырғызылып, гүлзарлар салынды, ҰОС қаза тапқандарға арналған ескерткіштің маңайы қоқыстардан тазартылып, ағымдағы жөндеуден өткізілді, ауылдық клубтың маңына асфальт төселді, Жастар, Достық, Абай, Мереке, Тәуелсіздік көшелері тегістілді. Арық жүйелерін, тереңдетіп қазып, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді, ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының аумағында қоршау жұмыстары жүргізілді. Әр аптаның жұма күндері сенбіліктер өткізілді. Бұл іс-шараларға барлық мекемелер және округ тұрғындары қатысты. Ауыл тұрғындарына, мекемелер, мен «Калинин» ЖШС жұмысшыларына сенбіліктерге белсенді қатысқаны үшін алғысымызды айтамыз.
2018 жылға жоспарланып отырған жұмыстар көп, олар: