Архат ауылдық округінің әкімі А.Өміртаевтын 2018 жылы қаңтар айында ауыл тұрғындарына алдында беретін есебінің тезистері
Құрметті ауыл тұрғындары!
Құрметті ауыл тұрғындары! ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017-жылға арнаған Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Жолдауда Елбасы 5 негізгі басымдықты айқындады. Бұл жаңғыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде «Қазақстан 2050» стратегиясының мақсаттарына, болашаққа бастайтын негізгі көпір делінген. Жолдауды басшылыққа ала отырып, ауданымыз оның ішінде ауылымз да жұмыла көтеріліп бір кісідей еңбек етті.
Атап айтар болсақ әлеуметтік сала бойынша:
Биылғы 01.01.2018 жылы Архат ауылдық округінде 221 аулада 1007 адам тұрады. Ауылдық округ халқына жалпы білім беретін 1 орта мектеп, 1 негізгі орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, телефон байланысы бөлімшесі, почта, 3 мал сою пункті, 2- тойхана, 2-наубайхана, 6-сауда орталығы, 2013 жылдан бастап Б. Байғожина атындағы клуб үйі халыққа қызмет етіп келеді.
Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемақы алушылар атап айтқанда
18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар саны 47/114адам 2387200 тенге .
Қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны 15 адам.
3-айлық оқуға 7 адам тартылды. Степендия,жол шығыны төленді.
«Өрлеу» бағдарламасына қатысқан адамдар 9/40
тұрғын үй жәрдем ақысын алған 10 адам-361500 тенге.
Сол сияқты Елбасының тапсырмасымен *Таза – су* бағдарламасы бойынша 2003 жылдың ІІ-ші жартыжылдығынан бастап ауылға таза су беріліп, көшелерге су алатын 18 колонка орнатылып, бүгінгі күні қалыпты жұмыс жасап тұр.Өткен жылы 13 719500 млн теңгеге жобалық-сметалық құжат жасалып, аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 13719500 млн теңгеге 850м жердің трубасы ауыстырылды,екі скважнаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жаңадан екі насос қойылды,500куб. Су қоймасы жөнделіп, сыртқы қоршаулары жасалды,бактерицетка жөнделіп сыртқы қоршаулары жасалды.
Орда елді мекенінен -1ұңғыма құдық /скважина/ қазылып, тұрғындардың көмегімен насос қойылып бүгінгі күні халық игілігіне қалыпты жұмыс жасап тұр.Биылғы жылдын жоспарында Орда елді мекеніне ауылға таза су беру мақсатында сметалық құжаттар жасалуда.
Округ бойынша 2 кітапхана 15000 кітап қорымен халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Ауыл бойынша халыққа 120 үйге телефон нүктесі орнатылып спутник телефон байланысы іске қосылған. Ал Орда елді мекеніне 31 үйге спутник телефон нүктесі қосылды.Cоңымен қатар11 шаруа қожалығына да телефондар құрылды. Ауылға ұялы байланыс билайн орнатылған. Және де бүгінгі күні ауыл тұрғындары интернет желісімен қамтылып отыр.Орда елді мекенінде үш жерде интернет желісімен қамтылған.
Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша ауылда 3 телеарна «Қазақстан», «Хабар», «24kz» , Орда елді мекенінде «Қазақстан», «Хабар» телеарналары көрсетіледі. Бұған қосымша 178 үй отандық «Отау ТВ» антеннасын құрғызып пайдалануда. Ауыл тұрғындарын мерзімді баспасөзге жазу қамтамасыз етілді.
Адамдардың денсаулығы үшін ауыл бойынша дәрігерлік амбулатория, Орда елді мекенінде 1 мед пункт , 1 дәрігер, 5 мейірбике жұмыс жасайды.
Күндізгі уақытта амбулаторияда 2-адам күндізгі стационарда жатып дәрігерлік ем қабылдай алады. Айына 15-20 адам тегін ем қабылдап отыр. Амбулатория жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген.
Өткен жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Семей қаласынан жылжымалы дәрігерлер тобы келіп ауылдан 380 ересек адамдар,70 мектеп жасындағы балалар барлығы 450 адам тексеруден өтті.
Қазақстанның келешек білімді ұрпақтары үшін 1-11 жылдық орта, 1-9 жылдық орталау мектеп құрамында 46 әр түрлі дәрежедегі оқытушылар 159 оқушыға сапалы білім беруде.
2017 жылы ҰБТ-ға 12 оқушы қатысып, орта көрсеткіш 65, баллмен мектебіміз аудан көлемі бойынша 78,5 бал .
Өткен жылдың жағымды жаңалықтарының бірі Орда ауылына құны 7677000 млн. теңгеге бүгінгі күннің талабына сай кіші футбол алаңы бой түзеп, бүгінгі күні ауыл жастары мен мектеп оқушыларына қалыпты жұмыс жасап тұр соңымен қатар Орда ауылына кіре берісіне құны 11264200 2,2 шақырымға көтерме жол жасалды.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 735000 тенгеге көше жарығы орнатылды.
Ауылда тұрмысы төмен 2 жанұя бар. Олар әр кез әкімшілік назарында жылда демеушілер көмегімен малдарына жем-шөп, көмірді тегін түсіріп беріп отырмыз.
Көктемгі тазалық айлығына байланысты сәуірдің 1 мен мамыр айының 5 дейін ауыл бойынша айлық жарияланып, тазалыққа 5 автомашина, 2
трактор тіркемесімен шығарылып, күл-қоқыстар арнайы бөлінген жерлерге төгіледі. Былтырғы жылы 1290 тонна күл-қоқыс шығарылды. шаруа қожалықтарындағы 63 адам үйі мен мал баздары ақталып, маңайлары тазартылды.
Мәдениет.спорт саласы бойынша:
«Тарихыммен сабактас-болашағым!» атты көркемөнерпаздар байқауында өнерпаздарымыз жүлделі 2-ші орынды иеленді.
Аудан көлемінде өткен «Әз Наурыз-2017» мерекесінде « Ұлттық тағамдар және ет-сүт өнімдерінің фестивалінде» ауылымыз қатарыннаң 3-жыл бойы 1-орынды жеңіп алып бағалы сыйлықпен марапатталды.
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен аудандық спартакиадада ауыл жастары 4-ші орынды иеленді.
Ұлы Жеңіс мерекесінде жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры З.Белібаевтың 100 жылдық мерейтойы жоғарғы денгейде аталып өтті.
Батыр З.Белібаевқа Семей қаласынан көше алуға Түгелжан Әзімжанқызының, Алматыдан көше алуға батырдын қарындасы Нағима апайдын еңбектері ерекше екенін айта кетуіміз керек. Мереке күні барлық мекемелер мен мектеп оқушылары парадқа шығып батыр ескерткішінің басында салют атылып, мерекелік концерт, спорттық ойындар, ат жарысы ұйымдастырылды. Қазақ үйлер тігіліп, қатым түсіріліп, ас берілді.
Осы шараның өтуіне көмек берген ауыл ардагерлеріне, Тілеуғали аға Серік аға, Нұрбике апай, Бөктердегі шаруа қожалықтарына, С.Бекбосынов, Мамай атындағы мектептерге амбулатория және клуб әкімшілік басқа да шаруа қожалықтарына ,ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз.
Клуб үйінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде мәдениет қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өткізіліп, клуб мүшелері 1- щі орынды жеңіп алды.
Жаттықтырушы Д. Молдабаевтың ұйымдастыруымен қазақша күрестен жерлесіміз Таппас Желдібаевтын атында мектеп оқушылар арасында үлкен денгейде күрес өткізіліп артыннаң қатым түсірілді.
Ұрпақтары демеушілік жасап күрес кабинетіне еденіне линоним, қабырғаларына банерлер тағып женімпаздарды марапаттады.
Бүгінде ел игілігі жолында кез келген іске бел шеше кірісетін, қоғам алдында арқалар жауапкершілігі мол жастар қатарлары артып келе жатыр. Ауылдық жастар маслихатының депутаты Н.Әпіштің ұйымдастыруымен «Елбасы тірегіміз, Қазақстан – жүрегіміз» атты тақырыпта аудандық стол теннисінен жарыс өткізді. Жарысқа қатысушы жастарға арнайы медальдар табыс етіліп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жыл сайын облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлестері үшін, «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында «Жас отбасы» номинациясы бойынша үздік деп танылып Жамхановтар отбасы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып 200 мың тенге сыйлығына ие болды
Ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтары, мекемелер биылғы қыстамаға тыңғылықты дайындықпен келіп отыр. Қыстамаға 13000 тонна шөп дайындалып,отын сумен толықтай қамтамасыз етілді.
Жергілікті салықтардың орындалуы:
оның ішінде жеке тұлғалар бойынша:
Мүлік салығы – 36170 теңге 100 пайыз
Жер салығы – 35164 теңге 102,2 пайыз
Көлік салығы – 1152680 теңге – 100 пайызға орындалып отыр.
Шаруа қожалықтары бойынша:
Біріңғай жер салығы – 448982 теңге 100,3пайыз
Табыс салығы – 2 501533 теңге 100,1
Әлеуметтік салық – 617421 теңге 100,3 пайыз
Еліміздің басты дамуының бағдаршамы бүгінгі күні «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасы. Осы бағдарламаға сәйкес Агроөнеркәсіп кешенін субсидиалау арқылы мал шаруашылығын көтеру мақсатында ауылдық округте мал басы:
01.01 2017ж 01,01 2018ж %
М І Қ - 3676 бас 4199бас 111,5
аналығы 1915 бас 2063
Қой - ешкі 16450 бас 12409 75,4
аналығы 15338 бас 9701
Жылқы- 2254 бас 2876 127.6
аналығы 917 1068 бас.
Сарып ауруымен 72 бас сиыр Қостуған қыстағыннан шығып ,
карнтинге қойылып малдар толықтай өткізілді. Қыстақтын мал баздары толықтай дезинфекция жасалды.
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына үлкен көмектер берілуде. «Ынтымақ», «Кәсіпкер», «Береке», «Игілік» бағдарламасы бойынша несие алуға болады.
Өткен жылы мал басын өсіріп, шаруашылығын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 800000 тенге бөлініп, 1 адам мал өсірумен айналысуда.
2- шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасымен жұмыс жасап отыр.
Мал бастарын асылдандыруға байланысты мемлекет тарапынаң субсидия берілді.
Ауылымыздың МІҚ бойдақ малдары 2 бағытта, жылқы малы 1 табын болып бағылуда. Бүгінгі күні округ бойынша 58 шаруа қожалығы жұмыс жасап тұр.
Ауылдық округ бойынша бір учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Архат ауылы бойынша өткен жылы 4 қылмыс тіркеліп онын 2 қылмысы ашылды.
Алдағы уақытта мал басын асылдандыру асыл тұқымды шаруа қожалығын құру,жаңадан лезингпен техникалар алу,талапқа сай мал соятын алан ашу, мал бордақылайтын аландарды кенейту жұмыстарын жүргізуіміз керек.
Жеке меншік малдарын бағуды ұйымдастырып копператип құруымыз керек.
Өңірлерді дамыту
2018жылы
1.Орда ауылына таза су беру
2.Архат ауылына балалар ойын алаңын салу
3.Кіре беріске 100 түп тал егу
Елбасымыз алға қойып отырған міндеттерді орындауда және аудан әкімінің берген тапсырмаларын жүзеге асыруда бұрынғыдан да жұмыла, береке-бірлікпен еңбек етуге міндеттіміз. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды ары қарай өз мәнінде атқаратын боламыз.
Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстардың есебі.
Құрметті ауылдастар! Сіздерге 2017 жылы Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті баяндамамды оқып беруге рұқсат етіңіздер.
Жалпы 2017 жыл Кеңгірбай би ауылдық округі үшін тұрақты өтті. Бұрынғы жетістіктері сақталып, округ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуына бағытталған жұмыстар атқарылды.
Әлеуметтік сала бойынша:
Бүгінгі таңда жалпы халық саны 1057 адам, 185 ауланы құрайды. Округте 1 жалпы орта мектеп, 1 колледж, 1 амбулатория, 1 кітапхана, учаскелік инспектор, мал дәрігерлік пункт, 1 әлеуметтік қызметкер, пошта, су қызметкерлері қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар, округте 70 шаруа қожалығы, 2 азық-түлік дүкені, 7 жеке кәсіпкер есепке тіркелген. Зейнеткерлер-117, мүгедек адамдар -5, экономикалық белсенді халық – 450, Алтын, күміс алқа иегерлері -23 ана, көп бала ана саны- 9. Жыл басынан бері некеге отырғандар саны 6, 14 сәби дүниеге келіп, 2 адам есептен шығып, 12 адам есепке тіркелді.
2016 жыл бойынша 1 отбасыға материалдық көмек берілді.
Округ бойынша жұмыспен қамту бөлімінде 15 адам жұмыссыздар есебіне тіркелген, соның ішінде 15 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Округ бойынша 2017 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы барлығы - 29 отбасына 18 жасқа дейінгі 86 балаға 2 млн 879 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысына 11 адамға 340 мың 628 теңге көлемінде қаржы төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жоқ.
Округ бойынша «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 6 адам жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жастар ісі тәжірбиесне 1 адам жұмысқа тартылды, орташа еңбек ақылары 45 000 теңге.
«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы 3 адам 20,3 млн. теңге несие алды.
«Береке» бағдарламасы арқылы 4 адам 15 млн теңге несие алды.
Бюджет туралы:
Жалпы еліміздің, оның ішінде округімізді экономикалық дамытуда, әлеуметтік проблемаларын шешуде ең қажетті мәселе бюджетті нығайту. Бұл орайда аудан бюджеті жылдан-жылға көтеріліп, оның арқасында аудан көлемінде, оның ішінде біздің ауылымызда бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, мемлекеттік сатып алу процедурасы заң аясында өткерілуде. «Кеңгірбай-би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне биылғы жылға қаралған қаражат – 15325,4млн.теңге болса, оның – 15325,2 млн. теңгесі игерілді немесе орындалу пайызы – 99,9 пайызды құрады.
2017 жылғы салық қаржыларын жинау
Жеке тұлғалардың жер салығы жоспар 22859 теңге, орындалуы -106,8%, мүлік салығы жоспар -22189 теңге, орындалуы-125,2%, көлік салығы жоспар -770128 теңге, орындалуы- 127,5%, жиыны-815176 т. Шаруа қожалықтарынан бірыңғай жер салығы – 474 956 теңге, табыс салығы - 3 196 354 теңге, әлеуметтік салық жоспар- 631 376 теңге, жиыны- 4 302 686т. Орындалыстары 100 %.
Мемлекеттік қызметтер.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттері бойынша стендтер орналастырылған.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 54.
Ауылдық округ әкімшілігіне жыл ішінде 158 құжат келіп түсті, 313 құжат шығарылды, 94 өкім,1 шешім қабылданды, 325 әр түрлі анықтамалар, 292 анықтама жеке меншік малын еттей, тірідей басқа өңірге тасымалдау үшін берілді. 32 нотариаттық іс тіркелді.
Ауылды көркейту, санитарлық тазазалау, көгалдандыру жұмыстары бойынша:
Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша көшелердің тазалығы үнемі басты назарға алынып, сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып отырылды. Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша ауыл халқының әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында елді мекендерді көріктендіру, санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес 2017 жылдың сәуір, мамыр айлары аралығында «Елді мекендерді санитарлық тазалау,көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық» өткізілді.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша:
Кеңгірбай би ауылдық округінің жер көлемі 180905 гектар, ауылшаруашылық жерлер 180066 гектар, жайылым 178403 гектар.
Мал шаруашылығы
Округтегі негізгі шаруашылық күн көріс көзі саналатын мал шаруашылығы болса, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының бағымында 847 бас МІҚ бар, соның ішінде сиыр – 337 , қой-ешкі – 3108 , жылқы – 487 , құс – 601 . Шаруа қожалықтарында МІҚ- 7060 , оның ішінде сиыр- 3025 , қой, ешкі- 37708 , аналығы – 22253, Жылқы – 4294 , бие -1380 бастары өсірілуде. 11 бригада мал азығына шөп дайындайды, 2017-2018 жылғы қыстамаға 15000 т. сапалы мал азығы дайындалды.
Өндірліген ет 29541 центнер, орындалысы 103,3%, сүт 32555 центнер, орындалысы 94,4 %, жұмыртқа 71 500 дана, орындалысы 109,1 %, жүн 84,7 центнер, орындалысы 100 %.
Біздер үшін иелігіміздегі мал басын аман сақтау маңызды екендігі баршамызға аян. Сондықтан мал бағып, одан дұрыс өнім алам десек, мал басын көбейтумен қатар мал тұқымын асылдандыру жұмысын қолға алуымыз керек. Мал басын асылдандыру үшін алынатын субсидияға қатысқан шаруа қожалықтары, алған субсидия барлығы -65 шаруа қожалығы 37 млн.675 мың теңге.
Асыл тұқымды МІҚ малдарын сатып алу бойынша - 9 шқ / 143 бас / 21млн.450 мың теңге.
МІҚ малының селекциялық жұмыстарымен айналысқан шаруа қожалықтар саны- 33/1863 бас / 1 млн 863 мың.
МІҚ малдарының селекциялық жұмыстарының қосымша нормативі (бұзау) бойынша-18 шқ /1072бас/ 8млн.576 мың теңге.
Асыл тұқымды қой малдарын сатып алу бойынша-2 шқ/ 226 бас.
Қой малдарының селекциялық жұмыстарына-3 шқ/2330 бас / 5млн.786 мың теңге.
Ветеринария
Мал ауруларының алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес ветеринарлық профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Кеңгірбай би ауылдық округінде 6 мал дәрігері тұрақты жұмыс істеуде.
Қан алу,жеткізу шаралары бойынша қой-ешкі малдарынан 51258 бас бруцеллез ауруына қарсы қан алынды,"оң" нәтиже берген малдар жоқ.
Бруцеллез ауруына қарсы мүйізді ірі қара бойынша 7042бастан қан алынып тексерілді "оң" нәтиже берген 122 бас.Барлық "оң" нәтиже берген малдар етке өткізілді.
Профилактикалық іс-шаралар бойынша: Сібір жарасына қарсы МІҚ-дан
6000 бас, жылқыдан 2300 бас, ұсақ малдан 49000 бас егілді.Маңқа /сап/ ауруына қарсы маллеинизация жылқы малына 2300 басқа жүргізілді,"оң" нәтиже берген жоқ. Туберкулинизация жұмыстары МІҚ-дан 10500 бас егіліп тексерілді ,"оң" нәтиже берген малдар жоқ.Аусыл ауруына қарсы МІҚ-дан 11060 бас егілді , 91980 бас ұсақ мал егілді.Құтырма ауруына қарсы МІҚ-дан 2000 бас, жылқыдан 640 бас, ұсақ малдан 4260 бас егілді.Пастереллез ауруына қарсы МІҚ-дан 1000 бас, жылқыдан 400 бас, ұсақ малдан 4700 бас егілді.Қарасан ауруына қарсы 4400 бас міқ малды егілді.
Иесіз қаңғыбас ит мысықтардың бүгінгі күнге дейін 65 ит жойылды.
Жастарды жұмыспен қамту, жастарды мерекелік шараларға тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы
Жастар орталығы және Кеңгірбай би ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастырумен Кеңгірбай би ауылындағы жастар көптеген мерекелік іс-шараларға белсене араласып келеді. Жастарды жұмыспен қамту, оларды мерекелік шараларға тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айта кетсек, аудандық «Абай аруы - 2017» сайысынан Еркінқызы Айдана «Инабатты ару» атағын иеленді. Кеңгірбай би ауылының «Атамекен» жайдарман тобы аудандық жайдарман сайысынан жартылай финалға дейін ойын көрсетті. Абай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» мен Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің аппараты бірлесіп «Бақытты отбасы» спорттық ойынын өткізді.
Автомобиль жолдарын қамтамасыз ету бойынша Қарауыл-Кеңгірбай би тас жолына жобалық сметалар дайын тұр. Сметалық құны 53347,642 т.
Жарықтандыру жұмыстары бойынша:
Өңірлік даму бағдарламасы бойынша С.Сүндетбаев көшесіне 550 мың теңгеге 5 фонар орнатылды.
Абаттандыру жұмыстары бойынша:
14 тұрғын үйге су құбыры кіргізіліп тұр,7 колонка жұмыс істеп тұр.
Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу жұмыстары туралы
2017 жылы Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша баспасөзге жазылу 100 пайызға толық орындалды. Абай елі газеті-120, Семей таңы-40, Егемен Қазақстан-30, Дидар-30, Каз Правда-2, Рудный Алтай-2 жазылды. Почта байланыс қызметі қалыпты жұмыс жасайды. Зейнетақы, жәрдемақы уақытында беріледі. 58 үйде интернет байланысы бар. 50 үйде Отау тв орналасқан.
Денсаулық сақтау саласы:
Ауылдық округтегі амбулаторияда 1- жоғары санаттағы жалпы тәжірибелік дәрігер, 1- 1 ші санаттағы акушерка, 1- 2-ші санаттағы мейірбике, 1- мейірбике, 1 тазалықшы, 1- жүргізуші жұмыс жасайды.
Қайтыс болған адамдар саны -7. Өлім көрсеткіші- 8,6% 0.Табиғи өсу көрсеткіші-8,6%
Емханаға қаралған адамдар саны- 1883. Үйден каралған адамдар саны-360.
Катерлі ісікпен аурушандық-жоқ ,туберкулезбен аурушандык көрсеткіші –жоқ.
Диспансерлік есепте тұратын адамдар саны -510,оның ішінде балалар- 70,жасөспірімдер-11,үлкендер-429.
Журек қан тамырлар ауруымен «Д» есепте тұратын адамдар саны-197.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 10.11.2009ж №685 бұйрығына байланысты халық арасында скринингті тексеру жыл сайын өткізіліп отыр.
0-18жас аралығындағы профилактикалық тексеруден өткен бала саны -203.
Табылған ауру -10.Емделгені-10. 30-55жастағы әйелдер арасында жатыр мойны обырына тексерілгені-22.Табылған ауру жоқ.
50-60жас аралығында сүт безі катерлі ісігіне тексерілгені-25,табылған ауру жоқ.
50-70жас аралығында ішектің катерлі ісігіне тексерілген адамдар саны-62.
40-70жас аралығында глаукомаға тексерілген адамдар саны-102.
50-60жас аралығында асқазанның катерлі ісігіне тексерілген адамдар саны-43.
40-64жас аралығында журек қан тамырлары ауруына скринингтен өткен адамдар саны-95.Табылған ауру-6.Артериальды гипертензиямен есепке алынған 6 науқас емделіп,тегін дәрімен қамтылды Флюрографиялық тексеруден жоспарлы түрде аудан орталығында
533адам өтті. Ауыл түрғындары мен шалғайдағы кыстақтардағы ,жайлаудағы шопан бақташылардын жанұяларына медициналық көмек уақытымен жедел түрде көрсетіледі.
Округке карасты шаруа қожалықтарындағы мал бағатын адамдармен, олардын жанұяларынан,көктемгі төл алу кезінде бруцеллез ауруына кан алынып,тексеріледі.
0-14 жастағы балалар әр турлі жұқпалы ауруларға қарсы екпемен ай сайын жоспар бойынша қамтамасыз етіліп отыр,орындалуы -100% .
«Д»есептегі адамдар тегін дәрімен көрсетілім бойынша камтамасыз етілуде.
Жукті әйелдер уақытымен есепке алынып, бақылауда ұсталынуда.Халық арасында санитарлық-ағарту жұмысы әнгіме өткізу,лекция оқу,сан-бюллетень шығару түрінде жүргізіліп отыр.
Мәдениет саласы бойынша:
Мәдениет деңгейі өңірдің тұрақты экономикасының индикаторы болып табылады.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы ауылда кең көлемде аталып өтілді. Мерекеге бүкіл ауыл халқы қатысты. «Абай» колледжінің ұйымдастырылуымен ұлттық дәстүрден көріністер көрсетілді. Тай жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа Құндызды, Көкбай Қарауыл, Архат ауылдарынан шабандоздар қатысты. Бірнеше ауыл болып ерекшеленген бөлмелерде наурыз дастарханы жайылды. Аудан орталығында өткен Наурыз мерекесіне мектеп, колледж, әкімшілік ұжымы және ауыл ардагерлері, шаруа қожалықтары ұйымшылдықпен қатысып, ынтымақ пен береке-бірліктің нағыз үлгісін көрсетті. «Тарихымен сабақтас-болашағым!» атты ауыл мекеме күндеріне мектеп, ауылдан 120 адам қатысып, тамаша өнер көрсетіп, талғампаз Қарауыл халқының талғамынан шыға білдік, 2-ші орынды жеңіп алдық.6-шілде Астана күні «Жастар саябағы» алаңында «Астана отанымыздың жүрегі» атты мерекелік шара өтті. 10-тамыз Абай Құнанбаевтың туған күні. «Даналықтың дәнін сепкен данышпан-Абай» әдеби сазды кеш өтті. Кешке мектеп оқушылары қатысты. Көрме қойылып, слайд көрсетілді. Кештің мақсаты келешек ұрпақтарымызды Абай атамыздың өлеңдерін саналарына құйып, келешекте өздеріне үлкен азық
Спорт
Округте спортты дамытуға көп көңіл бөлінеді, ауылда жасанды футбол алаңы, хоккей корты бар, мектеп базасында спорттық секциялар және әртүрлі спорт түрлері бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
«Спорт денсаулық кепілі» Кеңгірбай би ауылында жастардың кешкілік уақытын тиімді өткізу жақсы жолға қойылған. Волейбол, баскетболдан спорттық жарыстар ұйымдастырылып отырады.
Тұрғындардың, әсіресе жастардың бос уақыт және спорт инфрақұрылымының объектілеріне тегін негізде қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Шәкәрім атындағы орта мектебінің спорт залында мектеп директорының келісімімен кіші футбол, волейбол, баскетбол ойнауға жағдай жасалған.
2017 жылы Аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен спортакиадада Кеңгірбай би ауылының командасы тағы бір мәрте I-орынды жеңіп алды.
Жалпы айта кетер болсақ аудандық деңгейде және ауылдарда өтетін спорттық ойындарда Кеңгірбай би ауылының командасы қай спорт түрі болмасын қалыс қалған емес, үнемі қатысып тұрады.
Білім беру саласы:
Адами капиталдың өсуі білім беруге тікелей байланысты. Біздің басты міндеттеріміздің бірі жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруге жағдай жасау, олардың рухани байлығын арттыруды қамтамасыз ету.
2017-2018 оқу жылында Шәкәрім атындағы орта мектебінде 95 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлық тобында 9 оқушы, мектеп жанындағы шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде.
Аз қамтылған , тұрмысы төмен, көп балалы отбасының 31 балалары мен мектептің 1-4 сынып оқушыларының мектеп асханасынан тегін тамақ ішуді ұйымдастырып ,қадағаланып отырды.
Мектепте 27 мұғалім жұмыс істейді, 1 мұғалім келісім шарт бойынша жұмыс жасап отыр. Олардың жоғары білімдісі 24 мұғалім, арнаулы орта білімдісі 2 мұғалім.
Мектеп оқушыларының мемлекеттік білім стандарты бойынша білім сапасы І жарты жылдық бойынша 57%.
КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ-КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ .
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Абай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 50 орындық жатақханасы, шеберхана, 5 орындық техникаларға арналған боксы бар.
Колледждің оқу корпусы ауылдағы Шәкерім атындағы орта мектебінің үшінші қабатында орналасқан. Сондай – ақ спорт зал, асхана, мед.кабинетті мектеппен келісім шарт бойынша пайдаланып отыр.
Колледждегі білім беру үрдісі лицензиялық талаптарға және мемлекеттік жалпы білім беретін стандарт талаптарына сәйкес мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін білікті оқытушылар құрамымен жүзеге асады. Жыл сайын колледж әкімшілігімен кадрлық потенциалды дамыту мен нығайту, оқу үрдісіне жоғары білікті мамандарды, өндіріс машықкерлерін тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізіледі.
2017-2018 оқу жылында Абай колледжінде 113 бала білім алады. Колледжде жалпы білім беретін мұғалімдер саны- 16, арнай пән мұғалімдері -4, өндірістік оқыту шебері-9. Жиыны- 29.
Достарыңызбен бөлісу: |