Құрметті ауыл тұрғындары! ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017-жылға арнаған Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік»



бет2/5
Дата08.06.2018
өлшемі386 Kb.
#41798
1   2   3   4   5

Қоғамдық тәртіп бойынша:

Округке 1 учаскелік полиция инспекторы бекітілген және округ тұрғындары арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыс тұрақты негізде өткізіледі. Мүлік және мал ұрлауға жол бермеу, ауылды безендіру және абаттандыру бойынша, аулалар мен іргелес аумақтарды тазалау және тазалықта ұстау бойынша округ елді мекендерінің тұрғындарымен профилактикалық әңгімелер өткізіледі.

Рухани психологиялық ахуал округте тұрақты. Округ бойынша 13 қылмыс тіркелді, оның ішінде мал ұрлығы 9 қылмыс тіркеліп 5 қылмыс ашылды. Қалған 4 қылмыс дер кезінде ашылды. Әр түрлі құқық бұзушыларға 15 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құрметтi жиналысқа қатысушылар!

Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтарымен шаруашылық жүргізуші субъектілері басшыларымен және ауыл тұрғындарымен бірлесіп қойылған міндеттерді шешу және ауылда өмір сүру сапасын тұрақты арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.



Назарларыңызға рахмет!

Көкбай ауылдық округінің әкімі Ш.С.Жылқайдардың есеп беру баяндамасы
Көкбай ауылы 24.01.2018 жыл

Құрметті Көкбай ауылының тұрғындары, бүгінгі есептік кездесуге қатысушылар!

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында:

Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз.

 «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді орындауда өткен жылы бірталай жұмыстар атқарылды

Елбасы тапсырмаларының орындалу барысы атқарылмақ әр жұмыстың бастамасы болуда.

Көкбай ауылдық округі бойынша 375 үй саны, 390 отбасы онда 1876 адам бар. Осы адамдар иелігінде қой, ешкі - 35461 бас, өткен жылмен салыстарғанда 85,0%, саулық қой – 26144 бас, 90,2%, ірі қара 7684 бас, 100,2% аналық сиыр 4221 бас, 92,9%, жылқы малы 4544 бас 100,3%, бие 2335 бас 100,8%. Ет өндіру – 37234 ц, 100,9%, сүт өндіру - 54253ц, 104,9%, жүн - 790ц 90,0%, жұмыртқа - 123800 дана 103,4% орындалды. Ауылдық округі бойынша 96 шаруа қожалығы жұмыс жасауда. Бұл шаруа қожалықтарында 205 адам жалдамалы жұмыста еңбек етуде.

Салықтар бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығы 28838 теңге 133%, жер салығы 34856 теңге 100,7%, көлік салығы 2 253 328 теңге 116,7%, шаруа қожалықтарының біріңғай жер салығы 609 200 теңге 124,8%, табыс салығы 4 397 200 теңге 112,6%, әлеуметтік салық 783 000 теңге 107,6%. Шаруа қожалықтарының салық төлемін орындау мерзімі 31 наурыз 2018 жыл. Кәсіпкерлер саны 29 адам, 9 адам патентпен жұмыс жасаса, 20 адам жеңілдік салық режимімен жұмыс жасайды, табыс салығы код 101202-ге 96 250 теңге.

Ауылымызда Көкбай атындағы орта мектеп, мектеп жанынан ашылған интернат, кіші орталық, «Балауса» ясли – бақшасы, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, телекоммуникация, қазпочта, кітапхана, электр жүйесі мекемесінің қызметкерлері, «Қашым Камабекұлы» атындағы мешіт, кіші футбол алаңы, волейбол алаңы, орталық саябақ, этно парк, Б.Баймұхаметов атындағы балалар ойын алаңы халыққа қызмет көрсетіп жұмыс жасауда. Көкбай орта мектебінің жанында жыл сайын мұз айдыны құйылып, аудан көлемінде оқушылар арасында хоккейден жарыс өткізіліп тұрады.

аудандық оқушылардың «Бақанас» туристік – сауықтыру демалыс лагері 4 ауысымда жұмыс істеп, онда 100 бала демалды. 2016-2017 оқу жылында «Көкбай атындағы орта мектебі » КММ-сі жанындағы интернатқа

1 700 000 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: қалдық суға арналған полиэтиленовый трубалар ауыстырылып су ағатын шұңқыр қазылып жабылды, қол жуғыштың ракавиналары, крандары ауыстырылып, унитаздар, асхананың ыдыс жуатын мойкалары жаңадан ауыстырылды.Асхананың қабырғалары керамикалық плиткамен қапталды.

Дәрігерлік амбулатория ауыл халқына жүйелі түрде қызмет жасайды. Семей қаласындағы диагностикалық орталықтан арнайы мамандар автопоезьдбен келіп ауыл халқын тексеруден өткізді.

Ауыл халқын жылына 2-і рет жылжымалы флюрография келіп тексеруден өткізеді.

Актив, Beeline ұялы байланыс жүйесі халыққа қызмет көрсетуде. Мекемелер мен тұрғын үйлерге «Мегалайн» интернет жүйесі орнатылды. Ауылда казпочтаның ауылдық бөлімшесі халыққа жүйелі түрде қызмет жасайды.Интернет жүйесіне осылған.

Ауылда азық түлік сататын - 7 дүкен, 2 - дөңгелек жасау шеберханасы, 2-ұстахана, 2 табында жылқы бағу ұйымдастырылған, 2-тойхана (кафе), 1-жиһаз цехы, 1- мал сою алаңы, 2- газ сату және сақтау қоймасы, 2- жанар-жағар май құю бекеті, 1- қоғамдық монша халыққа қызмет көрсетеді. Желтоқсан айында ауылымызда тағыда бір «Сәттілік» атты азық -түлік дүкені және наубайхана ашылды. Иесі ӘділетТілеуғабылов бүгінгі күні халыққа қызмет жасап тұр.

Ауылдық пошта бөлімшесі арқылы 2018 жылға жазылған Газет –журналдар туралы мәліметі

Абай елі - 210 дана, орындалғаны -180 дана

Егеменді Қазақстан – 40 дана, - орындалғаны 28 дана

Семей таңы 60 дана орындалғаны 60 дана

Дидар - 40 дана орындалғаны 22 дана

Каз правда- 3 дана орындалғаны 1 дана

Рудный алтай-3 дана орындалғаны 1 дана

Айқын -2 дана орындалғаны 1 дана

Түркістан -1 дана орындалғаны 1 дана

Абай журналы-10 дана орындалғаны 1 дана
Ауыл бойынша 70 жанұядағы 209 балаға – 5 387 000 теңге балаларға берілетін жәрдемақы төленді. Тұрғын үй жәрдем ақысы 21 жанұя, 630285-00 теңге төленді.

Зейнеткерлер саны – 257 адам, мүгедектер –55 адам, асыраушысынан айырылғандар – 17 адам, базалық зейнетақы – 257 адам, экологиялық – 79 адам, 4 балалы және одан көп балалары бар аналарға төленетін жәрдемақы алатын -42 адам.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жалпы кәсіпкерлікті дамытуға 60 жоба – 72 млн. теңге. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Даму» бағдарламасы бойынша 5 -жоба мал шаруашылығын дамытуға 12 000 000 теңге қаржы алып жұмыс жасауда. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Береке» бағдарламасы бойынша (шағын 10-15 бас мал бордақылау) 3 адам 6,5 миллион теңге қаржы алды. Осы бағдарлама арқылы несие алған ауыл тұрғындарынан 60 адам жұмыспен қамтылды. Несие алып шаруасын дөңгелетіп әкеткен азаматтарды атап айтсақ Төлеубеков Жұлдыз, Айтанұлы Серік, Көпжанұлы Серікқали,Түйтебеков Бақытқазы бүгінгі күні өз еңбектерімен ауылдастарына үлгі болуда. Алайда осы алған несиені қайтару ауыл бойынша өте нашар жүруде.

Ауыл бойынша 2017 жылы игерілген субсидия көлемі, Асыл тұқымды МІҚ малдарын сатып алу бойынша 20 ш/қ 6 600 000 теңге, МІҚ селекциялық жұмысына 43 ш/қ 27 950 000 теңге қаржы игерді. Бұзауға қатысқан шаруа қожалықтарының субсидия алғаны 38 ш/қ 14 392 000 теңге Асыл тұқымды қой малдарын сатып алған шаруа қожалық саны 17 ш/қ 12 616 000 теңге. Қой малдарының селекциялық жұмыстарымен айналысқан шаруа қожалық саны 27ш/қ 28 838 500 теңге

«Казагрофинанс» акционерлік қоғамы арқылы лизингке «Қарашоқы», «Байшуақ», «Олжас», «Санжар» «Қуат» шаруа қожалықтары (МТЗ-82) жиыны- 6 трактор алды. Жаңа техниканы жеңілдікпен алу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Былтырғы жылғы қыстақтарды жарықтандыру бағдарламасына 6 қыстақ кіріп, 2018 жылдың ақпан айына дейін жарыққа қосылмақшы. Олар: С.Мұқатаев, А.Мұсамағанбетов, М. Алдажаров, Ж.Садыбек, А.Сұлташ, Қ.Ермекбаев үлкен жұмыс жасады. 2017жылы 12 шаруа қожалығына тех условиясы мен проектісі жасалып тұр. 2018 жылдың жоспарына кіреді. Олар: Р. Жаукенова, М.Кенжетай, Б.Шаймұратұлы, Ә.Қуанов, А.Өмірғалиев, К.Еденбаева, Б.Амангелдин, Б.Қабләшімқызы, Ж.Жүнісова,Б.Абилова, Б.Сайлауғазыұлы, А.Өмірғалиев. Ауылдағы мүмкіндігі бар шаруа қожалықтары тез арада құжаттарын жинақтап, жарықтандыру бағдарламасына жұмыс жасаулары керек. Бұл жұмысты ұйымдастыру әкімішіліктің шаруашылық жөніндегі бас маманы Н.Әзімбаевқа тапсырылады.

Қысқы мал азығына 17 200 тонна шөп дайындалды. Биылғы қыстама ауыл көлемінде бір қалыпты өтуде. Ауылдың негізгі күн көрісі мал шаруашылығы болғандықтан сол малдың қасында тікелей еңбек етіп жатқан Қ.Демеуханов, С.Амангелдин, О.Базылхан, Қ.Төлеуханов, А.Муратханов, Е.Шыңғысов, сияқты зейнеткерлер өз еңбектерімен кейінгі жастарға үлгі көрсетіп жүр.

Былтырғы жылы ауыл ішіндегі қаңғыбас ит пен мысықтың көзін жою жөніндегі жұмыстарды аудандық кәсіпкерлік мал дәрігерлік мекемесі атқарып, 61 қаңғыбас ит пен мысықтың көзі жойылды.

Көктемгі екі айлық тазалық жұмыстарына «Айдос» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Сұлташевтың ковш тракторы мен Газ-53 автомашинасы, «Қуат» шаруа қожалығының МТЗ-82 ковш тракторы Газ-53 автомашинасымен шығып, тазалық жұмыстарын толықтай атқарып шықты. Ауылда «Үкіжан ұстаз» көшесі, «Шәкәрім» көшесі, «Оразғали батыр» көшесі парктер жарықтандырылған. 2016 жылдың қазан айынан бастап «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы ауылға су құбырын тарту жұмыстары басталған, 2017 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. 150 үйге ауыз су беріліп, бүгінгі күні пайдаланып отыр. Су құбыры жұмысына ауыл тұрғындарынан 17 адам жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасын іске асыру жөнінде жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Абай ауданы ІІБ-нің бастығы- 1 рет, Абай ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы -4 рет, ауыл халқымен кездесулер өткізді.

Әр бір мерекелік іс-шараларды ауылымыздың әр жылғы туған ауыл азаматтары өз орталарында бөліп атқарып келеді.

«Тарихыммен сабақтас – болашағым!» тақырыбында өткен ауыл күніне 140 адам қатысып, ауыл мекеме күндерінің қорытындысы бойынша «бас жүлде» жеңіп алдық. Ауылда «Туған жерге тағзым» акциясы жүйеі түрде жұмыс жасап, ауыл халқына мерекелік іс шараларды атқарысуға көмек жасап тұрады

2018 жаңа «Ит» жылын қарсы алу мерекелік кешті 1967 жылғы ауыл азаматтары ұйымдастырып, мәдениет үйіне «Дауылпаз» аспабын сыйға тартып, жаңа жылға төмен отбасыларға сыйлықтар таратып, лотерия ойынын ойнатып бағалы сыйлықтар ойнатылды. 300 мың теңгеге демеушілік жасады.

22 наурыз «Әз наурыз» мерекелік іс шараны ауылымыздың 1976 жылғы азаматтары спорттық ойындар және мерекелік концерт ұйымдастырып, 200 мың теңгеге демеушілік жасады.

1980 жылғы ауыл азаматтарының мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына байланысты «Туған жерге тағзым» акциясы аясында, ауыл халқына спорттық жарыстар (ат жарысы, жаяу жарысы, қол күресі т.б) ұйымдастырып, үй тасқа күрес алаңын жасап берді, 500 мың теңгеге демеушілік жасады.

9 мамыр «Ұлы жеңіске 72 жыл» атты мерекелік іс шараны 1986 жылғы ауыл азаматтары ұйымдастырып 40 ардагерге сый-сыяпат жасап, «Қашым Камабеков атындағы» мешітке 40 м.кв кілем сыйлады. Халыққа «Наз-шоу» өнер орталығын арнайы шақырып мерекелік концерт койды. Көкбай бабамыздың шығармаларын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау бағытында жылда дәстүрлі Көкбай ақын оқулары жарысы аудан мектеп оқушылары арасында Көкбай орта мектебінің ұйымдастыруымен өтуде. Оған Абай қорық мұражайының қызметкерлерімен, бабамыздың немересі Амангелді Көкбаев қатысты.

Орталық жастар саябағында мерекелік іс-шаралар, би кеші ұйымдастырылып тұрады.

1 қазан Қарттар күні мерекесіне орай Ауылымыздың мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары қарттарға мерекелік концерт қойды. 250 мың теңгеге қарттарға мерекелік дастархан жайылды. Ардагерлер ұйымы ауылдың тыныс тіршілігіне белсене араласып, ат салысады. Ұйым жетекшісі Сәкен Медетбекұлы, еңбек ардагерлері А.Жақыпұлы, Б.Балықбаев, Ш.Мұқышева, Б.Қабләшімқызы т.б. ардагерлеріміз ауыл тіршілігінде болып жататын қуаныш-реніштерде өз ой пікірлерімен бөлісіп, елдің береке бірлігіне өз үлестерін қосып жатады.

Қазақстан Республикасының қазақ күресінен спорт шебері, бірнеше дүркін республикалық турнир жүлдегері ауылымыздың тумасы Азимбаев Нұрлан Манауұлы наурыз айында ауылда аудан көлемінде мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен демеушілік жасап жарыс өткізді. Ауыл көлемінде спорттық жарыстар жоспар бойынша өткізіліп тұрады.

1993 жылғы ауыл азаматтары мен азаматшалары мектеп оқушылары арасында өткен «Жайдарман» ойынына демеушілік жасады.

Жалпы ауыл көлемінде «Туған жерге тағзым» аясында  2 230 000 теңге көлемінде жұмыстар атқарылып, өтіп жатқан барлық мерекелік іс-шаралар ауыл азаматтарының қатысуымен жүзеге асып жатқанына рахметімді айтамын.

Алдағы уақытта сметалық құжаттары дайын тұрған атқарылатын жұмыстар:

1. Ауылдың кіре беріс 1,2 км жолын асфальттау- 31 533 552 теңге

2. «Саз мектебі» ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмысы- 46 759 600 теңге

3. «Шәкәрім» көше жарығының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 1 792 000 теңге

Көкбай ауылдық округінің әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қызу қолдап, халық арасында кеңінен талқылап, онда көтерілген міндеттер кешенін жүзеге асыру жолында және облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларын орындау мақсатында, жұмыс жасай беретін боламыз.

Қарауыл ауылдық округінің әкімі

М.С. Смагуловтың Қарауыл ауылдық округінің

халқына есеп беру баяндамасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2018 жылғы 10 қаңтарындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды өсу реформалар даму» атты жолдауында 100 нақты қадам ұлт жоспарында белгілен міндеттерді орындауда Қарауыл ауылдық округі 2017 жылда біршама жұмыстар атқарды. Қарауыл ауылдық округі бойынша халық саны саны – 5341 адам, аула саны - 1224. Ауылдың негізгі күн көрісі малшаруашылығымен айналысу болғандықтан, осы кәсіпті дамыту бағытында 2018 жылдың 1 қаңтарына мал саны мүйізді ірі қара 6604 бас, барлық ұсақ малдар қой малы 15494 бас, жылқы малы 4308 бас, барлық құс саны 2658 басқа өсті. Қарауыл ауылы бойынша 19 шаруа қожалығы бар.Үш шаруа қожалығы қой малын асылдандырумен айналысады. 2017 жылы сойып сатылған салмақтағы ет 19340 центнер, сүт 34149 центнер, жұмыртқа 350,8 мың дана, жүн 445,4 центнерді құрады. Мал басын асылдандыру үшін алынатын субсидияға қатысқан шаруа қожалықтары мен алған субсидия барлығы 21 шаруа қожалығы 15 млн. 250 мың теңге игерілсе асыл тұқымды МІҚ малдырын сатып алу бойынша 5 шаруа қожалығы 2 млн 250 мың теңге игерді. МІҚ малының селекциялық жұмыстарымен айналысқан шаруа қожалықтар саны 7 шаруа қожалығы 5 млн 480 мың теңге игерді, МІҚ малдарының селекциялық жұтарының қосымша нормативіне (бұзау) қатысқан шаруа қожалық саны 5 шаруа қожалығы 2 млн 806 мың теңгені иерді. Асыл тұқымды қой малы малдарын сатып алған 2 шаруа қожалығы 194 бас қойды саны 1 млн 780 мың теңгеге сатып алды. Қой малдарының селекциялық жұмыстарымен айналысқан шаруа қожалық саны 2 шаруа қожалығы 2 млн 981 мың теңгені мал шаруашылғын дамыту мақсатында жұмсады. Қарауыл ауылы бойынша мал бордақылау алаңдарының саны 5 . Қарауыл ауылында бруцеллез шыққан мал басы 62 бас, бүгінгі таңда осы малдардың көзі жойылды. Құрметті тұрғындар бруцеллез малына қарсы егілу жұмыстары жүргізілуде. Қарауыл ауылдық округі бойынша бруцеллезге қарсы егілген мүйізді ірі қара мал саны – 300 бас. Вакцина атауы – RB 51, 1 бас малға вакцинация бағасы 700 теңге. Қарауыл ауылдық округі бойынша 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі (бұдан әрі – АӨК) бар, ондағы мүшелер саны – 89 адам.

Атап айтсақ: «Нұр Наз Береке» АӨК төрағасы Болатұлы Нұртас, мүшелер саны – 22 адам, бағыты – мүйізді ірі қара малдарын бордақылау.

«Қарауыл» АӨК төрағасы Сармурзин Ерсін, мүшелер саны – 4 адам, бағыты – мүйізді ірі қара малдарын өсіру.

«Береке» АӨК төрағасы Қайсабеков Айдос, мүшелер саны – 63 адам, бағыты – мүйізді ірі қара малдарын бордақылау. 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы несие алғандар - 9 адам, несие сомасы 34,3 млн. теңге. 2017 жылы «Береке» бағдарламасы арқылы несие алғандар – 22 адам,несие сомасы 51,5 млн. теңге. Қарауыл ауылы бойынша арзан бағамен шөп алғандар саны – 30 адам. 1 түктің бағасы – 220 теңгеден айналды.

Қазіргі уақытта Қарауыл ауылдық округі бойынша көлік саны жеңіл машина 863, жүк көлігі 130, автобус саны 6 алтау. Қарауыл ауылында шағын кәсіпорындар саны 21, 57 дүкен және бүгінгі таңда 4 шаштараз,

2 қонақ үй, 3 кафе, 4 тойхана және 3 асхана халыққа қызмет көрсетуде.

Қарауыл ауылын абаттандыру жұмыстары бойынша айтатын болсақ, аулымызда 14 саябақ бар осы саябақтарды күтіп ұстауға 2017 жылы 16 милион 925 мың теңге бөлінген.

Бұның ішінде жаз айында жасыл ел сарбаздарын жұмысқа қамтыдық, студенттерден құралған 40 сарбазға екі жақты төлем жасалып бірінші жақтан 1 милион теңге төлем жасалса, екінші жақтан 3,5 жарым миллион төлем жасалды.

Қарауыл ауылынана екі монумент және 17 флагшток орнатылыды. Құны 35 млилион 186 мыңды құрайды. Қарауыл ауылын таза ауыз су мен қамтамасыз ету үшін 2017 жылы 35 милион 186 мың теңге бөлінген. Ауылмыздағы су құбұры (башня) қапталып күрделі жөндеуден өтті. Көшелерді жарықтандыру бойынша Ұлжан көшесіне 4 милион 685 теңге бөлініп көше толығымен жарықтандырылды. Қарауыл ауылындағы құны 14,2 миллион болатын ұзіндығы 900 метрді құрайтын Құтжанов және Мұхаметханов көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары маусым айында басталып шілде айында аяқталды. Ауылымыздағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп, нәтижесінде футбол алаңы жаңартылып, 6700 м2 жерге жасанды алаң, 2 км жүгіру жолағына асфалть төселіп, спорт алаңына жарық тартылды және жанкүйерге арналған 400 орынды трибуна, киім ауыстыратын ғимарат , әжетхана, волейбол және баскетбол алаңдары дайындалып, сыртқы қоршаулары жаңартылды.

Ел басының «Руханы жаңғыру» мақаласының тапсырмасына сәйкес Дәуірінің дара тұлғасы, өз заманының ақылшы биі, дін Исламның қызметшісі, ұлы Абай атамыздың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлына, алты алаштың ұрпақтары Абай жерінде ескерткіш орнатты. Құнанбай қажы ескерткішін орнату үшін 3 млн 300 мың теңге кетті. Ескерткіш авторы Абай елінің азаматы, Саржал ауылының тумасы, аз уақыттың ішінде танылып үлгерген шебер мүсінші - Нұрбол Қалиев. «Ескерткіштің биіктігі тұғырымен қоса алғанда 9 метр, салмағы 12 тонна болады. Мүсін Балқаштың таза мысынан қапталды.

Сондай-ақ, белді кәсіпкер жерлесіміз Рақымжанов Ербол Арғынғазыұлы мен Әзімбаев Ернұр, Абай ауданына автокөлік сыйға тарттып, көліктің кілтін Құнанбай қажы мешітінің Бас имамы Болат Самырбайға табыстады.

Қарауыл ауылының азаматы бүгінгі күнде Астана қаласында «Аль Иман Рух» қоғамдық қорының басшысы Искаков Арнұр мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Газель авто көлігін сыйға тартып, осы балаларды ЭКСПО көрмесін көруге өз қаражаттарынан экскурсия ұйымдастырды.

Қарауыл ауылындағы қоғамдық тәртіпке келсек 2017 жыл 31 қылмыс оның ішінде ашылмаған қылмыс 3 еу, ашылу пайызы 96 процент болды. Сыбайлас жемқорлық жайлы Қарауыл ауылдық округінде дөңгелек үстелдер жоспарға сәйкес тоқсан сайын өткізіді. Абай елі газетіне мақалалар жарияланып тұрады.

Қарауыл ауылында 43 адам тұрғын үй салу мақсатында 2 жылға жалға жер алды. 2017 жылы бес тұрғын үй салынып, қабылданды. Полигон аймағының тұрғыны ретінде коммуналдық меншіктен тұрғын үй алған 12 адамға тұрғын үйлері жеке меншікке берілді.

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 3 жас мұғалім тұрғын үймен қамтамсыз етілді. Атап айтсақ Тілеуғабыл Нұрым Спрот мектебінде мұғалім, Самажанов Нұрым мен Мұратұлы Нұрхат Абай атындағы кешенді мектеп лицейінде мұғалім. Әр мұғалімге 3 403 500,00 мың теңгеден үйге қаражат бөлінді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлт жоспары – бес институционалдық Реформаны жүзеге асыру


жөніндегі 100 нақты қадамның 98 қадамында ауылдық округтердің жергілікті басқарудың дербес шоттары болады деп көрсетілген. Бірінші кезекте халық саны 2000 нан асатын елді мекендер жергілікті өзін өзі басқаруға көшуі тиіс деп айтылған. Қалған ауылдық округтер 2020 жылдан бастап өтеді. Осыған орай 2018 жылдан бастап Қарауыл ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Бюджеттің төртінші деңгейіне өтіп, атап айтқанда жергілікті өзін өзі басқару бағытына ауысты. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз.

Биылғы жылғы Қарауыл ауылдық округінің: кірістері – 52440,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 18246,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері – 34194,0 мың теңге; Бюджет шығыс төмендегідей мақсаттарға бағытталатын болады. 1. Ауылдық округ аппаратының қызметін ұйымдастыруға -29 млн 196 мың теңге, 2. Закария Белібаев атындағы саябақтың ағымдағы жөндеуіне 650 мың теңге, 3. Ауылдық округтегі саябақтардың техникалық құжаттарын жасатуға 1 млн 500 мың теңге, 4. Жол белгілерін орнатуға 870 мың теңге, 5. Бағдаршамдардың ағымдағы жөндеуіне -1 млн 665 мың теңге, 6.Қарауыл ауылына кіре берістегі монументті ауыстыруға -7 млн 650 мың теңге, 7. Көше жарығына – 5 млн 250 мың теңге, 8. Көше жарықтарына қызмет көсетуге – 2 млн 500 мың теңге, 9. Қарауыл ауылын абаттандыруға (дюралайд) – 1 млн 630 мың теңге, 10. Ауылдық округ ғимаратының жылу жүйесін жөндеуге – 1млн 216 мың теңге қаражат жұмсалады.



«Қасқабұлақ ауылдық округінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы» Қасқабұлақ ауылдық округiнiң әкiмi Мұқатай Асхат Амантайұлының

Қасқабұлақ ауылдық округі жұртшылығының алдындағы жылдық есебi.

25.01.2018 жыл.

*1*


Құрметті ауылдастар!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 02-ақпандағы №190 санды Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерін өткізу басталған болатын. Осыған орай бүгінгі күні аудан бойынша арнайы кестеге сәйкес Қасқабұлақ ауылында да есеп беру кездесуі өткелі отыр. Өткен 2017 жылы атқарылған жұмыстар барысында сіздердің алдарыңызда бүгін мен есеп бермекпін.



Құрметті ауылдастар!

Абай мен Мұхтар сынды алыптарды дүниеге әкелген ұлылар мекенi, Абай ауданының кіреберіс қақпасы Қасқабұлақ ауылдық округінде 2017 жылы бiршама игiлiктi iстер ұйымдастырылып, өз мәнiнде атқарылды. Ұйымдастыру жұмыстары барысында заңдар мен заңдылықтардың қатаң сақталуы үнемi басты назарда ұсталынып, жоғарғы орындардан келiп түскен өкiм-шешiмдер мен қатынастардың уақтылы орындалуы мұқият қадағаланып отырылды. Ауылдағы мемлекеттiк мекемелердiң жұмыстарын қадағалау, атқарып жатқан жұмыстарымен танысып отыру, ауқымды мәселелердi ақылдасып шешу мақсатында аптаның әр дүйсенбiсi күнi үнемi лездеме, жоспарламалар өткiзiлiп тұрылды. Ауыл тұрғындарының талап-тiлектерiн бiлу мақсатында төрт рет ауылдық округ жұртшылығымен кездесу-жиын өткiзiлдi.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында белгіленген міндеттерді орындауда 2017 жылы Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылып, ел болып біршама жұмыстар атқардық. Өткен 2017 жылы ауылымыз жаңаша тыныстап, көшелеріміз ажарланып, жаңа нысандар ашылып, жарықтандырылып, абаттандырылып, көркейе түсті.

Әлеуметтiк сала бойынша: Қасқабұлақ ауылдық округiнде бүгінгі күні 274 аулада 1136 адам тұрады. 2016 жылмен салыстырғанда халық саны 64 адамға кеміген, себебі мектеп бітірушілер оқу орнына түскенде тіркеуден шығып кеткен. Ауылдық округ халқына жалпы білім беретін орта мектеп, дәрiгерлiк амбулатория, мәдениет үйі, интернат үйі, ясли-балабақша, ауылдық кітапхана, телефон байланыс бөлiмшесi, ауылдық мешiт үйi, мал сою пункті, қоғамдық монша қызмет көрсетiп келедi. Ауылдық округ тұрғындарының 67-і қызметкерлер, 125-і жұмысшылар, 157-і шаруа қожалықтарының мүшелері, 133-і зейнеткерлер, 234-і жеке негізде жұмыс істеушілер, 9-ы кәсіпкер, 261-і мектеп жасындағы оқушылар, мүгедектiгiне байланысты 1,2,3 топтағы адамдар саны – 34 адам. 2016 жылы 10 бала дүниеге келсе, 5 адам қайтыс болған. Ал 2017 жылы округ бойынша 8 бала дүниеге келсе, 7 адам қайтыс болды.

Ауылдық округ халқы зейнетақы, жәрдемақыларын уақтылы алып отыр. Бұл мәселе ауылдық әкімшіліктің басты назарында ұсталып, үнемi қадағаланып отырылады. 2017 жылы ауылдық округ бойынша мемлекет тарапынан берiлген

135 зейнеткерге, көп балалы 16 анаға, 45 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне, асыраушысынан айрылған 8 адамға, 39 мүгедек жандарға, 9 тыл ардагерлеріне , 1 ауған соғысы ардагеріне зейнетақы мен жәрдемақы уақытында төленіп отырылды.

Ауылдық округ бойынша арнаулы комиссия 2017 жылы 26 жанұяға 18 жасқа дейiнгi балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы тағайындады. 18 жасқа дейінгі балалары бар осы 26 жанұяның 97 балаға төленген жәрдемақы – 2 400 000 теңгені құрап отыр.

Ауылдық округте аз қамтылған, тұрмысы төмен 6 отбасы бар. Бұл отбасылар әкiмшiлiк мамандары тарапынан үнемi басты назарда ұсталынып, шаруашылықтар арқылы көмектер көрсетiліп отырылды. Жыл бойында бұл адамдарға отын-су, жем-шөбін түсіріп беруге жағдай жасалынып келеді.

Ауылдық округ жұртшылығына таза су үздiксiз берiлді. Бұл мәселе әкiмшiлiктiң қатаң қадағалауында. Халық 10 колонкадан күнi-түнi су алып тұру мүмкiндiгiне ие болып отыр. Осы тұста айта кететін жай ауылымыздағы су құбыры жүйесі сапасыз салынғандықтан жиі жарылуда. Биылғы жылдың өзінде бірнеше рет жарылып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келді. Су құбырының салынғанына он жылдан асса да бүгінгі күнге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Осы орайда айта кететін жай өткен 2017 жылдың аяғында өз қаражатымызға су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжат жасатып облыстық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырдық.

Ауылымыздағы халық тұтынатын телефон байланысы бөлiмшесi де өз мәнiнде жұмыс жасап тұр. Ауылда 115 телефон нүктесi болса, оның 103-і жеке адамдардың, 12-і мекемелердің үлесінде. Олардың 82-не қалааралық байланыс орнатылған. Ауылымызда телефон нүктесінің жетіспеуіне байланысты 2013 жылы жаңа сандық АТС қойылды. Бұған қоса ауылда «Билайн» және «Кей Селл» ұялы байланыстары да қалыпты жұмыс жасап тұр. Ауыл адамдары бүгінгі таңда қалаған жерiмен байланыс жасауға мүмкiндiк алып отыр. Аудандық телекоммуникация торабы қызметкерлерiмен тығыз байланысымыздың арқасында өткен жылы телефон нүктесiнiң бұзылу, iстемей қалу фактiлерi кездескен жоқ. Сонымен қатар ауылымызда интернет жүйесі үнемі қосулы, қазіргі уақытта 58 нүкте сапалықызмет жасап тұр. Алайда телефон нүктесі жетіспегендіктен интернет жүйесін қойғызуға сұраныс берушілер көп. Бұл туралы облыстық телекомға бірнеше рет сұраныс берілген

Ауылдық округ бойынша бiр учаскелiк полиция қызметкерi халықпен тығыз жұмыс жасайды, арнайы “Уаз” автокөлiгiмен қамтамасыз етiлген. 2017 жылы ауылда 4 қылмыстық оқиға тіркелген. Оның ішінде 2 мал ұрлығы. Осы қылмысты болдырмау, алдын алу мақсатында әкiмшiлiк мамандары, мектеп мұғалiмдерi және ауыл жастарымен бiрлесе отырып кешкi кезекшiлiктер ұйымдастырылды. Сонымен қоса 7 адамнан құрылған бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс жасайды. Ауылдағы тәртіп, халықтық мәселелерді шешуде әкімшілік қызметшілеріне үнемі көмектесіп отырады. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» - дегендей ақсақалдарымыздың айтулы көмегін айтып өткеніміз орынды деп ойлаймын.

Бүгінгі күні ауылымызда бір электрик-монтер маманы жұмыс жасайды. Ауылдық округ халқына электр қуаты үздiксiз берiлiп келді. Электр қуатының ай сайын үздiксiз берiлуiн, ауыл тұрғындарының толықтай электр жүйесi мекемесiмен есеп айырысып отыруын қамтамасыз ету мақсатында үнемi түсiнiктеме жұмыстары жүргiзiліп отырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша ауылда 4 телеарна «Қазақстан-1», «Хабар», «Ел арна», «ОРТ-Евразия» телеарналары көрсетіледі. Бұған қосымша 135 үй отандық «Отау ТВ» антеннасын құрғызып пайдалануда. Осы «Отау ТВ»-ның ортақ антеннасы орнатылған. Ауыл тұрғындарын мерзiмдi баспасөзге жазу қамтамсыз етiлдi. Өткен 2017 жылы 230 дана газет-журналға жазылды.

Ауылымызда жұмыссыз жүрген адамдар саны көп болғанымен олар мүмкiндiгiнше науқандық төл алу, қи ою, шөп шабу, тасу сияқты жалдамалы жұмыстарға тартылып отыр. Биылғы жылды еңбек биржасына жұмыссыз ретінде 6 адам тіркеліп, қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Ауданымыздың күре тамыры болып табылатын салық және бюджетке төленетiн басқа төлемдер жылма-жыл жоспарлы түрде орындалып келедi. 2016 жылғы жоспар бойынша барлық салық түрлері 100 пайызға орындалса, 2017 жылғы салық мөлшерiнiң орындалысы төмендегiдей: шаруа қожалықтары бойынша бiрiңғай жер салығы - жылдық 100 пайызға-590516 теңгеге, табыс салығы – жылдық 100 пайызға-3 416 436 теңгеге, әлеуметтiк салық – жылдық 100 пайызға-489686 теңгеге, көлік салығы 117,7 пайызға 1 497 233 теңгеге, кәсіпкерлер тарапынан барлық салық түріне 781 433 теңге, «Қасқабұлақ» ЖШС-нен 1 455 293 теңге төленіп, барлық салық түрлері 8 004 576 теңгеге орындалды.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет