Шоңай филиал кітапханасы



Дата08.01.2017
өлшемі0,64 Mb.
#6550
Шоңай филиал кітапханасы
Сайқын селолық советіне қарасты Шоңай ауылдық кітапханасы 1960 жылдан жұмыс жасап келеді. Кітапхана ауылдың оқырмандар қажетін барынша зерттеп, кітапты насихаттап, бұқарамен тығыз байланысы жұмыс жасап, жауапкершілік беттер, қабырға газеттерін шығарумен, социлистік жарыс нәтижелерін жариялаумен тұрақты шұғылданды.

1974 жылдан Меңдібике Елегенова М.Мәметова атындағы совхоздың №3 фермасында кітапханашы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ферманың халықтың бақылау тобының белсенді мүшесі, саяси хабарламашысы болды.

«Малшы –шопандар, сіздер үшін», «Қозыны көп алу және оны күту жолдары», «Егін орағы-екпінді майдан», «Халыққа атейстік білім беру» және экономикалық тақырыптан оқыған лекцияларын, әңімелерін шаруашылық өмірімен байланыстырып отырды.

Меңдібике өзінің негізгі қызметін де үлгілі де тиянақты атқара алады. Олардың ішінде малшы, механизаторда көптеп саналады. Кітапханашы жаңа кітаптар бойынша оқырмандар конференциясын да өткізуді дәстүрге ендірген. Л.И.Брежнев жолдастың «Тың» атты естелігі бойынша, Н.А.Островскийдің туғанына 75 жыл толуына арналған конференциялар өткізді.

1980 жылы В.И.Ленин 110 жыл толу қарсаңында, әдебиеттерді насихаттау бағытында «Көсем, ұстаз және дос» тақырыбында плакат шығарып, «Ленин, партия, халық» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап көрмелері мен плакттардың жанында кітаптар туралы әңгіме, шолулар өткізілді.



1981 жыл өмір талабына орай, халыққа жақсы қызмет көрсетіп, ел құрметіне бөленіп келе жатқан таңдаулы кітапханашылардың бірі –ВЛКСМ мүшесі Күлекен Бертлеуова. Ол Гурьев мәдениет ағарту училищесін бітіріп, Шоңай селолық кітапханасына орналасып, азғантай уақыттың ішінде Күлекен жұмысқа деген ынтасын көрсете білді. Кітапханада «КПСС ХХҮІ съезінің шешімдерін жүзеге асырайық», «Халықтар достығы –совет қоғамының мызғымас тірегі», «Жаңа кітаптар» атты кітаптар көрмелерімен қатар, «Партия жоспары –халық жоспары» атты плакат, «Балалар сіздер үшін» атты шығарма картотека өзінің мақмұндылығы жағынан да әсем безендірілген сәнділігімен назар аударды.

1981 жылы сәуір айында кітапханада «Совет үкіметі үшін күрескен ағалар» кездесу кешін өткізді. Игі шараларды ұйымдастыруға ферма активтері белсене араласты. Бертлеуова оқырмандарға кітаптарын әртүрлі саласын насихаттаумен қатар, кітапханада жетіспейтін кітаптарды оқырманның сұрауы бойынша олардың талап –тілектерін басқа кітапханадан кітап алмастыру арқылы орындап отырады. Кітапханада «Біздің кітапхана» атты фотоальбомға жасаған. Кітапханада еңбек озаттарының тәжірибелерін насихаттауда «Азық-түлік программасы –бүкіл –халықтың ісі», «Июнь Пленумының шешімдерін жүзеге асырайық» сияқты тақырыптарға арнайы стендтер, көрмелер, кештер, жауынгерлік беттер ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы әдебиеттерін насихаттау да жақсы тәжірибелерге қол жетті. Кітапханаларда озат тәжірибе бұрышын ұйымдастырған, еңбекшілер арасында право тәртібін насихаттауда «Адам және заң» атты кездесу кеші көпшілік көңілінен шықты. Шоңай селолық кітапханасы оқырмандар қажетін барынша зерттеп, біркелкі қанағаттандыруға жетісуде. Кітапханада кітапты насихаттау ісі, бұқарамен байланыс жолға қойылған. Жаңада//таныстырлады. Кітапханашы К.Бертілеува ферма басшыларымен, еңбек коллективтерінің жетекшілерімен, тығыз байланыста жұмыс істеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет