Қазақстан халқының тілдері күні



бет1/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,75 Mb.
#25133
  1   2   3   4
Қазақстан халқының тілдері күні
Есіл ауданында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған онкүндік өткізуге байланысты аудан әкімінің орынбасары қолымен 9 қыркүйек күні аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Жаңа Есіл» газет бетінде жария етілді. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Есіл аудандының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басқаруымен дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, сайыстар, таным сағаты, ақпарат сағаттары, кітап көрмелері, пікірталастар, т.б. ұйымдастырылуда. Тілдер күніне орай Есіл аудандының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Халым Қонайдың ұйымдастыруымен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде мектептің және «Гүлдер» балабақшасының қазақ тілі мұғалімдері, жоғары сыныптың оқушылары, кітапхана қызметкерлері, аудандық білім беру бөлімінің әдіскерінің қатысуымен «Тілге құрмет - елге құрмет» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Мектеп қабырғасында мемлекеттік тіл қалай оқытылып жатыр және тілге деген құрмет қалай қалыптастырылуда?» деген сұрақтар қойылды. Қатысушылар саны - 11 адам. Сонымен бірге «Тіл-ұлттық қазына» атты кітап көрмесі өтті. Онда мемлекеттік тілді дамыту жолында кітапхана тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды, 10 адам қатысты.

Сол сияқты барлық кітапханалар жүйесінде кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер ұйымдастырылуда . Атап айтқанда Свободное ауылдық кітапханасында әр жастағы оқырмандар арасында «Мемлекеттік тіл-достықтың дәнекері»атты көрме ұйымдастырылды. «Қазақ өлеңінің үні» атты сайыс Орловка кітапханасында жас оқырмандар арасында өтті. Өлеңдер қазақ, орыс, украин тілдерінде оқылды, онда тілдердің көркемдігі, халықтардың достығы, ғажайып Қазақстан елі туралы айтылған. Шараға 17 адам қатысты. Победа кітапханасында көпшілікке арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты ойын-викторина өткізілді. Ойын мақсаты: мемлекеттік тілге көңіл тарту, Қазақстан жеріндегі халықтардың мәдени мұрасын құрметтеу, толеранттық тәрбие, өз шеберлігі мен білімін көрсету. 12 адам қатысты.

Тілдер күні мерекесіне байланысты, мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік мекемесінің тыңдаушылары арасында «Тіл-ұлттық қазына» атты ашық сабақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер, жұмбақ, жаңылтпақтар сайысы болып өтті. Қатысушылар саны – 11 адам.

Аудандық тіл мерекесіне арналып барлық білім беру орындарында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және басқа тілдерді қолдау мақсатында «Ана тілім-асыл қазынам», «Тіл –халық жанын танудың кілті», «Тілі бірдің-тілегі бір» атты шығармашылар байқауы, тәрбие сағаттары, аудандық мектептердің кітапханаларында «Мемлекеттік тіл-достықтың дәнекері» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылуда. Свободный орта мектебінде «Қазақша караоке» конкурсы, «Тіл-біздің тұтастығымыз» ойындар сайысы өткізілді.

Сонымен қатар Есіл қаласының №2 балалар үйінде «Тіл біздің-тұтастығымыз» тақырыбында мұғалімдер арасында іс-шара өтті. 9-11 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында шығармалар байқауы өткізіліп, үздік шығарма авторлары марапатталды.

Свободное ауылының «Қарлығаш» балабақшасында «Мемлекеттік тілді меңгеру-жүрек қалауым» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Двуреченский мәдениет үйінде орта мектеп оқушылары, білім және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен тілге қатысты «Тіл-ұлттық қазына» атты іс-шара өтті. Қатсушылар саны-17 адам.

Тілдер күні мерекесінің мақсаты Қазақстан халқының тілдерін қолдай отырып мемлекеттік тілдің қолданыс аясын дамыту.


Есіл аудандының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі




Каталог: res -> uploads -> images
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> Время выбрало нас
images -> Бекітемін есіл ауданы әкімінің орынбасары С. Ағымбаева «10» қаңтар 2012 жыл
images -> 2014 жылға арналған Шортанды окж кызметі туралы есепотч ё т о работе Шортандинской цбс за 2014 г. Шортанды кенті 2014 жыл
images -> 2013 ж. ХалықҚа кітапханалық Қызмет
images -> Мероприятий по продвижению манифеста президента республики казахстан н. А. Назарбаева
images -> Сетевой график
images -> 2014 жылға арналған Шортанды окж жұмысының жоспарыплан работы Шортандинской цбс на 2014 г. Шортанды кенті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет