Самар селолық округі әкімінің халық алдындағы есебінің Тезистері



Дата12.03.2018
өлшемі45,11 Kb.
#38423
Самар селолық округі әкімінің халық алдындағы есебінің

Тезистері

Округте 6637 адам тұрады. Бұл былтырғы жыл деңгейіне қарағанда 99 % пайызды құрайды. 2014 жылы жеке және заңды тұлғалардан 313 жазбаша өтініштер мен сұраныстар түскен. Барлық өтініштер уақытында қаралып тиісті шаралар қолданылды.

2013 жылғы есептік кездесуде 13 ұсыныс (оның 6 ұсынысы Самар ауылының тұрғындарынан, 4 - ұсыныс Пантелеймоновка ауылының тұрғындарынан, 1 ұсыныс Қайыңды ауылынан) түскен. Барлық ұсыныстар бақылауға алынған. 9 ұсыныс бойынша жұмыстар атқарылып, бақылаудан алынды. 4 ұсыныс қаржы мәселесіне байланысты ағымдағы жылға қалдырылды.Селолық округінің экономикасында басты ролді ауылшаруашылық кешені атқарады. Оған ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші 48 шаруаша қожалығы мен «Рыбпром» ЖШС кіреді. Есептік кезеңде «Рыбпром» ЖШС – 789 млн 304 мың тенгеге 780 тонна өнім өндірді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 155 % пайызға жоғары. 2014 жылы ауылшаруашылық дақылдарының егістік алаңы 13 393,6 га құрады, бұл өткен жылға қарағанда 399,6 га кеңейгендігін көрсетеді. Дәнді дақылдар 7671,8 га құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 11,2 % пайызға көтерілген. Майлы дақылдардың егістік алаңы 2434 га, көкөніс – 29 га, бақша 10 га, картоп 22 га құрады. 7671,8 га дәнді дақылдар жиналды, 8899 тонна бастырылды. Орташа өнімділік 1 га - 11,6 центнерді құрайды. 2434 га күнбағыс жиналды, жалпы жиын 2677 тоннаны құрады, 1 га орташа өнімділік - 11 центнер.

Жоспар бойынша берілген 11583 тонна мал азығы 108% пайызға орындалып, 12583 тонна мал азығы дайындалды.Шаруа қожалықтары 101 млн теңгеге 16 бірлік техника сатып алды.95,676 тонна ет, 241,74 тонна сүт өндірілді. Округте 2 200 бас ірі қара малы, 6000 бас ұсақ мал, 436 бас жылқы, 75 шошқа, 10400 құс өсіріледі. ЖЖМ және басқа тауарматериалдық құндылықтарды арзандату үшін 30 млн 722 мың тенге субсидия бөлінді. 2014 жылы 2450 бас ірі қара малынан 4 бас және 2450 бас ұсақ малдан 38 бас сарып ауруы анықталды. 2014 жыл ағымында 2486 бас ірі қара малы, 5737 бас ұсақ мал бірегейлендірілді.

2015 жылы селолық округтің агроөнеркәсіптік кешенінде жоспарлануда: 50 басқа дейін сүт-тауар фермасын ашу және 4 млн тенгеге 2 сүт қабылдау пунктін ашу.«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,5 млн теңгеге малды қолдан ұрықтандыру пунктін ашу. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 млн теңгеге мал сою алаңын ашу.

2015 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша округте 222 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызмет етеді. Алғашқы қажеттіліктегі тауарларды 10% пайыздық үстемемен сатуға 42 дүкен иесімен меморандум жасалды.«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өз ісін ашу үшін 12 адам 24 млн теңге несие алды. 2014 жылға арналған іс шаралар жоспарында түрлі сала бойынша 79,8 млн теңгеге 17 жоба жүзеге асырылды. Кіріс көздерінің резервтерін анықтау алгоритмдері бойынша берілген тапсырма 104% пайызға орындалды. 2014 жылы 6 млн 954 мың 738 тенге сомасында жергілікті салық жиналды.

2014 жылы (39 отбасына) 141 адамға 4 млн 471 мың 300 тенге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Былтырғы жылға қарағанда 1 млн 237 мың 100 теңгеге қысқарды. 2014 жылдың басынан бері қоғамдық ақылы жұмыстарға 76 адам жолданған. 2015 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны – 16. Жыл бойында 17 жұмыссыз азамат кәсіби қайта даярлаудан өтуге жіберілді. 82 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. 161 жаңа жұмыс орны ашылды. Шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен, ЖШС 45 млн тенге сомаға меморандум жасалды. Көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында округте тұрақтандыру қоры құрылды.

Округте 4 мектеп қызмет етеді. Мектептепде 794 оқушы білім алады, бұл өткен жылдан 2 адамға көп. Қайыңды ауылынан Пантелеймоновка ауылына 19 баланы сабаққа тасымалдау ұйымдастырылған. Барлық мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын асхана және буфет бар. Тұрмысы төмен отбасыларынан 132 бала тегін тамақтанады. 2014 жылғы ҰБТ нәтижесі бойынша округтегі орта балл 77. Пантелеймоновка негізгі мектебіне 15 млн 554 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 мектепте 69 баланы қамтитын 3 шағын орталық жұмыс істейді. Округте 8 топ қазақша, 3 топ орысша тілде тәрбиеленетін «Дәншік» балабақшасы жұмыс істейді. Балабақшада барлығы 223 бала мектепке дейінгі тәрбие алуда. Бүгінгі күні балабақшаға кезек жоқ.

Округте кәсіби білім беруді «Самар аграрлық-техникалық колледжі» КМК жүзеге асырады. Онда 22 оқытушы және 13 кәсіптік білім беру шебері қызмет етеді. Колледжде 7 кәсіп бойынша 186 студент білім алады. Кадрларды даярлау үшін қажетті материалдық базасы бар. Колледжде үш уақыт тамақпен 36 адам қамтылған. Аграрлық саладағы мамандарды даярлау дуальды оқытуды тәжірибеге енгізу жағдайында жүзеге асырылады.

Дене тәрбиесі бойынша сабақтар мен денешынықтыру – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін округтегі үш мектепте және агротехникалық колледжде спорт залдары бар, сондай-ақ 514 тәрбиеленуші жаттығатын балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен спорт модулі жұмыс істейді. «Көкпекті аудандық ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Мекемеде 26 дәрігер, 104 орта медициналық қызметкер еңбек етеді. 2014 жылы 4 жас маман келіп қызмет етуде. Тәулік бойы қызмет көрсететін 55 төсек орны және күндізгі 24 төсек орны бар стационар медициналық көмек береді. 2014 жылы бала туу 2% пайызға өсті. Ана өлімі тіркелген жоқ.Бүгінгі күні ауданаралық аурухананың стационарының 3 қабатты ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Округте медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Мемлекет қамқорына алынған 153 зейнеткер мен мүгедекке 113 қызметкер медициналық көмек көрсетіп, қарттар мен мүгедектердің рационалды тамақтануын және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

2013 жылы 64 жалпы қылмыс тіркелсе, 2014 жылы 57 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 8 қылмыс ашылған жоқ, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 қылмысқа төмен. 2013 жылы 6 ауыр қылмыс болса, 2014 жылы бірде-бір ауыр қылмыс тіркелген жоқ. 2013 жылмен салыстырғанда төмендегі түрлі қылмыстардың - пәтер тонау – 2 жағдайға, бұзақылық – 2 жағдайға, мал ұрлау – 1 жағдайға азайғандығы байқалады.

2015 жылғы арналған жоспарлар:

- округте қоғамдық монша ашу

- халыққа қызмет көрсету үшін 200 орындық кафе ашу

- балалардың демалысын ұйымдастыру үшін балалар алаңын салу

- спорттың қысқы түрлерімен шұғылдану үшін спорт құралдарын (шаңғы, коньки) жалға беру орнын ашу.

- Меморандум бойынша 2,5 млн теңгеге бастау маңын көріктендіру жұмысын жүргізу.

- су құбырлары жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, 13,2 млн теңгеге жобалау сметалық құжаттары бар.

- мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша 1 млн 300 мың тенгеге Подгорная көшесіне асфальт төсеу және жарықтандыру орнату жұмысын бірлесіп атқару

- Ұлы Жеңістің 70 жылдығына Даңқ мемориалына 6 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу

-2 млн тенгеге Самар мәдениет үйі маңына қоршау орнату.

- «ЖЖБ-14» ЖШС жалпы сомасы 5 млн теңгеге жасалған меморандумға сәйкес Самар ауылының жекеленген көшелеріне гравий төсеу және тегістеу жұмыстарын жүргізу.



Самар селолық округінің әкімі: С. Дюсюпов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет