2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет69/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111
Түйткілді мәселелер:
Жолайрықтарын салуда түйткілді мәселе құрылыстан тиімділікті анықтау болып табылады. Тиімділікті есептеуде көлік ағысын модельдеу бағдарламасының болмауы қиындатады. Нәтижесінде көлік жолайрықтары салынған учаскелердегі өткізу қабілетін жақсарту бойынша мәліметтер жоқ. Жұмысқа көлік моделін 2017 жылы енгізу кезінде қаланың жолайрықтары бар учаскелеріндегі өткізу қабілетін жақсарту нәтижелеріне талдау жасау үшін базасы пайда болады.
2.1.5. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Электр энергетикасы

Алматы қаласы бойынша электр энергиясының нарығы - «АлЭС» АҚ энергия көздерінен алынатын электр қуатынан және Жамбыл ГРЭС-і және Павлодар-Екібастұз ГРЭС-і энергия торабынан (шамамен 45%) сатып алынатын электр қуаты есебінен құралады.


Алматы өңірінен тысқары жерлерден электроэнергиясын жеткізудің елеулі үлесін, экономиканың және халық санының өсуі есебінен тұтынушының әрі қарай ұлғаюын ескере отырып, ЖӨӨ-нің энергиялық сыйымдылығының қысқартылуына ерекше назар аудару қажет.
2015 жылы қаланы орталықтандырылған электрмен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайды.
Қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесі тозығы жеткен және шығынды көп әкелетін деңгеймен сипатталады. Республикалық құрылымда Алматы қаласы электр желілерінің тозуының көрсеткіші, Алматы және Павлодар облыстарынан кейін, жоғары деңгейде болып есептеледі. Қалалық электр желілерінің тозуының көрсеткіші жүйені ауқымды көлемде жаңғырту қажет екенін көрсетіп отыр. Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі соңғы 3 жылда едәуір артты. Аталған кезеңде шамамен 934,8 километрдей электр желісі қайта жаңғыртылды. Электрмен жабдықтаудың жаңғыртылған желілерінің үлесі 5% -ды құрайды. Бұл электр желілеріндегі шығын деңгейін төмендетуге алып келді (2013 жылғы 15,78% - дан 2015 жылғы 14,3%-ға), инфрақұрылымның қатты тозуына қарамастан (2013-2015 жылдары 69%).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет