Жұлын аурулары



Дата04.06.2022
өлшемі19,94 Kb.
#145929
Байланысты:
ансх12



Жұлын аурулары
Жұлын мен оның қабықшаларының қабынуы жүйке клеткалары мен талшықтарының өліміне әкелетін жұлынның ақ және сұр затының қабыну деструктивті процессімен сипатталады. Жұлынның қабынуы жиі оның қабықшаларының қабынуымен қатар жүреді.
Жұлын қабынуы кейбір жұқпалы ауруларда (құтырма, бруцеллез, туберкулез, сіреспе), сепсис кезінде байқалады. Ауру жұлын қабықшасының қабынуының жалғасуынан және омыртқа аймағындағы іріңді-некротикалық проецесстерінің жалғасуынан дамиды.
Ілеспе себептері омыртқа шайқалуы мен жарақаты, спондилит, токсикоз, суық тию болып табылады.
Жұлын қабықшасының дамушы қабынуы тамырлардың гиперемиясы мен экссудациясымен қатар жүреді, нәтижесінде омыртқа каналының көлемі кішірейіп, ондағы жұлын сұйықтығының қысымы көтеріліп, жұлын және жұлын қабықшалары қысылады. Жұлын мен жұлын қабықшалары жүйкесінің қысылуы олардың қызметі бұзылуына әкеледі, дорсальды қабықшалар бұзылысы - сезімталдықтың бұзылуымен, вентральды қабықшалардың бұзылысы - спастикалық бұлшықеттік жиырылулармен, кейін параличпен сипатталады.
Жұлын ауруларының негізгі клиникалық көріністері, жұлынның қабынуы арқа және омыртқа аймағындағы айқын ауырсынулармен көрінеді, сол себептен жануардың қозғалысы шектеледі. Ауру жануар ұзағымен жатады, қиыншылықпен жатып тұрады. Жүрісі сақ, қозғалыс кезінде жануар денесін бұрудан қашқақтайды, омыртқа қозғалысы төмендеген. Омыртқа пальпациясы мен перкуссиясы кезінде диффузды ауырсыну анықталады.
Диагноз жұлын сұйықтығының люмбальды пункциясы кезінде ақуыз және лейкоциттердің жоғары дәрежесі анықталғанда расталады. Жұлын қабынуы кезінде гиперестезия болмайды, бірден сезімталдықтың жоғалуы мен паралич болады.
Күнде немесе күн аралата тамыр ішіне 40% гексаметилентетрамин ерітіндісі. Ауырсынуды тыныштандыратын дәрілермен басады: хлоралгидрат 0,1-0,2 дозада немесе клизмамен 100,0 зефир тамырының қайнатпасынан тік ішекке 40-80 мл дейін енгізу керек; Бромурал 0,1-0,2 г дозада күніне 1-2 рет; Морфин тері астына 1% ерітінді 1 мл немесе ішке 0,01-0,02 г дозада. Уротропинді көктамыр ішіне 40% 2 мл ерітінді немесе 0,5-2,0 г дозада пероральді енгізу.Соңғы уақытта 1 мл дозада екі күн сайын бұлшықет ішіне енгізілетін биохинолды қолданғанда жақсы
нәтижелер алынды.
Ойылудың алдын алу үшін: жануарға толық тыныштық, жұмсақ төсеніш жаяды, жүйелі түрде жатқан қалпын ауыстырып отырады, жақсы күтім мен диеталық тамақтандыруды қамтамасыз етеді.
Аурудың өткір белгілері жеңілдегеннен кейін аяқ қолдарының бұлшықеттеріне массаж жасайды.
Жұлын аурулары диагнозы заманауи визуализация әдістерін және миелография әдістерін қолдану арқылы қойылады. Рентгендік шолу суреттері жиі тек проблеманың іздерін ғана анықтап, түпкілікті диагноз қоюды қамтамасыз етпейді.
Егер жұлын ауруы кезінде бір жағынан патологиялық процесс екіншісіне қарағанда қаттырақ дамыған болса, онда дененің бір жағында қозғалтқыш құбылыстары каттырақ төмендеуі мүмкін, ал екінші жағынан - сезімталдығы төмендейді. Бұл жұлынның зақымдалуында өте жиі кездеседі. Мәселен, егер бір аяқтың салдануымен немесе парезімен, екіншісінде сезімталдықтың төмендеуі, салданбауы бір мезгілде байқалса, жұлынның зақымдалуына күмәндануға болмайды.
Жұлын ауруларын тез әрі жылдам диагностикалау үшін магнитті резонансты томография қолдануға кенес беремін. Ол магнитті толқын көмегімен аурудын патогеннзін, ішкі ағзаларды зерттеуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет