«Ағашқа су құямыз» - екі адамнан бірігіп, су құяды.
«Үлкен ағашқа айналды» - үш адамнан бірігіп, бір-бірін қапсыра құшақтайды.
«Орманшы аралап жүр» - үш адам бір адамды орталарына алады.
«Ағаштар орманға айналды» - бес адамнан топ құрап тұрады.
Оқушылар осы құраммен топқа бөлінеді.
Оқылым алдындағы тапсырма
1-тапсырма С
«Бес қадам» ойыны.ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 5 оқушы ойынға шығады, әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бір сұрақтан қойылады.Оқушы берілген табан іздерін баса отырып жылдам жауап береді.
«Ғажайып ағаш» тіркесін қалай түсінесің?
Неге ағаштарды « ғажайып ағаштар» деп атауы мүмкін?
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.
Сабақтың ортасы
7 мин
7мин
7 мин
5 мин
Сабақтың соңы
3 мин
Оқылым кезіндегі тапсырма.
2-тапсырма Ж
«Егжей-тегжейлі оқу».Мәтін алдарына беріледі.Мұғалім мәтінді оқиды, оқушылар мәтіндегі жаңа сөздерді қызыл маркермен сызады.
Ғажайып ағаштар Нан ағашы Үндістан мен Малая аралында өседі. Оның асқабақ тәрізді жемісі болады. Кейбірінің салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ағаш жемісінің крахмалы көп, дәмі бидайдың наны сияқты. Жергілікті тұрғындар осы нан ағашының жемісін бөлшектеп турап, қуырып ас етеді. Сондай – ақ әлгі жемістерді салқын шұңқырға салып, құрамындағы крахмалды ашыту арқылы қамырға ұқсасқоспа алып, одан дәмді тоқаш пісіреді.
Сүт ағашы.Бразилияда сүт беретін ағаш бар, ол Амазонка өзенінің жағасында өседі. Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды.Сорвейра ағашының бір жерін кертіп қалса, одан сүт сияқты ақ шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған.Кейіннен ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін анықтаған.Халықтың айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып пісірсе, дәмі сүттен айнымай қалады екен. Ағашты бір «сауғанда» 2-4 литрге дейін сүт алуға болады екен.
Жаңа сөздер
Крахмал - өсімдіктен алынатын ұнтақталған көмірсуы.
Ботаник-өсімдіктер туралы ғылыммен айналысатын ғалым.
Дескриптор :
мәтінді мұқият оқы.
жаңа сөздерді маркермен сызып отыр.
ҚБ «Үш түрлі таяқша» әдісі. Жасыл , сары, қызыл.
3-тапсырма.ЖЖ
«Көз жүгіртіп оқы» әдісі мәтінді көз жүгіртіп оқиды , ақпаратты кеспе қағазға жазады,өз жазғандарын жұпта талқылап оқиды.
Дескриптор:
көз жүгіртіп оқы.
кеспе қағазға ақпаратты жаз.
жұпта талқылап оқы.
ҚБ «жұлдызша» әдісі.
Саралау :
«Стикер жапсыру»әдісі. Негізгі және қосымша ақпаратты ажырата алмай отырған баланың дәптеріне стикерге сөзді жазып ,жапсырып кетемін.
Оқылымнан кейінгі тапсырма 4 – тапсырма. ТЖ
«Даналық ағашы»әдісі.Оқылған мәтіннен тапқан ақпаратты топта талқылайды,негізгі ақпаратты ағаштың ортасына,қосымша ақпаратты төменгі жағына жапсырады. Неге олай ойлайтынын түсіндіріп жапсырады.