Тақырыбы: Қазақстандағы опера өнері



Дата28.01.2018
өлшемі1,36 Mb.

Ақтөбе қаласы № 36 қазақ орта мектебінің

музыка пәнінің мұғалімі

Иманалина Нургул Кубаевна


Тақырыбы: Қазақстандағы опера өнері.

Л.Хамиди мен А.Жұбановтың «Абай» операсы.

Ыбырай «Гәкку» үйрену

Білімділік мәні: Оқушыларға оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлай отырып, талқылай отырып , опера туралы түсінік беру. Операның Қазақстандағы маңызын

және дамуына үлес қосқан сазгерлермен таныстыру



Дамытушылық мәні: Оқушылардың опера өнеріне деген

ой-өрісін, ұлттық дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін

дамыту және топпен жұмыс жасауға үйрету .

Тәрбиелік мәні: Опера өнері арқылы әсемдікке, әдемілікке, өз ойын тиянақты да жан- жақты жеткізе білуге және өз ойын тұжырымдауға, басқалардың көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:сыни тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары

С а б а қ т ы ң ө т у б а р ы с ы .


Кіріспе: Оқушыларға өткен сабақта әдемі кешкі көйлектер киіп, шаш үлгілерін жасап, әдемі киініп келуге тапсырма беріледі. Сәнді киінген оқушылар музыка әуенімен екі-екіден класқа кіріп, екі қатарға тұрады.

-Саламатсыздарма, балалар? (музыкамен айтылады)

-Саламатсызба ! (музыкамен айтылады)

Тақтада жасырын кеспелерде ноталар жасырылған. Бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік .Оқушылармен амандасып болған соң әр оқушы кеспелерді алып топтарға бөлініп отырады.

1 топқа бүтін ноталар жинақталады.

2 топқа жартылық ноталар жинақталады.

3топқа төрттік ноталар жинақталады.

4 топқа сегіздік ноталар жинақталады.



Қызығушылықты ояту: -балалар, бүгін ерекше киімдер киіп, шаш үлгілерін жасап, ер балаларда ерекшеленіп отыр. Міне осындай киімдерді кімдер киген және қай уақытта киген осы турасында өз ойларымызды ортаға салып көрейік. Осы сұрақты өз топтарыңызда талқылып көріңіздер.( 1 минут) Оқушылардың жауабын тақтаға жазып тұрамын.

- кештерде

- ертеде балдарға киіп барған,

- ақсүйектер киген,

- әншілер киеді ,

- опера әншілері киеді,

- хан сарайларында киген,

- ертегіде хандардың, байлардың қыздары киген

- Балалар сендер өз ойларыңды ортаға салдыңдар, осы айтқандарыңның ішінен опера деген сөзге ассосация жасап көрейік

(ән, жеке киіпкердің әні, музыка, музыкалық шығарма қойылым )

Оқушыларға уақыттың біткендігін хабарлап, әр топ жазғандарын тақтаға іліп, аудиторияға ұсынады. ( 8 минут) Мағынаны тану: «Жигсо» стратегиясы қолданылады. Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгерту, ұжыммен, топпен, жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Оқушылар экспорттық топтарға барады, ол үшін әрбір топ мүшесі бүтін, төрттік, жартылық, сегіздік деп ноталардың түрлерін қатар-қатар тізбектеп айтып шығады.1-ші столға бүтін ноталар, 2-ші столға жартылық ноталар, 3-ші столға төрттік ноталар,4-ші столға сегіздік ноталар барады. Столдардың үстінде жаңа тақырыпқа байланысты мәтіндер болады, сол мәтіндерді алып мұқият оқу тапсырылады.( 5 минут)



1 топ.Қазақстандағы кәсіби опера жанры 30-шы жылдары дами бастады.Театр ұжымына Москвадан білім алып келген жас әншілер, бишілер келе бастады. 40-шы жылдары айтулы шығармалар дүниеге келе бастады. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди бірігіп «Абай»», «Төлеген Тоқтаров», «Гвардия алға!» операларын жазса, Мұқан Төлебаевтың «Біржан –Сара» операсы, Евгений Брусиловскиймен бірігіп жазған «Аманкелді» опералары дүниеге келді. Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек», «Құрманғазы» опералары сияқты бірнеше композиторлардың опералары дүниеге келді. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы халқымыздың данышпан ойшылы, ұлы ақыны Абай атамыздың кемеңгерлігі мен биік тұлғасына арналған. Операда Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем ,Қаламқас» , «Көзімнің қарасы» т.б әндері қолданылған.

2 топ. Опера 17 ғасырдың ортасында Италияның Флоренция қаласында пайда болған. Опера (итальян сөзі-еңбек, шығарма, іс) театр өнерінің бір түрі. Опера сахнада қойылу үшін жазылған көркемді музыкалық шығарма. Операда барлық сөзбен қимыл музыка арқылы жеткізіледі.Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбльде, хор да, оркестр де қатыса алады. Опера бірнеше жанрдың жиынтығы деп қарауға болады. Онда алдымен либретто жазылады және сахнаға бейімделген музыка қарауға болады.

Либретто-операның әдеби мәтіні.

Ария-көріністегі кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл күйін ашатын жеке ән.

Увертюра-операның алдындағы музыкалық кіріспе.



3 топ. Қазақстандағы опера өнері 18-19 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы опералар Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»(1934), «Жалбыр»(1935), «Ер Тарғын»(1937) болды. Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы «Қыз Жібек» лиро- эпостық жыр негізінде жазылған. Бұл операда Жібектің ариясы етіп халық әні «Гәккуді» алған. Қазақтың небір туындылары опера өнерінің жарқырап шығуына өз үлестерін қосты. Опера өнері одан әрі шынайы дами түсті. Қазақстандағы ұлттық операның негізін салғандар:Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди болды.1937 жылы қазақтың опера және балет театры ашылды.

1945 жылы бұл театарға ұлы Абайдың аты берілді.



4 топ.1937 жылы театр ашылғаннан кейін опера өнері одан әрі қарқынды дамыды.Ұлы Абайдың 100 жылдық мерей тойына арналып жазылған «Абай» операсы 1944 жылы сахнада алғаш қойылды.Либреттосын жазған Мұхтар Ауезов.

Опера төрт көріністен тұрады.Операда Абай бейнесі жан-жақты ашылған. Абайдың халықтың қамын ойлайтындығын көрсеткен. Операда Абайдың бірнеше әндерімен қатар бет ашар, Біржанның «Ақ тентек» т.б хорлар, ариялар бар. Ажардың айттырылып қойған жігіті қайтыс болады.Шариғат бойынша ол сол жігіттің інісіне Нарынбетке ұзатылуы керек еді. Оған Ажар қарсы болып Айдар екеуі қашуға уәделеседі. Нарынбет пен Жиренше бай бұларға қарсы шығып сотсыз айырғысы келеді. Бұл әділетсіздікке Абай араласып, жеңіп шығады. Бірақ той үстінде Айдарға у беріп өлтіреді.

Абай сол кездегі әділетсіздікке лағнет айтып, жаны қатты азалы, күңіренеді. Бұл кезде бұқара халық Абай жағында болады.


  • Уақыт біткен соң экспорттық топта талқылайды.( 3мин)

  • Жанұяға келіп талқылайды.(3 минут)



Негізгі түсінік

Қосымша түсінік




Әр топтан бір жуан сұрақ, бір жіңішке сұрақ қойылады.( 4 минут)



Музыка тыңдау: «Абай» операсынан үзінді тыңдау.

- Музыка қалай орындалды?

- Әннен айырмашылығы бар ма?

- Қойылымнан айырмашылығы бар ма?

(Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң талдау)



Сергіту сәті: «Қазақ вальсі» әнінің ырғағына би қимылдарын жасау.(1 минут)

Мұғалім: - Оқушылар, сонымен «опера» жайлы біраз мағұлмат алған сияқтымыз. Ол туралы өздерің оқып, талдадыңдар.

Мұғалім: - Опера әншілері сияқты кім ән айта алады?

(ерікті оқушылардан үзінділер тыңдау)



Ән үйрену: Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнінен үзінді үйрену.
Аралап талай жердің дәмін таттым,
Құс салып айдын көлде дабыл қақтым.
Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам,
Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым.

Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды, кең аламын.
Түскенде сен есіме, ерке Гакку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.

● Дауыс жаттығуын жасау

● Сөзіне талдау жасау

● Музыкасын тыңдау

● Әннің шумағын үйрену

Ой толғаныс:- Балалар, бүгінгі сабақтың қай бөлімдері ұнады?

- Не үйрендіңдер?

- Не білдіңдер?

- Неге қол жеткіздік?

Осы сұрақтар төңірегінде 5 минуттық эссе жазып көрейік және бұл эсселеріңді ария қылып орындап көрейік. Әр топтан өздерінің келісімі бойынша екі оқушы өздерінің жазғандарын ария қылып орындайды.

Бағалау: Сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсенділіктерін ескере отырып бағалау

Үйге: опера тақырыбын толықтырып оқу және эсселеріңді толық аяқтап келу.

-Сабақ аяқталды, сау болыңдар, балалар! (музыка әуенімен)



-Сау болыңыз! (музыкамен)
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу